Мектеп оқушылары арасында аитв/житс –тың алдын алу



жүктеу 32.96 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі32.96 Kb.
Мектеп оқушылары арасында АИТВ/ЖИТС –тың алдын алу
Жас адамдар АИТВ/ЖИТС індетінің орталығында болады. Олардың мінез-құлықтары, олардың құқықтарының қорғалу дәрежесі, сондай-ақ олардың алатын қызметі мен ақпараты, миллиондаған адамдардың өмір сүру сапасын анықтайды. Жас адамдар әсіресе АИТВ-инфекциясына шалдығады; бұдан басқа олардың иығына АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін отбасы мүшелерін күту ауыртпалығы түседі. Дүние жүзінде ЖИТС жас адамдардың қалыпты денсаулығын сақтай отырып, естияр адам болуынан айырады. Оның үстіне тек жастарға ғана індет дамуының барысын өзгерту тұрғысында үлкен сенім жүктеледі.

Індет кіндігінде
- Бағалау бойынша, 15-24 жас аралығындағы 10,3 млн. адам АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүруде; инфекцияның барлық жаңа жағдайларының жартысы – күн сайын 7000 астамы — жас адамдардың арасында орын алуда.

- Сахараның оң түстігінде орналасқан Африка елдері бәрінен көбірек зардап шекті. Мұнда АИТВ жұқтырылған не ЖИТС-пен ауыратын жас адамдардың жалпы санының 70% астамы, және ата-аналары ЖИТС-тен өлген, барлық балалардың 90% (12,1 миллион бала) тұрады.

- Індет туралы хабарсыздығы — бұл жастар арасында кең тараған құбылыс; олардың көпшілігі АИТВ-инфекциясынан қалай қорғануды білмейді. Мысалы, Мозамбикте 14-19 жастағы қыздардың 74% және ұлдардың 62% қорғанудың бірде бір тәсілін білмейді. Сахараның оңтүстігінде орналасқан Африка елдеріндегі жасөспірім қыздардың жартысы, түріне қарағанда саламатты болып көрінетін адамның бойында АИТВ не ЖИТС болатынын білмейді.

- Маргиналданған жас адамдар (көше балаларын, босқындар мен мигранттарды қоса алғанда) таңбалануына, қауіпті жыныстық қатынас жасауының жоғары ықтималдығана (тамаққа, қоғауына не ақшаға айырбас ретінде) және тыйым салынған есірткі заттарын тұтынуына байланысты жұқтырудың ерекше жоғары қауп төндіреді.

- Жас адамдардың денсаулық сақтау саласының қызметіне хабарласпауына ықпал етпейтін бірқатар факторлар бар. Бұл факторлар жеке өміріне қатысты құпиялық ақпаратты сақтамауды, түсіністікпен қарайтын қызметкерлердің болмауын, қастық жағдайларды, қызмет құнының жоғарылығын қамтиды, сондай-ақ осындай қызметтер, көбінесе ересектердің бастап алып жүруімен келетін кәмелетке толмағандарға көмек көрсетуге есептелмеген, не некеде тұрған ересек адамдарға қызмет көрсетумен ғана шектелген.

- Осындайдан неғұрлым зардап шеккен кейбір елдерде жасөспірім-қыздар ұлдарға қарағанда бес-алты есе шалдығады. Сондай фактілерді растайтын, жаңа мәліметтер пайда болуда, инфекцияның осындай жаңа жағдайларының үлкен пайызы, ересек жастағы еркектердің жыныстық қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.



Жастарды құрметтеу және оларды тарту керек
- Жас адамдар АИТВ/ЖИТС індетін тежеуде түйінді рөл атқарады. Олардың ақпарат алуына және дағдылануына құқығы бар, бұл олардың осалдығын төмендетіп, өзін және басқаларын індеттен қорғауына мүмкіндік береді.Тәжірибе көрсеткендей, жастар мәдениеті есепке алынған, жас адамдардың қатысуын кеңейтуге және құрметтеуге негізделген АИТВ/ЖИТС жөніндегі бағдарламасы, көбінесе жақсы нәтижелер беруде.

- АИТВ/ЖИТС проблемасының ұғыну деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттауға жәрдемдесу үшін, коммуникация және қоғамды жұмылдыру саласында мейлінше кең және жақсы жолға қойылған күш-жігерді қажет етеді. Мұндай шаралар АИТВ/ЖИТС-қа байланысты таңбалау мен кемсітуді жоюға бағытталуға тиіс.

- Жас адамдарға қауіпсіздік пен қолдау қажет етіледі. Бұған отбасы, қауымдастық және тұтастай алғанда ел деңгейінде жақсы сараланған тәсілдерді, саясат пен заңнама талап етіледі. Қамқор ата-аналардың және ересектермен қатынастағы басқа да рөлге ие үлгілердің берік қатынасы аса маңызға ие.

- Білім берудің күшті де тиімді жүйесі маңызды рөлге ие. Оның үстіне көптеген елдерде осынау жүйе құлдырау жағдайында. Осыларды тәртіпке келтіру керек; осылардың жұмыс тиімділігін арттыру, үйретуге жаңа тәсілдерді енгізуге көмектеседі.

- Есірткіні жас тұтынушылар арасында «теңбе-тең» қағидаты бойынша оқыту бағдарламасы мен ақпараттық-ағарту жұмысының бағдарламасын кеңейту қажет. Осындай бағдарламалар алдын алуға арналған (мысалы, презервативтерге және есірткіні инъекциялық тұтынушышыларға арналған залалсыздандырылған инъекциялық құрал-саймандарға) ақпаратқа, тауарларға, сондай-ақ АИТВ/ЖИТС алдын алу және күту жөніндегі қызметтерге қолжетімділікті кеңейту шараларын қамтуы мүмкін.

Табысқа қол жеткізу үшін қойылған мақсат
- Үкімет неғұрлым шалдыққан елдерде 2005 жылға қарай, ғаламдық ауқымда – 2011-2015 жылға қарай, 15-24 жастағы жастар арасында АИТВ-инфекциясының таралу деңгейін 25% төмендетуге өзіне міндеттеме алды.

- Олар сонымен бірге 2005 жылға қарай, жас адамдардың кемінде 90% олардың АИТВ-инфекциясына осалдық деңгейін төмендетуге бағытталған, ақпаратқа, білімге және қызметтерге қолжетімді болуын қамтамасыз етуге міндеттенді. Осынау қызметтер әйелдердің және еркектердің презервативтері, ерікті түрде тестілеу, консультация беру және қолдау секілді, алдын алу әдістеріне қолжетімділікті қамтуға тиіс.



ЖИТС МОО педогогы Ы. Қоджабергенова.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет