Мектеп тәжірбиесін жаппай зерттеудің негізінде жеке пәндер бойынша бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын талдау



бет4/5
Дата16.06.2016
өлшемі408 Kb.
#138563
1   2   3   4   5

Сонымен, қорыта айтқанда, 1914-30 ж.ж аралығында қазақ бастауыш мектебінде математиканы оқыту жөніндегі ой-пікірлер айта қаларлықтай ғылыми-теориылық дәрежеге көтерілді. Сонау 20-30 ғасырдың көрнекті қайраткерлері - А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов әдістерді қарастыра отырып оқыту процесінде оларды қолдану ерекшеліктерін анықтады. Атап айтқанда, қазақ тілін, ана тілін, арифметика және басқа да пәндерді оқыту әдістерін ұлттық ерекшеліктермен сәйкестендіре қолдануға бетбұрыс жасады.


Мәселен: А.Байтұрсынов - ауызша, әңгімелеу, әңгіме, түсіндіру, индуктивті және дедуктивті әдіс, практикалық, шығармашылық әңгіме, мақалалар.

М.Дулатов - ауызша, әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме, көрнекі тұрмыстық пәндер.

М.Жұмабаев - әңгімелеу, әңгіме, түсіндіру, индуктивтік, дедуктивтік.

Ж.Аймауытов - ауызша, ауызша, әңгімелеу, диалог, әңгіме, бақылау, өзіндік жұмыс, тәжірибелі көрнекілік сияқты оқыту әдістерін атап көрсетті.

М.Дулатовтың “Арифметика оқулығы” атты еңбегінде арифметика және математика сабақтарында қазақтың ұлттық қолданбалы өнерін пайдалануды ұсынғанын көріп отырмыз. Геометриялық түсініктермен байланысты математикалық тапсырмалардың шешімін шығарып үйрену-қолданбалы өнер үлгілерін қолданумен ұштастырылды. Мысалға: а) Шәйнек сыртындағы өрнекте неше ұшбұрыш, шаршы (квадрат) дөңгелек бар? б) Суреттегі құрақ көрпешенің және ондағы әріптердің пішіні (формалары) қандай?

Тұрмыстық көрнекілік түрін қолдану балалардың көру, қабылдау түйсіктерін таныс пәндерде қолдану тірегі болып табылады. Осы тапсырмалар балалардың логикалық ойлау, сөйлеу тілін дамыту және баланың басқа да қасиеттерін жетілдіруге, қалыптастыруға мүмкіндік туғызуы. Сонымен, сол жылдардағы педагогтар оқу процесін өмірмен, еңбекпен қарым-қатынас арқылы ұштастырды. Мәселен, М.Дулатов, өзінің “Мұғалімдерге” атты еңбегінде кіші жастағы балаларды қалай оқыту керектігін көрсетеді, ал А.Байтұрсыновтың “Қай әдіс жақсы” деген еңбегінде оқыту әдістерді қолданудың ерекшеліктеріне тоқталады. Сонда жиіріктеу қолданылатын әдістердің қатарында сөздік әдістер бар.

Қорыта келе, сөздік әдістер қазақ мектебінің бастама қалыптасу кезеңіндегі басымырақ оқыту әдісі болған дегеніміз жөн. Сөздік әдістердің дамуының екінші шартты кезеңі ХХ ғасырдың 30-90-шы жылдарындағы мектептің, жалпы алғанда оқыту жүйесінің, біртіндей жетілдірілуімен байланысты. Өйткені, осы уақытқа дейін педагогикалық теория мен тәжірибеде белгі болған, тіпті дәстүрлі әдіс деңгейіне көтерілген әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме (сұрақ-жауап) сияқты сөздік әдістермен қоса проблемалы баяндау әдісі, ”ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс”, “сөз бен көрнекіліктің ара-қатынасы және алмасуы” сияқты сөздік әдістің түрлері өмірге келді. Дегенмен де сөздік әдістердің, пәннен өткізілетін нақты сабақтың типіне тәуелді қолданылуы басымырақ болды. Сонда сөздік әдістің қолданылу аясы жаңа материалды түсіндірумен шектелді.

Сөздік әдістердің дамуының үшінші шартты кезеңі ХХ ғасырдың соңғы жылдарында дамыта оқыту идеясының теориялық жоба деңгейінен тәжірибелік қолданысқа айналуымен байланысты болып отыр. Шынында, бүгінгі күні педагогика ғылымында бастауыш буында дамыта оқытудың әр алуан жүйесі (Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың, И.С.Якиманскаяның және т.б) белгілі. Ал жүйенің кез келгені оқытудың мазмұнын, мақсаты мен міндетін, әдістерін, ұйымдастыру формаларын тұлғаны қалыптастыруға, өзіндік іс-әрекетке бейімдеуге, дамытуға (интеллектуалдық, ерік және сезіммен байланысты қасиеттерін) бағдарлауды көздейді. Осыған орай, әсіресе, қандай да болсын пәнді оқытудың әдістерін жетілдіре түсуге ерекше мән беріледі. °рине, педагогика ғылымы мен тәжірибеде белгілі оқыту әдістерінің ешқайсысы әмбебап тәсіл бола алмайды.

Дегенмен дамыта оқытуды жүзеге асыруда тиімді және оңтайлы болатын оқытудың әдіс-тәсілдерін іріктей алуға және дәстүрлі әдістердің өзін тұлғаны қалыптастыру және дамыту идеясына бейімдей түсуге еркше көңіл бөлінуі тиіс. Дамыта оқытудың мәнді белгісі - оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің басым болуы, яғни білім, білік және дағдыларды оқушылардың өздігінен игеруінің және білімді меңгеру барысындағы олардың іс-әрекетінде ақыл-ой мүмкіндігін барынша жұмылдырудың басым болуы. Осыған орай сөздік әдістердің табиғаты, мән-мағынасы, қолданылу ерекшелігі бүгінгі күн талабына сәйкес өзгеруі тиіс.

Мәселен, дамыта оқытуды жүзеге асыру сөздік әдістердің мына сияқты дәстүрлі “түсіндіру,” “түсіндірме,” “әңгіме” деп аталатын түрлерімен салыстырғанда “әңгімелеу-беседа,” “проблемалы баяндау,” “ішінара іздену немесе эвристикалық әңгімелеу” сияқты түрлерінің кеңірек қолданыс табуын қажетсінеді. Демек, бастауыш буында кез келген пәннен жүргізілетін сабақта сөздік әдістердің ішінен жоғарыда аталған олардың екінші тобына баса назар аударылғаны жөн демекпіз. Сонда пәндік білім, білік және дағдыны оқушылардың игеру процесі, олардың өзіндік iñ-әрекетінің басым болуына бағытталады, яғни оқыту әдісі оқушы мен мұғалімнің көздеген мақсатқа жету жолындағы міндеттің оң шешілуіне және жоспарланған нәтиженің талапқа сай болуына қызмет етеді.


2. 2. Мектеп тәжірибесін жалпы зерттеу негізінде жеке пәндерден сынып оқушыларының білім сапасын талдау.

Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары - баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.

Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады:

1.Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау. (Топтау, бақылау, қалыптастыру)

2.Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін артгыру.

3.Оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.

4.Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу.

5.Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.

6.Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.

7.Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.

5.Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жоғарыда аталған мәселенің екінші тармағына тоқталатын болсақ, қызығушылық - оқыту, ақыл-ойды жетілдіру жеке адам тәрбиесінде байланыстырушы буын болып есептелінеді. Жаңалыққа деген қызығушылық - басты - ішкі талпыныс болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді.

Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интелекті дамытуда 1 қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор болуы мүмкін. К.Д.Ушинский: "еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?" - деген. Ендеше, оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болу керек. Сол себепті, білім алуға қызығушылықты дамыту үшін негізгі жағдайлар болғаны дұрыс. Олар:

-Оқушының өзбетімен ізденуге, жаңа білім "ашуға", проблемалық тапсырмалар шешуге тартылуы; оқу еңбегі басқа да еңбек түрлері сияқты әрсалалы болуы керек;

-Бірізділік, біртекті ақпарат жалықтырады. Жаңа материалдың жас ерекшелігіне сай және оны игеру мүмкіншілігінің болуы;

- Әрі қарай жұмыс істеуге қызықтыру үшін игерілген білімінің жиі тексеріліп отырылуы;

- Оқу материалын бергенде мұғалім анық та эмоционалды болуы оқушыға, оның пәнге деген қызығушылығына жақсы әсер етеді;

Н.И.Болдырев, М.А.Данилов еңбектерінде танымдық тапсырмалар маңызын оқушыларда бар білімдерін шоғырландырып, талдау жасау арқылы өз беттерімен ізденуге талпындыратын болуы керек деп тұжырымдайды. Ол үшін қойылған міндеттерді шешу жолдары дайын күйінде берілмей, оқушылар арқылы іздеп табылуы керектігі анықталған. Мысалы: жаңа сабақ тақырыбын сөзжұмбақ, сурет арқылы табу.

Ақыл-ой ынтасы, қиындықты жеңу - балалардың ойлауын дамытады, оқуға қызығушылығын көтеріп, жағымды эмоциялық күй тудырады. Түсіндірумен қатар таным әрекетінің қарқынды басқа да түрлері пайдаланылса, білімді игеру мен ақыл-ойдың дамуы күшті болады.

Таным белсенділігі дәрежесі оқушының өзіне; тәрбиесіне, сана-сезіміне, еркіне, қызығушылығына байланысты. Егер балада бұл қасиеттер аз болса, оны қалыптастырып дамыту мұғалімнің кәсіби міндеті. Оқушының белсенділік дәрежесі оқытушының педагогтық шеберлігіне, қолданған әдіс, тәсілдеріне қайтарған жауабы тәрізді.

Жақсы нәтижелерге жету үшін ең алдымен дайындық және түсіндірме жұмыстарын тиянақты әрі жүйелі түрде жүргізу басты шарттардың бірі ретінде есептеледі. Оқу мен тәрбие бір мезгілде қатар жүргізіледі. Сондықтанда мен тәрбиенің мына сатылары арқылы баларға тәрбие мен білімді қатар беріп келемін.


Балаларға білім беруде 1 сыныпта дыбыстардан басталады. Баларға білім беру суреттер, ертегілер т.б. арқылы беріледі. Дыбыстарды меңгерткенде өз тәжірибемде төмендегі кесте бойынша жұмыс жасаумын.



Қазақ тілі сабақтары бойынша 2, 3, 4 сыныптарда жоғардағы кесте бойынша жұмыс жасаймын.

Ана тілі сабағында баланың білім деңгейін саралап даралауда мынадай әдіс-тәсілдерді өз іс-тәжірибемде қолданып келемін. Мәтіннің тақырыбын сурет, сөзжұмбақ, жұмбақ арқылы балалардың өздеріне тапқызу. Мәтіннің мазмұны бойынша талдау жұмыстарын жасау, мәтіннің мазмұнын суреттей білу арқылы кейіпкерлерге мінездеме беру т.б. Мұның бәрі балалардың ойын еркін, тиянақты, толық жауап беруге үйрету. Енді өлең жолдарын мәнерлеп оқып, мазмұнын басқаға жеткізе білуге үйрету. Әр тарау біткенде топтық жұмыстар жасалынады. Топқа балалар өз қалауы бойынша іріктеледі. Топ басшысын өздері сайлайды. Топқа ат қояды. Әр топқа жеке тапсырма беріледі.

1 топ

Бір мәтін алады. Автордың өмірбаяны туралы және басқа шығармаларының аттарын атайды. Мәтін кейіпкерлеріне мінездеме береді. Мазмұнына сурет салады. Топтағы барлық бала тапсырманы орындауға қатысады.



2 топ

Тараудағы өлеңдердің аттарын авторларын және әр өлеңнің мазмұнын айтады. Авторлардың басқа да шығармаларын атайды. Әр бала өзі оқыған өлеңінің мазмұны бойынша сурет салады. Салған суретін түсіндіреді.



3 топ

Осы тарауда өткен тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар айтады.



4 топ

Мұғалімге көмекші топ. Бұл топ басқа топтың жұмыстарын тыңдап бағалауға мұғалімге көмектеседі. Өз ойларын айтады.



Баланың білімін анықтауда семантикалық картаныда қолданамын. Мысалы ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану сабақтарында әрбір жаңа сабақтан соң немесе әр тараудан соң қолдануға болады. Әр балаға жеке-жеке беріледі. Сол арқылы баланың сабақты меңгерудегі білімін айқындап, қайта түсіндіруді қажет ететін балалармен жұмыс жасаймын.



Сұрақтар

балға

қаламсап

балалар

ағаш

ана

қояндар

кітап

Кім?













+







Не?

+

+




+







+

Кімдер?







+













Нелер?
















+



Аты жөні:________________________


Математика






санды өрнек

әріпті өрнек

теңдік

теңсіздік

теңдеу

3 < 4










+




а+8




+










7+3

+













2 = 2







+







а+6 = 10













+


Ана тілі және қазақ тілі сабақтары

Баланың сөздік қорын дамыту әрі бақылауда әр тарау біткен соң мынадай жұмыс жүргіземін. 1 минутта, 5 минутта бала қанша сөз жаза алады. Жазған сөздерін санау, оқыту, бір-бірімен салыстыру жұмыстары жүргізіледі. Баланың сөздік қорын анықтауда Вассерманның технологиялық картасын пайдалынамын. (БиС. «Биоинформатика және синергетика» Психолог Вассерман Федер Яковлевич).



Мұнда әр оқушы өз орнын біледі. Сол бойынша жазған сөздерінің саны жазылады.


42

53





























50

43


















































































60

52
























Сөздік қоры аз оқышыларды анықтап, қосымша жұмыстар жасаймын. Ауызша тапсырмалар арқылы баланың білімін анықтауда, балалардың өздеріне сұрақтар қойдырамын. Сұрақ қою арқылы әр бала өзінің де білім деңгейін тексереді. Мысалы математика сабағында төрт амалға, өлшем бірліктеріне байланыты бір-біріне сұрақ қойып, білмесе өзі жауап береді. Міне бұл әдісті барлық пәнде қолданамын. Ана тілі сабағында әр мәтіндегі кейіпкерлерді атау, авторларын атау, қазақ тілі сабағында ереже оларға мысал келтіру сияқты тапсырмалар да баланың білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Шығармашылық жұмыстар орындағанда сынып оқушыларын білім деңгейіне қарай топқа бөлемін. Әр топқа деңгейлеп тапсырмалар беремін. Өз бетінше жұмыс жасауға қабілеті төмен оқушылармен бірігіп жұмыс жасаймын. Шығармашылық жұмысты орындап болған оқушыны, егер ол тапсырманы талапқа сай дұрыс орындап болса, ол оқушыны бағалап, басқа оқушының жұмысын тексеруге мүмкіндік беремін. Бұл оқушының белсенділігін арттырып, білім алуға деген құштарлығын арттырады.

Бастауыш сыныпта үлкен көңіл бөлінетін жұмыс оқушылардың жазу коллеграфиясы. Бұл жұмыс 1 сыныпта әріптерді жазудан басталады. Әр әріптің элементтері түсіндіріліп, күнделікті өмірде қолданылатын заттарға ұқсастықтары бары айтылады. Бұл элемент басқа да әріптерде қайталанып отыратындығы және ол қандай әріптерде қайталанып отыратындығын балардан сұрап отыру. Әрбір әріптің жазылуын үйреткенде әріп элементтерін қимыл іс-әрекетпен көрсетіп түсіндіріп отырса, баланың есінде тұрақты сақталып қалады. Бұл баланың сауатты,

әрі көркем жазуына оң ықпалын тигізеді.

Әрбір сабақта білім беру , даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етеді. Бастауыш сыныпта әр сабақта ойын элеметтерін көп қолданған дұрыс. Ойын элементтері арқылы бала сабақты жақсы меңгереді, әрі жалықпайды. Оқулықпен жұмыс жасағанда тапсырмаларды ойын элементтері арқылы балаға орындатқан қызықты, әрі сабақты меңгерту жеңіл болады. Осы орайда математика пәні бойынша өткен сабағымның үлгі жоспарын ұсынып отырмын (соңында).

Қазіргі уақыт талабына сәйкес оқу жүйесіндегі білім сапасын сараптауда неғұрлым жинақы, жеңіл, тез әрі қолайлы тәсіл ретінде тест әдісін кеңінен қолданып келемін.

Білім - білік пен дағдыны тексеруге арналған тестердің бірнеше түрлері бар.

1.Таңдау тест: Жиі қолданылатын бұл тесте сұрақтың бірнеше жауабы беріледі. Содан дұрыс жауап қана таңдау шарт.

2.Баламен жауапты тест: Ереженің дұрыс, дұрыс еместігі жөнінде оқушының жауабы алынады.

3.Толықтыру тест: Сынаушы бос орынға қалдырылып кеткен сөз немесе сөз тіркесін қоюы керек.

4.Еске түсіру тестісі:Ереже- анықтаманың мағынасы беріліп, оған сөзбен нақты жауабын жазу ұсынылады.

5.Аралас тест: Бұл жоғарыда келтірілген әр түрлі тест сұрақтары қамтылған күрделі түрі. Ол көлемді бірнеше, блоктан тұрады.

Осындай тест түрлері баланың білім сапасын нақтылы дәлелдейді.[44]

Қарастырылып отырған педагогикалық құбылыстан туындай отырған тәжірибе жұмысының мазмұны, 1997-98 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне енгізіліп отырған төл оқулықтардың жаңа толқынының мақсаты мен міндеті, мазмұны мен құрылымы, әдістемелік аппараты мен ерекшелігіне орай анықталды. Мәселен, математика оқулықтарының ең басты ерекшелігі - дамыта оқытудың мүмкін технологияларының бір нұсқасының оқулықтың өзінде жасалып берілген. Демек онда келтірілген әр алуан және әр түрлі деңгейдегі жаттығулар (яғни түсіндірме мәтіндер, сюжеттік суреттер, тапсырмалар) сабақта қарастырылуы тиіс. Соның барысында оқушы мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекеті ұйымдастырылады.

Демек, зерделеніп отырған оқытудың сөздік әдістерін қолдану сияқты құбылыстың механизмі мен түрі оқушы мен мұғалімнің сабақ барысындағы нақты оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған іс-әрекеттерін сұрыптау және іріктеу сияқты мәселеге қатысты анықталуы тиіс. Ал оқытудың сөздік әдістерін қолданудың ықпалдылығы мен тиімділігінің критерийі ретінде оқушының өзіндік іс-әрекетінің басым болуын алған жөн.

Сондықтан әр сабақта мұғалімнің оқушылармен жалпылама жұмысын жеке оқушымен жұмысын, оқушылардың өзіндік жұмысын табиғи ұштастыратын және үйлестіретін оқытудың сөздік әдістері қолданылуы керек. Осындай іс-әрекеттер ұйымдастырудың алғы шарттарын және обьективті жағдайларын қазіргі оқулықтардың өздері жасай беріп отыр. ´éткені оқулықтың құрылымы жекелеген сабақтарға лайықталған және тақырып немесе тарау бойынша өткізілетін сабақтар жүйесіне бейімделген. °р сабақта қарастырылатын жаттығулардың тұжырымдалуының өзі оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруды көздейді және оларға қосымша ретінде келтіретін ұсыныстар мен сұрақтар іс-әрекетін алгоритмін көрсетіп береді. Демек, мұғалім әрдайым ұжымдық-үлестірмелі іс-әрекетті, оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруға мәжбүр болады. Ал, осындай іс-әрекеттер ұйымдастыруға тиімді тәсіл ретінде әңгімелесу (беседа), проблемалы баяндау, эвристикалық әңгімелеу әдістерін атар едік.

Математика сабақтарында осы аталған әдістерді қолдану - педагогикалық тәжірибенің мазмұнын құрады. Ал оның нәтижелері ретінде қарапайым деңгейде болсын оқушылардың өзіндік жұмыс орындауға қатысты білік пен дағдыларын қалыптастыруды алдық. Әрине сөздік әдістер қатарына жата қоймайтын басқа да әдістерді педагогикалық тәжірибеде қолдануға тура келеді. Дегенмен олардың барлығынын сөздік әдістен табиғи ұштасуын және үйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл бөлдік.

Педагогикалық тәжірибе жалпы мектептің барлық сыныбында жүргізілгендіктен сол әр сынып оқушыларының күн ілгерлеген сайын игерілетін пәндік білім, білік және дағдылары көлемінің ұлғая түсуін және сөздік әдістерді қолдануға олардың бейімделу деңгейін, сондай-ақ өзіндік іс-әрекет орындауға машықтана түсу қарқынын негізгі көрсеткіш ретінде алдық.

Педагогикалық тәжірибенің мақсаты мен міндетіне орай жүргізілген математика сабақтарында, оны кезеңдерге бөлмей (мәселен дәстүрлі үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалды баяндау немесе түсіндіру, жаңа материалды тиянақтау және бекіту, білімді тексеру т.б) нақты оқу-тәрбие міндеттерінің (білімділік, тәрбиелік және дамытушылық) шешілу мезеттерін (момент) саралап, сәйкес сөздік әдістерді сұрыптай алдық. Сонда жеке әдістің немесе олардың топтарының да қолданылуы мүмкін. Бұл қазіргі кезде дамыта оқытуға бейімделген аралас сабақтар жайындағы жаңа көзқарасты сипаттайды. Өйткені, сонда ғана оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруға және дамытуға болады. Педагогикалық тәжірибенің мазмұнын ашатын және нәтижесін сипаттайтын бірнеше сабақты мысал ретінде қарастырайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет