Мектеп туралы анықтама Сыныптар саны – жиынтықтар



бет13/43
Дата22.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492809
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Қызметкердің аты-жөні

Лауазымы, білімі, ғылыми дәрежесі (бар болса), ғылыми атағы (бар болса)

Жобадағы маманның функционалы (жетекші, әзірлеуші, сарапшы және т. б.)

1

Бектемирова Гаухар Болатовна

Мектеп басшысы

Жетекші

2

Джакупов Жанат Мухамедович

Оқу жөніндегі орынбасар

Жетекші

3

Идрисова Назымгуль Бейсенбаевна

Тәрбие жөніндегі орынбасар

Жетекші

4

Мырзагалиева Гаухар Жамбаевна

География мұғалімі, педагог-зерттеуші, I деңгейлік БАК өткен көшбасшы мұғалім

Рәсімдеуші

5

Жунуспаева Калка Хамитовна

Тарих мұғалімі, педагог-зерттеуші, I деңгейлік БАК өткен көшбасшы мұғалім

Идея шығарушы / ойшыл

6

Жомартова Назым Жастлековна

Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, I деңгейлік БАК өткен көшбасшы мұғалім

Сыншы / бағалаушы

7

Асылханова Кымбат Насриденовна

Математика мұғалімі, III деңгейлік БАК өткен көшбасшы мұғалім, педагог-сарапшы

Жұмыс арасы / орындаушы

8

Джакипова Мақпал Алайдаровна

Биология мұғалімі, педагог-сарапшы

Жұмыс арасы / орындаушы

9

Пшенбаева Ляззат Тохтаровна

Биология мұғалімі, жоғары санат

Жұмыс арасы / орындаушы

10

Манай Баянсұлу Хуриметқызы

Химия мұғалімі, педагог-сарапшы

Жұмыс арасы / орындаушы

11

Айтқалиева Айнагуль Талғатқызы

География мұғалімі

Жұмыс арасы / орындаушы

12

Бектемирова Дина Жумабаевна

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, II деңгейлік БАК өткен көшбасшы мұғалім, педагог-зерттеуші

Жұмыс арасы / орындаушы

13

Смагулова Гульнар Ташметовна

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, II деңгейлік БАК өткен көшбасшы мұғалім, педагог-зерттеуші

Жұмыс арасы / орындаушы

14

Шман Қанат Кабиденұлы

Ағылшын тілі мұғалімі, магистр

Жұмыс арасы / орындаушы

15

Абрарова Альфинур Юрьевна

Ағылшын тілі мұғалімі, магистр, педагог-сарапшы

Жұмыс арасы / орындаушы

16

Хумарбек Айнур

Ағылшын тілі мұғалімі

Жұмыс арасы / орындаушы

17

Айтжанова Анар Джумагалиевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Жұмыс арасы / орындаушы

18

Какимова Жанар Бакеновна

Педагог - психолог

Команданың тірегі / ұжымшыл

19

Дюсенбаева Асият Сериккуловна

Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, I деңгейлік БАК өткен көшбасшы мұғалім

Өндіруші / ресурстарды зерттеуші

20

Нәжім Мейрімхан Бахрадинқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, II деңгейлік БАК өткен көшбасшы мұғалім, педагог-зерттеуші

Аяқтаушы / соңына дейін жеткізуші

Өз жұмысына өзгеріс енгізу жоспарын алға жылжытуға және ұстануға бағыттайтын адамдардан құралған көшбасшылар командасы тағайындалды. Сабақ өтетін пәндер таңдалды: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын және география. Жоспарға сәйкес мектеп командасы өз жұмыстарына кірісті: төраға- ресурстардың жақсырақ пайдалануын ортақ мақсаттарға алға жылжитын командаға жолды таңдады; рәсімдеуші- команданың әрекеттеріне аяқталған форма береді, назарын бағыттайды және топтық талқылауларға және ортақ қызметтің нәтижелеріне белгілі ая берді. идеяларды шығарушы - топтың тап болатын басты проблемаларына ерекше көңіл бөліп, жаңа идеялар мен стратегиялар шығарды; сыншы - прагматикалық көзқарас тұрғысынан проблемаларды талдайды, команда теңгерімді шешімді қабылдай алатындай идеялар мен ұсыныстарды бағалады; жұмыс арасы — жоспарлар мен тұжырымдарды жұмыс рәсімдеріне айналдырады, қабылдаған міндеттерін жүйелі әрі тиімді орындады; команданың тірегі - жоба қатысушыларының рухын көтереді, қиын жағдайларда көмек көрсетеді, олардың арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға тырысады және жалпы, командалық жүріс-тұрысты жақсартуға септігін тигізді; өндіруші - жобалық топтан тыс команда үшін пайдалы болуы мүмкін жаңа идеялар, әзірленімдер мен ресурстарды анықтайды және олар туралы хабарлайды, барлық кейінгі келіссөздерді жүргізді; аяқтаушы - командада мақсатқа жетуде табандылықты танытты.
«Ойын мен геймификация арқылы оқытуды дамыту» жобасын іске асыру үшін команда мүшелері келесі алгоритмді әзірледі:

1

«Ойын мен геймификация арқылы оқытуды дамыту» - білім сапасын арттыруға апаратын жол» коучинг

2

«Ойын мен геймификация арқылы оқытуды дамыту» үдерісін енгізу туралы сабақ кестесін жасау, оқушылардан сауалнама алу

3

«Ойын мен геймификация арқылы оқытуды дамыту» үдерісіне негізделген сабақ жоспарларын құрастыру және талқылау, ресурстарды іріктеу

4

1-сабақтарды өткізу, оқушылармен сұхбат жүргізу, мониторинг шығару

5

Шығармашылық топ мүшелерінің «Ойын мен геймификация арқылы оқытуды дамыту» үдерісін енгізу бойынша талқылау семинары

6

Ұсынымдар негізінде 2-сабақтарды ұйымдастыру, өткізу, талқылау

7

Сабақтарды талдау, сабақтағы кері байланыстырдың ерекшеліктерін қарастыру.

8

3-сабақты жоспарлау

9

3-сабақты ұйымдастыру, өткізу, талқылау

10

Оқушылардан, мұғалімдерден сауалнама алу

11

Қорытынды консилиум (аралық қорытынды шығару, ұсыныс енгізу)

12

Деректерді жинақтау, есептерді жазу

Жаңа көзқарасты насихаттау және қызығушылық танытқан адамдарды жоба жұмыстарына тарту мақсатында, өзгеріс енгізудің қажеттілігіне байланысты «Ойын мен геймификация арқылы оқытуды дамыту» - білім сапасын арттыруға апаратын жол» атты коучинг өткізіп, қатысушылардан сауалнама алынды. «Ойын мен геймификация арқылы оқытуды дамыту» трендінің стратегияларын командамыздың «Төрағалары» бағыт бойынша жұмысты ұйымдастырды. «Рәсімдеуші», «Ресурстарды зерттеуші» және «Идеяларды шығарушы» мұғалімдер геймификация стратегиялары бойынша ақпарат даярлап, таныстырушы семинарларды өткізді. «Аяқтаушы» және «Сыншы» мұғалімдер сабақтарға қатысып, сабақтардың қорытындыларын даярлап, команданың күнделікті және апталық отырыстарында геймификация стратегияларын енгізу әдістемелерін, ақпарат көздеріне сәйкестігін талқылады. Отырыстар нәтижесінде сабақ тізбесі бойынша алдыңғы сабақтарға бағыттар беріліп, әдістемелер әзірленді. Жоба енгізу барысында бір қуантанарлық жағдай туындады: командалық жұмыс кезінде әр мұғалім өз рөліне сәйкес бірлесіп жұмыстарды атқарды. Жаңа көзқарасты іске асыру үшін жағдай жасау: кедергілерді жою арқылы іс-қимылдарды жандандыру, өзгерістер іске асыруға және тиімді нәтижелерге қол жеткізуге кедергі болатын қиындықтарды анықтау және жою үшін сабақ беру үдерісі басталды. «Орындаушы» мұғалімдер геймификация стратегияларын қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және география сабақтарына енгізді.
Тізбектелген сабақтарға мектеп командасының мүшелерімен қоса әдістемелік бірлестіктер төрағалары, сонымен бірге мектебіміздің жас мамандары қатысты. Сабақтарда ойын мен геймификация әдістерін, тәсілдер мен стратегияларын енгізге отырып, біз жобаның әсерінен сыныптарда өзгерістерді байқау үшін оқушылардың білім сапаларына, сабақтарға деген қызығушылық пен белсенділіктеріне, пән бойынша дағдыларына (сөйлеу, жазу) назар аудардық. Өзгерістерді байқау мақсатында пән мұғалімдері сынып жетекшілерімен бірге келесі көрсеткіштерге мониторинг жасады. Ол мониторингтің қорытындыларын біз апталық және қорытынды отырыста қарастырдық. Осы отырыстарда сабақ қорытындылары талқыланып, командалық жұмыстың нәтижелері де анықталды. Команда мүшелерімен сұхбаттасу арқылы келесі қорытындығв келдік:
- Команданың жұмысына мұғалімдердің «қанағаттанарлық» екендігі байқалды;
- Команда мүшелерінің бірлесіп жұмыс істегендері ұнады;
- Сабаққа өзара қатыса алманғандығы жайлы және кейбір мұғалімдердің ортадан шыға алмауы, тәжірибемен бөлісікісі келмеуі де орын алды.
- Уақыттың шектеулігі, ресурстардың аз болуы да кедергілер болып табылды;
- Отырыстар барысында мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңа әдістерді қолдануға және география, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдерінен сабақта ойын алгоритмге сәйкес сабақ өткізуді үйренді. Осы іс-әрекеттерде мұғалімдердің кәсіби дағдылар дамуының мүмкіндігі анық байқалды; Мектеп командасының жұмысы мұғалімдердің оқытуын жақсартуында, сыныптағы барлық оқушылардың білім сапасының артуына үлкен әсер еткені байқалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет