«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке
дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар
1. Осы «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке
дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» регламентінде (бұдан әрі–Регламент) келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға;
2) орталық – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қарағанды облысы бойынша филиалының Осакаров ауданындағы бөлімі;
3) уәкілетті орган – «Осакаров ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкім аппараттары;
4) «электрондық үкімет»:www.e.gov.kz порталы - веб-порталы.
Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызмет уәкілетті орган және орталық арқылы осы Регламенттің 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген мекен-жайларда, сонымен қатар портал арқылы жүзеге асырылады.
-
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
-
Мемлекеттік қызмет "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 5- тармағы 1-тармақшасына және 4-тармақтың 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Ақпараттандыру туралы» Заңының 2-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамызындағы №1119 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
-
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама беру, мектепке дейінгі ұйымдарда орын болмаған жағдайда Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат нысанында кезектіліктің нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
-
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптары
7. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары және мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпараттарды осы Регламенттің 1 және 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайларда орналасқан уәкілетті орган және орталықта, сонымен қатар Осакаров ауданы әкім аппаратының www.Osak-akimat.kz. ғаламтор қорынан алуға болады.
8. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Бұл қызмет мектепке дейінгі ұйымдарда бар орындар санымен шектеледі. Бірінші кезекті орынға алуға құқылылар:
1) мүгедектердің балалары;
2) ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар;
3) жетім балалар;
4) көп балалы отбасынан шыққан балалар;
5) соғысқа қатысқан және соғыс мүгедектеріне жеңілдік пен кепілдік берілген тұлғалардың балалары.
9. Уәкілетті органға жүгінген жағдайда:
1) мемлекеттік қызметті алушының өтініш жасаған уақытынан бастап 3 жұмыс күнін құрайды;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күту уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес;
3) өтініш берген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
Орталыққа жүгінген жағдайда:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушының өтініш жасаған уақытынан бастап 3 жұмыс күнін құрайды (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күту уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
3) өтініш берген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
4) анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты алу кезінде кезек күту уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан артық емес.
Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушының өтініш жасаған уақытынан бастап үш жұмыс күнін құрайды.
10. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 9-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес іске асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынандай жағдайларда бас тартылады, егер:
1) Стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілген барлық құжаттар тапсырылмаса (мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген кемшіліктерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздерде қарастырылады);
2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында қарастырылған негіздер бойынша;
Орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарқан жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттар тізбесі көрсетілген қолхат береді.
Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік органда немесе порталдағы «жеке кабинетінде» электронды құжат нысанында осы Регламенттің 9-тармағында белгіленген мерзімде алады.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі – ол мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті алуға өтініш білдірген кезден мемлекеттік қызметтің нәтижесі берілгенге дейінгі кез.
-
мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға, орталыққа немесе порталға жүгінеді;
-
орталық құжаттарды қабылдауды, мемлекеттік қызмет алушыға қолхат беруді жүзеге асырады және оны уәкілетті органға жібереді;
-
уәкілетті орган келіп түскен құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдейді, мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдаманы, мектепке дейінгі ұйымда орын болмаған жағдайда кезекке қойылғаны туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін орталыққа немесе мемлекеттік қызметті алушыға жолдайды;
-
орталық мемлекеттік қызметті алушыға мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдаманы, мектепке дейінгі ұйымда орын болмаған жағдайда кезекке қойылғаны туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын береді;
5) портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну үшін сұранысты қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі;
6) «жеке кабинет» порталында мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі мемлекеттік қызметті алушы өзі сұраныс жолдаған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi
iс-әрекет тәртiбiн сипаттау
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның өкілетті өкілі сенімхат бойынша мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
уәкілетті органға:
1) Стандарттың 6-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің бірінің) жеке басын куәландыратын құжат;
3) баланың туу туралы куәлігі;
4) жеңілдікті растайтын құжат (ол бар болса мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекке жолдама алу);
5) мекен-жайы туралы анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа да құжат.
Мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің біреуінің) жеке басын куәландыратын құжаттардың, баланың туу туралы куәлігінің мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электронды цифрлы қол қойылған электронды құжаттар нысанында алады.
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексеру үшін ұсынылады, олар кейін мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
Орталыққа:
1) жеке тұлғаның – мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің бірінің) жеке басын куәландыратын құжат;
2) баланың туу туралы куәлігі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
3) жеңілдікті растайтын құжат (ол бар болса мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекке жолдама алу);
4) мекен-жай анықтамасы туралы мәлімет.
Мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің біреуі) жеке басын куәландыратын құжаттардың, баланың туу туралы куәлігі туралы мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электронды цифрлы қол қойылған электронды құжаттар нысанында алады.
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексеру үшін ұсынылады, олар кейін мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
Порталда:
1) мемлекеттік қызметті алушының электронды цифрлы қолы қойылған электронды құжаттар нысанындағы сұраныс;
2) мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің біреуінің) жеке басын куәландыратын құжат;
3) баланың туу туралы куәлігі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) немесе куәліктің сканерленген көшірмесі түрінде электронды сұранысқа тіркеледі;
4) жеңілдікті растайтын құжат немесе мәлімет (мүгедектігі туралы мәліметтерді ұсыну; ол бар болса мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекке жолдама алу) – құжат сканерленген көшірме түрінде электронды сұранысқа тіркеледі;
5) мекен-жай анықтамасы туралы мәлімет.
Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің біреуінің) жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электронды цифрлы қол қойылған электронды құжаттар нысанында портал арқылы алады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі- ҚФБ):
1) орталық инспекторы;
2) орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;
3) уәкілетті органның маманы;
4) уәкілетті органның басшысы;
5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.
15. Әр әкімшілік іс-әрекет, әрбір ҚФБ әкімшілігі әрекеттерінің өзара қатынасы мен бірізділігі сипаттамасының мәтіндік кестесі, осы Регламенттің 3 -қосымшасында келтірілген.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің функционалдық өзара әрекеттерінің сызбасы осы Регламенттің 4-қосымшасында келтірілген.
5.Мемлекеттiк қызметтерді көрсететiн
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi
17. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жауапты тұлғалары уәкілетті органның басшысы және орталықтың басшысы болып табылады (бұдан әрі – лауазымдық тұлғалар).
Лауазымдық тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |