Тақырыбы: «Аққала» (ойын, практикалық іс-әрекет)
Мақсаты: Балалардың қыстың жылы күндерінде қардың қасиеті (жабысқақ, оны домалатып, мүсіндеуге болады) туралы түсінігін кеңейту. Өлі табиғат құбылыстарына деген қызығушылығын, тәжірибелік іс- әрекетін қалыптастыру.
|
1
|
18
|
Тақырыбы: «Тасбақаны бақылау» (табиғат бұрышына бақылау жасау)
Мақсаты: Табиғат бұрышының мекендеушілерін бақылауға үйрету, тасбақаның тіршілік ету ортасы туралы білім беру, экологиялық тәжірибені практикада қолдануға үйрету. Балаларды табиғат бұрышының мекендеушілерін күтуде шамасы келетін іс-әрекеттерге қосу.
|
1
|
19
|
Тақырыбы: «Құстар біздің достарымыз» (табиғатқа бақылау жасау)
Мақсаты: Балалардың құстардың қыста өмір сүрулері (немен қоректенеді, неге бірі қалап, екіншілері жылы жаққа ұшып кетеді, маусымдық құстар қашан ұшып келеді) туралы түсінігін анықтау, тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын көрсету. Құстар-торғай, сауысқан туралы түсінігін кеңейту.
|
1
|
20
|
Тақырыбы: «Ауа райы болжамы» (табиғатқа саяхат жасау)
Мақсаты: Табиғат құбылыстарын бақылауға, нәтиже алуға үйрету. Себеп-салдарлық сипатта сұрақ қоюға тәрбиелеу, қоршаған табиғатқа деген қызығушылығын ояту. Бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілей білуін бекіту.
|
1
|
21
|
Тақырыбы: «Шортанның бұйрығымен әмір етемін»
(табиғат бұрышына бақылау жасау)
Мақсаты: Балаларға балықтарға тән сипаттық ерекшеліктері (тіршілік ету ортасы, қоректенуі, қозғалу әдістері) туралы білім беру, көл мен суаттарды мекендеушілерге деген қызығушылығын ояту. Саралау, бақылау, нәтиже алу, оларды тіл арқылы жеткізе білуін дамыту.
|
1
|
22
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |