Сюжетті жапсыру
Тақырыбы: «Үй саламыз»
Мақсаты: Қағаз жолағын бөліктерге, шаршыны қиғашынан (шатыр үшін) қию, суретті бөліктерден құру дағдыларын бекіту.
|
1
|
3
|
Сюжетті жапсыру
Тақырыбы: «Қайық өзен бойымен жүзіп келеді»
Мақсаты: Тікбұрышты қиғашынан қиюға, тікбұрыштың бұрыштарын қиюға үйрету, композицияны мағынасына сәйкес қосымша пішіндермен толықтыру.
|
1
|
4
|
Сәндік жапсыру
Тақырыбы: «Орамалды әшекейлеу»
Мақсаты: Балаларды шаршының ортасын, бұрыштарын элементтермен толтырып, өрнек құруға үйрету. Жолақты алдынала бүктеп, ортасынан қиюға, қайшыны дұрыс ұстауға үйрету. Композицияны сезуді үйрету. Бөліктерді мұқият жапсыру дағдыларын бекіту, жұмыстарды эстетикалық бағалауға тарту.
|
1
|
5
|
Ойластырып жапсыру
Тақырыбы: «Қалаған құрылысты қиып, жапсыр»
Мақсаты: Балалардың жапсыруда құрылыстың әр түрлі суреттерін құру дағдыларын дамыту, оларды жолақтарды тігінен, ал шаршыларды қиғашынан кесуде жаттықтырып, бөлшектерді пішіні мен түсі бойынша іріктеуді ойластыраға үйрету, мұқият жапсырудың және тәсілдерін бекіту, қиялды дамыту.
|
1
|
6
|
Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Піскен алмалар»
Мақсаты: Домалақ пішін туралы білімдерін бекіту. Домалақ пішінді алу үшін балаларға шаршының бұрыштарын кесіп алуды үйрету. Қайшыны дұрыс ұстау, кесу, қағаз бетінде заттардың суретін құру, оларды мұқият жапсыру дағдыларын бекіту.
|
1
|
7
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |