Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Балаларға шеңбер және сопақ пішіндерді алу үшін бұрыштарды біркелкі дөңгелетіп кесуге; композицияны құруға үйретуді жалғастыру.
|
1
|
11
|
Сюжеттік жапсыру
Тақырыбы: «Жайлауда»
Мақсаты: Дайын кесілген суреттерді қолданып (таулар, ағаштар, киіз үйлер), ұжымдық жұмыстарды орындауға және жырту тәсілді қолданып, оларды ұсақ бөлшектермен (гүлдер, қойлар, бұлттар) толықтыруға үйрету.
|
1
|
12
|
Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Аппақ қоян отыр»
Мақсаты: Балаларға шаршылардын және тікбұрыштардан шеңбер және сопақ пішіндерді алу үшін бұрыштарды кесуге үйретуді жалғастыру. Қайшыны дұрыс ұстау, кесу, бөліктерді мұқият жапсыру дағдыларын бекіту. Жұмыс нәтижелерін бейнелікпен шешу және оларға қарау, оларды бағалауға жеткізу.
|
1
|
13
|
Ойластырып жапсыру
Тақырыбы: «Сыйға әсем гүл »
Мақсаты: Әсем гүлді қиюды және жапсыруды жалғастыру: гүл бөліктерін қию (бұрыштарды дөңгелету арқылы кесу), олардан әдемі сурет құру. Түсті сезуді, эстетикалық қабылдауды, назарды дамыту. Туған мен жақындарына ықыласты болуды тәрбиелеу.
|
1
|
14
|
Сәндік жапсыру
Тақырыбы: «Дастарқанды әшекелейміз»
Мақсаты: Балаларды қазақ халқының тұрмысымен таныстыруды жалғастыру, пішіндерді бөліп кесуге (шаршыны екі үшбұрышқа, тікбұрышты екі шаршыға), оларды түрлендіруге, шеңбердің ортасын мен шеттерін қазақтың өрнегінің элементтерімен толтырып, ою құруға үйрету.
|
1
|
15
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |