Негізгі қимылдар:
Баяу қарқынмен жүгіру (40 секунд)
Көлбеу тақтаймен жоғары және төмен жүру (бір жақ ұшы 30 см биіктікке көтерілген, тепе-теңдікке жаттығу).
Бір-бірінен 1 м арақашықтықта бір қатарға тұрғызылған заттардың арасынан допты «жыланша» домалату.
Мақсаты: қысқа қадам жасап, жүгірістің бағытын сақтап, баяу қарқында жүгіру. Шектелген алаңда тепе-теңдікті сақтап, көлбеу қойылған тақтай бойымен жүре білуді бекіту.
Ойын: «Тыныштық»
|
1
|
59
|
Негізгі қимылдар:
Тура секіртпемен.
Баяу қарқынмен жүгіру (40 секунд). Еденде тігінен қойылған
3 құрсаудың астынан еңбектеу.
Мақсаты: Қол мен аяқтың қимылын үйлестіріп, тура секіртпемен орындауды үйрету. Ырғақпен, баяу қарқында қолдарымен еркін қимылдап, шеңберді тарылтпай жүгіру, төзімділікті дамыта білуді бекіту. Еденге тігінен қойылған құрсаудан өтіп еңбектеуге жаттығу.
Ойын: «Секіріп - шапалақта»
|
1
|
60
|
Негізгі қимылдар:
Кеудеден қос қолмен көлденең нысанаға лақтыру
(арақашықтығы 1,5 м). Тура секіртпемен. Шеңбер бойымен қол ұстасып жүру.
Мақсаты: 1,5м арақашықтықтан кеудеден қос қолмен көлденең нысанаға лақтыру, қолды екпінмен жазу, көзмөлшерін дамытуды үйрету.
Қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре тура секіртпе орындай білуді бекіту. Қол ұстасып, бір-біріне бөгет жасамай, тез шеңберге тұрып, шеңбер бойымен жүре білуге жаттығу.
|
1
|
61
|
Негізгі қимылдар:
Алақан мен тізеге сүйеніп, модул арқылы асып түсіп, төрт тағандап еңбектеу.
2м арақашықтықтан кеуде тұсынан қос қолмен көлденең нысанаға лақтыру.
Мақсаты: Бірнеше кедергілерден қол мен аяқ қимылдарын үйлестіріп, асып түсуге, ептілікті дамытуға үйрету. Доптың ұшуына дұрыс траектория беру, қолдарын екпінді қимылмен жаза білуді бекіту.
Ойын: «Қасқыр мен лақтар»
|
1
|
62
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |