Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы


Демонстрациялық және жалпы мақсаттағы аспаптар



бет44/95
Дата16.06.2016
өлшемі12.53 Mb.
#139977
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   95

9.

Демонстрациялық және жалпы мақсаттағы аспаптар:









Электронды таразы

Тарту диапазоны 0-200 g, қателігі 0,1g, таразы табақшаларының өлшемі 115 mm. 5V кернеулі қорек элементінен және 220V желіден қоректенеді. Габариттік өлшемдері: кемінде 190х138х28 mm.

дана

1



Көтермелі үстелшелер

Аспаптарды демонстрациялауға және әртүрлі биіктіктегі түрлі қондырғылардың элементтерін монтаждауға арналған. Үстелшенің жұмыс бетінің өлшемі: кемінде 150 х 150 mm. Максимал көтерілу биіктігі: кемінде 280mm. Максимал жүк көтергіштігі: кемінде 60 kg.

дана

2



Зертханалық құрама штатив

Металл штатив демонстрациялық аспаптар мен қондырғыларды монтаждау кезінде пайдаланылады. Комплектке мыналар кіреді: муфталар – 5 дана, табаншалар – 3 дана, төрт салалы қысқыш – 2 дана, диаметрлері әртүрлі сақиналар – 3 дана, тіреулер – 3 дана (2 ұзын, 1 қысқа), екі бөліктен тұратын жылжымалы платформа.

дана

1



Фотосинтезге арналған қойма (комплектке үш тармақ кіреді)

Аспап жерде, суда өсетін өсімдіктер және тұқымдардың фотосинтезін ауаны жұту және суды сіңіру параметрлерін өлшеу бойынша эксперименттерді жасауға арналған.
Оттек, көмірқышқыл газы датчиктерін бір мезгілде пайдалануға мүмкіндік беретін үш тармақ (тройник) комплектте беріледі.

дана

1

10.

Гербарийлер:









«Дақылды өсімдіктер» гербариі

Дақылды өсімдіктердің 50 түрі ұсынылған: ауылшаруашылық қыр, бақша азықтық, жеміс-жидекті және сәндік өсімдіктер.

ж-тық

1



«Дәрілік өсімдіктер» гербариі

Дәрілік өсімдіктердің 30 түрі ұсынылған.

ж-тық

1



«Өсімдіктердің негізгі топтары» гербариі

Балдырлар (2 түрі)
Саңырауқұлақтар (3 түрі)
Қыналар (4 түрі)
Мүктер (3 түрі)
Плаунтәрізділер Қырықбуынтәрізділер Қырықжапырақтәрізділер (қырыққұлақ)
Жалаңаштұқымдылар
Жабықтұқымдылар (3 түрі)

ж-тық

1



«Ауылшаруашылық өсімдіктері» гербариі

Дәнді дақылдар (бидай, арпа, егістік сұлы, егістік қарақұмық).
Дәндібұршақ дақылдары (егістік асбұршақ, азықтық бұршақтар, атбұршақ, жіңішке жапырақты бөрібұршақ, соя).
Бақша дақылдары (кәді).
Майлы дақылдар (жер жаңғақ, бәден, егістік арышы, рапс (май және жем алынатын сары жапырақты өсімдік)).
Техникалық дақылдар (қоза, зығыр).
Көкөніс дақылдары (қияр, қызанақ, қызылша, сәбіз, аскөк, шалғам, ботташық, қырыққабат, картоп).
Мал азық дақылдары (беде, егістік жоңышқа, атқонақ, шабындық сұлы).

ж-тық

1

11.

Топтамалар:









«Жалаңаштұқымды өсімдіктер» коллекциясы

Коллекция «Өсімдіктер бөлімдері» тақырыбын өткенде пайдалануға арналған. Коллекцияда өркендер, бүрлер және әртүрлі жалаңаштұқымды өсімдіктердің (шырша, бал қарағай, арша, кипарис, қарағай) тұқымдары берілген.

ж-тық

1



«Теңіз түбі» коллекциясы

Коллекцияға теңіз түбінде болатын биологиялық нысандар (маржандар, теңіз жұлдыздары, ұлулар бақалшықтары) кіреді. Теңіз түбін мекен ететін ағзалардың көптүрлілігі турасында әңгімелеуге мүмкіндік береді.
Комплект құраушылар:
қызғылт сары түсті тарақты ұлу, құм жүрекшесі, теңіз жұлдызы, маржан, күлгін түсті тарақты ұлу, теңіз құлақшасы.

ж-тық

1



«Ұлулардың бақалшықтары» коллекциясы

Коллекцияда мынадай қосжақтаулы және бауыраяқты ұлулардың үлгілері берілген: мидия, айқұлақ ұлу, гляцимерия, тарақты ұлу, тоспа ұлуы, шалшық ұлуы, минолия, жүзім ұлуы.

ж-тық

1



«Тұқымдар және жемістер» коллекциясы

Коллекция оқушылардың жемістердің әр түрімен танысуы кезінде пайдалануға арналған. Жемістердің келесідей түрлері демонстрацияланады: құрғақ даратұқымды жемістер (грек жаңғағы немесе емен жаңғағы, дәнек); құрғақ көптұқымды жемістер (бұршақ, бұршаққын, қауашақ); шырынды көптұқымды жемістер (жидек); шырынды даратұқымды жемістер (сүйекті жеміс). Құрғақ жемістер табиғи нысандармен, ал шырынды жемістер муляждар түрінде берілген. Сондай-ақ жел мен жануарлар арқылы таралуға бейім әртүрлі жемістер мен тұқымдар ұсынылған.

ж-тық

1



«Ағаштар мен бұталардың бүрлері, жемістері, тұқымдары» коллекциясы

Коллекцияда қылқанжапырақты және жабықтұқымды өсімдіктердің бүрлері, жемістері және тұқымдары берілген.

ж-тық

1



«Палеонтология» (қазба өсімдіктер мен жануарлардың сақталу формасы) коллекциясы

Коллекцияның құрамына қазба флора мен фаунаның 10 үлгісі кіреді. Үлгілер түрлі кезеңдерге жатады.

ж-тық

1



Бунақденелілер отряды өкілдері (зиянкестер мысалында)

Коллекция бунақденелілер класының өкілдерімен танысқанда пайдалануға арналған. Коллекцияда жәндіктердің бес негізгі отрядының өкілдері монтаждалған: Қатты қанаттылар, қосқанаттылар, турақанаттылар, қабыршаққанаттылар, жарғаққанаттылар.

ж-тық

1



Балара

Құрал «Буынаяқтылар типі» тақырыбымен танысқанда қолданылады. Құралға келесідей нысандар кіреді: жұмыртқа, қуыршақ, аталық дарақ, жатыр, жұмыс арасы, кәрез, аналық, жасанды балауыздың үлгісі, қарақұмық гүлі.

ж-тық

1



Жәндіктердің толық түрленіп дамуы. Тұт ағашы жібек көбелегі.

Коллекция тұт ағашы жібек көбелегінің даму кезеңін көрсетеді. Яғни, жұлдызқұрт қуыршаққа айнала отырып, өзінің айналасында піллә түзіп, белгілі бір кезеңнен кейін тұт ағашы жібек көбелегінің жас дарағы пайда болатындығын бейнелейді. Сондай-ақ тұт ағашының жапырағы, жібек жібі мен матасының үлгілері бар.

ж-тық

1



Жәндіктердің шала түрленіп дамуы. Шегіртке.

Коллекция шегірткенің жұмыртқадан ұшпайтын дәрнәсілдері арқылы ересек дараққа (ересек дарақ, аналық, аталық дарақтар) дейін дамуын көрсетеді. Сондай-ақ шегіртке қоректенетін өсімдіктер үлгілері берілген.

ж-тық

1



Мақта және одан өңделген өнімдер

Коллекция мақта мата өндірісінің шикізаттан дайын өнімге дейінгі негізгі кезеңдерін демонстрациялайтын табиғи үлгілер жиынтығынан тұрады.

ж-тық

1

12.

Микропрепараттар:









Өсімдіктану бойынша микропрепараттар жиынтығы

Жиынтықтың құрамына келесідей микропрепараттар кіреді:
1 Жапырақ эпидермисі
2 Түйін және тұқымбүршік
3 Пияз қабықшасы
4 Тамыр оймақшасы
5 Гүлді өсімдік тозаңы
6 Ағаш бұтағының кесіндісі
7 Шөптесін өсімдіктер сабағының кесіндісі
8 Тамырдың көлденең кесіндісі
9 Пеницилл
10 Спирогира
11 Мүк споралары
12 Қырықбуын
13 Қырықжапырақ сорусы
14 Қырықжапырақ өскіншесі
15 Қарағай тозаңы
16 Қына кесіндісі
17 Қарағай қылқаны
18 Вольвокс (балдыр)

ж-тық

15



Жануартану бойынша микропрепараттар жиынтығы

Жиынтықтың құрамына келесідей микропрепараттар кіреді:
1 Гидраның көлденең кесіндісі
2 Таспа құрты
3 Шұбалшаңның (жауын құрты) кесіндісі
4 Көбелектің ауыз аппараты
5 Балараның аяғы
6 Масаның ауыз аппараты
7 Шегірткенің ауыз аппараты
8 Эвглена

ж-тық

15



Анатомия бойынша микропрепараттар жиынтығы

Жиынтықтың құрамына келесідей микропрепараттар кіреді:
1 Жүйке жасушалары
2 Асқазан ұлпалары
3 Адам қаны
4 Бір қабатты эпителий
5 Гиалинді шеміршек
6 Сүйек ұлпасы
7 Адам сперматозоиді
8 Тегіс бұлшық ет ұлпасы
9 Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы
10 Қантамырлары

ж-тық

15



Жалпы биология бойынша микропрепараттар жиынтығы

Жиынтықтың құрамына келесідей микропрепараттар кіреді:
1 Балдырлардағы қосылу
2 Пияз қабықшасындағы митоз
3 Ересек дрозофила
4 Дрозофила дәрнәсілі
5 Дрозофила қуыршағы
6 Бақа жұмыртқа жасушасының бөлінуі
7 Хромосомалар препараты
8 Бактериялар
9 Плазмодесмалар
10 Микросомалар

ж-тық

15

13.

Ылғалды препараттар:

Жиынтыққа жануарлардың ішкі және сыртқы құрылысын, сондай-ақ жануарлардың дамуын суреттейтін препараттар кіреді. Препараттарда мүшелердің негізгі жүйелері (тыныс алу, асқорыту, қантамырлар, репродуктивті) көрсетілген. Әрқайсысының санды коды бар.







Егеуқұйрықтың ішкі құрылысы



дана

1



Бақаның ішкі құрылысы



дана

1



Құстың ішкі құрылысы



дана

1



Балықтың ішкі құрылысы



дана

1



Жылан



дана

1



Қылтанақты балықтың дамуы



дана

1



Бақаның дамуы



дана

1



Қоңыздың дамуы



дана

1



Өзен шаяны



дана

1



Сиыр цепені



дана

1

14.

Көлемді модельдер:

Әртүрлі тұқымдастардың гүл құрылысының, сондай-ақ жануарлар мен адамның жеке бөліктерінің табиғи түсте боялған демонстрациялық модельдері.







Өкпенің ішкі құрылысының моделі

Модель адамның тыныс алу жүйесінің құрылысын өткенде пайдалануға арналған. Өкпе бөлігін көпіршіктерімен және оны ораған қантамырларымен бірге демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 130х130х230 mm.

дана

1



Көмейдің моделі

Алмалы-салмалы модель адамның тыныс алу және асқорыту жүйесінің құрылысын өткенде пайдалануға арналған. Шынайы көмейдің көлемінен 3 есе артық ұлғайтылып жасалған. Асқорыту және тыныс алу жүйелерінің мойын бөлігін және адамның қалқанша безінің орналасуын демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 130х130х230 mm.

дана

1



Жүректің моделі

Алмалы-салмалы модель «Қан және қанайналым» тақырыбын өткенде пайдалануға арналған. Шынайы жүректің көлемінен 3 есе артық ұлғайтылып жасалған. Қолқаны, өкпе артериясын, төменгі және жоғарғы қуыс веналарды демонстрациялайды. Жүрек моделінің ажырамалы екі бөлігі ішкі макроскопиялық құрылысын көруге мүмкіндік береді. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 340х250х250 mm.

дана

1



Адам басының моделі

Модель адамның тыныс алу, асқорыту, жүйке жүйелерін өткенде пайдалануға арналған. Модель шынайы көлемде берілген, алмалы-салмалы төрт бөліктен тұрады. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 250х180х280 mm.

дана

1



Ұйқы безінің моделі

Модель адамның эндокриндік және асқорыту жүйесін өткенде пайдалануға арналған. Модель табиғи көлемде берілген. Ішек пен бүйрек бөлігіне іргелес тұрған ұйқы безін демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 200х100х80 mm.

дана

1



Тістердің моделі

Модель адам гигиенасы тарауын өткенде пайдалануға арналған. Екі жақты, тістер мен тілді демонстрациялайды. Тісті тазалау әдістерін демонстрациялау үшін ұлғайтылған тіс щеткасы қоса беріледі. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 230х180х150 mm.

дана

1



Адам басының бұлшық еттерімен бірге көрсетілген қима түріндегі моделі

Модель «Анализаторлардың құрылысы», «Тірек-қимыл аппаратының құрылысы», «Адамның жүйке жүйесінің құрылысы», «Адамның асқорыту жүйесі», «Адамның тыныс алу жүйесі» тақырыптарын өткенде пайдалануға арналған. Бұлшық еті мен ішкі құрылысының ерекшеліктерін анық көруге мүмкіндік беретіндей етіп адам басы кесіп көрсетілген. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 250х180х280 mm.

дана

1



Адам көзінің моделі

Модель «Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері. Жоғары жүйке қызметі» тақырыбын өткенде пайдалануға арналған. Көз алмасын, көздің ақ қабығын демонстрациялайды. Көздің алдыңғы бөлігінде мөлдір қасаң қабығы, шыны тәрізді дене мен көз бұршағы көрсетілген. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 250х250х200 mm.

дана

1



Мұрынның моделі

Модель адамның тыныс алу жүйесін өткенде пайдалануға арналған. Адамның мұрын-жұтқыншағы қима түрінде көрсетіледі. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 250х150х160 mm.

дана

1



Құлақтың моделі

Модель адамның есту мүшесін өткенде пайдалануға арналған. Есту аппаратының бөліктерін демонстрациялайды: иірімді түтік, дабыл жарғағы, есту сүйекшелері. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 320х190х220 mm.

дана

1



Тілдің моделі

Модель адамның асқорыту жүйесін өткенде пайдалануға арналған. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 140х100х100 mm.

дана

1



Асқазан моделі

Ажырамалы модель адамның асқорыту жүйесін өткенде пайдаланылады. Асқазанның сыртқы және ішкі бетін, асқазанның бұлшық ет құрылысын, сілемейлі қабығының бедерлі қатпарларын, сондай-ақ өңешпен қосылған жері мен асқазан қысқышетін демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 200х180х150 mm.

дана

1



Ішек бүрлерінің моделі

Модель адамның асқорыту жүйесін өткенде пайдаланылады. Ішек бүрлері көптеген есе үлкейтіліп, лимфа тамырлары, қантамырларымен бірге демонстрацияланады. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 255х110х390 mm.

дана

1



Несеп-жыныс жүйесінің моделі

Модель адамның несеп шығару жүйесін өткенде пайдаланылады. Табиғи көлемде берілген. Бүйрек, несепағар, қуық және зәр жіберу каналының тесігін демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 350х250х10 mm.

дана

1



Бүйрек қабықшасының моделі

Модель адамның несеп шығару жүйесін өткенде пайдаланылады. Қантамырлары шумағын демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 235х185х50 mm.

дана

1



Бауырдың моделі

Модель адамның эндокриндік және асқорыту жүйесін өткенде пайдаланылады. Табиғи көлемде жасалған. Бауырдың 4 бөлігін, ішперде қатпарын, өт қабын және қантамырларын табиғи көлемде демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 260х150х180 mm.

дана

1



Жұлынның моделі

Модель адамның жүйке және тірек-қимыл жүйесін өткенде пайдаланылады. Модель 7 есе ұлғайтылып жасалған. Омыртқа денесін, жұлынның ақ және сұр затын қима түрінде, өткізу жолдарын демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 350х270х150 mm.

дана

1



Нейронның моделі

Модель адамның жүйке жүйесін өткенде пайдалануға арналған. Ол 2500 есе ұлғайтылып жасалған. Нейронның денесі мен аксонды демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 360х240х120 mm.

дана

1



Адам тұлғасының моделі

Құрастырмалы модель адам анатомиясы тарауын өткенде пайдалануға арналған. 17 бөліктен тұратын адам тұлғасын демонстрациялайды: ми - 2 бөлік, көз, өкпе - 2 бөлік, жүрек - 2 бөлік, асқазан - 2 бөлік, бауыр, бүйрек - 1 бөлік, ішектер - 3 бөлік, бел, омыртқа жотасы, қуық, дене бітімінің моделі. Табиғи көлемде берілген, биіктігі 85 см. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 920х450х300 mm.

дана

1



Адам тұлғасының бұлшық ет жүйесінің моделі

Модель адамның тірек-қимыл жүйесін өткенде пайдалануға арналған. Тері жамылғысынсыз адамның толық бойымен берілген. Бұлшық еттердің негізгі топтары жақсы көрінген. Модель табиғи көлемде берілген, 29 бөліктен тұрады - бас, жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек, жыныс мүшелері модельдері. Габариттік өлшемдері: кемінде 920х450х300 mm.

дана

1



Адам ұрығы дамуының моделі

Құрастырмалы модель адам дамуын өткенде пайдалануға арналған. Эмбрионның ай сайын дамуын демонстрациялайды. 8 модельден тұрады. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған.

дана

1



Жасуша бөлінуінің моделі: митоз және мейоз

Модель жалпы биология курсында жасушаның бөліну әдістерін өткенде пайдалануға арналған. Митоз және мейоз кезіндегі хромосомалардың айрылуы мен құрылуын демонстрациялайды. «Митоз» жиынтығында сегіз модель бар, ал «Мейоз» жиынтығы он модельден тұрады. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған.

дана

1



ДНҚ-ның құрылымдық моделі

Модель «Цитология негіздері» тақырыбын өткенде пайдалануға арналған. ДНҚ-ның қос тізбекті молекуласының спираль тәрізді шиыршықталған бөлігін демонстрациялайды. Модельдің тізбектері қос өзек түрінде жасалған. Оларға әртүрлі нуклеотидтерді білдіретін белгілі бір түс пен формадағы пластинкалар бекітілген. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып пластиктен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 920х180х180 mm.

дана

1



РНҚ моделі

Модель «Цитология негіздері» тақырыбын өткенде пайдалануға арналған. Нуклеотидтер ретімен жалғыз тізбекті демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып пластиктен жасалған.

дана

1



Тері құрылысының моделі

Модель «Тері» тақырыбын өткенде пайдалануға арналған. Модель терінің қантамырлары, тер бездері, майлы түзілістер, терморецепторлар және түктері бар қабат бөлігін демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 350х240х70 mm.

дана

1



Табан моделі

Модель «Тірек-қимыл жүйесі» тақырыбын өткенде пайдалануға арналған. Табиғи көлемде жасалған. Сүйектері мен бұлшық еттері қалыпты дамыған табан жинағы берілген. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 350х160х280 mm.

дана

1



Эндокриндік жүйенің моделі

Модель «Эндокриндік жүйе» тақырыбын өткенде пайдалануға арналған. Эндокриндік жүйе мүшелерін демонстрациялайды: гипофиз, қалқанша безі, ұйқы безі, бүйрекүсті безі, аналық без, аталық без. Табиғи өлшемінің жартысындай етіп берілген. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 350х240х70 mm.

дана

1



Лимфатикалық жүйенің моделі

Модель «Иммундық жүйе» тақырыбын өткенде пайдалануға арналған. Қантамырлар торымен байланысқан лимфа тамырларының торын, адам ағзасындағы лимфатикалық түйіндердің орналасуын демонстрациялайды. Табиғи өлшемінің 2/3 бөлігіндей етіп жасалған. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 650х400х20 mm.

дана

1



Ішек-қуыс гидрасының моделі

Құрастырмалы модель «Көпжасушалы жануарлар патшалық тармағы. Ішекқуыстылар типі» тарауын зерттегенде пайдалануға арналған. Гидраның құрылысы мен дамуын демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып пластиктен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 400х400х150 mm.

дана

1



Қандауырша (ланцетник) моделі

Құрастырмалы модель «Жануарлар» бөлімінің «Желілілер» тақырыбын; «Жалпы биология» бөлімінің «Эволюция ілімі» тақырыбын өткенде пайдалануға арналған. Бойлай кесіп көрсетілген модель қандауыршаның сыртқы және ішкі құрылысын демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып пластиктен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 450х150х50 mm.

дана

1



Құс жұмыртқасы құылысының моделі

Модель «Құстардың көбеюі мен дамуы» тақырыбын өткенде пайдалануға арналған. Модельде жұмыртқа ортасынан кесіп көрсетілген. Ол жұмыртқа қабықшасын, қоректік заттар қорын және нәруыздық арқаншаларды көруге мүмкіндік береді. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып пластиктен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 920х180х180 mm.

дана

1



Жануар жасушасының құрылысы

Модель цитология негіздері тарауын өткенде пайдалануға арналған. Тігінен кесіп көрсетілген модель арқылы жасушаның сыртқы және ішкі құрылысы демонстрацияланады. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 300х200х500 mm.

дана

1



Жануар жасушасы қабық құрылысының моделі

Құрастырмалы модель цитология негіздері тарауын өткенде пайдалануға арналған. Жасуша қабығының құрылысын демонстрациялайды: нәруыз молекулалары еніп бара жатқан липидті қос қабатын бейнелейді. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып пластиктен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 300х300х200 mm.

дана

1



Тамырдың бойлай кесіндісінің моделі

Құрастырмалы модель өсімдік тамырының жасушалық құрылымын өткенде пайдалануға арналған. Табиғи көлемінен 300 есе ұлғайтылып жасалған. Тамыр құрылысын бойлай кесілген үлгіде демонстрациялайды: өсу аймағы, сіңіру аймағы және өткізу аймағы, сондай-ақ, минералды және органикалық заттардың тасымалы жүзеге асатын өткізгіш шоқтар, тамыр түктері. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 400х400х450 mm.

дана

1



Өсімдік жасушасы құрылысының моделі

Модель цитология негіздері тарауын зерттегенде пайдалануға арналған. Сыртқы жасуша мембранасын, ядроны және ядро мембранасын, ядрошықты және басқа да органоидтарды демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 320х400х100 mm.

дана

1



Жапырақ құрылысының моделі

Модель өсімдіктану тарауын зерттегенде пайдалануға арналған. Үлгі табиғи көлемінен 700 есе ұлғайтылып жасалған. Жапырақтың көлденең және бойлай кесіндісін және оның бөліктерін демонстрациялайды: тыныс саңылаулары бар қабықша, мезофилл түрлері, өткізгіш шоқтар. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 400х400х100 mm.

дана

1



Сабақ құрылысының моделі

Модель өсімдіктану тарауын өткенде пайдалануға арналған. Үлгі 120 есе ұлғайтылып жасалған. Сабақ құрылысының көлденең-бойлық кесіндісін және оның негізгі бөліктерін демонстрациялайды: жабын ұлпалар, қабық, түзуші жасушалар қабаты, өзек, тамырлар, елек түтікшілер. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 400х400х420 mm.

дана

1



Инфузория парамеция моделі

Модель «Қарапайымдылар немесе біржасушалы жануарлар» тақырыбын өткенде пайдалануға арналған. Инфузорияның жоғарғы сатысының мысалында біржасушалы жануардың денесі мен асқорыту құрылысының ерекшеліктерін демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған. Габариттік өлшемдері: кемінде 350х240х200 mm.

дана

1



Асбұршақ гүлінің моделі

Модель өсімдіктану тарауын өткенде пайдалануға арналған. 10 есе ұлғайтылған асбұршақ гүлін демонстрациялайды. Гүлдің келесідей бөліктері көрсетілген: бес тостаған жапырақшасы бар гүлтұғыр, бес бірігіп өскен тостаған жапырақшадан тұратын тостағанша, екеуі бірігіп өскен бес күлте жапырақша; тоғызы бірігіп өскен, біреуі бос он аталық; жатыны ажырамалы аналық. Күлтелер, аталықтар, аналық - ажырамалы. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып пластиктен жасалған.

дана

1



Қырыққабат гүлінің моделі

Модель өсімдіктану тарауын өткенде пайдалануға арналған. 15 есе ұлғайтылған қырыққабат гүлін демонстрациялайды. Гүлдің келесідей бөліктері көрсетілген: төрт тостаған жапырақшадан тұратын бөлек жапырақты тостағанша, төрт жапырақшадан тұратын (біреуі ажырамалы) күлте, алты аталық (біреуі ажырамалы) және аналық (ажырамалы). Модель уытсыз бояулар пайдаланылып пластиктен жасалған.

дана

1



Картоп гүлінің моделі

Модель өсімдіктану тарауын өткенде пайдалануға арналған. 7 есе ұлғайтылған картоп гүлін демонстрациялайды. Гүлдің келесідей бөліктері көрсетілген: бірігіп өскен бес тостағаншадан тұратын тостаған жапырақша, бес жапырақтан тұратын күлте, күлте жапырақшаға жанама өскен бес аталық (2 ажырамалы), аналық (ажырамалы). Бойлай кесіп көрсетілген аналық жатыннан тұқымбүршікті көруге болады. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып пластиктен жасалған.

дана

1



Шабдалы гүлінің моделі

Модель өсімдіктану тарауын өткенде пайдалануға арналған. 10 есе ұлғайтылған шабдалы гүлін демонстрациялайды. Гүлдің келесідей бөліктері көрсетілген: тостағанша, күлте, аталықтар, аналық. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып пластиктен жасалған.

дана

1



Бидай гүлінің моделі

Модель өсімдіктану тарауын өткенде пайдалануға арналған. Бидайдың қос гүлді масағын ұлғайтылған күйде демонстрациялайды. Модельде күрделі масақтың буынды бүгілмелі өзегінің бөлігі көрсетілген. Жеке масақ екі қалыпты дамыған гүлге ие. Масақтың төменгі жағы екі қабыршақпен қоршалған. Әрбір гүлде екі қабыршақтан (төменгі және жоғарғы) бар. Бір гүлі төменгі гүл қабыршағымен бірге ажырамалы болып табылады. Гүлде мыналар көрсетілген: гүл серік қабықшалары, аталықтар және аналық. Екінші гүлден тозаңдықтары ашылған, пісіп жетілген аталықтарды көруге болады. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып пластиктен жасалған.

дана

1



Қосжарнақты өсімдік гүлінің моделі

Модель өсімдіктану тарауын, «Қосжарнақты өсімдіктер» тақырыбын өткенде пайдалануға арналған.
Гүл серігінің, аталықтардың және аналықтың құрылысын демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып пластиктен жасалған.

дана

1



Өсімдіктер гүлдерінің қос ұрықтануының моделі

Модель «Гүлді өсімдіктер» және «Өсімдіктер эволюциясы» тақырыптарын өткенде пайдалануға арналған. 300 есе ұлғайтылған. Аналық пен аталықтың құрылысын демонстрациялайды. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып поливинилхлоридтен жасалған.

дана

1



Қызғалдақ гүлінің моделі

Модель өсімдіктану тарауын өткенде пайдалануға арналған.
Қызғалдақ гүлін ұлғайтылған түрде демонстрациялайды. Модельде күлтелер, аталықтар, аналық, гүлсағақ көрсетілген.

дана

1



Жарақат түрлерін ұқсататын жиынтық

Модель жарақат ұқсатқыштары (имитатор) мен жараланудың негізгі түрлерінен тұратын жиынтығы бар адам мүсіні болып табылады.

ж-тама

1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет