Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы


Оптика және квантты физика бойынша демонстрациялық аспаптар комплекті



бет50/95
Дата16.06.2016
өлшемі12.53 Mb.
#139977
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   95

16.

Оптика және квантты физика бойынша демонстрациялық аспаптар комплекті:









Оқу микроскобы

Қозғалмалы төсеніш үстелшесі, ауыстырып пайдаланылатын окуляры бар мойны (10 х, 16 х); айналмалы револьвер бастиегінде орналасқан үш объективі (4 х, 10 х, 40 х) бар. Ұлғайтуы: 100 х - 640 х еседен артық емес.

дана

1



Жарық дифракциясы, интерференциясы және поляризациясы бойынша жиынтық

Жарықтың толқындық қасиеттерін, жарықтың интерференциясы, дифракциясы, поляризациясын демонстрациялауға арналған. Жиынтықтың құрамына аспаптарды бекітуге арналған тұғыр, жарық көзі, дифракциялық торлар - 3 дана, саңылау, призма, ньютон сақинасы, поляроидтар - 2 дана, экран, линза, жартылай мөлдір пластина кіреді. Лампа қорегінің кернеуі: 12 V. Габариттік өлшемдері: кемінде 855х280х115 mm.

дана

1



Фотоэффектті демонстрациялауға арналған аспап

Фотоэффектті, фототоктың жарық ағыны мен фотоэлементтегі кернеуге тәуелділігін деректер тіркеуіші бар компьютерлік өлшеуіш датчиктер (жарық фотодиодты датчик, электр өрісі датчигі, радиацияны өлшеу датчигі) комплектін пайдаланып демонстрациялауға арналған. Аспап жоғары вольтті индукторда орнатылған фотоэлементтен, ультракүлгін сәулелендіргіштен, люминесцент лампасы бар сәулелендіргіштен тұрады. Лампалар қорегінің кернеуі 220V, 50Hz. Габариттік өлшемдері: лампа кемінде 270х180х440 mm, торы бар жоғары вольтті индуктор кемінде 170х245х290 mm.

дана

1



Геометриялық оптика заңдарымен танысуға арналған аспап

Демонстрациялық комплект оптика заңдары бойынша жасалтын тәжірибелерге арналған. Аспап лимбі бар магнитті экран болып табылады. Аспаптың құрамына қос-дөңес линза, қос-ойыс линза, дөңес-ойыс айна, жайпақ айна, тең бүйірлі призма, жайпақ-дөңес призма, жайпақ-ойыс линза, жайпақ-дөңес линза, жарық көздері (3 дана) кіреді. Габариттік өлшемдері: кемінде 445х75х295 mm. Қорек кернеуі 220V, 50Hz.

дана

1



Жоғары кернеу көзі бар газ спектрлерін демонстрациялауға арналған аспап

Спектроскопты пайдаланып әртүрлі заттардың молекулалық спектрлерін демонстрациялауға арналған. Аспапқа жоғары вольтті кернеу көзі және 8 спектрлік түтіктер кіреді. Спектрлік түтіктердің ұзындығы 26 см жуық, тік пішінге ие және заттардың келесідей газдары және буларымен толтырылған: оттек, сынап буы, гелий, неон, азот, аргон, сутек, хлор. Түтіктен газ спектрлерін зерделеуге арналған. Шыны түтіктердің екі ұшында жоғары кернеу көзіне арналған металл қақпақша-электродтар бар, сондай-ақ ортасында разряд әрекетін демонстрациялауға арналған ұзындығы 10 см жұқа капилляр түтіктер бар. Спектрометрмен бірге пайдаланылады.

дана

1



Үш түтікті спектроскоп

Жарық толқындары спектрлерін анықтау, бақылау және салыстыруға арналған. Аспап үштаған үстелшеде орналасқан призмаға, жылжымалы саңылауы бар коллиматорлық түтікке, объективі мен окуляры бар көру түтігіне ие. Объективтің фокустық қашықтығы: кемінде 150 mm, Окулярдың фокустық қашықтығы: кемінде 30 mm. Габариттік өлшемдері: кемінде 360х250х210 mm.

дана

1



Ойыс және дөңес айна

Оптика бойынша тәжірибелерді демонстрациялауға, сондай-ақ оптикалық аспаптарды құрастыруға арналған. Диаметрі 100±2mm

ж-тық

1



Оқу лазері

Үздіксіз әрекеттегі газ лазерінің құрылымын, жарықтың лазерлік шоғын демонстрациялауға, сондай-ақ толқындық оптика бойынша жасалатын тәжірибелерде когерентті жарық көзі ретінде пайдалануға арналған.

дана

1

17.

Астрономия бойынша модельдер:









Аспан сферасының моделі

Аспан денелері координаттарын және Күннің көктегі жылдық қозғалысын анықтауға арналған. Аспап біздерден жасалған шар болып табылады. Ортасында Жердің моделі орналасқан, Жер осі әлем осімен сәйкес келеді. Осьте көкжиектің қозғалмалы жазығы бекітілген. Сыртқы бөлігінде эклиптика орналасқан. Аспап толығымен осьтің төңірегінде айналады. Габариттік өлшемдері: кемінде 325х325х470 mm.

дана

1



Күн – Жер – Ай моделі

Жер мен Айдың Күнді айнала қозғалысының салыстырмалылығын демонстрациялауға арналған. Жыл мезгілдерінің, күн мен түннің алмасуын, климаттық аймақтарды, күннің және айдың тұтылуын, Ай фазасының ауысуын демонстрациялауға мүмкіндік береді. Күн, Жер және Айдың модельдерінен тұрады. Олар ауыр тұғырыққа монтаждалған, айналады. Қол жетегі арқылы жұмыс істейді. Габариттік өлшемдері: кемінде 900х300х470 mm.

ж-тық

1



Телескоп

Аспан денелерін бақылауға арналған. Комплектке телескоппен бірге күн және ай жарығына арналған сүзгі, ауыстырып пайдаланылатын окуляр кіреді. Ұлғайтуы: 6х30 есе. Габариттік өлшемдері: Телескоп мойнының ұзындығы кемінде 190 mm, құрылғының биіктігі кемінде 1200 mm.

ж-тық

1

18.

Жалпы мақсаттағы зертханалық аспаптар мен бұйымдардың комплекті:









Зертханалық таразы

Рұқсат етілетін максимал жүктеме: 200 g, сезгіштігі: 20 mg. Массалары 1-ден 50 g дейінгі ұсақ кірлер жиынтығы бар. Габариттік өлшемдері: кемінде 200x85x110 mm.

ж-тық

15



Динамометрлер комплекті

Комплект құрамына 5 динамометр кіреді. Өлшеу диапазоны 0-ден 1 Н дейін, 0-ден 2 Н дейін, 0-ден 2.5 Н дейін, 0-ден 5 Н дейін, 0-ден 10 Н дейін. Габариттік өлшемдері: кемінде 200x45x10 mm.

ж-тық

15



Зертханалық жалғағыш сымдар комплекті

Комплектте түстері мен ұзындықтары әртүрлі, иілгіш және оқшауланған 10 сым бар. Сымдардың ұзындығы мен саны: ұзындығы 200 mm сым - 2 дана, ұзындығы 400 mm сым - 2 дана, ұзындығы 600 mm сым - 2 дана, ұзындығы 800 mm сым - 2 дана, ұзындығы 1000 mm сым - 2 дана, жалғастырғыштар - 10 дана

ж-тық

15



Жүктер жиынтығы

Диск формасындағы, салмағы 100gх10 хроммен қапталған металл жүктер жиынтығы. Негізгі төменгі жүктің ортасына ілгегі бар өзек бекітілген. Өзекке ортасында дөңгелек тесігі бар қалған жүктер кигізіледі. Жиынтық пластмасса қорапқа салынған. Габариттік өлшемдері: кемінде 150х40х40 mm.

ж-тық

15



Штангенциркуль

Өлшеу диапазоны: 150mm. Бөліктерінің құны: 1mm. Аспап қорапқа салынған. Габариттік өлшемдері: кемінде 250х15 mm.

дана

15



Зертханалық құрама штатив

Металл штатив демонстрациялық аспаптар мен қондырғыларды монтаждау кезінде пайдаланылады. Комплект келесідей бөліктерден тұрады: Тұғырық-плита - 1 дана
Тірек - 1 данаСақина - 3 данаӨлшеуіш түтікке арналған қысқыш - 2 дана
Қысқыш - 1 данаКрест пішінді муфта - 1 дана

дана

15

19.

Механика бойынша зертханалық аспаптар комплекті:









Зертханалық науаша (кішкентай шары бар)

Механика бойынша зертханалық жұмыстар мен физикалық праутикумға арналған. Аспаптың құрамына мыналар кіреді:
ені 20-25 mm, ұзындығы 700 mm доға тәрізді науа. Тіктеме. Бұранда қысқыш. Ұсақ шарлар комплекті. Металл шардың диаметрі: кемінде 25 mm.

дана

15



Иінтірек-сызғыш

Ұзындығы кемінде 500 mm ағаш рейкадан, теңгергіш екі сомынды бұрандадан, металл ось және жүк ілуге арналған төрт ілгектен тұрады.

дана

15



Зертханалық трибометр

Көлемі 500х50х10 mm, диаметрі 10 Н ағаш рейкадан, 50 g жүктері бар, көлемі кемінде 100х35х27 mm, динамометрді ілуге арналған ілгектері және жүктерді орнатуға арналған үш ойығы бар тікбұрышты ағаш кесектен тұрады.

дана

15

20.

Молекулалық физика мен термодинамика бойынша зертханалық аспаптар комплекті:









Калориметр

Термодинамика және молекулалық физика бойынша зертханалық жұмыстарға арналған. Аспап диаметрлері әртүрлі сыртқы және ішкі металл ыдыстардан, оқшаулағыштан, электр тізбегіне қосуға арналған түйісулері бар спираль орнатылған пластмасса қақпақтан, термометрге арналған ойықтан, калориметрдің ішіндегі денелердің орнын ауыстыруға арналған өзектен тұрады. Ішкі ыдыстың сыйымдылығы: кемінде 250 ml.

дана

15



Калориметрлік денелер жиынтығы

Көлемдері бірдей, темірден, жезден және алюминийден жасалған үш цилиндрден тұрады. Цилиндрдің диаметрі – кемінде 20 mm, биіктігі – кемінде 32 mm. Әрбір цилиндрдің жоғарғы жағында кішігірім ілгегі бар.

ж-тық

15



Сұйықтық термометрі (0-100 град.)

Зертханалық жұмысты орындау кезінде температураны өлшеуге арналған. Дәнекерленген капилляры бар цифрланған шыны түтік пен спирт ерітіндісі бар баллон түрінде болып келеді. Өлшеу шегі 0-ден 100 градусқа дейін. Габариттік өлшемдері: диаметрі - 10 mm-ден кем емес, ұзындығы – 250 mm-ден кем емес.

ж-тық

15

21.

Электр бойынша зертханалық аспаптар комплекті:









Зертханалық амперметр

Зертханалық жұмысты орындау кезінде электр тізбегіндегі тұрақты токты өлшеуге арналған. Өлшеу диапазоны: 0.6 А және 3 А. Алғашқы шектегі шкаланың бөлік құны - 0.02 А, екіншісінде - 0.1 А. Габариттік өлшемдері: 133 х 97 х 100 mm-ден кем емес.

дана

15



Зертханалық вольтметр

Зертханалық жұмысты орындау кезінде электр тізбегіндегі тұрақты токты өлшеуге арналған. Өлшеу диапазоны: 3 V және 15 V. Алғашқы шектегі шкаланың бөлік құны - 0.1 V, екіншісінде - 0.5 V. Габариттік өлшемдері: 133х97х100 mm-ден кем емес.

дана

15



Екі бағыттағы бір полюстік ажыратқыш

Электр тізбегін тұйықтау, ажырату және ауыстырып қосуға арналған. Максимал кернеуі: 36 V, ток күші: 6 А. Габариттік өлшемдері: 40х80 mm-ден кем емес.

дана

15



Зертханалық қорек көзі

Зертханалық жұмыс пен практикумдарды өткізу кезінде түрлі аспаптар мен құрылғыларды электр тогымен қуаттандыруға арналған. Аспап 42 V кернеулі айнымалы токтан қуат алады. Шығу кернеуі: тұрақты белгіленгені - 1,5 А ток жағдайында 1,5 - 9V. Габариттік өлшемдері: 210х170х100 mm-ден кем емес.

дана

15



Компас

Катушканың, өткізгіштің, Жердің магниттік өрісінің өзгерісін анықтауға арналған. Компастың диаметрі – 40 mm-ден кем емес.

дана

15



Доға тәрізді магнит

Тұрақты магнит қасиеттерін көрсету мен электромагнетизм бойынша бірқатар тәжірибе өткізуге арналған. Әр магниттің солтүстік полюсі көк түске, оңтүстігі - қызылға боялған. Габариттік өлшемдері: 100х70х25 mm-ден кем емес, 0,05Т.

дана

15



Тілік магнит

Тұрақты магнит қасиеттерін көрсетуге және электромагнетизм бойынша бірқатар тәжірибе өткізуге арналған. Әр магниттің солтүстік полюсі көк түске, оңтүстігі - қызылға боялған. Габариттік өлшемдері: кемінде 100х25х10mm, магниттік ағын параметрлері 0,05Т артық емес.

дана

15



Шағын шам ұстағышы

Электр бойынша бірқатар тәжірибе өткізуге арналған. Жарықтандырушы ретінде 30 V-қа дейінгі және ток күші 3 А-дейінгі кернеудегі қыздыру шамдары пайдаланылады. Габариттік өлшемдері: 40х80 mm-ден кем емес.

дана

15



Резисторлар жиынты

Жиынтықта кедергі күші 5 Ohm/1,5A, 10 Ohm/1A және 15 Оhm/0,6A болып келетін үш сым темірлі резистор бар. Габариттік өлшемдері: диаметрі - 70 mm-ден кем емес, биіктігі - 35 mm-ден кем емес.

ж-тық

15



Жылжыма тиекті реостат

Кедергінің өлшеу диапазоны: 0-50 Ohm. Ток күші: 1,5 A. Габариттік өлшемдері: 175х35х60 mm-ден кем емес.

дана

15



Бөлшектенетін электромагнит

Электромагнит құрылғысын көрсетуге және электромагнетизм бойынша тәжірибе өткізуге арналған. U-тәрізді өзектен, екі катушкадан және якорьдан құралады. Аспап 6 V кернеулі тұрақты ток көзінен қуат алады және 5 kg темір якорьды көтеру күшіне ие. Габариттік өлшемдері: 100х90х40 mm-ден кем емес.

дана

15

22.

Оптика бойынша зертханалық аспаптар комплекті:









Оптика бойынша зертханалық комплект

Оптикадан зертханалық жұмыстар жүргізуге арналған. Жарық көзіне ие қораптан, батареядан алынатын қорек көзінен, эксперименттік платформадан және тәжірибе жүргізуге арналған оптикалық элементтер жиынтығынан тұрады. Жарық көзі ішінен орнатылған PCX линзасына және жылжымалы 3 V LED жарық көзіне ие. Ол жарықтың қарқындылығының өзгеріп тұруына және сәулені бағыттауға мүмкіндік береді.
Жарық көзі қорабының өлшемдері: 180х70х45 mm-ден кем емес.
Жарық: 2,2V LED (қызыл)
Шам: R6 (AAM) 1.5 Vx2
Oбъектив: PCX цилиндрлік линза 40wx20H
Эксперименттік платформа:
Габариттік өлшемдері: 203x76x38 mm-ден кем емес.
Вертикаль саңылауларға ие біріктіру-ажырату құрылғысы 20x1 mm-ден, интервалы 6 mm-ден.
Оптикалық элементтер:
қос дөңес линза, қос ойыс линза, дөңес айна, ойыс айна, жартылай дөңгелек шыны пластинка, тең бүйірлі тік бұрышты призма, қисық қырлы жазық параллельді пластинка.

ж-тық

15



Тұғырықтағы линза

Тұғырықтағы линза. Диаметрі: Ф50 mm-ден кем емес. Ұлғайтуы: 3x есе.

дана

15

23.

Практикумға арналған аспаптар комплекті:









Авометр

Ток күшін, кернеуді, тұрақты және айнымалы ток тізбегіндегі кедергіні өлшеуге арналған. AC және DC кернеулерін, AC және DC ток күшін, кедергіні өлшеуге арналған 32 диапазоны бар. Кернеуді өлшеу диапазоны: 2,5/10/50/250/500/2500 V, тұрақты ток күші: 50ұА/1/10/100/500 mА, 5 А. Айнымалы ток кернеуін өлшеу диапазоны 10/50/250/2500 V. Кедергіні өлшеу диапазоны 2К/20К/200К/2М/20 Мohm. Қоректену батареясы R14(1,5V)х1 6F22(9V)х1. Габариттік өлшемдері: 178 х 173 х 84 mm-ден кем емес.

ж-тама

15



Радиотехникалық комплект

Электродинамикадан физикалық практикум өткізуге арналған. Комплектке мыналар кіреді: магниттердегі радиоэлементтер жиынтығы: кіру контуры - 1 дана; төменгі жиіліктегі сигнал көзі - 1 дана; жоғары жиіліктегі сигнал көзі - 1 дана; реле - 1 дана; резисторлар - 13 дана; потенциометрлер - 4 дана; конденсаторлар - 10 дана; транзисторлар - 6 дана; диоды - 6 дана; фотодиод - 1 дана; индуктивтілік катушкасы - 1 дана; кіру трансформаторы - 1 дана; шығу трансформаторы - 1 дана; электр қозғалтқыш - 1 дана; электр шамы - 1 дана; электр батарейкаларына арналған футляр - 1 дана; дауыс зорайтқыш - 1 дана; байланыстыру сымдары - 30 дана; электр схемалары - 22 дана.

ж-тама

3



Дросселді катушкалар комплекті

Ленц ережесін, электрлік ауытқуларды, электромагниттік индукция бойынша тәжірибелерді демонстрациялауға арналған. Комплектке екі катушка мен өзектемір кіреді. Катушкалардың пішіні цилиндр үлгісінде келеді. Үстіңгі панелде аспапты электр тізбегіне қосуға арналған түйісу нүктесі бар. Сыртқы катушканың диаметрі 68 mm-ден кем емес, ішкі диаметрі - 35 mm-ден кем емес. Түйісу нүктелерімен қоса алғанда, катушканың биіктігі 100 mm-ден кем емес. Ішкі катушканың сыртқы бөлігінің диаметрі 39 mm -ден кем емес, ішкі диаметрі 12 mm-ден кем емес. Түйісу нүктелерімен қоса алғанда, катушканың биіктігі 115 mm-ден кем емес. Өзегі хромдалған темірден жасалған, оның тұтқасы пластмассадан жасалған, өлшемі 120 mm-ден кем емес. Катушканың қаңқа өлшемі темірөзектің қимасымен сәйкестендірілген.

ж-тама

3



Электромагниттік толқындарды зерттеуге арналған аспаптар комплекті

"Электромагниттік тербелістер" бойынша тәжірибе жасауға арналған. Комплект құрамына сәулелену қуаттылығы 10 mW болатын 11 GHz ауытқу жиілігіне ие жоғары жиілікті таратқыш, жоғары жиілікті қабылдағыш, үшбұрышты призма, экран, дифракциялық торлар кіреді.

дана

3



Микроамперметр

Электр тізбегіндегі тұрақты токты өлшеуге арналған. Өлшеу диапазоны 0-100ұА. Габариттік өлшемі: 133 х 97 х 100 mm-ден кем емес.

дана

3



Миллиамперметр (AC)

Электр тізбегіндегі айнымалы токты өлшеуге арналған. Өлшеу диапазоны 0-100mА. Габариттік өлшемі: 133 х 97 х 100 mm-ден кем емес.

дана

3



Миллиамперметр (DC)

Электр тізбегіндегі тұрақты токты өлшеуге арналған. Өлшеу диапазоны 0-100mА. Габариттік өлшемі: 133 х 97 х 100 mm-ден кем емес.

дана

3



Жартылай өткізгіштердің қасиеттерін зерттеуге арналған жиынтық

Жиынтық жартылай өткізгіштердің қасиеттерін зерттеу бойынша зертханалық жұмыстар жасауға арналған.
Жиынтық құрамы: терморезистор - 1 дана, фоторезистор - 1 дана, жартылай өткізгіш диод - 2 дана, конденсаторлар - 8 дана, тұрақты резисторлар - 4 дана, айнымалы резисторлар - 2 дана, жарық диодтары - 2 дана, транзистор - 2 дана, электромагниттік реле - 1 дана, қыздыру шамы - 2 дана, диодты көпір - 1 дана.

ж-тық

3



Созылу деформациясын зерттеу аспабы

Аспап штативтен, фиксатордан, нұсқау тілі бар серіппеден, фиксаторлы шкаладан, 100 және 50 g-дық жүк жиынтығынан тұрады.

ж-тық

3



Электронды конструктор

Электроника әлемімен танысуға арналған көрнекі материал.

ж-тық

3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет