«Мектепке дейінгі ұйымның дарынды тәрбиешісі – 2015» аудандық байқауы



жүктеу 21.3 Kb.
Дата15.06.2016
өлшемі21.3 Kb.
«Мектепке дейінгі ұйымның дарынды

тәрбиешісі – 2015» аудандық байқауы
2015 жылдың 03 сәуірінде Осакаровка кентінің «Нұрай» бөбекжайында ауданның мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиешілерінің кәсіби шеберліктері мен әлеуметтік мәртебесін арттыру, олардың жаңашыл әдіс-тәсілдері мен технологияларын, сондай-ақ үздік жұмыстарының тәжірибесін кеңінен тарату мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымның дарынды тәрбиешісі-2015» аудандық байқауы өтті.

Жалпы байқаудың 1 турына ауданның 23 тәрбиешісі шығармашылық портфолиосын тапсырды. Онда тәрбиешілер түрлі деңгейде өткізілген іс-шаралар мен ашық сабақтарының материалдарын, кәсіби жетістіктерін, шығармашылық есептерін, жоба материалдарын, тәрбиеленушілерінің жетістіктерін көрсеткен.

Байқаудың 2 турына 9 тәрбиеші сынға түсті. Әр тәрбиеші өз жұмыстарында қолданып жүрген жаңашыл технологиялары және жобаларымен ерекшеленді.

Үздік тәрбиешілер өз жұмыстарында денсаулық сақтау мен саламатты өмір салтын насихаттау, рухани-патриоттық сезімге баулу, құқықтық тәрбие, сонымен қоса ата-ана мен балабақша ынтымақтастығы бағытындағы жобаларды, ал жаңашыл технологиялар ретінде М.Монтессори мен ТРИЗ технологиясының элементтерін, Тәй-тәй бағдарламасын т.с.с. қолданады. Тәрбиешілермен әзірленген шағын жобалар қысқа және ұзақ мерзімдерге жоспарланған. Олар ойын түрінде, әңгімелесу, сабақ, түрлі байқаулар және балалармен жүргізілетін зерттеу жұмыстары, ата-аналармен бірлескен іс-шаралар т.б. арқылы жүзеге асырылатыны анықталды.

2 турдың қорытындысы бойынша «Айгөлек» б/б тәрбиешісі Тохметова Жанар Жеңісқызы «Белсенділігі мен бастамашылдығы», Бодик Елена Александровна «За преданность в профессии» және №26 ОМ шағын орталығының тәрбиешісі Мурзина Алёна Юрьевна «За умение видеть мир глазами ребенка» номинациялары бойынша грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен, тәрбиешілердің тағатсыздана күткен ең негізгі шешуші кезеңде жетті.

3-ші орынды Осакаровка к. «Нұрай» бөбекжайының тәрбиешісі Светлана Ивановна Задворная, «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Ирина Алексеевна Кутищева және Есіл ауылының №2 ОМ шағын орталығының тәрбиешісі Галина Алексеевна Семёнычева иеленді.

2-ші орынға Молодежный к. «Айгөлек» балабақшасының көп жылдар бойы еңбек еткен тәрбиешісі Светлана Михайловна Чувило мен Осакаровка к. «Нұрай» бөбекжайының тәрбиешісі Толқын Мұхамеджанқызы Нұрғалиева иеленді.

1-ші орынға Осакаровка к. «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі, мектепке дейінгі ұйымда жаңашыл ТРИЗ технологиясын жылдар бойы, кеңінен қолданып келе жатқан Елена Владимировна Зимина ие болды.

Жүлдегерлеріміз білім бөлімінің дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.



Сонымен қоса, тәрбиешілеріміздің қолданбалы өнер бойынша өз қолдарымен түрлі материалдардан жасаған бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды.

Жарайсыздар, құрметті тәрбиешілер. Сіздерге шығармашылық ізденістер мен жетістіктер тілейміз. Ауданымыздың мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру үрдісінің жаңашыл әдіс-тәсілдері мен технологияларын одан әрі дамыта беріңіздер.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет