Мектепте 9 сынып геометриясын зерттеп оқыту технологиясы әдістемелік құрал



бет8/16
Дата10.06.2023
өлшемі1.58 Mb.
#474907
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Әдістемелік құрал - редакцияланған

Тең векторлар. теңдігі орындалады ма?
Сұрақ: Векторларды қосуда екі теңдік тең бе?
Шешуі: Осыдан іздеуге бейім бала екінші вектордың басын алдыңғы вектордың ұшына келетіндей етіп шығару керектігін түсініп, вектордың қосындысындағы қосылғыштардың орындарын қалауынша ауыстырып қосуда есепті шешудің оңтайлы әдісін топтап, өзіне жеңілдетіп алар еді. Сөзімізді нақтыласақ, Теңдіктің оң жағында .
Осы жерде оқушылар уәждемелік қызмет қарама-қайшылыққа тап болады олардың шешімі және векторлары өзара тең бе немесе тең емес пе? деген сұраққа әкеліп тіреледі. Бұл проблеманы шешуде оқушылардың ойлауында тең векторлар ұғымының анықтамасы еске түсірілуі қажет.
Анықтама бойынша векторлар тең болуы үшін олардың ұзындықтары тең және бағыттары бірдей болуы тиіс. Осыған байланысты, оқушылар өздері мынадай қорытындыға келеді: анықтама бойынша екінші шарт орындалмағаннан кейін және векторлары өзара қарама-қарсы бағытталғандықтан оларды тең векторлар деп атай алмаймыз. Яғни, бұл есептің жауабы: бастапқы екі теңдік тең емес.
Белгісізді табу. Берілген теңдік орындалуы үшін қандай вектордың жетіспейтіндігін табу. Мұнда оқушының зерттеу қабілетін дамытуға арналған фундаменталды критерий бойынша, базалық бұрынғы өткен білімін қолдану аясында есептің шешімін таба алады. Олардың ойлау актілері: теңдеу секілді шешуге, теңбе-теңдікті дәлелдеу үшін талпынысқа жол ашуға, амалдар қолдануға, ізденіс белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Векторлар арқылы өрнекті құру. Өрнекті оқушылардың өзіне құруға берілген. Шарт бойынша ABCD параллелограмы берілген. мен векторларын және векторлары арқылы өрнектеу қажет.
Алдымен есептің шартын жақсы түсіну, одан кейін оқушылар өз-өзіне кезегімен сұрақтар қояды: «Не белгілі?, Не берілген?, Ізделіндіні анықтау үшін берілгендер жеткілікті ме?» және т.с.с. Мұғалім әрі қарай суретін сызуға кеңес береді, қысқаша шартын жазу, оны бөліктерге бөлу. Сол секілді ұқсас есепті еске түсірген немесе оның шешу әдісін пайдалану пайдалы.
Жалпы кез-келген есепті векторлардың көмегімен шешу процесінің кезеңдері бар. Олар: қолайлы түрде векторларды енгізе отырып, есептің шартын векторлар көмегімен жазу; есептің шартын түрлендіре отырып, шешуін векторлық түрде алу; алынған жауапты есептің бастапқы геометриялық мағынасына келтіріп жазу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет