Жазықтықтағы түрлендірулер. Центрлік және осьтік симметрия.
Оқушыларға бұл ұғым таныс болғандықтан, еске түсіру мақсатында симметриялы ою-өрнектер, симметриялы сызбалар, симметриялы фигураларды қолданған жөн.
Мұғалім: Суретте не берілген және осы суреттен қандай тұжырым жасауға болады?- деу арқылы оқушыларды өзіне қаратып, бүгінгі өтілетін жаңа тақырыптың мәнін ашып, қызықтыруына болады. Олар тақтадағы суретті сипаттауға көшеді (1-сурет).
1-сурет
Оқушылардың тарапынан ұсынылуы мүмкін болған жауаптарды 2-кестеден көруімізге болады.
2-кесте.
№
|
Ұсынылуы мүмкін болған жауаптар
|
Ұсынылатын тақырыптың болжамы
|
Ұсынылған болжамды тексеру кезіндегі оқушының зерттеу қабілеттілік деңгейі
|
1
|
l түзуі берілген, АВ оған перпендикуляр.
|
Түзулердің перпендикулярлығы
|
Нақты объектімен жұмыс жасайды.
|
2
|
AA’ және l түзулері өзара қиылысып жатыр. Қиылысу нүктесі В деп белгіленген.
|
Екі түзудің қиылысуы немесе орналасуы
|
Бастапқы мәліметті жобалайды және болжамды ұсына алады.
|
3
|
Жазықтықта l түзуі берілген. А нүктесіне қарама-қарсы A’ бейнесі салынған және ол В нүктесі арқылы өтеді.
|
Жазықтықтағы түрлендірулер
|
«Бейне», «түпбейне» ұғымдарын біледі, өтілген тақырыпты қолдана алады.
|
4
|
А нүктесінің симметриясы A’нүктесі. Олар l түзуіне перпендикуляр.
|
Симметрия
|
Шығармашылық ойлауға дайын, алынған мәліметті болжап, жаңа міндеттерді қоя алады.
|
5
|
Координаталық жазықтыққа ұқсайды, О нүктесінің орнында В нүктесі орналасқан.
|
Декарттық координаталар жүйесі
|
Базалық білімі бар, есте сақтауы жоғары бірақ, ойлаудың сынилығы байқалмайды.
|
6
|
Жазықтықта түзуден тыс жатқан нүкте арқылы осы түзуге перпендикуляр жүргізу
|
Түзу және жазықтықтың орналасуы
|
Ойлау икемділігі орташа, стандартты есептерді шығара алады.
|
7
|
ВA’= АВ теңдігі көрініп тұр және AA’орналасқан.
|
Нүктеден түзуге дейінгі арақашықтық
|
Талдау жасай алады, бірақ ойын жинақтап қорытындылай алмайды.
|
8
|
А нүктесі A’ нүктесіне симметриялы көшірілген.
|
Параллел көшіру
|
Ойлау икемділігі жоғары, тақырыптардың байланысын сыни көзбен байқап жорамалдайды.
|
Берілген жауаптардан байқайтынымыз: көбінесе оқушылардың нақты объектімен жұмыс жасап, яғни стандартты есептерге үйреніп қалған баланың жауапты еш ойланбастан тез беруге ұмтылатындығы, осылайша болжамның ақиқаттығына көз жеткізгенде өз ойының кемшіл тұсы бар екендігін көреді. Әрине, өз ойын ортада көпшілік алдында жариялаудың өзі жетістік екендігі сөзсіз. Бірақ та, геометрия есептері көзге нақты көрінгенімен, интеллектуалды-логикалық ойлаудың сынилығын, яғни бір сөзбен айтқанда шығармашылық және эвристикалық ойлауды қажет етеді. Оқушылардың тақырыпты табуға оның мәнін ашуға байланысты ұсынылған болжамдарында зерттеу қызметінің кейбір кезеңдері көрініс тапты: алынған материалдарға талдау жасау; оларды өңдеу; уәждемелік қызмет; негізгі ұғымдарды анықтау т.с.с.
Сонымен қоса, центрлік және өстік симметрия тақырыбына есептер шығаруда келесі түрдегі нұсқаулықты ұсынуға болады:
центрлік симметрияда нүктелердің арақашықтығы сақталады [16];
центрлік симметрияда кері бейнелеу орындалады;
өстік симметриялы фигуралар өзара тең болады;
центрлік симметрия нүктеге және өстік симметрия түзуге қарағанда симметриялы бейнеленеді;
өстік симметрия орын ауыстырудың бір түрі болғандықтан центрлік симметрияның барлық қасиеттері орындалады.
Негізінен кез-келген тапсырманы орындатуда мұғалім кейбір нұсқаулықтарды беруі міндетті. Нұсқаулық оқушыға тапсырмаларды шешу кезінде көмектеседі бірақ, оның шешімін оқушының өзі тапқаны жөн.
Оқушыларға берілетін тапсырмалардың ішінде орындалуы тез есептерді шығарту олардың ынтасын, жаңа тақырыпты игеруге деген құлшынысын жойып алмауға септігін тигізеді. Зерттеп оқыту кезінде жүргізілінетін зерттеу жұмысы бір сабақпен ғана шектелуі мүмкін. Ұзақ мерзімді талап ететін зерттеу жұмыстарының нәтижелілігі орындалу деңгейіне қарай арта түседі.
Ұсынылатын келесі тапсырмалар легі алғашқы сәттен-ақ өз жауабын тапса да, оқушылардың орындауын қадағалау маңызды.
1. А,В,О нүктелері,CD кесіндісі және l түзуі берілген.
1) Берілген нүктелерге l осіне қарағанда симметриялы нүктелерді,берілген кесіндіге симметриялы кесіндіні салыңдар;
2) О центріне қарағанда симметриялы фигураларды салыңдар.
2. Квадрат берілген.Оның қанша симметрия осі, қанша симметрия центрі бар? Олар қалай орналасқан?
3. Координаталық жазықтықта А(2;1) және В(-3;-2) нүктелерінің симметрия осін салыңдар.
4. Координаталық жазықтықта төбелерінің координаталары А(2;4), В(-2;3), С(-4;6) болатын үшбұрышқа Ох осіне қарағанда симметриялы үшбұрыш салыңдар.
5.Нүктеге қарағанда симметриялы кесінділердің теңдігін дәлелдеңдер.
6. 2-Суретте көрсетілген фигураларды О нүктесінен айналдыра сағат тіліне қарсы және сағат тілі бағытында қа бұрыңдар.
2-сурет
Осы типтегі тапсырмалар оқушыларды есептің шартын талдауға үйретеді; зерттеу іс-әрекетінің басты факторы ретінде танымдық іс-әрекеттің әдістері мен тәсілдерін қалыптастырады; танымның ішкі уәждерін дамытуға ықпал етеді; оқушылардың ойлау, зерттеу белсенділігін дамытуға; шығармашылық, зерттеушілік қызметін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Сонымен қатар, зерттеп оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында төмендегі тақырыптар бойынша еркін тапсырма немесе эссе жазу жоспарын оқушыларға алдын-ала ұсыну қажет. Бұл жұмыс ізденіс белсенділігін арттыруға, зерттеу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға, оқушылардың тақырыпты түсінуіне және оның уақытында қайталануына ықпал етеді.
1. Геометриялық түрлендіру туралы не білесіз?
2. Параллель көшіру математика тілінде.
2. Геометриялық түрлендіруді бейнелейтін өмірлік тәжірибеден мысал келтіріңіз: табиғатта, тұрмыста, техникада.
3. Геометриялық түрлендіруде еркін фигураны жасаңыз.
4. Табиғаттағы қозғалыстар.
5. Симметрия (өстік және центрлік) және оны адамның практикалық қызметінде қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |