Мектепте 9 сынып геометриясын зерттеп оқыту технологиясы әдістемелік құрал



бет15/16
Дата10.06.2023
өлшемі1.58 Mb.
#474907
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Әдістемелік құрал - редакцияланған

Синустар теоремасы. Синустар теоремасының дәлелдемесі тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусының анықтамасына негізделген. Зерттеп оқыту үдерісінде осы тақырыпқа арналған тапсырмаларды орындатуда оқушыларға қиындық тумайды. Себебі олар кітапта берілген теореманыөздері дәлелдеу арқылы еш қиналмастан есепті шығара береді. Бастысы теоремада көрсетілгендей кез келген үшбұрыштың қабырғалары оларға қарсы жатқан бұрыштардың синустарына пропорционал болатындығын яғни, (12) формуланы ұмытпағаны жөн.
(12)
Оларға мысалы мынадай тапсырманы өз беттерімен орындауға беруге болады.

  1. үшбұрышының ауданын қабырғасының ұзындығы мен және бұрыштарының мәндері арқылы өрнектеу керек.

  2. Параллелограмның диагональдары m және n, ал олардың арасындағы бұрыш . Берілгендері арқылы параллелограмның қабырғаларын өрнектеңдер.

  3. Параллелограмның қабырғалары a,b және бір бұрышы Параллелограмның диагональдарын берілгендері арқылы өрнектеңдер.

Бұл жолы дайын сурет түрінде бермей олардың өз қабілеттілігін байқау үшін тапсырманы сөз түрінде берген жөн. Оны әрі қарай іске асыру, арнайы белгілеулер енгізу оқушының белсенділігіне тікелей байланысты.
Қорыта айтар болсақ, зерттеп оқыту әдісі – оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын қалыптастырып, оның ойын дамытуға, өздігінен ізденуге бағытталатын зерттеу элементтерін пайдалану арқылы оқытудың бірден бір тәсілі. Бұл дегеніміз зерттетіп оқытуда зерттеудің белсенділігін ілгерілетуде барлық білім беретін мектептердің оқыту процесінде мұғалімнің жағынан таңдалынып алынатын есептердің арнайы бір шекарамен шектелмеуі, оқушылардың танымдық қызығушылығын күшейтетін тапсырмаларды үйлестіруді, санын ұлғайтуды, оларды зерттеудің қадамдарына баулуды, кезеңдерімен сатылы өтуге үйретуді, проблеманы уақытылы байқауды қажетсінеді.
Зерттеп оқыту әдістерін тиімді қолдану нақты сынып оқушыларының зерттетіп оқыту қызметінің деңгейлерін байқап-білуге мұғалімге жағдай туғызады. Ол мұғалімнің проблеманы қою әдістерін қолдану шеберлігін; сабақтың мақсаттарына сәйкес, оның кейбір кезеңдерінде немесе оқытылып жатқан материалға сәйкес, оқушының танымдық қызметіндегі жандануының кезеңдерін білуін, проблемалық жағдаяттарды өзара талдау мен шешуді қолайлы ұйымдастыруды; сабақта зерттеуді тиімдірек ұйымдастырудың әдістерін үйренуді талап етеді.
9 сынып геометриясының қарастырылған бөлімдерінде зерттеттіп оқыту технологиясын пайдалану арқылы оны іске асыруда, зерттеп оқыту сапасын жетілдіруде әдістемелік ұсынымдардың атқаратын рөлі де зор.
Оқушыларда зерттеу іс-әрекетін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған тапсырмаларды сабаққа кезеңдеп енгізуді келесідей жүзеге асыруға болады:

  1. Оқушылар жаңа тақырыпта есептерді берілген үлгі бойынша шығару, ол арқылы олардың бойында есепттерді шығару барысында дұрыс амалды таңдау дағдысы қалыпатасады.

  2. Оқушыларды математикалық түрлендірулерде қандайда бір заңдылықтардың, қасиеттердің қолданылғанын айқындап отыру, яғни есептің шешілу алгоритмдерін құру.

  3. Ақырында оқушылардың бойында зерттеушілік шығармашылық қабілетті ілгерілету бағытында оқушылардың өздеріне есепті ойлап табуды, гипотеза жасап оны ұсынуды тапсыру.

Геометриядан оқушылардың функционалды математикалық сауаттылықтарын дамытуда жаңашаланған технологияларды соның ішіндегі зерттетіп оқыту технологиясын оқыту процесінде оңтайлы қолданудың да маңызды болатындығын практика көрсетуде.
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жоғарыда сипатталынған білім әлеміндегі маңызды мәселелерге нақты жауап көрсете алатындай тұлғаны қалыптастырсақ, ол біздің азғантай болса да қосқан үлесіміздің көрінісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет