3.Эксперимент әдісі. Эксперимент – зерттеушінің құрал – жабдықтар арқылы нысанаға немесе құбылысқа әсер ету арқылы зерттеуі. Физикада эксперимент белгілі бір мақсатта, біріншіден жаңадан мәліметтер алып, оны әрі қарай дамыту үшін, екіншіден белгілі теорияны растау үшін немесе теріске шығару үшін жасайды.
Кез –келген эксперимент басынан аяғынан дейін теорияға сүйенеді.
1. Барлық экспериментте арнаулы құрал-жабдықтар қолданылады. 2. Эксперимент белгілі мақсатта ғылыми негізге сүйене отырып ойластырылып жасалады. 3. Құрал-жабдықтардың көмегімен өтіп жатқан процестің негізгі бөлігі қамтылады. 4. Экспериментте алынған нәтижені өңдеуде, жіберілген қателерді ескеріп, шамалдың орташа мәнін анықтайды. 5. Қазіргі физикада эксперименттің нәтижесін математикалық өңдеуден өткізгенде жаңалықтар ашылуда. Мысалы нейтронның ашылуы. 4. Абстракциялау әдісі. Нысананың немесе құбылыстың қасиетін қарастырғанда оның кейбір қасиеттерін ескермей жеке зерттеу – абстракциялау әдісі деп аталады. Мысалы, зарядталған бөлшектердің өзара әсер ету заңдылығын оқығанда олардың арасындағы гравитациялық әсерлерін ескермейміз, себебі біз қарастырып отырған электрмагниттік әсерден әлдеқайда әлсіз. Абстракциялау – заттың ерекше қасиетін ойлау арқылы бөліп алып қарау.
Абстракциялаудың да шегі бар, әр аттың табиғаттағы өзіне тән қасиетіне байланысты. Осы шектен өту ол затты немесе нысананы идеалдауға әкеліп соқтырады. Идеалдау – дәріптеушілік – абстракциялауға тән, оның бір түрі болып табылады.
Дәріптеушілік – нысананы абстрактілі ойша түрде елестету, шындығында, практикада, күнделікті өмірде ол жоқ. Мысалы: физикада идеал газ – өте сиретілген газ, абсолют қара дене - қара күйе, абсолют қара дене – кез-келген күштің әсерінен деформацияланбайтын дене т.б.
5.Салыстыру, аналогия, үлгілеу. Салыстыру әдісі – нысаналардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты табу. Мысалы, Кулон заңы мен бүкіл әлемдік тартылыс заңын салыстыру арқылы олардың математикалық құрылымын бірдей, ал физикалық мағынасы әртүрлі екендігін көруге болады. Сол сияқты математикалық маятниктің тербелісі мен тербелмелі контурдығы электр тербелістерін салыстыруға болады. Салыстыру әдісі құбылысты түсіндірмейді, бірақ оны танып білуге, есте сақтауға көмектеседі.
Салыстыру кезінде олардың ұқсастықтары ең көп, ал айырмашылықтары мейілінше аз болғанда, оларға ортақ заңдылықтарды қолдану аналогиялық әдіс деп аталады.
Нақты мысал қарастырайық. Дыбыс пен жарықтың ортақ қасиеттері – шағылу, сыну, дисперсия, интерференция т.б. байланысты. Осыларды ескере отырып жарықтың толқындық теориясы ашылды.
Физикада үлгілеу әдісі қолданылады. Үлгілеу әдісі – нысананың белгілі бір қасиетін көрсететін жүйені ойша немесе материалды түрде жасау. Жасалған жүйе үлгі деп аталады. Материалды үлгі формасы жағынан да, мазмұны жағынан да шындығында бар. Мысалы, іштен жану қозғалтқыштарының үлгісі, ал идеалды үлгілеуге Резерфорд пен Бор ұсынған атомның үлгісі.