Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті


Ертегілердің халықтық сипаты



бет35/89
Дата23.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#487655
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   89
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Ертегілердің халықтық сипаты
Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүниетанудағы түсінігі мен көзқарасы т.б. көрініп отырады. Сондықтан да Белинский мұны «Халық жанының айнасы» деген болатын. Добролюбов пен Горький халық ертегілерін аса жоғары бағалай келіп, ертегілер халықтың өмірін, тұрмыс-күйін, мінез-әрекеттерін білу үшін аса керекті материал екендігін айтады; ертегілерді тудырушы да, сақтаушы да халық деп көрсетеді.
Халық өзінің ертегілерінде, қиял түрінде болса да, қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Оларды халық тілегі, көпшілік мүддесі тұрғысынан әңгімелейді. Ертегілерде айтылатын әңгімелердің қайсысына болса да халық өзінше қорытынды жасап, әділ бағасын беріп отырады; нені ұнататындығын, нені жек көретіндігін суреттейді. Мысалға қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты туғызған ертегілерін алайық. Бұл тақырыптағы ертегілерде ұшан-теңіз мәселелер көтеріледі; үй ішіндік әңгімелерден бастап, қоғамдық мәні бар жайларды қарастыруға дейін барады. Солардың бәрін де халықтың сыны да, міні де, қостауы мен құптауы да т.б. айтылады. Неше түрлі жауыздық, зұлымдық істер және оны жасаушылар, еңбегі еш кеткен тоғышарлар, ел арасын арандап жүрген алаяқ қулар т.б. халық ертегілерінде жиренішті түрде орын алады. Оларға халық өз арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді. Мұндай адамдардың атқарған қызметіне, ерлік ісіне сүйсінетіндігін халық ертегілері арқылы да аңғартады.
Әрине, ел арасында айтылып, сақталып келген ертегілердің барлығын халық тудырған және олардың бәрі халық тілегіне сай шығармалар деуге болмайды. Халық мүддесіне қайшы келетін, үстем таптың идеясын білдіретін ертегілер де бар. Оларды халық ертегілерден айыру үшін екі мәдениет туралы лениндік ілімге, В.И.Лениннің: «Ертегіні қоғамдық саяси тұрғыдан қарап, халықтың арманы мен мүддесі тұрғысынан зерттеу, жазу керек», – деген даналық пікіріне сүйенуге тиістіміз. Сонда ғана ертегілердің халықтық сипаты немесе халық тілегіне жат жайлары айқындала, ашыла түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет