оны дұрыстап түсінеміз десек, ауыз әдебиетін білуге
тиістіміз»
22
.
Қазақтың ауыз әдебиетінде халқымыздың өткендегі
тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салтын суреттейтін
шығармалар өте көп. Бірақ олардың көпшілігі ерте заманда
ауызша туып, көпшілікке ауызша айтылу арқылы
тарағандықтан, өзінің айтылу, даму процесінде әр түрлі
өзгерістерге ұшырады, алғашқы түпнұсқасын таза күйінде
сақтай алмай, жоғалтып та алды. Сондықтан біз халықтың
тұрмыс-салтына байланысты
туған шығармалардың
қайсысы ерте, қайсысы кеш туғандығын белгілей
алмаймыз. Бұл мәселе ғылымда әлі анықталмай, шешілмей
келеді. Оның үстіне, қазақ халқының тұрмыс-салтын
баяндайтын, қай кезде қандай әдет-ғұрып болғандығын,
олар қалай дамығандығын, қай жерде қандай түрлері
туғандығын көрсететін зерттеулер жоқтың қасы. Рас, бұл
мәселелер
жайында
Ш.Уәлихановтың,
академик
В.Бартольдтың біраз айтқан пікірлері бар. Бірақ олар
қазақтың әдет-ғұрпын, салтын тереңінен тексеріп,
тарихи
даму жолдарын, әдет-ғұрыптың қай кезде қандай түрі
пайда болғандығын және бұған байланысты туған ауыз
әдебиеті үлгілерін арнайы зерттемеген еді.
Сондықтан да біз ғылымда шешілмеген, әлі
анықталмаған мәселелерді бұл оқулыққа енгізуді қажет
көрмедік. Біздің мақсатымыз: тұрмыс-салтқа байланысты
туған және ауыз әдебиетінің ұсақ түрлеріне жататын
шығармалардың шығу, даму тарихын баяндау емес,
олардың кейбір басты түрлерімен таныстыру.
Қазақтың Октябрь
революциясына дейінгі ауыз
әдебиетінде халықтың тұрмыс-салтына байланысты туған
22
М.Горький, Әдебиет туралы (жинақ). Жазушылардың
Бүкілодақтық бірінші съезінде жасаған баяндамасы,
Алматы, 1954 жыл.
шығармалардың бірнеше түрлері бар. Соның ішінде
бастылары мыналар:
1. Төрт түлік мал, еңбек-кәсіп жайындағы
шығармалар.
2. Үйлену салтына байланысты шығармалар.
3. Діни ұғымға байланысты туған шығармалар.
4. Көңіл күйін білдіретін шығармалар.
Шартты түрде болса да, осындай төрт салаға
бөлінген шығармалардан қазақ халқының ертедегі тұрмыс-
салты, әдет-ғұрпы,
діни ұғымдары, арман-мүддесі қандай
екендігін аңғаруға болады. Бұл шығармалар арқылы халық
өзінің өткендегі өмірін елестетеді. Қуанышы мен тілегін,
қайғысы мен мұңын, басынын кешкен тұрмыс күйін
суреттейді; халыққа үстемдік еткен, еңсесін түсірген, езіп
қанаған тапқа, оның әдет-заңына әлсіз түрде болса да,
қарсылық айтылады, соны сынап-мінеп отырады. Сонымен
қатар, халық осы алуандас шығармаларында адал еңбекті,
еңбек етуді мадақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: