жайларды қарастыруға дейін барады. Солардың бәрін де
халықтың сыны да, міні де, қостауы мен құптауы да т.б.
айтылады. Неше түрлі жауыздық, зұлымдық істер және
оны жасаушылар, еңбегі еш кеткен тоғышарлар, ел арасын
арандап жүрген алаяқ қулар т.б.
халық ертегілерінде
жиренішті түрде орын алады. Оларға халық өз арасынан
шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын,
көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды
да, үлгі етеді. Мұндай
адамдардың атқарған қызметіне,
ерлік ісіне сүйсінетіндігін халық ертегілері арқылы да
аңғартады.
Әрине, ел арасында айтылып, сақталып келген
ертегілердің барлығын халық тудырған және олардың бәрі
халық тілегіне сай шығармалар деуге болмайды.
Халық
мүддесіне қайшы келетін, үстем таптың идеясын білдіретін
ертегілер де бар. Оларды халық ертегілерден айыру үшін
екі мәдениет туралы лениндік ілімге, В.И.Лениннің:
«Ертегіні қоғамдық саяси тұрғыдан қарап, халықтың
арманы мен мүддесі
тұрғысынан зерттеу, жазу керек», –
деген даналық пікіріне сүйенуге тиістіміз. Сонда ғана
ертегілердің халықтық сипаты немесе халық тілегіне жат
жайлары айқындала, ашыла түседі.
Достарыңызбен бөлісу: