«Ер Тарғын» жырының құрылысын, өлеңдік қасиеті
мен көркемдік тілін зерттеген әдебиетші ғалым
Х.Жұмалиев бұл жырдың өзіне тән екі ерекшелігі
барлығын
атап
көрсетеді:
«Басқа
жырлармен
салыстырғанда, – дейді ол, –
айтайын деген ойды,
суреттейтін деген құбылысты асқан шеберлікпен беруге
«Ер Тарғын» жыры, біріншіден, дамыту әдісін; екіншіден,
шендестіруді мол қолданады және шендестірудің жай
түрін емес, ұлғайған, күрделі түрін жасайды»
179
. Жырдың
бұл ерекшеліктері адам образын жасауынан, сөз
саптасынан айқынырақ байқалады. Мәселен, жыр
Ақжүністің келбетін:
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім көр.
180
–
деп
суреттейді, арасы алшақ екі нәрсені шендестірумен,
үшінші бір ұғым тудырады. Ақжүністің Қарт Қожақты
сипаттауында да шендестіру әдісі қолданылады. Қарт
Қожақты бес жасынан бастап, алпыс беске дейінгі өмір
жолына шолу жасайды. Отыз бес Қожақтың батырлық
күші
кемеліне келген кезі болса, әр кезеңге бөлу, оларды
бір-біріне қарама-қарсы қою негізінде шендестірудің
күрделі түрін тудырады.
Тарғынның Домбауылға және оның әскерлеріне
қарсы шабуыл жасайтын жерін суреттеуде немесе
Тарланды
сипаттағанда небір әдемі теңеу, эпитет,
метафора, әсірелеу т.б., қысқасы, көркем тілдің әр алуан
түрлері жиі кездесіп отырады. Бұлардың бәрін жыршы
ақын жыр оқиғасын дамыту, үдете айту үшін қолданады.
179
Х.Жұмалиев, Қазақ әдебиеті (оқулық), 1949 ж. және
Қазақ әдебиетінің тарихы. 1960 ж., 1 том.
180
Қазақ эпосы, 1958 ж., 373-бет.
Осы ретпен Тарғынның ұрысқа енуі, жауларымен алысуы,
Тарланның шабысы, нөсерлеген жүрісі суреттеледі. Тіл
байлығын жыршы өте шебер пайдаланады. Жауға қарсы
Тарғынның аттанған кезінде, Тарланның алғашқы жүрісі:
Өзінен-өзі зырлаған,
Басын тартса, болмаған,
Көк айыл
болып көпірсе,
Алты басып аттауға –
Айшылықты ойлаған, –
деп суреттеледі. Он екі күнге созылған ұрыс жорықтардан
кейін Тарланның:
Етектейін еріннен,
Екі елісі қалыпты.
Қиған қамыс құлақтан,
Бір тұтамы қалыпты.
Жалбыраған жалынан,
Жалғыз қарыс қалыпты, –
дегеніне қарағанда, тұлпардың соңғы жүрісі әлсіреп
кеткендей болып көрінеді. Шынында, олай емес. Бұл арада
әлсіреу жоқ, әсірелеу түрінде берілген даму, үдеу бар.
Етектейін еріннен екі елісі қалыпты, жалбыраған жалынан
жалғыз қарыс қалыпты деуі он екі күн бойына ат
қимылының қандай күшті болғандығын көз алдыңа
елестетеді. Жыршы ақын соғыс үстіндегі ат
қимылын
осылай суреттеп, шарықтау шегіне жеткізеді.
Қорыта келгенде, «Ер Тарғын» халықтық сипаты бар
көркем жыр. Ертеден келе жатқан мәдени мұрамыздың
бірі.
Достарыңызбен бөлісу: