Мәлімет Жаңатұрмыс орта мектебінің «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жылдық жоспары 2021-2022 оқу жылы Мақсаты


Хаттамасы. Жаңатұрмыс ауылы. «----»------2021ж Қатысқандар



бет7/8
Дата26.01.2023
өлшемі45.41 Kb.
#468793
1   2   3   4   5   6   7   8
Адал ұрпақ Соркөл

Хаттамасы.
Жаңатұрмыс ауылы. «----»------2021ж
Қатысқандар:Мектеп директорының м.у.а Ж.К.Сартова , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қ.Т.Бегалиева ,директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ж.К.Сартова , мұғалімдер, сынып жетекшілер.
Күн тәртібінде:
Мектепте «Integrity Shop» адалдық дүкенінің ашылуы жайлы /хабарламашы Қ.Т.Бегалиева
Тыңдалды :
Мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Ж.К.Сартова жиналысты ашық деп жариялап,күн тәртібімен таныстырып өтті.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Т.Бегалиева «Integrity Shop»адалдық дүкенінің ашылуы жайлы таныстыра келе, «Адалдық дүкенінің » ашылу мақсаты—оқушылардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру,оларды адалдыққа және әдептілікке баулу болып табылады.Яғни кез-келген оқушы сатушысы болмайтын аталған дүкеннен өзіне қажетті тауарды белгіленген құны бойынша тиісті бағасына сатып алып,ақшасын арнайы қойылған кассаға өткізеді.Осылайша ,ешбір қадағалаушысы жоқ дүкеннен қажетті затын сатып алған оқушы қулық немесе қиянатқа жол бермей,өзін адалдыққа және әділдікке тәрбиелей алады деп кеңінен түсіндіріп өтті.
Жарыс сөзге шыққан мектептің әлеуметтік педагогы Б.Өміралииева «Адалдық дүкені» мектепте ашылып ,бұл оқушыларға берілген сенім екеніне өз ризашылығын білдірді. Бүгінгі мектебімізде ашылып отырған «Адалдық дүкенінің»оқушы жастарымыз үшін тәрбие мекені болатынына сеніміміз мол.
Келесі сөз кезегін мектептің кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.Мейрбекова қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және оқушы жастарға өздерін жақсы ,адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру. Келесі сөз кезегі ата-аналар комитетінің төрайымы Г.Абдамитоова сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сананы және мәдениетті дамыту сонымен қатар ішкі парасаттылықты,адалдықты тәрбиелеу ,сенімдерін қалыптастыру болмақ деп айтып өтті.
ҚАУЛЫ:
1.Сынып жетекшілер «Адалдық дүкенінің» мақсатында оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндеттелсін.
2.Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғарғы сана мен мәдениетті дамыту сонымен қатар оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру сынып жетекшілер,мұғалімдер мен ата-аналар комитетіне міндеттелсін.
Мектеп директорының м.у.а: Ж.К.Сартова



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет