Мәлімет. Қоғамның жұмысы



Дата23.02.2016
өлшемі9.14 Kb.
#3552
«Арал Теңізі» ҚБ 10 -20 қаңтар

аралығында атқарылған жұмыстар туралы

Мәлімет.

Қоғамның жұмысы.
11 қаңтар 2007 жыл - Кнуд Андерсен, білім беру менеджері С. Дүйсенбаев және «Камбала Балық» БӨОның директоры А. Батимова қазалылық кәсіпкер Аманбайдың Бөген балықшыларымен өткізген жиналысына қатысты. Жиналыс барысында тендер учаскелерінің 10 жылға берілгендігі, жаңа жылдан бастап балықшылардың еңбек кітапшасы, зейнетақы кітапшасы болу керектігі айтылды.
12-13 қаңтар 2007 жыл - Кнуд Андерсен, С. Дүйсенбаев, Ж. Махамбетова және Арал кешенді балық шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығының маманы З. Ермаханов Қаратерең және Ақбасты елді мекендеріне іс- сапармен барды. Мақсаты: Көкарал бөгетінен Ұлы теңізге балық және олардың майда шабақтарының шлюздар арқылы кетуін тоқтату мақсатында Дүниежүзілік Банк жобасына ұсыныстар еңгізу.
10-12 қаңтар аралығында «Арал Теңізі» ҚБ атқарушы директоры Б. Жүгінісова, басқарма мүшесі А.Досжанов және балықшы жетекшісі А Алимаганбетов Атырау қаласында өткізілген «Бекіре балығын өсіру жолдары мен оны сақтау» семинарға қатысып келді. Семинарды «Қоршаған ортаны қорғау орталығы» ҚБ Кіші Гранттар Бағдарламасының «Бекіре балығын Каспийде сақтау» атты жобасы бойынша өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет