Мәлімет. Қоғамның жұмысы



Дата25.02.2016
өлшемі10.05 Kb.
«Арал Теңізі» ҚБ 20-31 желтоқсан

аралығында атқарылған жұмыстар туралы

Мәлімет.

Қоғамның жұмысы.
27-28 желтоқсанда қоғам қызметкерлері Ж. Махамбетова, С. Дүйсенбаев, Ә. Нысанбаева Аманөткел, Бөген, Қарашалаң. Қаратерең, Жаңақұрылыс, Қызылжар, Шөмішкөл елді мекендерін аралап балықшылардың балаларына жаңа жылдық сыйлық таратты. Жалпы 11 елді мекенге 270 сыйлық тартылды Еріктілер орталықтарының жаңа үйлестірушісі Ә. Нысанбаева елді мекендердегі ЕОларға таныстырылды. Сонымен қатар, «Арал Теңізі» ҚБ Еріктілер Орталығы ұйымдастырумен және қоғам демеушілігімен Арал қаласының жарымжан балаларына сыйлық берілді.
Желтоқсан айында «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігі штат қызметкерлері 2006 ж жұмыс жоспарларын қорытындылап, келер 2007 ж жұмысын жоспарлады. Қоғам тарапынан барлық халықаралық, республика, облыс және аудан деңгейіндегі мекемелер атына Жаңа Жыл құттықтауларын таратты.
БАҚ құралдарыменен жұмыс – аудандық «Толқын» газетінің бетіне алғашқы рет «Жағалау нұры» атты «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігінің ақпараттық жаршысы жарияланды. Бұл шығарылымда «Арал Теңізі» ҚБ балықшылар және қоғам мүшелерінің барлығын Жаңа Жыл Мейрамы құттықтауын, қоғам және жоба тарапынан жасалынған қайықтың сынағының нәтижесі, «Каттегаттан Арал Теңізі» қазақ дат жобасының 10 жылдығына арналған конференция нәтижелері туралы ақпарат жарияланды.

Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет