Мәлімет. Қоғамның жұмысы



жүктеу 11.69 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі11.69 Kb.
«Арал Теңізі» ҚБ 20 -30 сәуір

аралығында атқарылған жұмыстар туралы

Мәлімет.

Қоғамның жұмысы:

«Арал Теңізі» ҚБ өз жұмысын тиімді жасау барысында қызметкер арасында стратегиялық жоспарлау жасады. Жоспар барысында қоғамның негізгі бағыттарында қандай өзгерістер, тәсілдер пайдалану белгіленді – білім беру саласына, ақпарат тарату, қоғамның қаржы тұрақтылығын сақтау; салалардың негізгі бағыттауыштары белгіленді.



«Арал теңізі» ҚБ балықшыларына осы айдың соңында барлық балық аулау жұмыстары тоқталуы (лимит) қажеттілігін мәлімдеді. Толығырақ Арал-Сырдарья бассейндік басқармасының мәліметі БАҚ құралдарымен жұмысында қараңыз.
«Арал Теңізі» ҚБ Еріктілер Орталығының жылдағы 21-28 сәуір аралығында «Көктемнің Мейірімді Аптасы» өткізілді. Іс шара барысында тұрмысы нашар, жалғыз басты қарт және жарымжан балаларға қайырымдылық көмек ретінде дәрі-дәрмек, азық-түлік таратылды. Жалпы көмекті 17 адам алды. Демеушілер ретінде «Казақстан» аптекасы, «Кәсіпкер Әйелдері» ҚБ – Ізмағанбетов Қ, «Қуан» магазині, «Азамат» магазині, «Камбала Балық» БӨО көмек көрсетті.
БАҚ құралдарымен байланыс: «Сыр бойы» газетінің 16 сәуір 2007 ж. басылымында «Кәсіпқой және әуесқой балықшылардың назарына» тақырыпта балық қорын молайту мақсатында балықтың уылдырық шашу мезгілінде балық аулауға тыйым салынғандығы туралы мақала жарияланды. Аудандық «Толқын» № 32, 26.04.2007. газетінде «Арал Теңізі» ҚБ «Жағалау нұры» № 5 нөмірі басылып шықты. Номерде «Арал Теңізі» ҚБ балықшылар қауымын 1 мамыр, 9 мамыр мейрамдарымен құттықтауы, «Майда шабақтарды қорғау және құтқару», «Арал Теңізі» ҚБ балықшыларының Маңғыстау еліне сапары» т.б. мақалалар жарияланды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет