Мәліметтер қоры (МҚ) ақпараттық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты объектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны



бет2/3
Дата14.09.2023
өлшемі165.68 Kb.
#477612
1   2   3
Мәліметтер қоры

санауыш (счетчик);

 күн/уақыт (дата/время);

 логикалық (TRUE немесе FALSE);

MEMO өрісі;

 OLE объектісі өрісі (бұл өрістің мәні – МҚ-на енгізілген OLE объектісі; мұндай өріс мультимедиялық мәлімет сақтай алады)

 Гиперсілтеме (Гиперссылка)

 Алмастыру шеберлері (Мастер подстановок)

Кілт (түйінді өріс) ұғымы

Кілт (ключ) немесе түйін – кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын бір немесе бірнеше түйінді өрістер. Олардың бір мәні кесте ішінде екінші рет қайталанбауы тиіс.

Түйінді өріс (ключевое поле) – кестедегі жазбаларды таңдап алу мақсатында мәндері қолданылатын негізгі өріс. Түйінді өріс ретінде көбінесе нөмір (санауыш) қолданылады.

Кестелер арасына байланыс құру

Мәліметтер қорында байланыс өзара байланысты кестелердің топтарымен атқарылады. Мәліметтер қорының кестелері арасындағы байланыстарды құру үшін Access-тің Мәліметтер схемасы деп аталатын арнайы терезесі бар

Мәліметтер схемасында барлық кестелерді енгізе отырып, кестелер өрісі арасындағы байланыстарды құруға болады. Кестеаралық байланыс кестелердегі аттары бірдей өрістер арасында сәйкес келетін кілттік өрістер мәндері арқылы тағайындалады.

Өрістер арасындағы байланыс өріс атауын бір кестеден басқасына өзіне тиісті өріске апарып қою арқылы орнатылады. Басқа кестеден қажет мәндерді тізімнен таңдауға мүмкіндік беретін өріс алмастыру шебері деп аталады.

Кестелер арасындағы байланыс әр түрлі кесте өрістерін біріктіретін сызықтар түрінде Мәліметтер схемасы терезесінде бейнеленеді. Мұндай жағдайда кестелердің бірі басты, ал басқасы бағынышты кесте болып саналады.

Басты – өзінің өрісіне байланысты қатысатын кесте. Бағынышты кестелерде нақты байланыс құру үшін басты кестеден алғашқы кілтті орналастыруға арналған өріс ойластырылуы қажет. Мұндай өрісте орналастырылған мән сыртқы кілт деп аталады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет