Мәліметтер қорларын бағдарламалық қамтамасыз ету


Мәліметтер қоры және Интернет



бет6/9
Дата26.09.2023
өлшемі105.22 Kb.
#478563
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4ОП Мәліметтер қоры

6. Мәліметтер қоры және Интернет
Интернет пен Интереттегі ақпараттар көзі мәліметтер қорлары болған жағдайда Web-серверлер МҚБЖ компоненттерінің өзара әсері орын алады. Мәліметтер қорларын пайдаланатын программалық компоненттердің жұмыс істеуін ұйымдастырудың үш түрін ажыратады:
a) клиент жағында;
b) Web-сервер жағында;
с) Қосымшалар сервері жағында.
Клиент жағындағы мәліметтер қорына қол жеткізу кезінде Javа тілі клиент пен сервердің өзара әсерінің негізгі құралы болады. Бұл жағдайда HTML тілінің мүмкіндіктерін кеңейтетін JavaScript, Jscript, VBScript сценарийлер тілдері пайдалануы мүмкін. Өзара әсерлер схемалары келесі 1-суретте көрсетілген.

Web-сервер



1-сурет. Клиент пен сервердің өзара әсерлер схемасы


МҚ серверіне жүгіну үшін Java – программаларының ішінен жұмыс принципі ODBC ұқсас JDBC хаттамасы пайдаланылады.


Web-сервер жағындағы МҚ қол жеткізу SQL тілінде МҚ өзара әсер ететін Web-сервердің сыртқы программаларын шақыру арқылы жүзеге асырылады, ол келесі 2 -суретте келтірілген.

2 -сурет. Web-сервер жағынан МҚ-на қол жеткізу.


7. Мәліметтер қорының моделі.
Мәліметтер қорын пайдалану файлдық құрылым мәліметтерінде болған шектеулер мен кемшіліктерді жоюға мүмкіндік берді. Мәліметтер қорының көмегімен шешілетін әралуан есептер мәліметтер қорын құрылымдау мен мәліметтердің арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі әдістерін қалыптастыруға әкеледі. Соның нәтижесінде мәліметтер қорының бірнеше моделі пайда болды. Мәліметтер қорының моделі деп мәліметтер қорының логикалық кейіптеуін атаймыз. Алғашқыда мәліметтер қорының

  • иерархиялық,

  • желілік,

  • реляциялық модельдері пайда болды, олар кейіннен классикалық, негізгі модельдерге айналды. Соңғы уақытта осылардың негізінде постреляциялық,

  • көпөлшемдік,

  • объектілі-бағытталған жаңа модельдер пайда болды және барынша дами отыра, қолданысқа енгізіле бастады.

Мәліметтер қорының хронологиялық дамуын келесі диаграмма түрінде көрсетуге болады (1.1-сурет)


Біртіндеп қол жеткізу файлдары


Еркін қол жеткізу файлдары


Мәліметтер қорының иерархиялық модельдері


Желілік модельдер


Реляциялық модельдері бойынша Коддтың жұмыстары


Мәліметтер қорының реляциялық модельдері


Үлестірілген мәліметтер қоры, клиент/сервер технологиясы


Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры


1.1-сурет. Хронологиялық диаграмма


Сонымен қатар мәліметтердің өзге модельдеріне негізделген белгілі модельдерді кеңейтетін алуан түрлі жүйелер жасалынуда. Олардың қатарында объектілі-реляциялық, дедуктивтік-объектілі-бағытталған, семантикалық, тұғырнамалық және бағытталған модельдерді атап кетуге болады. Бұл модельдердің кейбіреулері мәліметтер қорын, білім қоры мен программалау тілдерін интеграциялауға арналған. Кейбір МҚБЖ-лар бір мезгілде бірнеше мәліметтер модельдерімен жұмыс істейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет