«Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспары



Дата24.04.2016
өлшемі155.68 Kb.
#79888


Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2008 және
2012 жылдардағы жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттарының (іс-шараларының) жалпыұлттық жоспарларының
іс-шараларының 2012 жылдың қорытындылары бойынша орындалу барысы туралы ақпарат

«Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспары

12-тармақ. «Манғышлақ – Баутино», «Ералы – Құрық» және «Қорғас – Жетіген» темір жол желілерін салу

Манғышлақ – Баутино темір жол желіcін салу жобасы жөнсіз деп танылды. Қорғас – Жетіген темір жол желісін салу жобасы аяқталды.

Ералы – Құрық теміржол желісін салу жобасы орындалу үстінде.

А.Е. Мусиннің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 01-24.105-9. тапсырмасына сәйкес аталған тармақты орындау 2013 жылға дейін ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылған.

Қазіргі жағдайы:

Концессия жобасын іске асыру Құрық портын дамытумен экономикалық байланысты екенін ескеріп, 2011 жылғы 19 желтоқсандағы Концессия жөніндегі комиссиямен концессия жобасын іске асыруды Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен Қашаған кенорынының 2-ші фазасын игерудің басталу мерзімін анықтау қорытындысы бойынша шешімі қабылданды.

Концессиялық жобаның одан әрі іске асырылуы Концессиялар бойынша комиссияның кезекті отырысында қаралатын болады.

Осылайша, концессиялық жобаның одан әрі іске асырылу перспективалары Комиссия отырысының қорытындысы бойынша анықталатын болады.


14-тармақ. Астана – Бурабай, Астана – Қарағанды, Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас, Үлкен Алматы айналма автожолы автомобильді жолдарын құру және қайта жаңарту

«Астана – Бурабай» автомобильді жолын қайта жаңарту

«Астана – Бурабай» автомобиль жолы 2009 жылы 19 қарашада пайдалануға берілген, 6 (алты) жолақ бойынша қозғалыс ашылды.

Ағымдағы жылы «Астана – Бурабай» автомобиль жолында ақы алу жүйесін орнату жұмыстары басталды. Қазіргі кезде ақы алу жүйесін орнату бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. 2013 жылдың 13 мамырына дейін ақы алу жүйесінің тәжірибелік пайдалану жоспарланған.

Қайта жаңарту жұмыстары орындалды, автомобиль жолы пайдалануға берілді.
«Астана – Қарағанды» және «Алматы – Қапшағай» автомобиль жолдарын қайта жаңарту

2009-2012 жж. аралығында осы концессиялық жобалар бойынша концессионерді анықтау үшін бірнеше рет конкурс өткізілді, олар әр түрлі себептермен өткізілмеген.

Негізгі себептердің бірі жобалардың жоғары капитал сыйымдылығын, үлкен ұзақтығын, төмен қарқындылығын және Қазақстанда жолдарды күтіп ұстауға жоғары пайдалану шығыстарын атауға болады.

2012 жылғы 4 қыркүйекте (№17-5/05-448 хаттама) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп концессияға беруге ұсынылатын объектілер тізімінен алып тастау ұйғарылған болатын.

Осы жобаларды жүзеге асыруды жеке инвестицияларды тартумен республикалық бюджет есебінен жүргізу жоспарланған.

Ағымдағы жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлінген (орындау мерзімі – 2012 жылғы I жартыжылдық).

Автожолдардағы жол-құрылыс жұмыстарды 2013 жылы
II жартыжылдықта бастау жоспарланған.

Осы жобалар бойынша жұмыстар жартылай орындалды.
«Алматы – Қорғас» автомобиль жолдарын қайта жаңарту және пайдалану

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы


29 қарашадағы №17-37/И-626 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, «Алматы - Қорғас» концессиялық жобасын концессиялық жобалар тізбесінен алып тастау және жобаны іске асыру үшін займдар тарту мәселесін қарастыру туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты «Орта мерзімді кезеңге (2012-2014 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 5 наурыздағы №289 қаулысы шығарылған болатын.

«Алматы – Қорғас» жобасын қаржыландыру үшін 2012 жылғы


10 қазанда Қазақстан Республикасы мен Қайта жаңарту және даму дүниежүзілік банктің арасында Займ туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде осы Келісімді ратификациялау үдерістері жүргізілуде. Сондай-ақ мердігерлік компания мен консультанттарды анықтау бойынша конкурстық үдерістер жалғасуда.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 2013-2015 жж.



Осы жоба бойынша жұмыстар жартылай орындалды.
Үлкен Алматы айналма автожолы (бұдан әрі - ҮАААЖ)

Қазіргі кезде Алматы облысы әкімдігімен осы жолды салуға түсетін жер учаскелерін сатып алу жұмысы жүргізіледі. Облыс әкімдігінің мәліметтері бойынша сатып алу жобасы бойынша 669 жер учаскесі жатады және бүгінгі күні 1,16 млрд. теңге сомасына 126 жер учаскесі сатып алынды және мемлекеттік қорға қайтарылды.

Қалдық 543 учаскені құрайды, оның ішінде:


  • 111 жер учаскесі бойынша бағалау жұмыстары жалғасуда;

  • 223 жер учаскесі бойынша келісу үдерістері жүргізілуде;

  • 209 жер учаскесінің иелері мен жер пайдаланушылары компенсациялау сомасымен келіспейді.

Ағымдағы жылы әкімдік бюджетіне 1,6 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінген, олардың толық игерілуі ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған.2013 жылдың бюджетінде осы мақсаттарға 2,8 млрд. теңге көзделген.

«ҮАААЖ» жобаны сүйемелдеу үшін 2012 жылы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Халықаралық қаржы ұйымы (IFC) арасында Консалтингтік қызметтерді көрсету жөнінде келісімге қол қойылды, осы Келісімнің шеңберінде IFC консультанттары техникалық-экономикалық негіздемені пысықтайды және конкурстық құжаттаманы дайындайды.

Концессионерді таңдау бойынша конкурс жариялау 2013 жылғы маусымға жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын 2014 жылдан бастау көзделуде.

Осы жоба бойынша жұмыстар жартылай орындалды.

«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын іске жөніндегі шаралар туралы» Жалпыұлттық жоспары

5-тармақ. Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды көздей отырып, 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет көрсетулердің 60%-ын, сондай-ақ лицензиялардың барлық түрлерін электрондық форматқа көшіру.

Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 31 мемлекеттік қызметтен тұратын тізімі анықталды.

Аталған тапсырманы орындау барысында Премьер-Министрдің өкімімен Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевтың төрағалығымен мемлекеттік кызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының отырыстарында әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің оңтайландыру және автоматтандыру бойынша іс-шаралар жоспарлары бекітілді.

Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар 19 мемлекеттік қызметтер
электрондық форматқа көшірілді, ол 61,2 % құрайды
. Жылдың соңына дейін қосымша әлеуметтік маңызы бар 3 мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жоспарланған, ол 70,9 % құрайды.

Барлық әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшірілгеннен кейін жылына халықпен және бизнеспен тапсырылатын 40 миллионнан артық қағаз түріндегі құжаттардың берілмеуі болжанады.

Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің электрондық форматта көрсетілуінің нормативті құқықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы Парламентпен қабылданып Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберілді.

Лицензиялардың барлық түрлерін электрондық форматқа көшіруге қатысты

Қазіргі кезде барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ қосылған.

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап барлық лицензиялар электрондық түрде қалыптастырылады және беріледі, жылдың басынан «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы 17 651 лицензиялар берілді.

2012 жылғы 10 шілдеде қабылданған № 36-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, нормативті лицензияларды электрондық форматта беру қарастырылған.



Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыруға бойынша.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27.01.2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауының (бұдан әрі – Жолдау) 4-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т.Орынбаевпен 2012 жылғы 19 наурызда № 17-42/05-244 (2.1-т.) Халықтың компьютерлік сауатын, оның ішінде ынталандырушы бағдарламалардың есебінен арттыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Халықтың компьютерлік біліктілікті жоғарлату бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде «компьютерлік біліктілікті жоғарлату» нысаналы индикатор 50%-ға дейін көзделген.

Осы көрсеткішке қол жеткізу үшін ағымдағы жылдың соңына дейін 407 000 адамды оқыту жоспарланған, оның ішінде:



  • халықты компьютерлік біліктіліктің негізгі дағдыларға әкімдіктермен оқыту – 300 000 адам;

  • коммуникация саласындағы қызметкерлерді оқыту – 20 000 адам;

  • «электронды үкімет» және «электронды қызметтер» семинарлар шеңберінде 47 000 адамды оқыту;

  • «электронды үкімет» шоу-румдарда 40 000 адамға кеңес беру.

ККМ әкімдіктерге компьютерлік біліктіліктің негізгі дағдыларға оқыту бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісілген
(2012 жылғы 7 маусымдағы № 03-15/3520 хаты) электронды ақпараттық-оқыту бағдарламаларын құру бекітілген талаптарын жолдаған.

Халықты компьютерлік біліктіліктің негізгі дағдыларға оқыту


16 аумақта жүргізілуде және қазіргі кезде 496 086 адам оқытылды.

Халықты оқытуды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету үшін 2012 жылғы 4 маусымда және 21 қыркүйекте ККМ әкімдіктермен кеңестер (ВКБ) өткізіді, олардың барысында проблемалық және ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды (оның ішінде қаржыландыру).

Халықты компьютерлік біліктілікке оқытудың каржыландыру мәселесін шешу үшін Қаржы министрлігімен «Халықтың компьютерлік біліктілігін жоғарлатуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама енгізілген болатын
(«Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы
1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 21 тамыздағы №391 бұйрығы).

Сонымен қатар «электронды үкімет», «Зерде» Холдингі» АҚ, Қарағанды облысының әкімдігінің, www.kaztube.kz сайттарында жарияланған компьютерлік біліктіліктің негізгі дағдылар бойынша электронды ақпараттық-оқыту бағдарламалар әзірленді. Компьютерлік біліктілік бойыншы баннерлер жергілікті атқарушы органдардың сайттарында жарияланған. Компьютерлік біліктілік бойынша Еларна (2012 жылдың 8 қарашасынан бастап) және Хабар (2012 жылдың 9 қарашасынан бастап) телеарналарында роликтерді көрсету жүргізіледі.

Сонымен бірге ұлттық компаниялармен компьютерлік біліктілікке өз қызметкерлерін оқыту жұсытары жүргізіледі.

Компьютерлік біліктіліктің негізгі дағдыларға 16 640 қызметкер оқытылды («Қазақтелеком» АҚ – 2 500, «Қазпошта» АҚ – 7 630, «ҚТЖ» АҚ –


6 000, «Эйр-Астана» АҚ – 510).

Сонымен бірге компьютерлік біліктілікті жоғарлату «электронды үкімет» және «электронды қызметтер» курстар шеңберінде жүргізіледі.

Қазіргі кезде 17 455 адам оқытылды, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – 112, «Қазақтелеком» АҚ – 5 519, «Қазпошта» АҚ – 4 137, «ҚТЖ» АҚ – 7 647, «Эйр-Астана» АҚ – 40 қызметкер.

Нәтижесінде коммуникация саласында қызметкерлерді оқыту шеңберінде 34 095 қызметкер оқытылды.

Осыдан басқа «электронды үкімет» және «электронды қызметтер» курстар 16 аумақта жүргізіледі (81 елді мекенде). Осы курстарда 47 000 адам оқытылды.

«Электронды үкімет» шоу-румдарда 30 377 адамға кеңесу өткізілді.

Жалпы барлық бағыттар шеңберінде 607 558 адам оқытылды және кеңесу өткізілді (яғни халықтың 3,88%).

Нәтижесінде халықтың компьютерлік біліктілігін жоғарлату деңгейі 51,28% құрайды.

Бұдан басқа, ЖҰЖ аталған тармағының орындалу барысын қарау бойынша 2012 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы өткізілді. 2012 жылдың караша айына «компьютерлік біліктілікті жоғарлату» көрсеткіші 51,13% құрады.

Тапсырма орындалды.


34-тармақ. «Жезқазған-Бейнеу» теміржол желісінің құрылысын бастауды қамтамасыз ету

Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 3 шілдеде Жезқазған – Бейнеу темір жол желісін салуды бастауға мәре берді.

Жоба бойынша мердігер ұйымдар анықталған, олар техникаларды және жұмыс қызметшілерін мобилизациялау, жер төсемін төсеу, рельстік-шпалдық торларды жинау құрастыру және төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарында 10,8 мың адам іске қосылатын болады.

Объектіні пайдалануға енгізу 2015 жылғы белгіленген.
35-тармақ. «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желісінің құрылысын бастауды қамтамасыз ету

Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 3 шілдеде Арқалық - Шұбаркөл темір жол желісін салуды бастауға мәре берді.

Жоба бойынша мердігер ұйымдар анықталған, олар техникаларды және жұмыс қызметшілерін мобилизациялау, жер төсемін төсеу, рельстік-шпалдық торларды жинау құрастыру және төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарында 2,2 мың адам іске қосылатын болады.

Объектіні пайдалануға енгізу 2015 жылғы белгіленген.
36-тармақ. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің қазақстандық учаскесінің құрылысын аяқтауды қамтамасыз ету

Қазіргі кезде жұмыстар ұзындығы 1 621 км 4 облыстың (Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары) аумағындағы 34 учаскеде жүргізілуде. 21 бас мердігер және 66 қосалқы мердігерлер тартылды, 33 АБЗ, 31 ЦБЗ және 37 ұнтақтау қондырғысы жұмылдырылды.

«Шымкент-Жамбыл обл.шек.» – 79 км, «Алматы-Қоргас» - 304 км и «Тараз қ. айналма жолы» - 65 км учаскелерінде конкурстық процедуралар жүргізілуде.

2012 жылы 700 км жол жұмыстары аяқталып және автокөлік жүрісі ашылды.



Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» жалпыұлттық жоспарының орындалу барысы бойынша 2013 жылдың I тоқсанына ақпарат
11-тармақ. «Инфрақұрылымдық орталықтар» құруды, көлік жүйесінің озық инфрақұрылымын көздейтін Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірлеу

Бүгінгі күні жоғарыда аталған тармақты орындау барысында


2012 жылғы 28 желтоқсандағы Бағдарламаны әзірлеу жөнінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Орынбасарының басшылық етуімен Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдерінің қатысуымен аймақтық жиналыс өткізілді.

2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 17-5/И-2 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) «Қазақстан Республикасының инфрақұрылымын дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасын әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамын бекіту туралы» Өкім жобасы әзірленіп 2013 жылғы


13 қаңтарында № 05-20/Д-18//17-5/И-2-и хатымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізілді.

Бағдарламаны әзірлеу кезеңінде жәрдем көрсету мақсатымен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрдің (бұдан әрі – Министр) 2013 жылғы 28 ақпандағы № 144 бұйрығымен сараптау тобы құрылып ведомствоаралық жұмыс тобымен бірлесіп инфрақұрылымның дамуының ағымдық жағдайына талдау жүргізіп, жетекшілік ететін саладағы күрделі мәселелерді айқындайды, Бағдарламаның жобасын әзірлеу кезінде ұсыныстарын және пікірлерін енгізеді.

Сонымен қатар, Бағдарламаны әзірлеу шеңберінде көмек көрсету үшін Дүниежүзілік Банкінің сарапшыларымен келіссөздер өткізілді. Румыния, Польша және Латвия Республикаларының инфрақұрылымды дамыту туралы ұқсас бағдарламаларды әзірлеу тәжірибесі қарастырылды.

2013 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының инфрақұрылымын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын әзірлеу мәселесі бойынша кеңес өткізілді. Жиналыс барысында Министрлікке Астана, Алматы қалаларының және облыстық әкімдіктерімен бірлесіп Бағдарламаны әзірлеу барысында қоғамның қалауын анықтау және оны есепке алу мақсатында инфрақұрылымдық объектілерді салу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткізу туралы тапсырма берілген.

Бүгінгі таңда қоғамдық тыңдау Астана қаласының, Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі (бұдан әрі – Вице-министр) Қ.Б. Әбсаттаровтың қатысуымен Көкшетау қаласында өткізілген. Шығыс Қазақстан әкімдігінің және Министрліктен Вице-министр Р.В. Склярдың қатысуымен Павлодар қаласында өткізілді.

2013 жылғы 8 сәуірде Министр А.Қ. Жумағалиевтің, Алматы облысының әкімдігінің қатысуымен Алматы қалалық әкімдігінде және Министрліктің Жауапты хатшы Ж.М. Қасымбектің қатысуымен Ақтау қаласында Манғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау әкімдіктерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарланып отыр.


14-тармақ. 2030 жылға қарай Қазақстан арқылы әлемдік ақпараттық ағындардың кемінде 2-3 %-ын, ал 2050 жылға қарай кемінде 5 %-ын өткізуді қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық технологиялар саласындағы транзиттік әлеуетті дамытуды ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізу

Бүгінгі таңда негізгі әлемдік телекоммуникациялық транзитты маршруттар Солтүстік Америка және суасты кабелдік желілер Атлант және Үнді мұхиттары, Қытай және Ресей арқылы өтеді.

Біздің еліміз Қазақстанның қаларалық және халықаралық операторлардың желілерінің дайындығын ескере отырып қажетті деңгейдегі сапаны ұстай отырып трафиктерді үздіксіз жіберуде Еуропа-Орталық Азия (Өзбекстан, Тәжікстан, Түрменстан, Қырғызстан) және Еуропа – Оңтүстік – Шығыс Азия (Қытай, Сингапур, Малайзия және басқалар)бағытында әлемдік ақпараттық ағындар нарығында өз орнын ала алады.

Бұл мақсаттарды іске асыруда жоғары кепілдік беретін келесі негіздер бар – қысқа ара қашықтық (шамамен 9500 шақырым) суасты кабелдік желілері бағытымен салыстырғанда (шамамен 20000-30000 шақырым), дамыған кабелдік ақпаратқұрылымдарының болуы, айналмалы желі жүйесін салу мүмкіндігі.

Қазіргі кезде «Қазақтелеком» АҚ-ың қолданыста бар DWDM магистралды желісі шамамен 400Гбит/с құрайды. Компания Қазақстан Республикасымен ортақ шекаралас – ҚХР, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикаларының операторларының желілерімен телекоммуникациялық түйісулер 14 нүкте орнатты. 2013 жылы Түркіменстан және China Telecom халықаралық телекоммуникациялық түйілісу құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.

Жолдауда ақпараттық технологиялар саласында транзиттік мүмкіндіктерді дамыту жөнінде, алға қойған міндеттерді орындау үшін Министрлік желілерде өткізу жылдамдығын арттыру және транзиттік ақпараттық ағындарды өтізуді қамтамасыз етуде DWDM технологиясын пайдалана отырып транспорттық желіні күшейту жұмыстарын жүргізуде.

2013-2014 жылдары жерүсті қысқа жолын қамтамасыз ету қажеттігіне орай, жобаланған төмен тоқтауды және жоғары өткізу мүмкіндігі үшін Ресей – Қытай, Ресей – Орталық Азия бағытында DWDM транзиттік желісі құрылысын екідеңгейде жүргізу жоспарланған

Негізінен DWDM желісі транзитті өткізу жылдамдығын 4Тбит/с жеткізуге мүмкіндік алатын болады.

Халықаралық транзит қызметі белгіленген SLA сапасымен көрсетілуі керек, бұл тапсырманың негізгі шешімі қызмет көрсетуге маршруттың барлығын толық резервтеу болып табылады

Бұған қоса, ресей және қытай операторларымен Еуропа – Қытай маршрутын Қазақстан аумағы арқылы қолданысқа енгізуде нақты келісімдер жүргізілуде.



Ақпараттық технологиялар саласында Қазақстан Республикасы арқылы әлемдік ақпараттық ағындардың ( 2012 - 2050 жылдары) транзиттік мүмкіндіктерін дамыту туралы ақпарат

Атауы

Өлшем бірлігі

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2030

2040

2050

Халықаралық транзиттік ақпараттық ағындар (Еуропа/Ресей-Азия)*

Гбит/с

740

940

1180

1480

1840

2208

2650

3180

3815

9896

16120

26258

Оның ішінде ҚР арқылы өтетін халықаралық ақпараттық ағындар

%

2,9

3,72

4,24

5,07

5,11

4,53

4,15

3,77

3,41

2,53

4,03

5,33

Гбит/с

21.8

35

50

75

94

100

110

120

130

250

650

1400


* Ескерту: TeleGeography Research (telegeography.com) ақпараты бойынша
2013жылдың I тоқсанында «Қазақтелеком» АҚ-мен инфрақұрылымның объектілері зерттелінді, DWDM жабдығын сатып алуға техникалық талаптар әзірленді және бекітілді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет