Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар



бет10/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65
МҚТ КІТАПША

Күштеу теориясы мемлекеттің пайда болуын әскери-саяси факторлармен байланыстырады. Бір халықтың екінші халықты жаулап алуы,жеңілген халық үстінен билікті бекіту үшін мемлекет қажет болды. Күштеу теориясын жақтаушылар рулық демократия мемлекеттік ұйымдардың құрылуына алып келеді деп көрсетеді. Барлық уақыттарда сыртқы тайпалардың шапқыншылығы, олардың билігінің күшейуі, тайпалардың бірігуіне әсерін тигізді. Оның өкілдері К.Каутский,Л.Гумплович,Е.Дюринг еді.

  • Психологиялық теория XIX ғасырда пайда болды. Оның өкілдері Г.Тард, Л.И.Петражицкий болды. Мемлекеттің пайда болуын адамдардың психикалық қасиетіне байланыстырады. Алғашқы қауым элитасына саналы түрдегі тәуелділігі,оларға еліктеуі,бағыныштылығы, әділетті түрде қарым- қатынасына байланысты адам мінез-құлқының, қызметінің нәтижесінде

    мемлекет пайда болады. Сондықтан адам психикасы бұл заңдылықты іске асыруға анағурлым әсерін тигізеді.

        1. Тарихи-материалистік теория бойынша мемлекет алғашқы қауымдық құрылыстың табиғи дамуының нәтижесі, мемлекет дамуының материалдық жағдайын қамтамасыз ететін экономиканың дамуы,қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің болуы. Бұл теорияның негізін қалаушылар К.Маркс, Ф.Энгельс, Л.Морлан болды.

        2. Ирригациялық теория. Оның өкілі К.А.Виттфогель болды. Ол өзінің

    «Шығыстық деспотизм» еңбегінде мемлекеттің пайда болуын өте ірі ирригациялық құрылыстардың салынуымен, шығыстық аграрлық жұмыстардың жүргізілуімен байланыстырады. Бұл «менеджерлік бюрократтық тапты» алып келді. К.Виттфогель деспотизм деп
    «гидравликалық»немесе «агроменеджерлік» өркениетті атайды.
    Дәлдеп келгенде, бұл теориялардың барлығы мемлекеттің әркезеңдегі тарихи құбылыстарға байланысты дамып, қалыптасуын көрсетеді. Сөйтіп, мемлекет адамзаттың өмір сүруі үшін қажеттілік, ол белгілі бір экономикалық, әлеуметтік және рухани ортада пайда болады, өте маңызды саяси роль атқарады және зор әлеуметтік құндылық болып саналады.

    1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік нормалар.



    2. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет