Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар



бет26/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65
МҚТ КІТАПША

Гипотезаны үшке бөлеміз:


  1. жай гипотеза;

  2. күрделі гипотеза;

  3. балама гипотеза.

Диспозиция (мінез-құлық ережелері) – құқық нормасының негізгі бөлігі, осы құқық нормасы реттейтін қатынастарға түсушілердің құқықтары мен міндеттерін іске асыруға тиісті мінез-құлық ережелерін белгілейді.

Диспозиция үшке бөлінеді:


  1. жай диспозиция;

  2. бейнеленген диспозиция;

  3. сілтеме диспозиция.

Санкция (жаза, шара) – құқық нормасының соңғы бөлігі, диспозицияда мазмұндалған әрекет не әрекетсіздік үшін немесе мінез-құлық ережесін сақталмағандығы үшін жауапқа тартылу қорытындысы. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді.

Санкцияның түрлері:


  1. абсолютті–анық;

  2. баламалы;

  3. салыстырмалы.

Құқықтық норманың мұндай құрылысын логикалық құрылым деп атайды. Сөйтіп, құқық нормасы – гипотезадан, диспозициядан, санкциядан тұратын мінез-құлық ережелері.
Құқық нормалары нормативті – құқықтық актілерде көрінеді.
Нормативті актілер баптары – мемлекеттік биліктің көріну түрі және құқық нормаларын енгізу құралы. Заң (басқа да нормативтік-құқықтық актілер) - нормативтік акт болып саналады.
Заң шығарушы мінез-құлық ережелерін баяндау арқылы құқық нормаларының логикалық құрылымының үш элементін нормативті құқықтық актінің бір бабына енгізеді; нормативті құқықтық актінің бір бабына бірнеше құқықтық нормалар ендіреді; құқық нормалары элементтерін бірнеше әртүрлі
нормативті баптарда баяндайды; құқық нормалары элементтерін бір нормативті актінің бірнеше баптарында көрсетеді.

Құқық нормалары және нормативті акті баптарының қатынасын баяндау әдісінің үш түрін көрсетуге болады:


  1. тікелей әдіс – құқық нормасы тікелей нормативті акті бабында баяндалған кезде орын алады;

  2. сілтеме әдіс – нормативті акті бабының барлық нормалары баяндалмай, осы нормативті актінің басқа бабында көрсетілгенде орын алады;

  3. бланкеттік әдіс – нормативті акті бабы негізгі бапта көрсетілмей, қандай да басқа түрдегі нормативті актіге жіберілгенде орын алады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет