Құқықтық қатынастың түсінігі және мазмұны.
Құқықтық қатынас құрылымы.
Құқықтық қатынас субъектілері мен объектілері.
«Құқықтық қатынас» категориясы мемлекет және құқық теориясындағы негізгі ұғымдардың бірі, тек осы категория ғана құқықтың адам мінез - құлқына қалай әсер ететіндігін түсіндіреді. Құқықтық қатынастар – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық
қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады, яғни құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар.
Құқықтық қатынас – бұл субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс.
Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті де жақсартуға мүмкіндік жасайды.
Құқықтық қатынастардың негізгі белгілері:
Пайда болған құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді.
Олар құқықтық нормалар негізінде пайда болады.
Құқықтық қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттері арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы тұлға, жүктелген міндеттерді орындауға тиіс. Бұл нақты тұлғалар арасындағы заңға негізделген қатынастар.
Құқықтық қатынас – ерікті қатынас.
Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардың еркі қажет.
Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып саналады. Сөйтіп, құқықтық қатынастар дегеніміз адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы, қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |