Құқықтық нормаларға түсінік беру.
Құқықтық нормаларға түсінік берудің тәсілдері.
Құқықтық актілерді түсіндіру.
Құқықтық нормаларды қолдану үшін оның мазмұнын түсініп алуымыз керек. Онсыз құқықтық қатынастарға қатысу мүмкін емес.
Түсінік берудің объектісі – заңдар және заңға негізделген актілер.
Түсінік берудің өзі екі бөлімнен тұрады:
пайымдау;
түсіндіру.
Пайымдау – бұл құқықтық норманы қолданушы субъектінің санасындағы ішкі ойлау процессі. Ол адамның ішкі ойлау қабілеті болғандықтан, сыртқы түрі болмайды. Пайымдау құқықтың барлық түрлерін іске асыру жағдайында өте қажет. Ол бақылауда, орындауда, пайдалануда білінеді. Пайымдау барлық уақытта түсіндірумен қатар жүреді.
Түсіндіру адамның өзіне емес, басқа құқықтық қатынастарға түсушілерге түсінік беру. Ол жазбаша және ауызша жүреді. Жазбаша түрде арнаулы актілерде, құжаттарда, құқықтық актілерде көрінеді, ал ауызша кеңес, нұсқауларда айтылады.
Сөйтіп, құқықтық нормаларға түсінік беру – мемлекеттің еркін білдіретін нормативтік актілерге түсінік беру.
Бұл билік басында отырған әлеуметтік күштердің еркін білдіретін мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке азаматтардың құқықтық нормалардың мазмұнына түсінік беру үшін бағытталған қызметі.
Түсінік берудің негізгі мақсаты және оның әлеуметтік бағыты талқыланып жатқан құқықтық актінің құқықтық реттеу жүйесіндегі орны, оны қолдану тәсілдері, ондағы құқық пен міндеттердің орындалуы, жауапкершіліктің түрлері т.б. көрсетіледі.
Түсінік берудің негізгі міндеті заң шығарушының не айтқысы келгенін анықтау.
Түсінік беру процесі арқылы құқықтық нормаларға өзгерулер мен түзетулер енгізу мүмкін емес. Онда тек заңда не айтылса, соны толықтырып, мазмұнын ашу.
Құқықтық нормаларға түсінік берудің екі бағыты болады: біріншісі – өзі үшін адамның құқықтық норманы оқып білуі; екіншісі – басқа адамдарға құқықтық нормалардың мазмұнын, мақсатын түсіндіру.
Түсінік беру процесіне қатысушылар өте сауатты, тәжірибелері мол болу керек. Сонда ғана олар түсінікті жоғары дәрежеде бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |