Құқық бұзушылықтың себептері және оның түрлері.
Заңды жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері.
Құқық бұзушылық дегеніміз – бұл қоғамға, мемлекеттке және жеке адамға зиян келтіретін, құқықтық нормаға қарсы, қоғамға қауіпті жеке тұлғаның кінәлі іс-әрекеті.
Құқықты бұзудың бірнеше түрлері бар:
қылығы (әрекеті немесе әрекетсіздігі);
құқыққа қарсы тәртібі;
кінәлігі;
зиянды нәтижесі;
қылығы мен зиянды нәтижесінің себепті байланыстылығы;
заңды жауаптылығы.
Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқық бұзушылық қылмысқа және теріс қылыққа бөлінеді.
Қылмыс дегеніміз – бұл қоғамға белгілі дәрежеде зиян келтіретін, әлеуметті мүддеге қайшы келетін қылмыстық жауаптылық. Басқа құқықтық бұзушылық түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңда қаралған, талқылауға жатпайтын іс- әрекет.
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік.
Теріс қылық дегеніміз – қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекеленген жақтарына нұсқан келтіруші құқық бұзушылық. Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен әлеуметтік қауіпті болып саналады.
Теріс қылықты бірнеше түрлерге бөлеміз:
Азаматтық құқық бұзушылық – бұл мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар саласындағы жасалған құқық бұзушылықтың түрі. Жасалынған теріс қылық арқылы ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға мүліктік залал келтіру, келісімдегі міндеттемені орындамау, азаматтың ар-намысына тиетін мәліметті жария ету т.б.
Құқықты қалпына келтіруші санкциялар арқылы келтірілген залалдың орны толтырылады, бұзылған құқықты қалпына келтіреді, орындалмаған міндеттемені орындатады, заңға қайшы келетін мәмлені өзгертеді т.б. жатады.
Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл қоғамдық тәртіптің заңмен бекітілген жақтарына зиян келтіру. Әсіресе, мемлекет органдарының атқару-бөлу саласындағы қызмет қатынастарының бұзылуы.
Әкімшілік құқықты бұзушылыққа айып, өндіріп алу, арнаулы құқығынан айыру белгіленеді. Мысалы, транспорт құралдарын басқару құқықығынан айыру т.б.
Тәртіптік құқық бұзушылық – бұл еңбек қатынастары саласында жасалған құқық бұзушылық өндірістің, ұйымның, мекеменің ішкі қызметін реттеуде бұзылған әлеуметтік – қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.
Тәртіптік жаза – еңбек туралы заңда, әскери міндетті тұлғалар үшін – тәртіп туралы жарғыда, кейбір өндіріс, ұйымдар, мекемелердің лауазымды тұлғалары үшін – арнаулы ережелерде көрсетіледі.
Процессуалды – іс жүргізу барысындағы құқық бұзушылық дегеніміз – бұл әділеттілікті іске асыру барысында заң қимылдарына қарсы тұру (куәгердің сотқа келмеуі т.б.).
Құқық бұзушылықтың заңды құрамы – бұл заңды жауапқа тартылатын жеткілікті құқық бұзу белгілерінің жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |