Құқық бұзушылықтың заңды құрамына мыналар жатады:
Құқық бұзушылықтың субъектісі – бұл құқыққа қарсы қауіпті іс-әрекет жасаған тұлға немесе әлеуметтік ұйым.
Құқық бұзушылықтың объектісі – бұл озбырлық жасалған мүліктік немесе мүліктік емес игілік. Бұл құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастар. Сонымен бірге, адам өмірі, ар-намысы, ден-саулығы т.б.
Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы – бұл тұлғаның қылығына және оның зардаптарына субъективтік қатынасын білдіретін белгілердің жиынтығы.
Бұл жерде негізгі категориялар – кінә, мотиві және мақсаты.
Кінәнің екі түрі белгіленеді:
Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық.
Абайсыздық. Ол тұлғаның менмендігінен немесе немқұрайдылығынан пайда болады.
Тұлғаның менмендігі дегеніміз – бұл өзінің қылығының зардаптарын сезінбеуі.
Тұлғаның немқұрайдылығы дегеніміз – бұл өзінің әрекетінің зардаптарын түсіне отырып жасауы.
Мотиві дегеніміз – бір себептің құқық бұзушылыққа іштей ұйытқы болуы.
Мақсаты дегеніміз – бұл құқық бұзушының құқық бұзушылық әрекетін іске асыруда көздеген нәтижесі.
4. Құқық бұзушылықтың объективтік жағы – құқықтың бұзылғандығын білдіретін сыртқы белгілерінің жиынтығы.
Оған жататындар: а) теріс қылық;
б) құқыққа қарсы тұрушылық; в) зардап шектіру;
г) залал келтіру;
д) теріс қылық пен келтірген залалдың арасындағы себепті байланыс.
Заңды жауапкершілік дегеніміз – бұл процессуалды - іс жүргізу тәртібімен белгіленген мемлекеттік күштеу арқылы қолданылатын заңдарда қарастырылған құқық бұзушылықты іске асырған тұлғаларға қарсы қолданылатын шаралар.
Бұл шаралар әртүрлі болуы мүмкін:
а) жеке мәніне байланысты (бас бостанбығынан айыру); б) мүліктік мәніне байланысты (айып белгілеу);
в) ұйымдастыру мәніне байланысты (жұмыстан босату).
Достарыңызбен бөлісу: |