«мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»



бет2/11
Дата11.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#128400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2.Пән және қүқықтық реттеу әдістері жөніндегі проблемалар отандық қүқықтануда, ең алдымен, қүқықты салаларға бөлудегі белгіні іздеу негізінде қүрылды. Қүқықтық реттеу пәні М. А. Аржановпен 1938—1940 жылдары бірінші жалпыодақтық қүқық жүйесін талқылау кезінде үсынылған. Сол жылы С. Н. Братусь (атақты орыс цивилисі) әдістің маңыздылығын көрсете отырып, оны қүқықтық жүйені қүрудағы жіктеу белгісі ретінде көрсеткен.

Дегенмен, бүл жағдайда проблеманы кең қойып, қүқықтық реттеудің пәніне (объектісіне) не жататынын білуіміз қажет? Мүндағы тағы айтатынымыз, қүқықтық реттеу әдісіне талдау кезіндеп сүрақ қалай реттеледі, жартылай ғана жауап бере ме, яғни мүндағы қажет болатыны, қүқықтың динамикасының (қимылының) қосымша сипаттамасы (қүқықтың өзінің принципті әрекеті, қүқыққа сай тәртіптің қүрылу механизмін білу).

Заңдарға арналған әдебиеттерде, оның ішінде оқулықтарда қүқықтық реттеу объектісіне қоғамдық қатынасты атайды, ал біздің ойымызша, ол дәлелденбеген объектінің тежелуіне жатады.

Құқықтың реттеу объектісіне әлеуметтік аяда, кем дегенде үш компонент жатады:

а) адамдар (оларсыз ешқандай қоғамдық қатынастар болмас еді);

ә) қоғамдық қатынастар (бөлінуіне байланысты әлеуметтік байланыстар);

б)адамдардыңтәртібі. Қүқықсайыпкелгендеқоғамдыққатынастарғақатынасушылардың

тәртібін реттейді, сондықтан, қүқықтық реттеудің әртүрлі варианттарының қүрылуын құқықтық реттеудің мақсаты деуге әбден болады.

Құқық тәртіпті әлеуметтік қүрылымға ерекше қоғамдық қатынастарды кіргізу арқылы реттейді, құқықтық, ол басқа қоғамдық қатынастармен бірігіп, субъектінің шын мәніндегі тәртібін құрайды: әрбір адам тәртібінің өзі, оған ықпал ететін өзі түрған кешенді байланыстардың нәтижесі. Дегенмен, заң шығарушы қүқықтық қатынастардың белгілі жағдайда қүқық нормаларымен тәртіп вариантын таңдауға ерекше маңыздылығы барлығына сай есептейді, сөйтіп қүқықтық қатынастарға ие болады. Құқық әрекетінің припципі осыдан коріпеді.

Егер қүқықтықреттеу пәнін қоғамдық қатынастарға қоспаса, онда олардың өзі не болады?

Терең қарайтын болсақ, ол деген жеткілікті түрдегі қиын қүбылыс. Сонымен, құқық:

а) құқықтық қатынастардың қатынасушыларының қүқық субъектілерінің ортасын белгілі жүйеге келтіріп, олардың белгілерін арнайы нормаларда белгілейді;

ә) заң нормаларының әрекеттерінің қатынасатын жағдайларын көрсетеді;

б) мүмкін болатын, қажет әрекеттердің варианттарын белгілейді;

в) қажетті кездерде, қүқықтық объектілердің әрекетіне талап қояды және оларды ықыластың объектілері ретінде атайды.

Қүқық әртүрлі әлеуметтік аяларды реттейді және әрбір ая өзіне әртүрлі комбинацияларды талап етеді, яғни әртүрлі заңды жолдардың ықпалдары үйлеседі. Осындай, заң жолдарының бірігуі құқықтық реттеу әдістері деп аталады. Барлық салалардағы әдістердің негізінде екі заң ықпалдары жатыр:

а) орталықтандырған, императивті реттеушілік (субординация әдісі);

ә) децентрализациялық, диспозитивтік реттеулер (үйлестіру әдісі).

Біріншісі, жария қүқық саласындағы блоққа тән (ең алдымен, әкімшілік, оларда билік және бағыну қатынастары көп болады), ал екіншісі қүқықтың жеке саласына тән келеді (ең алдымен, азаматтық, қүқықтық ереженің теңдігі олардың субъектілеріне тән).

Сонымен бірге, барлық өзіне тән салалық ықпалды өз пәні үшін, тек айтылған екі жолдың комбинацияларымен түсіндіруге болмайды: олар «таза» түрде, типті әкімшілік және азаматтық қүқықта жоқ. Соған байланысты профессор С. С. Алексеев қүқық салаларына көлемді динамикалық сипат кіргізді — заңдылық режим, ол арнайы салалық принциптегі, сала субъектілерінің жалпы қүқықтық ережесін, салалық жолдарды (әдістер) және реттеу тетігін қосып алады.

Салалық реттеудің өзіндік ерекшелігі, ондағы рүқсат беру, тыйым салу және позитивтік міндеттеулермен біріктіру арқылы белгіленеді, оны профессор С. С. Алексеев қүқықтық реттеу жолдары деп атайды. Мысалы, қылмыс қүқығында қүқықтық тыйым салу көбірек болады.

Рүқсат беру және тыйым салудың бірігуіне байланысты екі кейіптегі қүқықтық реттеуді бөледі:

а) жалпылама рұқсат беруші — «тікелей тыйым салынбағандар-дың бәріне рүқсат беру»;

ә) рұқсат беруші — «бәріне тыйым салынады, тікелей рүқсат берілгендерден басқаларға».

Бірінші — реттеушілік кейіп көбірек мөлшерде азаматтық айна-лымға, жекелеген қүқыққа тән. Екіншісі жария қүқық аясындағы мемлекеттік билік қатынастарына тән.

Кей кезде, әдебиеттерде императивтік және диспозитивтік әдістермен қатар, көтермелеуді бөліп көрсетеді (қүқыққа сай тәртібі үшін сыйлық жасау) және үсынушылық (кеңес беру әдісі, белгілі пайдалы әлеуметтік үсыныс беру).



Пысықтау сұрақтары:

  1. Мемлекет және құқық теориясы мәні және ерекшелігі

  2. Мемлекет және құқық теориясының дамуы



2-Тақырып. Мемлекет және құқық теориясы әдістемесі

Мақсаты: Мемлекет және құқық теориясы пәні ретіндегі оның әдістемесінің алатын орны мен ролі, ерекшеліктері

1.Мемлекет және құқық теориясы пәні әдістемесі



2. Жалпы теория әдісі маңызы

3. Методология түсінігі және түрлері

1.Мемлекет және құқық теориясы-қоғамдағы саяси–экономикалық, мәдени -әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым –қатынастарды реттеу, басқару әдіс –тәсілдерін, обьективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрлысын, нысанын, қағидаларын, белгі-нышандарын, фунцияларын зерттейді.

Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы сан қырлы, күрделі қарым-қатынас, қоғамның саяи жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана –сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағын, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қортынды тұжырымдар жасап отырады.

Мемлекет пен құқықты бір-бірінен айыруға болмайды. Олар обьективтік тұрғыдан тығыз байланысты бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ, олар бір ғылымға жатқанымен, әрқайсысының нақты бағыттары болады. Мемлекет қоғамның саяси –экономикалық құрлысымен шұғылданады, құқық –нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады. Осы бірлестік пен дербестік олардың мазмұның, мақсатын, қызметінің әдіс-тәсілдерін, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, даумытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады.Әр ғылымда өз саласын обьективті ақиқатқа жетуге заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, күрделі мәселелер болады, осыны ғылыми түрде зерттеп, тұжырымдайтын пән болып есептеледі. Сонымен мемлекет және құқық теориясының пәні-адам қоғамның өміріндегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму обьективтік заңдылықтары мен олардың мәні –маңызы, құрлымы және мақсаты.

Бұл түсіндірме үш тараудан тұрады:

-қоғамның, қалыптасуы, өмірге келу заңдылықтары

-қоғамның, мемлекеттің,құқықтың даму заңдылықтары

-қоғамның,мемлекеттің,құқықтың тарихи маңызы, құрлымы, мақсаты

Жалпы теория қоғамдық ғылымдардың ішіндегі тек мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтін саласы.Сондықтан жалпы теория заң ғылымының бір саласы Мемлекет және құқық теориясының белгі-нышандары.Мемлекет және құқық теориясы адам қоғамның бір саласы жан-жақты зерттеп, анықтап, оларды қолданудың жолдарын көрсетіп отырады.Сондықтан жалпы теория қоғамдық ғылымының бір саласы. Қорыта айтсақ, құқық және мемлекет теориясының ғылыми зерттеу мәселелері.

-мемлекет және құқықтың өмірге келу

-түрлері , нысаны, қызметтері, құрлымы,механизмі және құқықтық жүйе

-заң ғылымындағы мемлекеттік –құқықтық түсініктер

2.Жалпы теорияның әдісі, маңызы

Белгілі неміс философы Георг Вильгельм Фридрих Гегель айтқандай, әдіс дегеніміз — қару, ол субъект жағында түр, ол қүрал сол арқылы субъект объектімен араласады. Сонымен, әдістің белгілі қүрал ретінде адам баласының кез келген аясына қатысы бар, әрі оның зерттеушілік, танымдық қызметтерімен бір (грек тілінен «теі-hodos»)

Ғылымдағы және ғылыми қызметтегі әдіс — бүл білім, соның көмегі арқылы жаңа білім алынады. Яғни, біреу және соның өзі білімнің бөлігі, бір кезде теория ретінде қаралуы мүмкін (жасалатын білім), ал басқа жағдайда — әдіс ретінде (білім, соның көмегімен теория жасалады). Бүл толығымен қүқық пен мемлекеттің жалпы теориясына жатады, оның теория ретінде қалыптасуы өзінің методологиясы негізінде болады, өз жағынан, оның білім жүйесі салалық заң ғылымдарының әдісі ретінде көрінеді.

«Әдістеме» деген сөз ғылыми еңбектерде екі жақты айтылады:

а) әдіс туралы ілім ретінде;

ә) әдістердің жүйесі ретінде (әртүрлі ғылымдар теориясында қолданылатын).

Әдістеменің негізінде (әдістемелер жүйесі) қүқық пен мемлекеттің жалпы теориясында философия жатыр, оның заңдары мен категориялары бәріне бірдей әмбебап және барлық бізді қоршаған дүниеге таралады, қосымша қүқық пен мемлекетке. Философияның мынандай әдістемелік рөлін бөліп көрсетуге болады:

а) философияның заңдары мен категориялары қүқық пен мемлекетті зерттеуге тікелей пайдаланылады (мысалы, құқықтың нысандары мен мазмүндары);

ә)философияның қалпында әдіс туралы жалпы ілім жасалады — әдістемелер теориясы. Мүнда жалпы оған келу қалыптасады, мысалы диалектикалық және нақтылы философиялық әдістер: анализ және синтез әдістері, саналы және сандық анализдер, абстракциялау және нақтылау, салыстыру және жинақтау, себепті тергеудің қатынасын ашу, т.с.с;

б) философиялық білім жалпы ғылыми және жекелеген әдістердің қалыптасуындағы негіз болып табылады.

Философиялық категориялардан арнайы ғылыми түсініктерге өтетіндер жалпылама ғылыми категориялар, олар жалпыға бірдейлік және әмбебап философиялық түсініктерге жауап берейді, бірақ жалпылама ғылыми маңызы бар. Жалпылама ғылыми категориялар — бүл сапа жағынан жаңа түсініктердің кейпі, ғылыми білімдердің бірігуінің нәтижесінде пайда болған және жаңа әдістемелік жолдың теориялық негізі ретінде көрінеді — жүйелілік, сонымен бірге, қүрылымдық және функционалдық, оның басқа түрі ретінде, ақпараттық, үлгілеу әдісі, мүмкін болатындық (синергетикалық), экстраполяция әдісі, т.б.

Арнайы жалпы ғылыми әдіс — математикалық, ол өзінің пәнімен құбылыстың сандық жағынан алады, қүқық пен мемлекетті зерттеуде маңызы зор. Философиялық және жалпы ғылыми әдістерді қүқық пен мемлекетті зерттеуде пайдаланғандық тәжірибесі соләдістердің мазмүндарында соған тән арнайы элементтердің пайда болуын қамтамасыз етті және олар мынандай түрде көрінеді: тарихи-қүқықтық әдіс, салыстырмалы қүқық және мемлекеттану, қүқықтық үлгілеу әдісі т.б. Осындай түрде олар қүқықтануда, қүқық ғылымында жеке әдістер атын алады, шын мәнінде жалпы философиялық және жалпылама ғылыми әдістердің арнайыланған сіңісуі.

Құқықтанудың ғылыми әдістері, дәлірек айтсақ, құқық пен мемлекеттің жалпы теориясы, басқа нақты ғылымдардың жетістіктерін, сонымен бірге, әдістемелік жолдарын пайдалану арқылы қалыптасуы мүмкін—статистиканы, социологияны, кибернетиканы, психологияны, т.б. Социология әдісі, мысалы, кешенді және әлеуметтік экспериментті қосып алады.

Құқықтық әдістемеде арнайы әдістерді бөледі, олар: формальды-догматикалық әдіс (оны арнайы заңды, формальды заңды деп атайды) және талқылау әдісі. Дегенмен, айта кететініміз, формальды-догматикалық әдіс өзінің әдістемелік ерекшелігіне сай бөлінбейді, тек зерттеу объектісіне байланысты бөлінеді — қүқық догмасына. Қүқықты талқылау оның ерекше мақсатын көрсетеді — заң нормаларын іс жүзінде іске асыру, оны құратын қүқықты тану жолы, оған қоса арнайы заңдылық әдіс.

Құқық пен мемлекеттің жалпы теориясының әдістемесіндегі маңызды орынды салыстыру әдісі алады. Салыстырмалы қүқықтану дегеніміз, шынында, түтас теориялық бағыт (компаративизм). Бүл әдістің негізін салушы Аристотель, ол 158 грек Конституциясын салыстырған және оған варварлардың қалаларының Конституциясын қосқан. Салыстырмалы зерттеудің өзінің объектісі бар, екі, не бірнеше саяси және қүқықтық жүйелердің бір-біріне ұқсас институттары. Салыстырмалы әдіс синхрондық және диахроникалық (салыстырмалы тарихи) болуы мүмкін.

Салыстыру әдісі өзіне мынандай кезеңдерді қосып алады:

а) салыстырылатын институттарды жеке-жеке зерттеу;

ә) табылған белгілерді салыстырғанда бір-бірінің үқсастығы мен өзгешелігіне қарау;

б) нәтижелерін бағалау;

Өзінің табиғатымен салыстырмалы қүқық әдісі және мемле-кеттану кешенді болады (басқа жекелеген әдістер сияқты): оның философиялық негізі бар, аналогия әдісін пайдаланады, өздеріне формал ьды-логикал ық, арнайы заңдыл ықтарды және басқа жолдарды қосып алады.

Социологиялық әдіс — жалпытеориялық зерттеулердің ерекше бағыты, қүқықтың социологиясы «әрекеттегі қүқықты» зерттейді: қүқықтың өмірмен байланысын, мемлекеттік-қүқықтық реттеудің тиімділігін. Қүқықтық социологиялық әдіс, ең алдымен, мақсаттағы тағайындауды және мазмүнын бөліп алады, дәстүрлі жолдар пайдаланылады (жалпысоциологиялық): байқау, анкета жасау, сұрастыру, құжаттарға анализ жасау, т.б.

Құқық пен мемлекеттің жалпы заңдылығын тануға анология әдісінің үлкен маңызы бар, ол үлгілеу әдісінің және экстраполяция әдісінің негіздерінде жатыр. Мысалы, негізгі белгі және үлгіні белгілеу — сондай кейіптің үқсасы болу, ол үқсастық қорытындысын жасауға мүмкіндік береді, яғни қорытындылар, ондағы бір объектіге жатса (үлгіге), ал қорытынды — басқаға (прототипке) қарсы кейіпке, яғни үлгілеген қүбылысқа.

Қүқықтанудың әдістемесінде экстраполяция, жариялау әдісі толығымен өз бағасын тапқан жоқ, ол жалпықүқықтық және жалпықүқықтық білімді, сенімді аналогия арқылы қалыптастыруға мүмкіндік береді, яғни бір заңды қүбылысты зерттеу арқылы алынған білімді басқа (үқсас) қүбылыстарға таратады және сол арқылы жалпытеориялық білімнің көлемін үлғайтады.

3.Методология-дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологиялның негізі –материализм мен диалектика.Ғылымның методологиясы оның ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері.Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді-теория және методика.Теория-ғылым нені зерттейді-деген сұраққа жауап береді.Методика–ғылым қандай тәсілдермен амал мен зерттеу жүргізеді деген сұраққа жауап береді.Теория мен методика өмірде тығыз байланыста дамиды.

Қоғамның мазмұнын,обьективтік даму процесін ғылыми зерттеуде теория мен методиканың маңызы өте зор.Онсыз ғылымды дұрыс зерттеу, дұрыс ғылыми қортынды жасау мүмкін емес.Методолгияның екі түрі болады.Жалпы ғылыми әдіс –тәсіл және жекелік ғылыми әдіс –тәсіл.Жалпы ғылыми әдіс –тәсілді –ғылымды зерттеудің методологиясық негізі деп атайды.

Материализм-философияның бір бағыты.Ол материя,табиғат,болмыс алғашқы ал сана, рух, ой материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеализмге түбірінен қарайатын, ойдын сыртқы дүниенің бейнесі деп қарастырып, дүниені, табиғатты, қоғамды танып білуге болатыны дәлелдейді.

Диалектика –табиғаттың, қоғамның және адам ойының дамуы мен қозғаласының жалпы заңдары жайындағы ғылым, дүниені танудың әдісі мен теориясы.Диалектиканың негізгі заңдары қарама –қарсылықтардың бірлігі мен күресі сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы ,терістеуді терістеу заңы.Диалектиканың заңдары табиғаттың, қоғамның обьективтік дамуының қайнар көзін ,ішкі қозғалысын және бағытын көрсетеді. Диалектикалық категориялар (анализ мен синтез,мазмұн ,форма,құбылыс пен мән, шындық пен мүмкіншілік т.б) танымның дәйектілігін,заңдылығын бейнелейді.

Қоғамның мемлекет –құқық пен үш түрлі байланысы болады:

1.Қоғамның экономикалық базисы өзінің қондырмасымен байланыста дамиды.Қондырманың бір саласы құқық пен мемлекет.Қондырма –базис арқылы қоғам, құқық және мемлекет пен тығыз байланыста болады. Қоғамды реттеп,басқаратын құқық пен мемлекет.

2.Құқық пен мемлекет қондырманың бір күрделі саласы ,олар қоғамның барлық саласымен үздіксіз байланыста болады және құқық пен мемлекеттің қызметі қоғамдағы адамдардың сана-сезімімен де байланысты дамиды. Бұл екі жақты обьективтік процесс.

3.Мемлекет пен құқық қоғамның жалпы халықтық және таптық мүдде-мақсатармен реттеп, басқарып іске асырап отырады.Бұл да екі жақты обьективтік процесс.

Жалпы құқық пен мемлекет теориясы философияға сүйене отырып, заң ғылымының барлық табыстарын пайдаланады.Оның барлық саласына бірдей қатысы методологиялық мәселелерді зерттейді.

Жекелік ғылыми зерттеу әдіс тәсілдерінің түрлері; жүйелік,құрлымдық, статистикалық, социологиялық, үлгілік, салыстыру –теңестіру т.б

Жүйелік тәсіл–қоғамдағы мемлекеттік –құқықтық құбылыстарды жүйеге,салаға топтастырып зерттеу.

Функцоналдық тәсіл–қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу.

Стастикалық әдіс – заңды құбылыстадың санды деректеріне, фактілеріне сүйене отырып зерттеу жүргізу. Оның кезеңдері бақылау, деректерді, фактілерді жинақтау, жиналған материалдарға анализ жасау.

Үлгішілік әдіс-болған құбылыстың үлгісін жасап, сол арқылы істің мазмұның, көлемін жобалап барып зерттеу жүргізу.

Социологиялық тәсіл- жүйелік, функционалдық, статистикалық,үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қортынды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру.



Пысықтау сауалдары

1.Мемлекет және құқық теориясы мазмұны, ұғымы

2.Мемлекет және құқық теориясының пәні

3.Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі

4.Мемлекет және құқық теориясының белгісі, заң ғылымының бір саласы ретінде
3-Тақырып. Гуманитарлық білім жүйесіндегі және заң ғылымындағы алатын орны

Мақсаты:Жалпы гуманитарлық ғылымдар ішіндегі заң ғылымының орны оның жіктелуі


  1. Ғылым зерттеу түрлері

  2. Заң ғылымынң жіктелуі

  3. Құқық және философия


1.Ғылымның негізгі үш зерттеу объектісі бар: табиғат, қоғам және ойлау. Соған сай ғылымдар табиғи, қоғамдық және ойлау туралы ғылым (мысалы, формальды логика). Барлық айтылған объектілерге философия мен математика бірдей қатынаста. Философия өзінің пәні жалпыға бірдейлік болуына байланысты ерекше орынды алады, яғни барлық пәндерде және бізді қоршаған дүниенің қүбылыстарында барлар. Математика сандық жағынан зерттейді, яғни ол да барлық қүбылыстар мен процестерге тән нәрселер.

Сол негіздемеге байланысты философиялық және математикалық білімдер жақшаның сыртына шығып қалуы да мүмкін.

Ғылымда оның өсу тенденциясы бар (жүйеліліктің). Ғылым өз дамуының жаңа айнал ымына таяп келеді, яғни көне дәуірдегі біл імнің жағдайына үқсас, онда тұтас, бөлінбеген дүниедегі білімдер жинағы, бірақ айналуға, әрине, көбірек жоғарыға, жаңа планетарлыққа жауап беретін жағдай қажет. Маркс өз кезінде алдын ала болжап, келе-келе табиғаттану өзіне адам туралы ғылымды қосып алса, сондай мөлшерде, ғылым өзіне табиғаттануды қосып алады, бір ғана ғылым болады деген.

Заң ғылымы (қүқықтану) қоғамдық ғылымдарға жатады, себебі оны, зерттеу объектісі (қүқық және мемлекет), әлеуметтік табиғаты бар. Ғылымның бар жүйесінің элементі жағдайында, қүқықтану өз жағынан, сол сияқты жүйе ретінде қаралуы мүмкін, оның қүрамына кіретіндер:

а) құқық пен мемлекет теориясы (қүқықтың жалпы теориясы және мемлекеттің жалпы теориясы);

ә) тарихи-заңдық ғылым (қүқық пен мемлекет тарихы, саяси қүқықтық ілімдер тарихы);

б) құқықтың жеке салаларын зерттейтін ғылымдар (азаматтық қүқық, әкімшілік қүқық, қылмыстық қүқық, т.б.);

в)халықаралық қүқықты зерттейтін ғылымдар (халықаралық көпшілік және халықаралық жекеше қүқық);

г)қосымша заң ғылымдары, кешенді сипаты барлар (крими-налистика, сот статистикасы, сот медицинасы, сот психитриясы).

Қүқық пен мемлекет теориясының заң ғылымдарының ішіндегі орны, көп жағдайда ғылым жүйесінде жалпылама түрде белгіленеді:

а) оның функциясына байланысты;

ә) басқағылымдармен қарым-қатынасына (ақпараттық айырбасқа) байланысты.



2.Жалпы алғанда, құқық пен мемлекет теориясының білім жүйесі ретінде қалыптасуы төрт канал арқылы өтеді:

а) саладағы заң ғылымдарын жинақтау арқылы; ә) философиялық ережелерді нақтылау арқылы;

б)басқа ғылымдармен қарым-қатынас жасау арқылы (математикамен, кибернетикамен, логикамен, социологиямен, экономикалық теориямен, саяси ғылыммен, т.б.);

г) тікелей тәжірибеге шығу арқылы (нормативтік-құқықтық актілерді талқылау, заңды техниканы, т.б.).



2.Сонымен, мемлекет пен қүқық теориясының салалық заң ғылымдарына қатынасы екіжақты: бір жағынан, қүқық пен мемлекет теориясы (ең алдымен, құқықтың жалпы теориясы) оған байланысты маңызды функцияны орындайды—әдістемелік, екінші жағынан, салалық ғылымдардың теориялық мәліметтерін пайдаланады. Мемлекет пен қүқық теориясының басқа ғылымдармен қатысуындағы негізгі мәні сонда, олардың теориялық жемісін өз проблемаларын шешудегі қүрал ретінде пайдаланады және өз пәнін жасауға да пайдаланады, яғни әдістемелік мақсатта. Ең алдымен, бүл философияға, социологияға, логикаға, сонымен бірге, математикаға, кибернетикаға, ақпараттық теорияға және басқа ғылымдарға қатысты. Оның барлығы мемлекет пен қүқық теориясының әдістемелік арсеналынан орын тапты.

Көп жағдайда мемлекет пен қүқық теориясы сол ғылымдармен қатынаста болады, өйткені, оларды екеуіне бірдей жалғыз объект байланыстырады (қүқық және мемлекет) және соған байланысты көпшілік пәндердің тығыз байланыстылығы. Ең алдымен, әңгіме қүқықтың және мемлекеттің тарихы, саяси ғылым (саясаттану) туралы.

Мемлекет пен қүқық теориясы және қүқық пен мемлекет тарихы екеуіне бірдей объектіні зерттейді (қүқық және мемлекет), бірақ ол объектілердегі зерттеу пәндері әртүрлі: егер тарихтың мақсаты — хронологиялық тәртіпте барлық толық нақтылықта қүқықтық мемлекетте болып жатқан процестерді реконструкция жасау, ол теорияны қызықтыратын кездейсоқ тарихи факторлардан тазаланған сол процестердегі тек жалпы заңдылықтар.

Сонымен бірге, тарих ғылымы қүқық және мемлекет теориясына зерттеуге материал береді.



3.Құқық пен мемлекет теориясы және саяси ғылым, ең алдымен, мемлекет жөнінде қатынаста болады. Олардың сол объектіге келуіндегі мәселе сонда, теория мемлекетті негізінен ішкі жағынан зерттейді, негізгі қүрылымы механизм (тетік), т.с.с. Ал саясаттану оны қоғамның саяси жүйесінің элементі ретінде көреді. Сонымен бірге, екеуінің де олай келуі бірін-бірі байытады. Сонымен қатар, саяси ғылымда өте маңызды, яғни мемлекет теориясына және қүқық теориясына қатысты саяси биліктің мәселелері жасалады. Мемлекет пен қүқық теориясының маңыздылығы — оның экономикалық теориямен байланыстылығында. Қоғамның экономикалық қүрылы-мына, материалдық факторларға анализ жасамай, мемлекет пен қүқықты түсіну мүмкін емес. Осы жағынан маркстік теория даусыз дүрыс.

Мемлекет пен қүқық теориясына өте қызық материалды ар-хеология және этнография береді.

Кей кезде авторлар, мемлекет пен қүқық теориясының филос-фиямен байланысына талдау жасай келіп, «философия және қүқық» туралы айтады. Ойымызша, ондай сөз тіркестері философия пәнінің көзқарасына байланысты ыңғайсыз. Себебі, соған байланысты, қүқықта философиядан бөлек өзінің сондайы бар деген қорытындыға келеміз. Ал философия ғылым ретінде бірегей және оның пәні біреу: ол барлық объектілерге, қүбылыстарға, пәндерге, бізді қоршаған дүниедегі процестерге қатысты, яғни философияның пәні бәріне бірдей жалпылық. Сондықтан, «қүқық философиясы», не «мемлекет философиясы» туралы айтпай, сол қүбылыстардың жалпылық белгілеріне байланысты философияға кіретін жақтары туралы айту керек. Осы жақтары мынандай философиялық категорияларда: «негізділік және қүбылыс», «нысан және мазмүн», «себебі мен салдарында» өз орнын табады.

Алдыңғы төрт сұрақ ерекше сұрақтар: егер барлық қалған сүрақтар мемлекет пен қүқық теориясының мазмүнын сипаттаса, онда олар бүл ғылымды толығымен сипаттайды — ерекше жүйе ретінде, өзінің заңымен қызмет ететін арнайы түтастық ретінде. Осы себептерге байланысты бүл төрт сүрақ, егер жаңа ғылымдар түрғысынан келсек, мемлекет пен қүқық теориясына жатпайды, оның метатеориясына жатады.

Метатеория (грек тілінен «мета» — сол үшін, содан кейін) — бүл теория жөнінде ғылыми талдауға объекті болатын, метатеория үшін теорияның «өзі» шығады. Кейінгі бүл жағдайда пәндік, не объектілік (себебі, пән ретінде көрінеді, не метатеорияның объектісі), не мазмүнды теория деп аталады (себебі, ол өзінің мазмүны жағынан көрінеді).

Зерттеудің метатеориялық деңгейі, былайша айтқанда, ғылыми-зерттеудің екінші «қабаты», онда ғылымның өзін-өзі көрсетуі, оның өзінің танымын көрсетуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет