«мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»


Мемлекеттің – құрлысы: механизмі



бет4/11
Дата11.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#128400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Мемлекеттің – құрлысы: механизмі


Заң шығарушы ,Атқарушы , Сот органы

Мемлекеттің механизмі (аппараты)


Жоғарғы өкілдің, заң Сот


шығаратын органы Прокуратура

Мемлекет басшысы Әскер

Жоғарғы атқарушы орган Барлау

Жергілікті атқарушы орган Абақты

Орталық басқару орган
1. Өкілді органар Қазақстан Республикасында өкілдік орган екіге бөлінеді: жоғарғы өкілді орган – Парламент сонымен қатар заң шығарушы орган

жергілікті өкілді орган – облыс, аудандық мәжілістер

2. Мемлекет басшысы – Президент

3. Атқарушы орган. Қазақстандағы атқарушы орган – Үкімет, жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер.

4. Орталықтан басқаратын органдар. Оларға жататындар:министрліктер, мемлееттік комитеттер.

5. Сот органдары. Жоғарғы сот, жергілікті соттар, әскери соттар.



  1. Прокуратура ол заңдардың орындалуын қадағалайтын орган

  2. Әскери орган мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері.

  3. Барлау , қарсы барлау органы.

  4. Абақты, бас бостандығынан айрылған адамдарды ұстап тұратын орган.

Мемлекеттік орган.

Мемлекеттік орган мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне өкілеттігі бар құрлымдық бөлшегі.


Мемлекеттік саяси режим.

Саяси режим дегеніміз -мемлекеттік үкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.



  1. Демократиялық саяси режимнің

  2. әртүрлі партиялардың бірнеше кезеңге партия шеңберінде еркін әрекет, қызмет атқару

  3. идеологиялық

  4. мемлекеттік орган негізінен сайлау жолымен құру

Пысықтау сауалдары

1.Мемлекеттік механизмі сипаты

2.Мемлекет механизмнің құрлымдары қандай болады?

9-тақырып .Мемлекет функциясы

Мақсаты: Мемлекет қызметі ұғымын ашу және түрлері жіктеу мемлекет роліндегі атқаратын қызметі мен орны туралы білімді қалыптастыру

1.Функция түсінігі

2.Функция түрлері

1.Заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асырауды біріктіреді.Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады.

Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп , ескіріп , жанарып отырады.

Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой пікірлер бар. Солардың бірі-функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше түрлерін келтіреді :жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми техникалық, экологиялық функциялар. Фунцияларды жүйелеудің келесідей түрлері бар тұрақты және уақытша ;негізгі және негізгісіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функциялары екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы.Осы пікірді қазіргі заманда дұрыс деп тануда. Мелекеттің функцияларының орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік аппарат пен органдар . Функцияның орындалу кезең сатылары , функция-орган аппарат мемлекет.

Мемлекеттін функцияларының қалыптасуы себептеріне қарай екі түрге бөлінеді; таптық қайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес бәсеңдеп, демократия дамып , монополияның озбырлығы шектелгенде таптық қатынасты реттеу функциясы өте сирек кездеседі.Дамушы елдерде бұл функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады.Мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы деп екіге күрделі топқа боледі.Мемлекеттің ішкі функциялары

1.экономикалық функция мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары

2.әлеуметтік функция –мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік жағдайын жан жақты қамтамасыз ету, жақсы дәрежеде дамыту .

3. қаржылық реттеу функциясы –қоғамдағы барлық азаматардың, бірлестіктердің, ұйымдардың , мемлекетік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп, басқарып отыру.

4 .мәдениет бағытындағы функция –адамдардың денсаулығы, рухани сана-сезімі, білімі, әдет-ғұрып, салт дәстүр, мораль, әдебиет, өнер, музыка, ғылым, тәрбие т.б мемлекеттің тұрақты дәрежеде бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады.

5.экологиялық функция .Қоғамдағы тәртіпті қорғау, ғылыми техникалық прогресті дамытуға байланысты функциялар жүзеге асырлады

2.Мемлекеттің сыртқы функциялары

1-екі жақты қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын дамытуға, байланыстыруға болады. Біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, фирмалар, бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу т.б іс-әрекеттер жасау.

2-мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту. Барлық мәселені бейбітшілік жолмен шешу. Бұл байланыс үш түрлі деңгейде жүргізіледі парламентарлық, үкіметаралық және жергілікті басқару аппараттарының байланысы.

3-ден мәдени және ғылыми техникалық жетістіктерді пайдалану, алмастыру т.б жолдарын іздестіру. Бұл жұмысқа мемлекеттік емес ұйымдар да кеңінен қатысып жүр.

4-ден дүниежүзілік ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру. Бұл мәселені реттеп, шешуге әлемдегі барлық мемлекетаралық қатысулары керек, онсыз ешқандай нәтиже болмайды.

5-ден мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету Бұл мәселені жаңаша, қазіргі заманға сәйкес шешу. Бұрынғыдай қару жарақты көбейту ешқандай жағымды нәтиже бермейді. БҰҰ арқылы,соның шенберінде реттеп, шешуді қарастыру және әр мемлекеттің өзінің бейбітшілік саясаты дамып, нығаюы керек.т.б қызметтері бар.



Пысықтау сұрақтары:

1. Мемлекеттің ғылыми –білім ,мәдениет басқару ,дамыту қызметтері бағыттарын атаңыз

2. Мемлекеттің экономикалық ұйымдастыруына не жатады?

3.Жалпы мемлекет функциясы дегеніміз не?

4.Мемлекеттің сыртқы қызметтері,олардың маңызы

5.Құқықтық тәртіп қызметіне тоқталыңыз


10-тақырып. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны

Мақсаты:Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны мен маңызы

1.Қоғамның саяси жүйесі ұғымы

2.Қоғамының саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны

1.Адам қоғамы дамып, қалыптасып,өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі.Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамыдқ бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын,жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.

Саяси жүйе қоғамның обьективтік даму процесінде қалыптасып өмірге келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани, мәдени базисқа сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап,сол билікті орнату, дамыту, нығайту.Қоғам өзгерсе саяси жүйе де өзгереді.

Қоғамда бір мүдде- мақсат болады. Соған сәйкес қоғамдық билік қалыптасады. Онсыз қоғамның мүдде мақсатының дұрыс жақсы орындалуы мүмкін емес. Қоғамдық билікті реттеп, басқаратын қоғамның саяси жүйесі. Қоғамыдық биліктің түрлері: Саяси билік, мемлекеттік билік, ұжымыдық билік, т.б ірі ұсақ биліктер.Саяси жүйе мемлекетпен бірігіп қоғамнның бағдарламасын, мүдде мақсатын анықтап оынң бағыттарын,о рындау механизмін белгілеп, міндетті нұсқау, бұйрықтар беріп, іске асуын бақылап отырады.

Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер,ұйымдар, ұжымдар кіреді.Мемлекет саяси жүйеден кейінгі қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді,ең жауапты аппараты..Қоғам көлемінде атқаратын жұмыстың басым көпшілігі мемлекеттің құзырында.

Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болады.Социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Саяси жүйенің келесі түрі-дамыған елдерде –ХХ ғасырдың 6090 жж.қалыптасқан нарықтық экономика мен либералды.Үшінші түрі-ХХ- ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік құрылыс –конвергенция теориясы.Сонымен қоғамның саяси жүйесі- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдапрдың, еңбек ұжымдарының біргіп, елдің саяси өміріне кірісіп ,қоғамды дамытуға ,нығайтуға үлес қосуы.

2.Саяси жүйедегі мемлекеттің орны өте зор, өте жауапты.Мемлекет саяси партиялармен бірігп қоғамның барлық саласынынң дұрыс, жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын мемлекет өз мойына алады.Әриние, бұл тотатлитарлық мемлекеттің түсінігі емес, демократиялық мемлекеттің сипаттамасы, мазмұны. Мемлекеттің қоғамдық саясаты орындаудағы ерекшеліктері.

-мемлекет саяси жұмысын қоғам көлемінде заңды күші бар құқықтық нормалар арқылы жүргізіеді.

-мемлекет барлық қоғамдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап, басқарып отырады.

-мемлекет ішкі сыртқы істерді атқаруға, егеменді тәуелсіз аппарат.

Мемлекет қоғамының саяси жүйесіне кіретін барлық ұйымдарды, бірлестіктерді,одақтарды, ұжымдарды бірітктіріп, көмек жасап отырады. Мемлекеттің бұл бағыттағы жұмыстарының түрлері:

1.Мемлекет Конституция арқылы барлық азаматттарға өздерінң бірлестіктерін,ұйымдарын құруға толық мүмкіншілк береді: қоғамдағы демократияны дамуытуға міндеттенді.

2.Мемлекет қоғамдық ұйымдардың құқықтық құзіретінің көлемін, шеңберін анықтайды.

3. Мемлекет қоғамдық ұйымдардың дербес жұмыс жасауына толық мүмкіншілік беріп, оларды қорғап отырады.

Сөйтіп, мемлекет қоғамдағы барлық ұйымдарды, ұжымдарды біріктіріп, қоғамның саясатын,мүдде мақсатын дұрыс, жақсы орындауын, демократияның дамуын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің жан-жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды.

Саяси жүйенің барлық саласы өздерінің жұмысын әлеуметтік нормалар,оның ішінде басым түрде құқықтық нормалар арқылы жүргізеді. Мемлекет, барлық саяси партиялар, ұйымдар, ұжымдар заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтап, қорғайды.

Мемлекет қоғамдық және саяси жүйенің құрамындағы басқарушы, реттеуші, ұйымдастырушы ең маңызды бірлестік.Оның себептері.:

1.Мемлекет қоғамдағы қайшылықтарды өріштей , дамытпай дұрыс келісімге келтірудің арбитры, әділ қазысы.Ф.Энгельс бұл жөнінде өте қысқаша былай деген. «Егерде мемлекет пен құқық өмірге келмегенде, адам қоғамы көне дәуірде ақыр заманға тап болатын еді» қандай тамаша айтылған пікір...!

2.Мемлекет қоғамдағы сан қырлы қайшылықтарды, ретсіз жағдайларда халықпен,бірлестіктермен, ұйымдармен, одақтармен, саяси ағымдармен, партиялармен, еңбек ұжымдарымен бірлесіп, оларды бір келісімге келтіріп, сол келісімді бәрі біргіп іске асырушы күш.

Мемлекет және саяси партиялар –бұл екеуі бірігп қоғамды басқарудағы ең шешуші күш. Басқарудың сапалы немесе сапасыз болуы осы екі бірлестіктің қызметіне байланысты.Сондықтан олардың іс- әрекеті халықтың, үкіметтің үнемі бақылауында болады.

Мемлекет және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер-қазіргі заманда халықтың мүдде мақсатын орындайтын тек мемлекет пен саяси партиялар емес. Ол мүдде мақсаттың басым көпшілігі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қолында.

Мемлекет және еңбек ұжымдары- өндірісте,шаруашылықта мәселенің басым көпшілігі еңбек ұжымдарының құзіретінде: шаруашылықтың нәтижелі жұмыс жасауы, тәртіптің жақсы дәрежеде болуы, адамдардың бірлігі, достығы, мәдени т.б. Бұл мәселені ұжым мемлекетпен бірігіп іске асырады.



Пысықтау сұрақтары:

1. Қоғамынң саяси жүйесі

2. Қоғамынң саяси жүйесінің қоғамда алатын орны мен маңызы
11- тақарып Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Мақсаты: Жалпы құқықтық мемлекеттің қоғам жүйесінде алатын ролі және саяси билікті жүргізудегі олардың іс әрекеті барлық топтардың мүдде мақсатын шешу

1 Құқықтық мемлкет туралы теориялар

2.Құқықтық мемлекет түсінігі

3.Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары

4.Азаматтық қоғам түсінігі және белгілері

1.Құқықтық мемлекет- тек парасаттылықтың, әділетіліктің шынайы белгсі ғана емес, сонымен бірге адамынң бостандығын, қадір қасиетін, ар намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыру күш. Міне, қоғамның алдында тұрған осы мүдде мақсатты орындау мемлекеттің міндеті,ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты,құқықты тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқықты мемлекет екі жақты обьективтік процесс.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болады.Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық , әділеттілік жолмен дамуын армандады.Аристотель «заң үстемдігі болмаса демократия жоқ» деді.

Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан атақыт ғалымдар: Г. Гроцкий, Б.Спиноза,Д.Локк, Ш.Монтескье,Д. Дидро,Т. Джефферсон т.б

2.Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру, қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды,бір нысанды құқытқ мемлекет болуға мүмкін емес.Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды.Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.

Құқықты мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:

1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамынң обьектитвік даму процесіне сәйкес есікріп, жаңартып жататын көп қырлы құбылыс.Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдардын құруға қатысуы заңдытүрде бекітілуі керек.

2)Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі -өндіргіш күш пен өндірістің қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшлігі -өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы,сапалы дамуын қаматамсыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамынң әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нығайтуға болады.

3) Құқықты мемлекеттің әлеуметтік негізі -өзін өзі басқараытн азаматтық қоғамда адамдардың бостаныдығын,теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы.

4)Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі гуманизм, әділеттілік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір қасиетінің, ар- намысының деңгейі.Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады.Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана сезімі де жоғары дәрежеде болады.

5)Құқықтық мемлекеттің саяси негізі –халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып, қоғамдық билікті жан жақты дамытып, адамдардың бостандығын, тендігін қорғап, әділеттілікті, демократияны орнату, қарым -қатынастарды реттеп басқару.

Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:

-мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың арақатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның қалыптасуы

-қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы адамдардың рухани сана сезімінің жақсы дамуы

-мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың,

қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың, өмірдегі қарым -қатынастарда өзара жауаптылығы.

-құқық пен заңның арақатынасында көп алшақтыққа жол бермеу, олардың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру

-қоғамынң экономикалық,әлеуметтік бағытында әділеттілікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның болуы

-соттың жоғарғы беделі,ең сыйлы орган деп саналуы және соттың тәуелсіздігі

Қазақстан мемлекетіміздің бүкіл аумағында Конституциясының үстемдігін қаматамсыз етуді, азаматтардың жоғарғы деңгейдегі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, биліктің бөлісу принципін орындауды, қоғамдағы қарым- қатынастар субьектілерінің арасындағы таластарды шешуді дұрыс қамтамасыз ету үшін Конституциялық Кеңестің жұмысын жақсарту

-қоғамның ішік құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап,жақсартып отыру

-қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру.Адамдар «заңның құлы» болмайынша, құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес.

«Заң мемлекеттің ақылы

Сот мемлекеттің жүрегі

Мәдениет мемлекеттің тәртібі»



3.Құқықтық мемлекет орнату негізгі бағыттары

-мемлекет билікті үш саласының жұмысын жақсарту,әсіресе заңның,норматитвік актілердің сапасын көтеру

-норматитвік актілердің дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамсыз ету, халықтың рухани,сана сезімін, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту

-қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы реттеу, басқару бағытындағы мемлекеттік , қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту

-бостандықты, теңдікті,әділеттікті, демократияны дамыту

-заңдылықты, құқықты тәртіпті қатаң сақтау

Құқықтық мемлекет-Қазақстанның барлық органдары мен лауазымды адамдарының қызметі құқық нормаларына байланысты,соған бағынышты және соған сәйкес іс -әрекет жасайды.Құқықты негізі принциптері: азаматтар үшін –заңға тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі. Мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін –заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат.

4. Азаматтық қоғам және қүқықтық мемлекет бірін-бірі қисынды бағдарлайды — бірінсіз бірінің мәні болмайды.

Сонымен қатар, азаматтық қоғам алғашқы (бірінші) қүқықтық мемлекеттің шешуші әлеуметтік-экономикалық алғышарты болып табылады.

Қоғам мен азаматтық қоғам түсініктерінің арасына бірдейлік белгі қоюға болмайды: екіншісі біріншіге қарағанда тар аяды және көп жылға жас. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы — адам баласының, мемлекет пен қүқықтың тарихындағы ерекше кезең. Қоғам, мемлекеттен әр уақытта бөлек болған, бірақ, ол әр уақытта азаматтық болмаған. Азаматтық қоғамның қалыптасуы бірнеше ғасырға созылған. Бүл процесс біздің елімізде де аяқталған жоқ, тіпті дүние жүзінде. Азаматтық қоғамның шындығы (қүқықтық мемлекет ретінде) идеалды қоғамның шын мәніндегі жетістік жағдайының сәйкестігімен белгіленеді.

Азаматтық қоғам кең мәнінде және «азаматтық қоғам» атауының өзі, азаматтық және азамат деген ойлар пайда болған кезде ғана қалыптасты. Бүл Ежелгі Греция мен Римде болды. Дегенмен, ол кезде азаматтық қоғам мен мемлекетті бөлу жүргізілмеді. Аристотельдің ойынша: «мемлекет азаматтардың жиынтығы, азаматтық қоғам», яғни ол «азаматтық қоғам» және «мемлекет» атауын синонимдер ретінде пайдаланған. Мүндай түсінушілік, яғни мемлекет пен қоғамның бір түтастықта қаралуы XVIII ғ. дейін сақталды, яғни негізінен азаматтық қоғам қалыптаса бастаған кезге дейін, қазіргі түсініктегі оның қатаң (жіңішке) түсініктері.

Азаматтық қоғам — оның осы күнгі түсінігінде және маңызында мемлекетке қарсы болуға, оның қызметіне бақылау жасауға қабілеті бар, мемлекетке оның орнын көрсетуге қабілетті, оны «жүгендеп» үстайтын қоғам. Басқа сөзбен айтсақ, азаматтық қоғам — өзінің қүқықтық мемлекетін жасауға қабілеті бар қоғам. Сонымен қатар, азаматтық қоғам тек мемлекетпен күресумен ғана шүғылданбайды. Әлеуметтілік принциптердің, яғни әлеуметтік мемлекеттің, азаматтық қоғамның қалпында мемлекетке әлеуметтік-экономикалық процестерге белсенді кірісуге мүмкіндік жасайды. Ол кей жағдайда өзін таптауға мемлекетке мүмкіндік бермейді, яғни әлеуметтік жүйені тоталитарлыққа айналдырып жіберуге.

Қоғамның мүндай қабілеттілігі, саяси үйымдастырудағы белгілі экономикалық жағдайдың болуына ғана байланысты, дәлірек айтсақ — экономикалық бостандық, меншіктің нысандарының көп-жақтылығы, нарықтық қатынастар. Азаматтық қоғамның негізінде жекеменшіктілік жатыр. Нақты сол азаматтық қоғамның мүшелеріне экономикалық абыройды сақтауға мүмкіндік береді.

Азаматтық қоғам туралы ілімді түпкілікті зерттеу Гегельдің атымен байланысты. Азаматтық қоғамның басты элементі ретінде Гегель өзінің әлеуметтік жағдайымен, өзінің жеке басының ықыласы мен қажеттілігіне байланысты қоғамда әрекет ететін адамды айтқан. Осыған байланысты мүның қазіргі азаматтық қоғам туралы ойлардан пайдалы айырмашылығы бар, яғни соған байланысты ол тек мемлекеттік емес ортаның қатынастары ретінде түсіндіріледі.

Әлеуметтік құбылыстарды тек қатынастар арқылы белгілеу, мүндағы субъектілердің қатынастарын алып тастау, жоққа шығару — тозған маркстік-лениндік қоғамтанушылардың қателігі. Өйткені, қоғамдық қатынастар адамдарсыз болмайды. Маркстің өзі атап айтқандай, қоғамдық қатынастар, «жалпы қатынастар тек ойлауға мүмкіндік (Маркстің өзімен бөлінген) береді, егер оларды сол субъектілерден жеке есепке алғысы келсе, олар бір-бірімен әртүрлі қатынастарда түр» (соч. т. 46. ч. 1. с. 84).

Қандай болмасын, әлеуметтік ортаны үш бөлік (компанент) қүрайды:

а) әлеуметтік субъектілер (адамдар және олар қүрайтын бір-лестіктер);

ә) субъектілер арасындағы қатынастар (қоғамдық қатынастар, әлеуметтік қүрылымдар);

б) адамдардың тәртібі, олардың қызметтері.

Барлық мөлшерде бүл азаматтық қоғамға жатады. Адам көптеген әлеуметтік қатынастардан түрады және барл ық сол қатынастарға адам бірдей қатынаспайды, ол дәл азаматтық қоғамның мүшесі ретінде көрінеді. Дегенмен, сол белгілі адам азаматтық қоғамның мүшесі ретінде болса, ол өзін сол күйде сезіне ме, онда ол өзін қалай үстайды, оның жеке әлеуметтік сапасына байланысты. Сондықтан, азаматтық қоғамның қалыптасуы

— ең алдымен, мақсаты сол қоғамның мүшесін қалыптастыру (негізінен қоғамдағы экономикалық және саяси қүрылымның принципті өзгерістерінің есебінен).

Азаматтық қоғам және оның мемлекетпен қарым-қатынастары негізінен мынандай кездермен сипатталады:

— азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы буржуазиялық қоғамдық қатынастар мен формальдық теңдік принциптерінің бе-куіне байланысты;

—азаматтық қоғам жекеше және басқа нысандардағы мен-шіктілікке, нарық экономикасына, саяси плюрализмге негізделеді;

— азаматтық қоғам мемлекетпен қатар, салыстырмалы бостан-дықта өмір сүреді және оған қарама-қайшы күш, оған қарама-қайшылықтағы түрған бірлікте;

— азаматтық қоғам субъектілердің арасындағы көлденең байла-ныстардың негізінде қүрылған (үйлестіру принципі) және оған өзін-өзі үйымдастыру мен өзін-өзі басқару тән;

—азаматтық қоғам бостандықтағы азаматтар меншігінің бір-лестігі, өздерін осы сапада мойындайтын, соған байланысты барлық шаруашылық және қоғамның жағдайы үшін саяси жауапкершілікті мойнына алуға дайын қоғам;

— азаматтық қоғамның дамуымен және қүқықтық мемлекеттің қалыптасуымен қоғамның және мемлекеттің бір-біріне жақындасуы, араласуы болады: негізінен алсақ, қүқықтық мемлекет дегеніміз азаматтық қоғамның үйымдасу жолы, оның саяси нысаны;

— азаматтық қоғам мен қүқықтық мемлекеттің әрекеттестіп қүқықтық-демократиялық қоғамды қалыптастыруға, демократиялық әлеуметтік-қүқықтық мемлекетті қүруға бағытталған.

Сонымен, «азаматтық қоғам» түсінігі қоғам дамуының белгілі деңгейін, оның жағдайын, әлеуметтік-экономикалық, саяси және қүқықтық жетілу сатысын сипаттайды.

Пысықтау сұрақтары:

1.Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам түсінігі және ұғымы

2. Азаматтық қоғам түсінігі және белгілері
12- тақырып. Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу

Мақсаты: Қоғамдық қатынастарды реттеу нормативтік құқық бойынша олардың орны мен ролі


  1. Норма түсінігі және ұғымы

  2. Нормалардың түрлері қоғамды реттеуде кездесетін

1.Норма (латын. «пошта» — өлшем, тәртіп, үлгі, стандарт. Нор-малардың әртүрлі объектілер мен процестерге қатысы бар: табиғи, техникалық әлеуметтік. Нормалар әртүрлі объектілердің қызмет істеуге қабілеттілігінің шегін көрсетеді, өзімен-өзі қалады (өз маңызын жоймайды). Әлеуметтік емес нормалардың тікелей адамға қатысы бар. Мысалы, адам денесінің температурасы, температураның нормасы. Әлеуметтік нормалар — бұл адамдардың қоғамдағы тәртібін реттейтін ереже. Олар мынандай сипатта болады:

1. Әлеуметтілік. Олар әлеуметтік аяны реттейді, оған өзін қосады:

а) адамдарды;

ә) қоғамдық қатынастар, яғни адамдар мен олардың үжымдарының арасындағы қатынастар;

б) адамдардың тәртібі. Сонымен, әлеуметтік нормалар әлеуметтік қүрылымды қүрады және адамның әлеуметтік маңызы бар тәртібін реттейді.

2. Объективтік. Қоғам — қиын әлеуметтік организм ретінде (жүйе) объективті түрде реттеуді қажет етеді. Әлеуметтік нормалар тарихи заңдылықпен, әлеуметтік қажеттіліктің қысымы арқылы қүрылады. Олар нормативтік жинақтаудың қайталанатын қоғамдық қатынастары мен адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын белгі-леудің нәтижесінде пайда болады. Қоғамға қажетті қатынастар мен адамның қызметі туралы актілер және оны бекіту, қайтадан жаңарту қажеттілігі, әлеуметтік-нормативтік реттеудің феноменін туғызады. Сонымен қатар, әлеуметтік нормалардың қүрылуына маңызын тиғізғен субъективтік факторларды есепке алу қажет. Олар қоғамдық санаға сіңбей пайда болуы мүмкін емес: әртүрлі әлеуметтік нормалардың қажеттігі қоғамдық санаға байланысты болады.

3. Нормативтілік. Әлеуметтік нормалар жалпы сипатта болады, тәртіптің кейіпті реттеушісі ретінде әрекет жасайды. Олардың кімге бағытталғаны анық көрсетілмей (аталмаған), тек олардың кейіптік белгілері жасы, есі д үрыстығы не болмаса, заңды түлғаның статусына қойылатын жалпы талаптары арқылы белгіленеді.

Нормативтіл ік, әлеуметтік нормалардың қайталануының көптігіне байланысты көрінеді: әлеуметтік нормалар әр уақытта оның реттеу процесіне түсетін, алдын-ала белгіленген кейіптік жағдайы туғанда пайда болады. Мүндағы көңіл аударатыны сол, әлеуметтік нормалар мазмүнына сай кейіптік жағынан белгіленіп, тәртіптің жалпы үлгісі ретінде болады.

4. Әлеуметтік нормалар жеке адамның бостандық өлшемі, оның әлеуметтік кеңейуін, тәртіп белсенділігін, қызығушылығын қанағаттандыру жолының, қажеттілігін белгілеуші.

5. Міндеттілік. Әлеуметтілік нормалар әлеуметтік қажеттіліктің нормативтік көрінісі ретінде әр уақытта міндетті, үйғарымды сипатта болады.

6. Процедуралық жағдайы. Әлеуметтік реттеуге процедуралық жағдай тән, яғни процедуралық нысанның болғандығы, әлеуметтік нормалардың іске асырылуындағы тәртіптің нақтылы бөлінуі.

7. Санкция берілушілігі. Әрбір нормативтік реттеушінің өзінің ұйғарымының іске асырылуын қамтамасыз ететін тетігі болады.

8. Жұйелілік жеке нормаларға тән, сол сияқты, қоғам көлеміндегі олардың ауқымдылығы. Қандай оқиға болса да, қоғам сондай жүйені қүруға, олардың жүйелілік сапасының жетілуіне, әлеуметтік нормалардың түрлерінің арасындағы бір-бірімен келісімділікті жөндеуге үмтылуы қажет.

Қоғамда саяси, қүқықтық, моральдық, діни, корпоративтік салт-дәстүр нормалары және басқа әлеуметтік нормалар қызмет етеді. Мүндай әртүрлілік қоғамның нормативтік қалпында бір-бірімен келісімділікте болады. Олардың реттеушілік ерекшелігін салыстыруды қайнар көздерінің қүрылуын, реттеу пәндерін, ішкі үйымдасу сипатын (деңгейін), өмір сүру нысанын (сырттан объективтендіру) реттеу ықпалының жолын, өз нормаларын іске асыру тетіктерін (әдіс, қүрал) есепке алу арқылы жүргізу керек.

2.Негізгі әлеуметтік реттеушілерге қүқық және мораль жатады.

Саяси нормалар. Кең мағынада қүқықтық нормаларды саяси нормаларға жатқызуға болады. Саясаттың қүралы заң деген көзқарас болса да, қүқықты олай деп есептеуге болмайды: оның табиғи негізі бар және қоғамдағы жеке адамның бостандығының өлшемі ретінде көрінеді.

Саяси нормалар, ең алдымен, мазмүнына және реттеу пәнінің аясындағы қызметіне байланысты көрінеді. Сондықтан, олар тек саяси қүжаттарда ғана болмай, нормативтік-қүқықтық актілерде, қоғамдық ұйымдардың актілерінде, саяси этика нормаларында да (мораль) болады. Саяси нормалар нормативтік-қүқықтық актілерде бекісе, олар саяси мазмүндағы заң нормалары болып есептеледі. Осы мағынада мемлекеттердің конституциялары нормативтік саяси-құқықтық актілер ретінде көрінеді.

Саяси нормалар қоғамдық сананың аясында саяси ойлардың прин-циптердің, бағалаудың, бағалы бағыттардың негізінде қүрылады. Бүл мағынада саяси нормалар субъектілердің өз әлеуметтік топтарына тән саясаттың ерекше (ең алдымен экономикалық) қызығу-шылығының нәтижесі ретінде көрінеді. Бүдан біз саяси және қүқықтық нормалардың жалғыз ғана қайнар көзін көреміз — меншіктік қатынас.

Саяси нормалар субъектілердің қатынасы мен саясатын реттейді: халықтардың, үлттардың, таптардың, жеке саясаткерлердің, азаматтардың және мемлекеттің.

Әдет-ғұрып — тарихи қалыптасқан тәртіп ережесі, сол қаты-настардың күшімен көп қайталанып, үйреншікті жағдайға айналған қатынастар. Оларға мынадай сипаттар тән:

а) Қоғамдық санада болады (тікелей — қоғамдық психоло-гияда);

ә) реттеу көзқарасы түрғысынан оларға сырттан аздау деңгей тән, яғни үйғарым реттеушілігі; олар жеке адамның санасының аясына моральдан да терең өтеді;

б) біреуі және сол тәртіп актілерінің коптегеп қайталануының нәтижесінде кепеттеп қүрылады;

в) сол қатынастар мен тәртіп актілерінің дәл үлгісін (слепки) көрсетеді, ал әдет-ғүрып нормативтік түрде біріктіріледі. Осыған байланысты олардың анықтығы және нақтылығы байқалады;

г) әрбір әдеттің өзінің әлеуметтік негізі бар (пайда болу себебі) олар бара-бара жоғалуы мүмкін. Дегенмен, әдет өзінің үйреншік-тілігіне қарай жалғасуы мүмкін;

ғ) әдеттегідей, олардың локальды (жергілікті жағдайдағы субъ-ектілердің ортасында) әрекет аясы болады;

д) қамтамасыз ету қүралына үйреншікті күш және қоғамдық пікір көрінеді;

е) қоғам көлемінде біртұтас қүрылым ретінде көрінбейді — жүйе ретінде стихиялық қамтамасыз етілгендігі олардың кенеттен қүрылуы және ол процестердің көпке созылуы.

Басқа әлеуметтік нормалардың ішінде әдет өзінің қүрылуымен және әрекетімен жекешеленіп көрінеді. Сондықтан, көп жағдайда олар басқа әлеуметтік нормалар нысаны ретінде болады (моральдық нормалар, саяси нормалар, гигиена тәртібі, т.б.) Олар заңды нормалардың нысаны болуы мүмкін (қүқықтық әдет). Сонымен бірге, сол және басқа әлеуметтік нормалар әдетке өтерде өзінің меншікті тетік әрекетін, өзінің реттеу ерекшелігін жоғалтады және үйреншікті күшке сүйеніп, әрекет жасайды (мысалы, бүл жағдайда моральдық нормаларда оның бағалау сипаты екінші бағдарға ауысқандай болады). Моральды мазмүндағы әдетті тағы да әдет-ғүрыпты (мінезді) деп атайды.

Әдеттіктің бір түріне дәстүрді жатқызуға болады, пайда болуына көп жағдайда субъективтік факторлар әсер етеді. Қоғам әртүрлі салт-дәстүрді саналы түрде үйымдастыруға мүмкіншілігі бар және олардың қалыптасуына әсер етеді, сондықтан олардың пайда болуы үзақ тарихи процестермен қатынасы болуы міндетті емес. Дәстүр көп жағдайда қоғамдық пікірге сүйенеді және адамдардың белгілі идеяларды, бағалылықты, тәртіптің пайдалы нысанын сақтауға арналған үмтылысын көрсетеді.

Әдеттілік (іскер әдеттілік) — мемлекет органдарының іскерлік (шаруашылық, коммерциялық) қызмет процесінде туған әдет заң нормаларымен бірлікте әрекет етеді.

Әдет нормаларына белгілі ережеге сай салтты бағындыру, ол жеткілікті түрдегі түрмыстағы, жанүядағы, діни аядағы өте қиын процедуралар. Ондай әдеттерді салт деп атайды (латын тілімен «гійайз»). Әдет нормаларының мерекелік салтты арнайы реттеуін салтанат қүру (тойлау) деп атайды.

Құқық және әдет бір-бірімен келіскен жағдайда болады. Қүқықтық нормалар қоғамғазиянды әдеттерді ығыстырып отырады (мысал ы, кек алу). Ал қоғамға пайдалы, тіпті қажет әдеттерге қүқықтық санкция беріледі, бүл сәтте әдет қүқықтық әдеттің нысанына айналады. Сонымен бірге, қүқықтық шығармашылықта және қүқықты іске асыруда әдеттің маңызы моральға қарағанда аздау.

Қоғамдық үйымдардың нормалары (корпоративті нормалар) қүқық нормаларына үқсас:

а) жазбаша нормативтік актілерде — қүжаттарда (уставтарда, ережелерде,т.б.) бекітіледі;

ә) жүйе ішінде;

б) ерікті-міндеттілік сипатта анық көрінеді;

в) іске асыруға сыртқы бақылауды талап етеді және сондай бақылауға беріледі;

г) өз нормаларын іске асыруға қажет белгіленген жинақтағы қамтамасыз ету қүралдары бар.

Оларды қүқық нормаларынан былай айырады: біріншіден, олар сол үйымның мүшелерінің еркін және қызығушылығын көрсетеді және өз әрекетін соларға таратады; екіншіден, ең алдымен, ішкі үйымдастырушылық қатынастыреттейді; үшіншіден, арнайыланған (әр үйым бойынша) ықпал ету шаралары санкцияда көрсетілген.

Қүқық нормалары қоғамдық үйымдардың жүмысын үйымда-стыруға негіз қүрады. Қүқықтық және корпоративтік нормалар қоғамдық үйымдардың қүқықтық-субъектілігімен белгілеуге бір-бірімен келісімділікте болады (қүқықтық қатынастар ортасын, яғни сол қоғамдық үйымдардың кіретін жерінде) және қоғамдық үйымдардың қабылдаған шешімдерінің қүқыққа сайлығын баға-лайды.

Техникалық заңды нормалар дегеніміз, диспозиция есебінде (реттеушілік үйғарымымен) техникалық нормасы бар, санкция есебінде (қорғаушылық нормалар) — заңды нормалар. Сондықтан, оларды техникалық мазмүндағы заң нормалары ретінде бағалауға болады және техникалық нормалардың түрі ретінде түсінеміз.

Техникалық нормалардың табиғаты жөнінде екі көзқарас бар: біреулерінің авторлары жалпы оларды әлеуметтік нормаларға жатқызбайды, басқалары оларды әлеуметтікке жатқызады. Шын

мәнісінде, техникалық нормалардың өз ерекшелігі бар. Олар мазмүнындағы табиғи және техникалық заңдармен белгіленеді (яғни, олар адамнан шықпайтын сияқты); адамдар арасындағы қатынасты белгілі ережеге бағындырмайды да, адамның қатынасын табиғат пен техниканың объектісіне бағындырады (яғни, әлеуметтік емес аяны реттейтін сияқты); оларды қамтамасыз ететін шаралардың орнына негативті нәтижелер: табиғи және техникалық тәртіптерді бүзу көрінеді. Дегенмен де, техникалық нормаларды әлеуметтік нормалардың түрлерінің біріне санау керек (солай болса да арнайылығы көптеу), себебі:

а) барлық әлеуметтік нормалардың басты реттеу объектісіне адамның тәртібі жатады (барлық жағдайда әлеуметтік реттеу қоғамдық қатынастарды белгілеу болып табылады—бүл тек тәртіпті белгілі ережеге бағындыру). Сол объектінің өзіне техникалық нормалар да бағытталған;

ә) техникалық нормалардың әлеуметтік маңызы бар, себебі, техникалық аялардың дамуына байланысты адамның жасанды өмір сүру ортасында көбейе түсетіні белгілі. Бүл кезеңде бүдан артық өзекті «техникалық» нормалар, адам мен табиғаттың байланысын анықтаудан да жоғары бағаланады. Әлеуметтік бағалылығының деңгейіне қарағанда техникалық нормалар көбірек өзгеруі мүмкін және тікелей осы белгінің техникалық нормалардың «әлеуметтілігін» бағалауға үлкен маңызы бар. Мысалы, жөндеп қарау тәртібінің бүзылуының нәтижесінде түрмыстық техниканың бүзылуы оның әлеуметтік маңыздылығын көрсетеді.

Көбірек маңыздылығы бар техникалық нормаларға қүқықтық санкция беріледі және техникалық заңды нормаларға айналады. Міне осыдан да, техникалық нормалардың әлеуметтік нормаларға жақындығын көрсететін дәлелдерді табуға болады. Техникалық — заңды нормалар қүқықтық нормалардың әрқайсысы сияқты, әлеуметтік нормалар болып есептеледі. Техникалық нормаларды қүқықтық санкциямен қамтамасыз етсе де, олар өзінің табиғатын өзгертеді: оларда техникалық нормалардың әлеуметтік нормаларға жатқызбайтын негізгі себептері сақталып қалған. А. Б. Венгеров бүл қарама-қайшылықтың шешімін табу мақсатында, заңды-техникалық және нормативтік-техникалық әлеуметтік реттеушілер ретінде түсінуді үсынған. Бірақ, «реттеуші» түсінігі мүнда «норма» түсінігімен тең емес мағынасында пайдаланылады. Сонымен, зерттеу проблемалары басқа бағытқа, яғни нормативті актілердің деңгейіне ауысады.

Профессор А. Б. Венгеров қоғамдағы нормативті емес әлеуметтік реттеушілердің бар екеніне көңіл аударып, оларға: бағалылықтың, директивтің (нүсқаудың), ақпараттықтың жататындығын айтқан. Мүнда тек жекелеген реттеушілікке ғана көңіл аударылып отырған жоқ. Көркейтілген реттеушілер жалпы сипатта болады, бірақ анық түрдегі әлеуметтік үйғарымдарға жатпайды және адамның тәртібіне арнайыланған тетіктер артқылы ықпал етеді.

Ќұќыќ және адалдыќ

Қүқық адалдықтан бөлінбейді: ол — қүқықтың жүрегі. Адалдық табиғи қүқықтың негізгі принципі ретінде іштей қүқыққа жақын, ол сыртқы мәжбүрлеу күші ғана емес, адалдықпен әрекет жасаудың үйғарымы іспетті. Бостан босқа «дүрыстық», «шындық», «адалдық» және қүқық сөздері айтыла салмаған, олардың негізі бір, осыған байланысты көне түсініктер: (қүқық) және «іизгігіа» (адалдық).

Қүқықтың негізі — барлық және әрбір адамның қызығу-шылықтарының адалдық тепе-теңдігін белгілейтін қүрал (сайман, нысан), жеке адамның, әлеуметтік топтар-дың, таптардың, әлеуметтік бірлестіктер мен қүрылымдардың қызығушыл ықтары. Тек осы жағдай әр елдің жазылған (позитивті) қүқықтарының табиғатының және қүқықтық негізінің сай келуіндегі өлшемін көрсетеді. Тек барлық әлеуметтік субъектілердің қызығушылықтарының келісімділігін есепке алу ғана, қүқықтық үйғарымдардың іске асырылуының негізі және кепілі ретінде көрінеді. Сонымен қатар, ең адал әлеуметтік компромисс табиғи компромистің күшіне сай (әр уақытта алдын-ала белгіленген «өз»қызығушылығынан жалпының пайдасына сай бас тартуы) өз жағдайынан шегіну мүмкіншілігін пайдалана отырып, компромистік шешім тәртібіне сай болады, қүқық өз табиғатымен солай болады. Міне, осындай кездерде қүқық өз үйғарымымен мәжбүрлеу мүмкіндігін пайдаланып, іс жүзіне асырады: «Адалдық күшпен қолданбаса, күшсіз» (Блез Паскаль).

Дегенмен, тағы да көңіл аударатын нәрсе — мәжбүрлеу қүқықтың объективтік қасиеті болса да, ол емес, тек адалдық қана оның негізін белгілейді. Қүқық, сонымен қатар, күштеуге емес, адалдыққа сүйенеді, ал күшке тек зорлық, зомбылық сүйенеді.

Адалдық түсінігі көне кездерден бастап зерттелген. Адалдық қүқықтың негізі ретінде кең көлемдегі теорияны Аристотель қүрды. Ол адалдықтың екі түрін көрсеткен: тецестірушілік және бөлушілік.



Теңестірушілік адалдық — адамдар бағалы заттармен айырбас жасағанда және шығынды орнына келтіру кезінде басқарушылыққа алатын қүбылыс. Бөлушілік адалдық — адалдыққа тең және тең еместікті мойындайды, әртүрлі адамдардың арасындағы, қоғамдық игілікке қосқанына сай тең емес бөлік.

Адалдық идеясының әрі қарай дамуы Ежелгі Рим заңгерлерімен, оның ішінде Цицеронмен жалғасын тапты. Қүқық пен адалдықтың бірлігі рим қүқығының формуласында бекіді: «Қүқық дегеніміз жақсылықтың және адалдықтың өнері»; «Қүқықтың үйға-рымы мынандай: адал өмір сүру, басқаны жәбірлемеу, әр адамға өз сыйын беру». Белгілі философ А. И. Новиковтың айтуы бойынша, «Тек Римде ғана, адалдық түсінігі философиялық тілдегі талдаудан кейін қүқықтық формуланың анық тіліне аударылды».

Орта ғасырда қүқық және адалдық, рим қүқығын кең көлемде зерттеуге көшкен кезде әрі қарай дамыды, әсіресе, глоссаторлардың мектебіне байланысты. Бүл мәселеге көңіл аударып, маңыз бергендер сол кездегі XVII—XVIII ғғ. алдыңғы қатарлы ғалымдар: Гроций, Гоббс, Монтескье, Вольтер, Дидро, Гольбах және немістің классикалық философиясының өкілдері Кант, Гегель болды. Ол марксизм териоясында да өз дамуын жалғастырды.

Қазіргі кезде бүл мәселелерге көңіл аударып жүрген ғалымдар Г. В. Мальцев және А. И. Экимов. Олардың арнайы монографиялары 1977 жылы және 1980 жылы шыққан.

Аристотель айтқандай, адалдықтың негізінде «адалдықтағы теңдік» пен «адалдықтағы теңсіздікті» байланыстыру жатыр. Г. В. Мальцевтің сөзімен, адалдық дегеніміз «теңдік пен теңдік еместің» элементтерінің диалектикалық байланыстары, яғни адалдық өзіңмен тең адамдарға, тең қатынас және тең емес адамдарға, тең емес қатынастармен көрінеді. Профессор А. И. Экимов адалдықты «субъектілердің әрекетін өлшеуге әдет-ғүрыппен негізделген белгі ретінде, соларға сай әркімнің қылығына қарай іске асырылатын әртүрлі нәтижелердің түрлерінің пайда болуы» деп анықтайды.

Қүқық өз табиғатына сай реттеуші, әртүрлі субъектілерге тең шара қолдану негізінде жүмыс істейді. Және осының өзінде қүқықтың адалдығын көруге болады, себебі ондай реттеушілік әртүрлі ауыртпалықты тең көтеруге арналған мөлшерлестік, баланс жасау принциптеріне негізделген.

Сонымен қатар, «қүқық теңсіздік», өйткені өзіне тән табиғатына сай әрекет принципінде толығымен адамдардың жекелеген қасиетін есепке алмайды. Белгілі мөлшерде ол субъектілерге заңға сай бостандық қүқығын берген кезде орнына келтіріледі. Адалдықтың маңыздылығы қүқықты юрисдикциялық аяда қолданғанда арта түседі, әсіресе әлеуметтік келіспеушілікті шешкенде, жаза белгілегенде. Сонымен қатар, мемлекеттің тарапынан қылмыс жасаған адамға берілетін жаза мөлшері оның жасаған қылығына міндетті түрде сай болуы қажет.

Қүқық пен адалдықтың арасындағы қарама-қайшылықтың пайда болуы, тек адал емес қүқық нормаларын қолданғаннан ғана емес, мемлекеттің басынан бастап адал емес қүқық нормаларын шығаруына да байланысты. Сондықтан, адалдық ең алдымен, мемлекетпен нормативтік-қүқықтық актілерді қабылдау процесінде қамтамасыз етілуі қажет.

Сонымен, қүқық бір жағынан шындықтың моральдық бастауына негізделуі міндетті, ал екінші жағынан, қоғам өмірінің заңына адалдықты сіңіретін нысаны болуы керек.

Ќұќыќ және мораль

Атау «мораль» және «адамгершілік» негізінен бір маңыздылықта пайдаланылады. Ол синоним сияқты. Бірақ та олардың маңыз-дылығы, бірдейлігі қосымша аспектіде көрінеді (заң ғылымдары бағдарламасының мақсаттарына байланысты). Дегенмен, кейбір этика саласындағы мыналар (мораль туралы ғылым) олардың айырмашылығына көңіл аударады. Гегель де мораль мен адам-гершілікті бөліп, қүқықты, морал ьды және адамгершілікті объективті рухтың дамуындағы бірінен соң бірі өтетін үш сатысы (кезеңі) деп есептеген. Соған сай латынша «тогез» деген, басқа емес, «мінез» есебінде. Этика туралы әдебиетте мораль (адамгершілік) қоғамдық сананың нысаны ретінде анықталады және ол әлеуметтік шындықты арнайы, тарихи қамтамасыз етілген жақсылық және жамандық түрінде көрсетеді. Сонымен қатар, олар адамның санасында принциптер, нормалар, идеялар түрінде бекітіліп, адамдардың тәртібін және қоғамның түтастай дамуын реттеуге бағытталған.

Қүқық және мораль — адам тәртібінің негізгі әлеуметтік реттеушісі. Олардың жалпы ерекшеліктері, бір-бірінен айырмашы-лықтары бар және бір-бірімен келіскен.

Жалпы ерекшеліктері:

а) әлеуметтік нормаларға жатады және жалпы нормативтік қасиетке ие;

ә) негізгі тәртіпті реттеуші;

б) жалпы мақсаты бар — стратегиялық мақсатына байланысты адамдардың тәртібін, қоғамды түтастық ретінде сақтау және дамыту;

в) жоғарғы адамгершілік принцип ретінде адалдыққа негізделеді;

г) индивидтердің бостандығының өлшемі ретінде көрініп, оның шекарасын белгілейді.



Айырмашылығы:

Мораль қүқықтан, қүқықтық санадан және қоғамның мемлекеттік үйымдасуынан ерте қүрылады. Мораль қоғаммен бірге пайда болады, ал қүқық — мемлекетпен. Моральдің өзінің тарихи даму кезеңі бар және индивид пен қоғамның қызығушылықтарын келістіру қажеттілігі үшін пайда болады.

Бір елдің ішінде, бір қоғамда тек бір қүқық жүйесі ғана өмір сүреді. Мораль бүл мағынада әртүрлі: қоғамда бірнеше моральдық жүйелер болуы мүмкін (таптар, аз әлеуметтік топтар, кәсіби қабаттар, индивидтер). Қандай қоғамда болмасын жалпыға бірдей қабылданған моральдық көзқарастардың жүйесі болады (былайша айтқанда үстемдік етуші мораль).

Морал ьдық нормалар нормативтік көріну ретінде осы қалыптасқан әлеуметтік ортада, көзқарастар қоғамында жақсылық пен жамандық жөніндегі ойларда, адалдықта, арда, міндеттілікте, парасаттылықта, бекзаттықта және басқа этиканың категорияларында пайда болады. (Моральдық сапаның негізгі категориялары — «жақсылық» және «жамандық», онсыз моральдық бағаланушылық мүмкін емес). Мүнда моральдық жүйенің қүрылу процесі қоғамдық сананың қойнауында ішкі себептермен пайда болады.

Қүқықтың қүрылу процесі де өте қиын, өте терең әлеуметтік негізі бар, дегенмен қүқық өзінің нысанымен және мазмүнымен бірігіп, мемлекеттің арнайы әрекетінің нәтижесі, оның еркінің көрінісі ретінде пайда болады.

Мораль қоғамдық санада өмір сүреді және оның өмір сүру нысаны болып табылады. Бүл жағдайда моральді қоғамдық сананың нысаны ретінде бөлу өте қиын және моральдың нормативтік-әлеуметтік реттеуші ретінде қүқықтан айырмашылығы бар, мүнда жеткілікті түрде қүқықтық санамен және қүқықпен екеуінің арасындағы шекараны анық көрсетуге болады. Қүқық моральға қарағанда анық, нысандарында объективтендіру, сырттай бекіту (қүқықтың формальдық қайнар көздері) бар. Моральдың жүйесінің түрлерін жинап, жазбаша түрде моральдық кодекс ретінде үсынуға болады. Бірақ, мораль әлеуметтік реттеуші ретінде объективті түрде оны қажет етпейді.

Қүқық нормалары мен мораль нормаларының реттеу пәндері бір-біріне сәйкес келмейді. Егер оларды дөңгелек ретінде ойласақ, олар бірін-бірі басып өтетін болады. Яғни, олардың жалпы реттеу пәндеріне әлеуметтік аялар жатады және тек қүқықпен не тек моральмен реттеледі. Моральдық реттеудің арнайы пәндеріне достық, сүйіспеншілік, өзара көмек, т.с.с. жатады, онда қүқық реттеуші ретінде өзінің үйғарымының орындалуына сырттай бақылауды талап етеп, алдын-ала мемлекеттік мәжбүрлеуді іске асыру мүмкіндігінің пайдалынуы мүмкін емес және оған өтпеуі қажет. Дегенмен, қүқықтың реттеу аясында мораль кіргізілмеген, себебі, олар өздерінің табиғатына байланысты принципті түрде моральдық бағалауға берілмейді: олар этикалық бейтарап жағдайда. Ондай аяларға, техникалық заң нормаларының пәні жатады.

Ішкі үйымдастыру көзқарастарына байланысты сол, не болмаса басқа моральдық жүйелер түтас нормативті қүрылым бола түрып, сондай логикалық дүрыс тізілген және жеткілікті қатал қүрылымды иемденбеген (элементтер заңмен байланысты) қүқық жүйесі ретінде.

Қүқық пен мораль қүралдары мен әдістері арқылы өз нормаларын іске асыруымен ерекшеленеді. Егер қүқық, белгілі болғандай мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіндігі арқылы іске асырылса, моральдық нормалар қоғамдық пікірдің күшімен кепілденеді, мораль нормаларының бүзылуына қоғамның негативтік реакциясы қарсы әсер етеді. Сонымен бірге, моральдың табиғаты мынандай, яғни нағыз моральдық тәртіп тек сонда ғана болады, егер ол адамдардың сеніміне сай жасалса, яғни адалдықта және этикалық талаптардың қажеттілігіне сай болса және адамның тәртібін оның үяты басқарса. Моральдың «алтын тәртібі» бар: «басқа адамдарға өз керегіңе сай қатынас жаса, өйткені олар да саған сондай қатынас жасауы мүмкін».

Қүқық және мораль бір-бірімен келісімділікте. Қүқық үстемдік моральдың іске асыру нысаны. Мораль қүқыққа қарсы тәртіпті шырт мінездік ретінде мойындайды. Моральдық нормалардың шығармашылық әрекет кезінде және қүқықты іске асыру кезінде маңыздылығы көрінеді: ең алдымен, қүқық нормаларын қолдану процесінде. Қүқыққолданушы адал шешімді мінез-қүлық талап-тарына сүйенбей шығара алмайды. Сонымен қатар, мораль нормалары мен қүқықтың арасында қарама-қайшылықтың болуын үмытпау керек. Бүл олардың даму процестерімен байланысты: «алда» мораль нормалары, сол сияқты қүқық нормалары болуы мүмкін.

Ќұќыќ және дін

Дін (латынша «ге1і§іо» — қүдайшылдық, аса үлкен қүрмет көрсететін нәрсе, ерекше нәрселер) — дүниетаным және дүниені сезіну, сонымен қатар, соған саи келетін тәртш және арнаиы әрекеттер (культ), сенімге негізделген қүдайдың не қүдайлардың барлығын және оның табиғаттан да жоғарылығын мойындау. Ғалымдардың болжамдары бойынша, дін жоғарғы палеолит кезінде пайда болған, яғни (тас ғасырында) 40—50 мың жылдар кейін алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы жоғарғы даму кезеңі.

Адам баласының дамуындағы алғашқы кезеңдерде дін дүниені іс жүзінде және рух нысандары ретінде иемденгісі келді, онда адамдар-дың түсінігінде олардың табиғатқа тәуелділігі көрінді. Алғашқы кезде дін қатынасының объектісі шын мәнісінде бар нәрсе болатын, олардың жоғарғы сезімділіктегі қасиеттері болған — фетиш. Фетишизм сиқырмен байланыста болып, өмір ағымына ықпалды өз керектіріне сай бүруға үмтылды, оның барлығы неше түрлі бал ашу салттары (обрядтары) арқылы, сиқырлау, т.б. жүргізілді. Рулық қүрылымның ыдырау процесінде рулық және тайпалық діндердің орнына политеистік (политеизм — көпқүдайшылдық) ерте классикалық қоғамның діні келді. Кейінгі тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік, не үлттың үстіндегі діндер — буддизм (VI—V ғғ.), христиандар (I ғ.) және ислам (VII ғ.) пайда болды. Олар жалпы сенімдегі адамдарды этникалық, тілдік, саяси жағдайларына қарамастан біріктірді. Дүниежүзілік діндердің маңызды айырмашылық ерекшеліктеріне, оның ішінде христиан мен ислам монотеизмге (бір қүдайға ғана сенім) жатады. Біртіндеп, діни үйымдардың және діни қатынастардың жаңа нысандары — шіркеу, духовенство (клир) және миряндар пайда болды. Әрі қарай теология (қүдай туралы ілімдер) дамиды.

Маркстың түжырымдамасы бойынша, «дін сондай мөлшерде жоғалады қалай социализм дамыса». Дегенмен, «тарих көрсеткендей, діннің мемлекетпен бүзылуы қоғамды шырт мінезділіктегі тоқырауға әкеліп соқтырды және әр уақытта қүқыққа және қүқықтық тәртіпке пайда әкелмейтіндігі көрінді, себебі, аяғында қүқық және дін адамгершілік бағалылықты бекітуге және дамытуға қажет. Міне олардың бір-бірімен келісімділігі осыған байланысты» (профессор Е. А. Лукашева).

Діни ойларға байланысты діни нормалар қүрылады және олар әлеуметтік нормалардың бір түрі болып есептеледі. Дін және діни нормалар пайда болып, алғашқы мононормаларға айналады, бірақ тез арада алғашқы қауымдық қоғамның барлық реттеу тетігіне өтеді. Мононормалардың қалпында тығыз байланысып, араласып кеткен моральдық, діни, мифологиялық ойлар және тәртіптер болды, олардың мазмүндары сол кездегі адамның қиын жағдайларына сай белгіленді. Алғашқы қауымдық қ үрыл ыстың ыдырау кезеңінде мононормалар дінге, қүқыққа және моральге бөлінеді.

Қоғамның әртүрлі даму кезеңдерінде және әртүрлі қүқықтық жүйелерде қүқық пен діннің әрекеттестік деңгейі мен сипаты әртүрлі болды. Кейбір қүқықтық жүйелерде діннің және қүқық нормаларының байланысы өте тығыз еді, оларды діни қүқықтық жүйе есебіпде білуге болады. Сондай көне қүқықтық жүйелердің бірі — үндістік қүқық олармен тығыз түрде моральдық, әдеттік және діни нормалар араласып кетті. Келесі мысалға — мүсылман қүқығын алсақ, ол да діннің бір жағы ретінде исламды «шариғат» деп атайды (аудармасы — «жүретін жол»). Сонымен, діни қүқықтық жүйелер — қоғам өмірінің барлық жағын қамтитын біртүтас жалғаз діни-адамгершілік және қүқықтық реттеуші.

Феодализм кезінде Еуропада кең тараған канондық (шіркеулік) қүқық және шіркеулік юрисдикция болды. Канондық қүқық қүқық ретінде және діни қүқық жүйесі — шіркеу қүқығы, табынушы қоғамдастықтардың қүқығы, бірақ ол әр уақытта бәрін қамтитын және кемелденген жүйеге айналмаған, тек зайырлы қүқыққа қосымша ретінде әрекет жасаған, қазіргі белгілі қоғамда зайыр-лы қүқықпен қамтылмаған мәселелерді реттеуші ретінде көрінеді (шіркеулік үйымдастыру, табыну тәртіптерін басқарып, кейбір жанүялық қатынастарды шешкен, т.б.).

Буржуазиялық революция процесінде теологиялық идеология «заңды дүниетаныммен» алмасып, қүқықтың рөлі артып, бүл қоғамның біркелкі дамуын қамтамасыз ететін жасампаздықтың басы болды. Қүқық нормалары мен діни нормалардың әрекеттестік сипаты қоғамдағы әлеуметтік жүйедегі реттеушілікпен белгіленеді және діни, моральдық, қүқық нормаларының мемлекетпен байланысына сүйенеді. Мысалы, мемлекет өзінің қүқықтық нысаны арқылы діни үйымдармен байланысын және олардың белгілі қоғамдағы қүқықтық статусын белгілейді. Мысалға, Қазақстан Республикасының Консти-туциясының 19-бабы бойынша:

1. «Әркім өзінің қай үлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету — көрсетпеуге хақылы.

2. Әркімнің ана тілі мен тіл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға қүқығы бар» деп көрсетілген. Ал 5-баптың 5-ші тармағы дін туралы тағы былай бекітеді: «Шетелдік діни бірлестіктердің республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады».

Қүқықтық және діни нормалар өздерінің моральдық-адамгершілік мазмүндарына сәйкес келеді. Мысалы, «өлтірме» және «үрлама» деген сөздер адамдардың діни сізімдерін оятады. Соған байланысты еске алатын жағдай, діни нормалардың ықпал ету жағынан қарасақ, ол өте күшті тәртіпті реттеуші ретінде көрінеді. Сондықтан, олар қоғамдағы адамгершілік қүқықтық тәртіпті қолдауға, сақтауға арналған маңызды ең қажетті қүрал болып табылады.

Пысықтау сұрақтары:

1. Нормалар түрлері

2. Дін және құқық

3. Мораль және құқық





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет