Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам Мемлекет



Дата03.11.2023
өлшемі9.42 Kb.
#482323
эссе-1


Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам
Мемлекетбасқару - қамтамасыз етушілік , қорғаушылық жүзеге асыру мақсатында арнайы аппаратты иеленетін және елдің бүкіл халқы үшін өз еріктерін міндетті етуге қабілетті , жария биліктің саяси - аумақтық егеменді ұйымы ( мемлекет және құқық теориясы 2013 ж Булгакова Д. Л ).
Адам мен мемлекет егіз ұғым себебі , адам болмаса мемлекет болмас еді . Жалпы мемлекет деген тұтас бір қоғам , ал шын мәнінде адам қоғамсыз еш уақытта өмір сүрген емес . Мәселен , Робинзон Крузоны мысал етсек болады. Ол тап болған арал тропикалық болған соң ол киер киіс тоқуға , жейтін азық табуға еш қиналмады . Оның бар ойы адамдар ортасына, адамдар өмір сүретін қоғамға қосылу еді . Қоғамды аңсағааны сол тіпті сөйлеуді ұмытпас үшін тотықұстармен де тілдесуді шығарған еді . Міне адам мен қоғам байланысының айқын көрінісі .
Мемлекеттің жүрегі халық дейміз , ал халықты құрайтын ол адамдар . Адамдар топ болып біріксе ғана халық ұғымы пайда болады . Джон Рескиннің мынадай сөзі бар : «Мемлекеттің күштілігі мен қуаттылығы онда өмір сүретін жақсы адамдардың санына байланысты» . Әр адам өзін мемлекеттің бір бөлігі ретінде сезінсе , өзінің құндылығын ойға алса онда мемлекетке мол үлес қосып , алға бір табан жылжуға өз септігін тигізер еді . Мемлекет әрқашан барлығын өз күшімен жасамайды оны жасайтын ұлтына , ең бастысы өзіме пайдас тисе екен деген адамдардың арқасыы .
Біз демократиялық қоғамда өмір сүріп жатырмыз . Демек , демократия сөзінің тікелей аудармасы « халық билігі » . Жалпы алғанда , әлемде кең таралған мемлекет үлгісі ол демократиялық мемлекеттер . Халықты биліктің иесі деп мойындау - халықтың егемендігінің көрсеткіші . Халық билігі кезінде басқаруды халық , демек мемлекет адамдары заңдылығын мойындап , бақылап отырады .
Демократиялық мемлекеттің ең жақсы жағы да осы , халықты аса жоғары бағалау . Еліміздің әр азаматын бағалау , оны қазынасы ретінде қарау мемлекеттің ең жақсы , әрі ұтқыр көзқарасы .
Өз елі бар құқықты өзіне берген , заңды да өзі жасаушы елдің азаматы өз елін сүйе отырып , барынша қолдау жасауға , еңбек сіңіруге , өз елінің патриоты болуға міндетті деп ойлаймын .
Ел үмітін ер ақтар ,
Ер атағын ел сақтар , - деген халық даналығы тауып айтылған .

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет