Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру ережесiн бекiту туралы



Дата29.02.2016
өлшемі51.15 Kb.
#30088
Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру ережесiн бекiту туралы

Республикалық Бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң 2011 жылғы 31 тамыздағы № 4-НП Нормативтiк Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 16 қыркүйекте № 7189 тiркелдi


"Егемен Қазақстан" газетi 2011 жыл 8 қазан N 486-487 (26879)


      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженiң 8-тармағының 23-2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң аппарат басшысы Е.Қ.Сыздықов бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы нормативтiк қаулының мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы нормативтiк қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға                                      О. Өксiкбаев

Республикалық бюджеттiң атқарылуын
бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң
2011 жылғы 31 тамыздағы № 4-НП  
нормативтiк қаулысымен     
бекiтiлген             

Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру ережесi (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне сәйкес әзiрленген және мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары қызметкерлерiнiң (бұдан әрi – қызметкерлер) бiлiктiлiгiн артыруды ұйымдастыру мен жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды.


      2. Бақылауды тиiмдi жүзеге асыру үшiн қызметкерлердiң тиiстi кәсiби деңгейiн қолдау, сондай-ақ қызметкерлердiң бiлiмдерi мен дағдыларын арттыруға қажеттiлiктерiн қанағаттандыру бөлiгiндегi мемлекеттiк қаржылық бақылаудың «Құзыреттiлiк» стандартын сақтау мақсатында қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жүзеге асырылады.
      3. Бiлiктiлiк арттыруды:
      1) жүйелi түрде;
      2) ғылыми түрде;
      3) өз бетiнше бiлiм алумен ұштастыра отырып жүзеге асыру қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттырудың негiзгi принциптерi болып табылады.
      4. Бiлiктiлiктi арттыру қызметкерлердiң бұрын тиiстi деңгейлерде алған кәсiби бiлiмдерi мен дағдыларын ұштауды қамтамасыз етедi және бiлiктiлiктi арттыру сертификатымен расталады.

2. Бiлiктiлiктi арттырудың шарттары

      5. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi (бұдан әрi – Есеп комитетi) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ одан тыс жерде қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды тиiстi ғылыми ұйым (бұдан әрi – оқытушы ұйым) арқылы ұйымдастырады.


      6. Мемлекеттiк қызметшiлердiң шетелде бiлiктiлiгiн арттыру жағдайларын қоспағанда, сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру кемiнде 3 жылда бiр рет жүзеге асырылады.
      7. Бiлiктiлiктi арттыру бағдарламалары бақылауды жоспарлау мен бақылаудың қорытындысын шығарғанға дейiнгi оның барлық кезеңдерiнде мемлекеттiк қаржылық бақылау (аудит) жүргiзудi ұйымдастырудың бейiмделген әлемдiк және отандық тәжiрибесiн қамтиды, олар бақылаудың (аудиттiң) жекелеген үлгiлерi бойынша бiр бағытқа мамандандырылған оқу бағдарламаларын қамтуы мүмкiн.
      Бiлiктiлiктi арттыру бағдарламалары шеңберiнде ғылыми-ақпараттық алмасу бойынша iс-шаралар, мастер-класстар, тренингтер, өз бетiнше бiлiм алу, тәжiрибе жүзiнде оқу (жұмыс орнында тағылымдамадан өту) жүргiзiлуi мүмкiн.
      8. Негiзгi бiлiмдерiнiң деңгейi бiрдей немесе әр түрлi болып келетiн бiрдей немесе әр түрлi лауазымдағы қызметкерлер арасынан оқудың мақсаты мен мазмұнына қарай оқу топтарын жасақтау жүзеге асырылуы мүмкiн.
      9. Бiлiктiлiктi арттыру бағдарламасына енгiзiлген қызметкерлер тыңдаушылар болып табылады.
      Бөлiнген бюджет қаражаты шегiнде тыңдаушылардың дербес құрамын қалыптастыру Есеп комитетiнiң бiлiктiлiктi арттыру бағдарламасы басталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей мемлекеттiк қаржылық бақылаудың тиiстi органдарына жолдаған сұрауы бойынша жүзеге асырылады.
      Шетелде бiлiктiлiктi арттыру бағдарламасынан өтетiн тыңдаушыларды iрiктеу осы Ереженiң 20-23-тармақтарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      10. Бiлiктiлiктi арттыру жұмыстан қол үзбестен, қол үзiп, сондай-ақ iшiнара қол үзiп жүргiзiледi. Соңғы жағдайда қызметкерлер мемлекеттiк қаржылық бақылау органының басшысымен келiсiп, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес бiр мезгiлде оқи отырып, жұмысын толық емес жұмыс уақыты жағдайында атқара алады.
      11. Тыңдаушылардың, оқытушы ұйымның және/немесе шетелге жiберушi ұйымның құқықтары мен мiндеттерi осы Ереженiң 19-тармағында көзделген талаптар мiндеттi түрде көрсетiле отырып, тиiстi шартпен ресiмделедi.
      12. Бiлiктiлiктi арттыру бағдарламасының тақырыбы бойынша тыңдаушылардың бiлiм деңгейiн анықтау үшiн, оқу кезiнде - ағымдағы, оқу аяқталғаннан кейiн қорытынды бақылау өткiзiледi.
      Бақылау тестiлеу және әңгiмелесу түрiнде өтедi. Алынған бiлiмге қорытынды баға қою нысанын оқытушы ұйым өз бетiнше айқындайды.
      Тыңдаушының қорытынды бақылаудан өте алмауы бұдан кейiн оның бiлiктiлiгiн арттыру бойынша шаралар қолдануға, өз бетiнше бiлiм алу аясында қайта даярлауға және қорытынды бақылаудан өтпей қалғаннан кейiн алты айдың iшiнде сертификаттаудан қайта өтуiне негiз болып табылады.
      Тыңдаушының қорытынды бақылаудан қайтадан өте алмай қалуы туралы мәлiметтер мемлекеттiк қаржылық бақылау органының басшысына жiберiледi.

3. Бiлiктiлiктi арттырудың мазмұны мен мерзiмi

      13. Бiлiктiлiктi арттыру бағдарламаларын iске асыру оқытушы ұйымның жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.


      14. Оқу бағдарламаларында тыңдаушының аудиторлық жұмысына және курс бағдарламасында көрсетiлген тапсырмалар шеңберiнде өз бетiмен бiлiм алуына оқу уақыты көзделедi.
      15. Қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттырудың ұзақтығы үш күннен екi аптаға дейiн құрайды.
      16. Қорытынды бақылаудың нәтижесi бойынша бiлiктiлiктi арттыру бағдарламаларын игерген тыңдаушыларға сертификат берiледi.

4. Шетелдiк мамандарды тарта отырып шетелде бiлiктiлiктi арттыру

      17. Шетелде оқыту мемлекеттiк қаржылық бақылау (аудит) саласында бiлiм беру, ғылыми-зерттеу қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк ұйымдарда (бұдан әрi – шетелдiк ұйымдар) өткiзiледi.


      Шетелдiк жетекшi мамандарды тарту қазақстандық тарап пен шетелдiк маманның және (немесе) шетелдiк ұйымның арасында жасалатын шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      18. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк ұйымдарда бiлiктiлiгiн арттыруға мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарында кемiнде екi жыл қызмет өткерiп келе жатқан мемлекеттiк қызметшiлер жiберiледi.
      19. Шетелге оқуға жiберiлетiн тыңдаушылар бiлiктiлiктi арттыру бағдарламасы аяқталғаннан кейiн бiр жыл бойы мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары жүйесiнде жұмыс iстеуге тиiс.
      Егер тыңдаушы оқу бағдарламасынан дәлелсiз себеппен шығып қалғанда немесе осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген өз мiндеттемелерiн орындамағанда, ол өзiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға жұмсалған қаражатты толық көлемiнде қайтаруға тиiс.
      20. Шетелде бiлiктiлiктi арттыруға тыңдаушыларды iрiктеудi Есеп комитетi ашық конкурс негiзiнде жүзеге асырады.
      21. Конкурсқа қатысу үшiн Есеп комитетiне:
      1) тыңдаушыға кандидаттың өтiнiшi (еркiн нысанда);
      2) мемлекеттiк қаржылық бақылау органының бiрiншi басшысы немесе оны алмастырушы тұлға қол қойған ұсынымхат;
      3) қызметтiк тiзiм;
      4) шетелдiк ұйымдардың талаптары бойынша өзге де құжаттар (олар қажет болғанда) жiберiледi.
      22. Кандидаттарды iрiктеудi конкурстық комиссия жүзеге асырады, оның құрамын Есеп комитетiнiң Төрағасы бекiтедi.
      23. Мыналар:
      1) шетелде оқу бағдарламасы бойынша қызметкердiң мамандануы;
      2) тiлдiк бiлiмi (қажет болғанда);
      3) шетелде бiлiктiлiктi арттыруды өткеру үшiн бұрын жасалған шарт (ол болған жағдайда) талаптарын қызметкердiң сақтауы конкурстық комиссияның өткiзетiн iрiктеуiне ықпал ететiн өлшемдер болып табылады.
      24. Конкурстан өткен тыңдаушылардың қорытынды тiзiмiн Есеп комитетiнiң әдiснама мен сыртқы байланыстарға жауапты құрылымдық бөлiмшесi конкурстық комиссияның хаттамалық шешiмi негiзiнде қалыптастырады. Қорытынды тiзiмге енгiзiлген адамдар нәтижелер туралы хабардар етiледi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет