«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты



бет1/7
Дата03.07.2016
өлшемі0.8 Mb.
#173772
  1   2   3   4   5   6   7
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 7 сәуірдегі

393 қаулысымен



бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2012.17.08. № 1059 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау»

мемлекеттік қызмет стандарты

(2012.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушыда электронды цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда тағайындалған мемлекеттік арнайы жәрдемақылар туралы ақпарат алу бөлігінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.



Өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беруді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қалалық, аудандық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті ұйым бөлімшелері) және мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - орталық) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына мобильдік орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 5-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысымен бекітілген Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру ережесінің негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:



1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;

2) уәкілетті ұйымның www.gcvp.kz интернет-ресурсында;

3) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

4) орталықтардағы, уәкілетті ұйым бөлімшелерінің стенділерінде;

5) порталда орналастырылады.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны және уәкілетті ұйымның call-орталығының (1411) телефоны бойынша алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:



1) уәкілетті ұйым бөлімшесінде немесе орталықта: уәкілетті ұйым бөлімшесінің қолы қойылған қағаз жеткізгіште куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы немесе қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап;

2) порталда: мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат алу не қызмет көрсетуден бас тарту туралы мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау жөніндегі уәкілетті органның ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік арнайы жәрдемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) орталық уәкілетті ұйым бөлімшесінде мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыдан қабылданған осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттармен қоса хабарлама береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі уәкілетті ұйымның бөлімшесінде мемлекеттік қызмет алушының өтініші немесе мемлекеттік қызмет алушыдан қабылданған құжаттармен қоса хабарлама тіркелген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде.

Уәкілетті ұйымның бөлімшесі мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде алушыны немесе орталықты хабардар етеді.

порталда - мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу - уәкілетті ұйым бөлімшесінің ақпараттық жүйесіне сауал түскен сәттен бастап - 30 минуттан аспайды.

2) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін (тіркеу, талон алу кезінде) мемлекеттік қызмет алғанға дейін күтудің ең ұзақ шекті уақыты - 20 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты - 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті ұйым бөлімшелерінде: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін азаматтарды қабылдауды кезекші мамандар жүргізеді.

Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.

2) орталықта - мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электронды кезек» тәртібімен жүзеге асырылады.

Мобильді орталықтар орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады;

3) порталда - тәулік бойы.

10. Мемлекеттік қызмет мыналарда көрсетіледі:



1) тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйым бөлімшесінің жеке кіреберіс, күту залы бар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар көзделген, қажетті құжаттарды дайындау үшін орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен, ақпараттық стенділермен жабдықталған ғимаратында.

Уәкілетті ұйым бөлімшелерінің үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік талаптарына сай, күзет және өртке қарсы сигнализациямен жарақталған.

2) мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша орталықтың физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар көзделген ғимаратында. Аумақтық органдардың үй-жайларында және орталықтың ғимаратында күту залы, ақпараттың стенділер бар.

3) порталда - жеке кабинетте.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мынадай құжаттарды тапсырады:



1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке куәлігінің, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты) көшірмелері;

3) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);

4) зейнетақы және жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемелерінің арнайы шотының нөмірі туралы мәліметтер;

5) еңбек кітапшасының көшірмесі;

6) ұйымның жұмыс сипаттамасын немесе еңбек жағдайларын растайтын анықтамасы.

Ұйым таратылған жағдайда, жұмыс орны, атқарған лауазымы, кәсібі, жұмыс кезеңдері, мұрағаттық іс-қағазының нөмірі, оның парақтары көрсетілген, мөрмен және мұрағат директоры мен мұрағатшының қолдарымен расталған мұрағат анықтамасы ұсынылады.

Мұрағат құжаттары болмаған кезде жұмысының сипаттамасы немесе жұмыс жағдайлары және олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізіміне немесе Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізіміне сәйкестігі сот органдары арқылы анықталады.

Уәкілетті ұйым бөлімшесіне өтініш бергенде салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшірмелерде ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет алу үшін алушы орталық арқылы өтініш бергенде осы тармақтың 2) - 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылады.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін:



1) уәкілетті ұйым бөлімшесінде өтініш нысанын мемлекеттік қызмет үшін өтініш берген мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымның бөлімшесінде уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы береді;

2) орталықтарда бекітілген нысандағы өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ орталықтың www.con.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады;

3) портал арқылы мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау туралы ақпарат алу туралы электронды сұрау нысанын толтыру қажет.

13. Құжаттарды қабылдау тікелей:



1) мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйым бөлімшесінің ғимаратында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жауапты адамның деректері www.gcvp.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ уәкілетті ұйым бөлімшесі үй-жайларының көрнекті жерінде мемлекеттік және орыс тілінде орналастырылады.

2) орталықта «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырған кезде:



1) уәкілетті ұйымның бөлімшесіне, орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі;

2) орталыққа өтініш бергенде:

сұраудың нөмірі мен қабылдаған күні;

сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;

қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

орталықтың құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

3) портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет алушыға порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу туралы сұрауды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жолданады.

15. Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама беру тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйым бөлімшесіне немесе орталыққа алушы жеке өзі келген кезде жүзеге асырылады.



Мемлекеттік қызмет алушы қызметтің нәтижесін алу үшін белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, орталық оларды бір ай мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға тапсырады.

Алушы портал арқылы өтініш берген кезде бала тууға және (немесе) мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

16. Егер осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.



Құжаттарды қабылдаудан бас тарту кезінде орталықтың қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат береді.

Мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген кемшіліктерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздемелерде қаралады.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті ұйым бөлімшесінің қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

18. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті ұйым бөлімшесінің және орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі



 

20. Осы стандартқа 1-қосымшада уәкілетті ұйым бөлімшесі қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдемдесетін лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген.

Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны және осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағымдар мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша тікелей:



1) уәкілетті ұйым бөлімшесінің басшысына. Уәкілетті ұйым бөлімшесі басшысының азаматтарды қабылдау кестесі осы стандартқа 1-қосымшада келтірілген, сондай-ақ www.gcvp.kz интернет ресурсында орналастырылған;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөліміне;

4) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» парағы);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жолданады.

22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген уәкілетті ұйым не орталық басшысының атына, сондай-ақ мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының атына беріледі.

23. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызмет алушы қол қоюға тиіс. Шағым бергенде әрекетіне шағым жасалатын органның атауы немесе лауазымды тұлға, өтініш беру себебі және талаптары көрсетіледі.

25. Уәкілетті ұйым бөлімшесіне жазбаша шағым жазған мемлекеттік қызмет алушыға жауап алу күні және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

Шағымның қаралу нәтижесі жөнінде мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

Орталық: пошта арқылы және қолма-қол қабылданған шағымды растау оны орталықтың кеңсесінде немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында тіркеу болып табылады (мөр, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады).

Мемлекеттік қызмет алушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді.

Шағымның қаралу нәтижесі жөнінде мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

26. Уәкілетті ұйымның және оның бөлімшелерінің қызметі туралы ақпарат www.enbek.gov.kz., www.gcvp.kz интернет-ресурстарында орналастырылады, телефоны 8 (7172) 75 37 10.



Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А-үй, телефоны: 8 (7172) 94 99 95; интернет-ресурсы: http://www.con.gov.kz.

 

«Мемлекеттік арнайы



жәрдемақыларды тағайындау»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 



Уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшелері мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдарының

тізбесі

 

Ақмола облысы бойынша уәкілетті ұйым



 

Р/с №

Уәкілетті ұйым бөлімшесінің атауы

Уәкілетті ұйым бөлімшесінің орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №),электронды поштаның мекенжайы

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

 

1

2

3

4

5

 

1

Ақмола облыстық филиалы

Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі, 73 akmola@gcvp.kz  

8-71622 5-26-49

Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңымен бекітілген мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

 

2

Ақкөл аудандық бөлімшесі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 116 akmola4@gcvp.kz

8-71638 2-16-54

 

3

Астраханка аудандық бөлімшесі

Астраханка ауданы, Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесі, 49 akmola7@gcvp.kz

8-71641 2-22-66

 

4

Атбасар аудандық бөлімшесі

Атбасар ауданы, Сейфуллин көшесі, 2 а akmola1@gcvp.kz

8-71643 4-12-40

 

5

Аршалы аудандық бөлімшесі

Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 31/12 akmola17@gcvp.kz

8-71644 2-12-36

 

6

Бұланды аудандық бөлімшесі

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Бөгенбай көшесі, 21 akmola16@gcvp.kz

8-71646 2-16-34

 

7

Бурабай аудандық бөлімшесі

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Толкунова көшесі, 72 akmola15@gcvp.kz

8-71636 4-42-58

 

8

Егіндікөл аудандық бөлімшесі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 1/1 akmola5@gcvp.kz

8-71642 2-13-00

Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңымен бекітілген мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

 

9

Ерейментау аудандық бөлімшесі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Уәлиханов көшесі, 41 akmola12@gcvp.kz

8-71633 2-15-42

 

10

Есіл аудандық бөлімшесі

Есіл ауданы, Есіл қаласы, Достық көшесі, 1 akmola8@gcvp.kz

8-71647 2-19-49

 

11

Еңбекшілдер аудандық бөлімшесі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Уәлиханов көшесі, 2 akmola14@gcvp.kz

8-71639 2-18-71

 

12

Жақсы аудандық бөлімшесі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Достық көшесі, 14 akmola3@gcvp.kz

8-71635 2-17-02

 

13

Жарқайың аудандық бөлімшесі

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ғабдуллин көшесі, 102 akmola9@gcvp.kz

8-71648 9-15-53

 

14

Зеренді аудандық бөлімшесі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 48 akmola11@gcvp.kz

8-71632 2-13-79

 

15

Қорғалжын аудандық бөлімшесі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Т. Әубәкіров көшесі, 4 akmola18@gcvp.kz

8-71637 2-14-75

 

16

Сандықтау аудандық бөлімшесі

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 121 akmola10@gcvp.kz

8-71640 9-23-46

 

17

Степногор аудандық бөлімшесі

Степногор қаласы, 3-шағын аудан, 1 akmola13@gcvp.kz

8-71645 6-14-74

 

18

Шортанды аудандық бөлімшесі

Шортанды ауданы, Шортанды ауылы, Лермонтов көшесі, 16 а akmola2@gcvp.kz

8-71631 2-16-86

 

Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңымен бекітілген мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

 

19

Целиноград аудандық бөлімшесі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15 akmola6@gcvp.kz

8-71651 3-11-23

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет