Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы



Дата30.06.2016
өлшемі68.5 Kb.
#168583
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246 Заңы

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «селолық» деген сөздер тиісінше «ауыл, ауылдық», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      Осы заң халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді.

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-бапты 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      3) жиынтық табыс – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;
      3-1) кедейлiк шегi – атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгiленетiн, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы;
      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;
      5) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-бапты 5-1), 5-2) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      6) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;
      7) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      8) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      8) халықты жұмыспен қамту орталығы – жергілікті атқарушы орган жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданда, облыстық және республикалық маңызы бар қалада, астанада құратын мемлекеттік мекеме.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-бапты 9), 10) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.06.27 N 444-IV Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы



      1. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
      1-1. Кедейлік шегінің мөлшерін орталық атқарушы орган тоқсан сайын мемлекеттің экономикалық мүмкiндiктеріне қарай пайыздық мәнде орта есеппен жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы негізінде айқындайды.
      1-2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептеп шығарады.
      Бұқаралық ақпарат құралдарында:
      1) орталық атқарушы орган тоқсан сайын – кедейлік шегінің мөлшері туралы;
      2) жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын – кедейлік шегі туралы;
      3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жыл сайын республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегінен төмен кірістері бар халық үлесі туралы мәліметтерді жариялайды.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Мыналарға:
      1) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтардағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтарына;
      2) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
      Жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, ал Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан күннен бастап атаулы әлеуметтік көмек қайта қалпына келтіріледі.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-бапты 3, 4, 5 және 6-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.01.16. N 121 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.04 N 217-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.06.27 N 444-IV; 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Адам (бұдан әрі – өтініш беруші) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін өз атынан немесе отбасы атынан белгіленген үлгідегі өтінішпен және тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына, ал ауылдық жерлерде – сол сияқты кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш жасайды.
      2. Алынып тасталды - ҚР 2009.01.16 N 121 Заңымен.
      3. Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыстар туралы құжаттардың табыс етілуі арқылы расталады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап күшіне енеді), 2009.01.16 N 121, 2011.06.27 N 444-IV, 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      4-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі



      1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сома шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Уәкілетті орган, халыққа қызмет көрсету орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды тіркейді және өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы растама береді.
      Уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін оларды учаскелік комиссияларға тапсырады.
      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған жағдайда оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға береді.
      2-1. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау өтініш беруші ұсынған құжаттардың және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің, сондай-ақ учаскелік комиссия қорытындысының негізінде жүзеге асырылады.
      3. Уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар және учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдап, ол туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді, бас тартқан жағдайда - оның себебі көрсетіледі.
      4. Алынып тасталды - ҚР 2009.01.16 N 121 Заңымен.
      5. Уәкілетті орган тиісті органдардан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.
      6. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.
      Отбасының құрамына:
      1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар;
      2) интернат-үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;
      3) мерзімді әскери қызметтегі адамдар;
      4) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар кірмейді.
      Атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді.
      7. Өтініш беруші мен алушы кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің іс-әрекеттері мен уәкілетті органның және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
      8. Уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен оны төлеуді ұйымдастырудың дұрыстығы үшін жауапты болады.
      9. Уәкілетті орган халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібімен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлап отыруға міндетті.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.01.16 N 121, 2011.06.27 N 444-IV; 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      5-бап. Учаскелік комиссиялар

      1. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органдарға және кент, ауыл ауылдық округ әкімдеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметте жәрдемдеседі.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Учаскелік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттігі  немесе оның қажетсіздігі туралы қорытындылар әзірлейді.
      2. Учаскелік комиссиялар жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралуы мүмкін.
      3. Учаскелік комиссиялар өз қызметін жергілікті өкілді органдармен келісілген және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдар бекітетін учаскелік комиссиялар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
      Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережені орталық атқарушы орган бекітеді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде қорытынды дайындайды және оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді.
      5. Учаскелік комиссиялардың тексеру жүргізу үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқығы бар.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.01.16 N 121, 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      6-бап. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп


              шығару

      1. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын айқындау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.


      Тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмектен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шараларынан басқа, белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған табыстардың барлық түрлері отбасының жиынтық табысына енгізіледі.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындауға құқылы.
      Жиынтық табысты есептеу тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
      2. Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.01.16 N 121, 2011.06.27 N 444-IV; 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-бап. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау

      1. Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептейді.
      2. Атаулы әлеуметтік көмекті алушы уәкілетті органды, ал ауылдық жерлерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкімін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болатын немесе оны алуға құқық беретін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
      3. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі.
      Алушы атаулы әлеуметтік көмектің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған кезде көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап қайта есептеледі, бірақ ол тағайындалған күннен ерте есептелмейді, ал өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер бергені анықталған жағдайда адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмекті ол тағайындалған кезеңге төлеу тоқтатылады.
      Артық төленген сомалар өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу осы Заңға сәйкес орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.01.16 N 121, 2011.06.27 N 444-IV; 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      8-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен


              төлеудің дұрыстығын бақылау

      Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау тиісті бюджеттің атқарылуын бақылау шегінде жүзеге асырылады.

      9-бап.
      Ескерту. 9-бап алып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Президенті


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет