«мемлекеттік басқарудың теориясы және практикасы»



бет1/7
Дата20.06.2016
өлшемі476.5 Kb.
#149108
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-17-2.1.003/03 -2014

ПОӘК

«Мемлекеттік басқарудың теориясы және практикасы» пәнінен оқу-әдістемелік материалдары



Басылым № 1

11.09.2014 ж.




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАСЫ»

6М051000 - «МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ» мамандығы

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

Семей – 2014

МАЗМҰНЫ
1.Глоссарий

2.Дәрістер

3.Практикалық сабақтар

4.Магистранттардың өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ

Аралас экономика – мемлекеттік ұлттық шаруашылығының белгілі бір бөлігі және секторы үкімет мекемелеріне немесе мемлекеттік өкіметтің жергілікті органдарына тиесілі және солар басқаратын, оның басқа бір бөлігі жеке азаматтарға немесе ұжымға тиесілі және солар басқаратаын экономика.

Бақылау – нақты заңдарда,нұсқауларда, ережелерде, шарттарда, келісімдерде көзделген қажетті жай күйге келуін тексеру мақсатымен субьектінің қызметін басқару жүйесінің, процесстің құрамдас бөлігі.

Басқару құрылымы – бұл өзара тұрақты қарым-қатынаста болатын және қызмет етумен қамтамасыз ететін өзара байланысқан элементтердің жиынтығы.

Басқарудың әкімшілік әдістері – бірлескен қызмет барысында міндетті түрде орындалуға тиіс нормативтік актілер, директивалар, бұйрықтар, нұсқаулар мен өкілдер, басқа да жарлықтар арқылы адамдардың қатынасына ықпал ету құралдарының жиынтығы.

Басқарудың экономикалық әдісі – қызметкердің материалдық мүдделеріне ықпал ету үшін обьективтік заңдылықтар мен сипаттарды сапалы түрде пайдалануға негізделген басқаоу әдістерінің тобы.

Басқарушылық инфрақұрылым – басқару процессін қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелердің, олардың бөлімдерінің жүйесі.

Басқарушылық шешімдер – басқару органдарының басқару обьектісіне нысаналы түрде ықпал жасауының негізгі элементі, іс әрекеттің мақсатын тұжырымдау, оны іске асыру.

Құқықтық мемлекет – демократиялық мемлекет, онда құық пен заңның, барлық адамдардың заң және тәуелсіз ел алдында теңдігі қамтамасыз етіледі, бүкіл билікті ұйымдасытру, оны бөлуге негізделеді.

Мемлекеттік аппарат – мемлекеттік билік пен мемлекеттің қызметтерін жүзеге асыратын органдар жүйесі.

Мемлекеттік басқарудың құқықтық органдары – құықтық нысанда экономиканы тура және жанама басқаруға қатыса отырып, заңдық және нормативтік актілердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік реттеу – үкіметтің экономикалық қызметті өзгертетін немесе бақылайтын ережелері мен заңдары.

Өкілдік ықпал ету – басқару серпінін көрсетеді және межелі бағдарламаны қолдау, ауытқуға жол бермеу, басқару органдарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатымен басқарудың жекелеген бөліктерін немесе бүкіл жүйесін өзгерту.

Траст – сенім қоры, сенімділік, яғни мүлікті бағалы қағазды, кәсіпорындарды, фирмаларды сенімгерлік жолмен басқару өкілділігінің формасы.

Уәкілетті орган – мемлекеттік құрылыстың түрлі салаларында мемлекеттік саясат жүргізу үшін үкімет айқындайтын орган.

Ұйымдық ықпал ету – міндеттерді дәл бөлуде, басшылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеуде, басқарудағы негізгі қағидаларды тәптіштеу.
2 ДӘРІСТЕР
Модуль 1 Мемлекеттің мәні және басқарудың теориялык-әдістемелік негіздері

Дәріс №1. Мемлекеттік басқарудың теориялық астары

  1. Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері

  2. Мемлекеттің мәні мен негізгі сипаттамалары

  3. Мемлекеттік басқарудың теориялық астары

Мемлекет түсінігін анықтау барысында біркелкі қоғамдық құбылыстарды әр адамның әрқилы қабылдау мүмкіндігін білдіретін субъективті сипатын ғана емес, сонымен қатар олардың объективті жағдайларын да ескерген жөн. Бұл жерде сөз, ең алдымен, құбылыс ретіндегі мемлекеттің күрделілігі мен көпқырлылығы және соған сәйкес оның түсінігін анықтау варианттарының көптігі туралы болып отыр. Осыған байланысты белгілі австриялық заңгер Г.Кельзен: « мемлекет түсінігн анықтаудағы қиыншылықтар аталмыш терминмен көптеген әр түрлі нысандар мен құбылыстар белгіленетіндіктен одан сайын күрделене түседі» деп атап өтеді.

Жалпы алғанда мемлекет түсінігінің өзі кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынада мемлекет деп қоғамның өзін немесе оның қандай да бір ерекше нысанын айтады. Ал тар мағынасында мемлекетке басқару органдары немесе субъектілері, ұлттар, белгілі бір елдің халқы тұрып жатқан аумақ жатқызылады.

Қазіргі заманғы мемлекеттануда мемлекет түсінігі жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастар қалыптасып, олар оны бірнеше мағынада, атап айтқанда, заңдық, әлеуметтік, нормативтік және органикалық мағынада қарастырады. Заңдық көзқарас тұрғысынан мемлекет заңды тұлға, « құқықтық феномен», ерекше корпорация ретінде қарастырылып, басқа корпорациялардан тек ұлт немесе ел масштабында белгіленген құқықтық тәртіппен ерекшеленеді. Осыған сәйкес мемлекет мәселелері белгілі жағдайда ұлттық құқықтық тәртіп мәселелері ретінде қарастырылып, адамдардың дұрыс іс әрекетін және тәртібін бейнелейтін құқықтық тәртіп ретінде анықталады.

Мемлекет пен құқық арасындағы қатынастар жеке адам мен құқық арақатынасы сияқты бірге қарастырылуы тиіс деп ұйғарылады. Бұл Кельзеннің ойы бойынша мемлекет құқықты шығаруы мен бекітуіне қарамастан, жеке тұлға ретінде өзінің тәртібі мен іс әрекетінде құқықпен байланысты болу қажет екендігін білдіреді.

Мемлекеттің мәні, адамдар өміріндегі оның орны мен рөлі жөнінде өткен ғасырда либералдар мен этатистер арасында туындаған пікірталас жалғасын табуда. Мемлекетті бұрынғыдай күштеу машинасы, қысым көрсету құралы ретінде біржақты түсіндіру әлі де болса сақталуда. Қазіргі кезде мемлекет көбінесе қолында билігі бар саяси күштердің немесе тұлғалардың меншігі ретінде қарастырылады. Кейбір мемлекеттанушы ғалымдар мемлекетті әрбір адамға қайырым жасауға міндетті, жалпыға бірдей игілікті қамтамасыз ететін құрылым ретінде сипаттайды.

Мемлекет көптеген ғылыми пәндермен: мемлекет және құқық теориясымен, әкімшілік құқық, саясаттану, әлеуметтік басқару ғылымымен зерделенетін көпқырлы құбылыс.Әрбір ғылым мемлекеттік басқару органдарының қызметінің белгілі бір аспектсін,олардың құрылымын, мазмұнын ,бағытталуын зерттейді.

Мемлекет қызметінің маңызды бағыты адамдардың қоғамдық өмірін басқару. Ал адамдардың қоғамдық өмірі мемлекеттік басқару теориясының объектісі мен зерттеу заты болып табылады. Сондықтан да мемлекетті әрбір адам қоғам нысаны ретінде қарастырады. Ол адамдардың қоғамдық қатынастар жүйесімен байланысты, олардың сана сезіміне, тәртібіне және қызметіне қатысады, белгілі бір аумақта өмірді, оның ішінде экономикалық өмірді ұйымдастыруға әсер етеді. Мемлекет мемлекеттік шекарамен белгіленген аумақта өмір сүретін адамдарды біріктіреді және олардың өзара іс әрекетін қамтамасыз етеді. Мемлекет, қысқаша айтқанда, адамдардың аумақтық ұйымдастырылуының белгілі бір тәртіптік жүйесі. Осыған сәйкес, біріншіден, ру тайпалық қарым қатынастар қоғамдық қатынастармен ауыстырылады. Екіншіден, әр түрлі адамдардың ұлттық, діни және әлеуметтік белгілеріне қатысты бейтарап құрылым қалыптасады. Тарихи түрде мемлекет адамдардың жаңа қауымдастығын құрады.

Мемлекеттің мәні, сонымен қатар, өз мақсаттары мен қызметтерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін өзінің аппаратын – ортақ қажеттіліктерді, мүдделерді, мақсаттарды, айқындаумен және қоғамның мемлекеттік құқықтық нормаларын әзірлеумен кәсіби айналысатан адамдар тобын белгілі бір жағдайда ұйымдастырып, оларды қолдайтындығында. Бұл аппараттың күрделі құрылымы мен жан жақты бағытталған қызметі болуға тиісті. Оның бір бөлігі заң


Мемлекет қоғамның ажырағысыз бөлігі болғандықтан барлык дерлік гуманитарлық ғылымдар мемлекеттік басқару мәселелерін қарастырады. Сол сияқты мемлекеттік басқару ісінде де және ол туралы ғылымды қалыптастыру процесінде де басқа да гуманитарлық емес ғылымдардың әдістері мен мәліметтері қолданылады. Бірақ ғылымның әр саласы мемлекеттік басқару мәселесін өзінің зерттеу тұрғысынан қарастырады.

Мемлекеттік басқару теориясының пәні - қоғамды басқарудың саяси-құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси-құқыктық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесідей ұғымдарды жатқызамыз: мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі ретіндегі мемлекет (мемлекеттік орган, аппарат, мекеме), мемлекеттік басқару объектісі (әлеуметтік топтар, қоғамдық процестер, әлеуметтік институттар); мемлекеттік билік ( саяси, әкімшілік, экономикалық және т.б.); басқарушылық қызмет (саяси жетекшілік, әкімшілік басқару, нормативті-құқықтық реттеу); басқарудағы қатынастар (ұйымдық-экономикалық, әлеуметтік-саяси, нормативтік-құқықтық);

- атқарымдық қызмет процесі ретінде мемлекеттік басқаруды бейнелейтін ұғымдар: мемлекеттік басқару қызметі, басқару зандылығы мен қағидалары, басқару ісінің нысаны, әдістері, құралдары, стилі;

- басқару процесінің негізгі элементтері мен кезендерін бейнелейтін ұғымдар: мақсатты тұжырымдау, саяси стра­тегия, мемлекеттік шешімдер мен қабылданған шешімдер;

- басқару қызметі мен қатынастардың қозғаушы күштерін және оларды шектейтін факторларды сипаттайтын ұғымдар: ұлттық-мемлекеттік мүдделер, әлеуметтік топтар, саяси мүдделер, жалпы ұлттық және топтық құндылықтар;

- тұтастай мемлекеттік басқаруды сипаттайтын ұғымдар: мемлекеттік билік (үш тармақ), басқару мен билік субъектілерінің деңгейі; билікті орталықтандыру жэне орталықсыздандыру және басқару;

- мемлекеттік басқару жүзеге асырылатын сыртқы ортаны сипаттайтын ұғымдар: әлеуметтік, саяси, құқықтық, экономикалық және басқа кеңістіктер. Мемлекеттік басқару теориясында философиялық-әлеуметтік және басқа жалпы теориялық түсініктер, ең алдымен әлеуметтік басқару ғылымының түсініктері қолданылады.

Ғылыми әдебиеттерде басқару әр түрлі белгілері бойынша бірнеше түрге бөлінеді: қоғамдық өмірдегі салаларға байланысты: тұтас қоғамды басқару, экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, саяси басқару, рухани-идеологиялық басқару.

Қоғамдық қатынастардың құрылымына байланысты: қоғамның экономикалық (тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы байланыс), әлеуметтік (білім беру, денсаулық сақтау салаларының қызметін пайдалану барысында туындайтын қатынастар), саяси және рухани дамуын басқару.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007

2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007

3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2011


Дәріс №2. Басқарудағы жүйелілік көзқарас, басқару функциялары мен құрылымы

  1. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі

  2. Мемлекеттік басқару теориясының әдістемелік негізі


Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу - мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ тәрізді: басқару субъектісі - мемлекет, ал объектісі - қоғам. Бірақ бұлай қорытынды жасау асығыстық. Осы жерде мемлекет деген түсінікті анықтап алу қажет (өйткені мемлекет үғымына әр түрлі анықтама беруге болады): субъект ретінде біз мемлекетті немесе адамдардың саяси одағын қарастырамыз ба, әлде саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті қарастырамыз ба? деген орынды сұрақ туындайды. Соңғысын, яғни саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті біз басқару субъектісі ретінде қарастырамыз.

Жалпы, «кім басқаруға тиіс» деген сұрақ ежелден келе жатыр. Бұл сұрақты ертедегі грек философы Платон қойған. Демократияны жақтаушылар халық басқаруға тиіс деп санаса, элитарлық демократияның өкілдері басқару міндетін жүзеге асыру үшін арнайы дайындықтан өткен элитаны басқару субъектісі деп білді. Авторитарлық режимді қорғаушылар мемлекет пен қоғамды тандаулы тұлғалар көсемдер мен лидерлер басқару керек деп есептейді.

Мемлекеттік басқару теориясында субъект түсінігі біржақты емес. Сондықтан саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі, лауазымды қызмет субъектісі түсініктерін ажыратып алу керек. Оларды ажырату шарттары мынадай: мемлекеттік билікке қатысына қарай және басқару функциясын жүзеге асыру сипатына қарай.

Саясат субъектісі деп мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылатын және тікелей немесе өкілдері (мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары) арқылы өзінің билігін жүзеге асыра отырып, мемлекет пен қоғамды басқаруға катысатын субъектіні айтамыз. Оған халық, оны құрайтын әлеуметтік топтар (халықтың көрнекті өкілдері, еңбек үжымдары, қоғамдық-саяси ұйымдар және тағы басқа қоғамдық бірлестіктер) жатады. Олар тікелей немесе өз өкілдері арқылы маңызды саяси мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысады. Билік құрылымдарының өкілдерін сайлау және референдум - осындай шешім қабылдаудың негізгі процедуралары болып табылады.

Мемлекеттік басқару субъектісі - билікті жүзеге асыруға және қоғамдық процестер мен мемлекеттің жеке қызметін тікелей басқаруға конституциялық өкілеттігі бар мемлекеттік билік органдары. Билік күші мен заңда бейнеленген қоғамның еркіне сүйене отырып, олар әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік шешімдерді әзірлейді және қабылдайды, олардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен бірлестіктер мемлекеттік басқару субъектісі құрамында бола отырып, мемлекеттік институттар жүзеге асыратын болжамдар мен шешімдер жобасын, саяси бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Көптеген негіздемелер бойынша бөлінетін саяси басшылық пен әкімшілік басқару институттары мемлекеттік басқару субъектілері болып табылады.

Мемлекеттік басқару субъектілері: 1)мемлекеттік билік түрі бойынша, 2) билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне карай, 3)қызмет саласына қарай, 4) басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, 5) құрамына қарай бөлінеді.

Мемлекеттік билік түрі бойынша - бұл заң шығарушы, атқарушы және сот билігі субъектілері. Олардың әрқайсысы басқару жүйесінде белгілі бір функцияларды орындайды. Өкілетті органдардың зандарды әзірлеуі мен қабылдауы мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі функциялардың бірі. Заң мемлекеттік билік құралы және қоғамдық қызмет пен қоғам мүшелерінің арасындағы, олардың мемлекетпен өзара қарым-қатынастарын формальды реттеуші. Зандардың әрекетгілігі оның орындалуында. Атқарушы билік субъектісі билік жүргізу функциясын басқарушылық іс-әрекетпен үйлестіреді. Мысалы :Үкімет зандарды орындауға, сонымен қатар накты, қоғамдық маңызды қызмет түрлерін жоспарлауға, шешімдерді жүзеге асыруға, олардың орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға міндетті. Оның құрамына билік құрылымдарымен қатар шаруашылық қызметті, халыққа білім беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды, мәдениетті және тағы басқа салаларға әкімшілік басқару мен саяси жетекшілік ететін органдар кіреді.

Сот билігі субъектісі басқару процесінің ажырамас элементі болып табылатын сотта іс жүргізу арқылы әділ сот функциясын жүзеге асырады.

Билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай: орталық, аймақтық және жергілікті басқару органдары болып бөлінеді. Олардың өзара қарым-қатынастары қызмет саласы мен өкілеттігінің, яғни билік жүргізу мен басқару әрекеттерін жүзеге асыруға қатысты құқықтары мен қызметтеріне байланысты анықталады.

Мемлекеттік басқару теориясының әдістемелік негізін әдістеме түсінігін қарастырудан бастаған жон. Себебі ол тек ғылыми танымның жиынтығын ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-философиялық, саясаттану және басқа да жалпығылымдық қағидалардың жәе оларды негіздейтін теориялардың жиынтығы. Әдістеме бұл таным процесінің негізгі бастамасы және әлеуметтік процестерді ғылыми тану барысында нақты әдіс-тәсілдермен бірге іс жүзінде қолданылатын жалпытеориялық талаптардың жүйесі.

Қазіргі саяси ғылымда нақты саяси жағдайды талдаудың әр түрлі әдістемелік тұжырымдамалары бар. Мемлекеттік басқарудың отандық әдебиеттерінде де тұжырымдамалардың әр алуандығы орын алады. Олардың ішінен жалпыфилософиялық диалектикалық-материалистік әдістемені, талдаудың жүйелік және құрылымдық-функционалдық, кибернетикалық әдістері сиякты саяси-әлеуметтік түрлерін атап өтуге болады. Аталмыш әдістемелер дүниетанымдық негіздерінің сәйкес келмеуіне қарамастан нақты дүниені әр қырынан және әр алуан ғылыми-танымдық көзқарастар тұрғысынан болса да біршама объективті бейнелеуге бағытталған. Саяси-әлеуметтік өмірді объективті тұрғыдан түсіндіруге ұмтылыс жасау берілген әдістемелік тұжырымдамаларды өзара байланыста, кешенді түрде қарастыруға мүкіндік береді.

Отандық және шетелдік ғалымдар басқару қағидаларын жүйелеу мен жіктеуге әр түрлі көзқарастар білдіреді. Олар мемлекеттік басқарудың ерекшелігін ескере отырып басқару қағидаларының жүйесін үш топқа бөледі: 1) жалпы ортақ қағидалар: жүйелілік, объективтілік, өзін-өзі реттеу, кері байланыс,оңтайлылық, ақпараттық жеткіліктілік, демократизм, жариялылық, құқықтық реттілік (заңға сәйкес келу); 2) қоғамның түрлі салаларында (экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани) және әр түрлі қоғамдық құбылыстарды, ұйымдарды, институттарды талдау барысында қолданылатын жекелеген қағидалар; 3) мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-технологиялык жақтарын қарастыратын ұйымдастырушылық-технологиялық қағидалар.Бұл «жіктеу» соңғы емес. Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқару кағидалары жүйесінің көптеген түрі келтірілген, олар шектеулі емес. Сондықтан мемлекеттік басқару тәжірибесінде қолданылатын барлық қағидаларды қамту мүмкін емес. Осыған байланысты мемлекеттік басқару ісінде барынша маңызды болып табылатын қағидаларға ғана тоқталғанды жөн санаймыз.

Мемлекеттік басқарудың объективтілік қағидасы бастапқы болып табылады және барлық басқарушылық процестерде объективті зандалықтарды, қоғамдық күштердің нақты мүмкіндіктерін ескеруді көздейді. Яғни қойылған мақсаттар мен оларға жету мүмкіндіктерінің шамалас болуы. Бұл қағида мемлекеттік басқару жүйесінің: а) қоғамның ең алдымен, басқарылатын объектілердің сипатына, даму деңгейіне және заңдылықтарына, ә)белгілі тарихи уақыт аралығындағы қойылатын және қол жеткізілетін қоғамдық мақсаттарға, б) басқару барысында қолданылатын құралдар мен қорларға, в) жүйелі қоғамдық құбылыс ретіндегі басқарудың қызмет ету мен даму заңдылықтарына байланыстылығын білдіреді.

Объективтілік қағидасы сонымен қатар мақсаттарды жүзеге асырумен, объективтік жағдайлармен және қоғамның субъективті факторымен байланысты болатын мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, оның қызмет ету және даму зандылықтарының, қатынастарының өзара байланыстарының кең ауқымын бейнелейді. Әдетте табиғи және қоғамдық зандылықтардан субъективтік, волюнтаристік ауытқулар нәтижесінде бұл қағиданың басшылыққа алынбауы қоғам өмірін көптеген шығындарға алып келеді, оның күш-қуатын негізделмеген немесе теріс бағытқа бағыттайды, дамуына кедергі жасайды, мемлекеттік-басқарушылық ықпалдарды адамдардың оң қабылдай алмауын тудырады.

Аталған мемлекеттік басқару қағидаларын сипаттау күрделі интеллектуалдық мәселе болып табылады. Ал оларды тиімді қолдану теория жүзіндегі зандылықтарды мемлекеттік билік органдарының қызметтерінде нақты іске асыруына байланысты. Оның келесідей алғы шарттары бар: біріншіден, мемлекеттік басқару заңдылықтарын субъектіге қойылатын талаптарды, қоғамдық өзгерістерді ескере отырып, тұрақты әрі түбегейлі зерттеу; екіншіден, мемлекеттік басқару қағидаларын колдану механизмін үнемі жетілдіріп, теория мен практиканы сәйкестендіру; үшіншіден, мемлекеттік басқару қағидаларын қолдануды қамтамасыз ететін ынталандыру, кепілдік беру жүйесін Калыптастыру, яғни нормативтік жағынан қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқару қағидаларын тиімді қолдану үшін әрбір қағиданы жеке қолдану мәселесін, жекелеген қағидаларды ерекше қолдану шартын, тұастай қағидалар жүйесін жалпылай ортақ қолдану шартын айқындау қажет. Қағидалардың тиімділігі ең алдымен объекті мен субъекті арасындағы тәуелділікке байланысты. Мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдары қағидалар жүйесінің талаптарына қаншалықты сай болса, мемлекеттік басқару нәтижелері де соншалықты әлеуметтік жағынан тиімді болады. Сондықтан мемлекеттік басқару қағидасын тиімді қолданудың басты шарты мемлекеттік басқару жүйелілігіне, ол арқылы қоғмдық өмірдің кешенділігіне және ұйымдастыру ісіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет