Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог



бет6/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#125013
1   2   3   4   5   6   7   8
Ескертпелер:

1. Балалық шақ үйлерінде қосымша невропатолог дәрігері, физиокабинет медбикесі, патронаждық бикесі, емдәмбикесі, аға медбике, емдік дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы, массаж жасаушы, сондай-ақ қажет болған жағдайда медбике лауазымының штат бірліктері қосымша енгізіледі.

2. Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тіс дәрігері, физиотерапия жөніндегі медбике және емдік дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы лауазымдары 150-ге дейін тәрбиеленушілер болған жағдайда 0,5 штат бірлігі және 150 және одан астам тәрбиеленуші болған жағдайда 1 штат бірлігі есебінен белгіленеді.

3. Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиешілер лауазымдары штат бірліктерінің саны (мектепке дейінгі жастағы балалар топтарында тәрбиешілердің көмекшілері лауазымдарының штат бірліктері қосымша белгіленеді) тәрбиеленушілердің әрбір тобына (отбасына) тәрбиешілердің түнгі уақыттағы кезекшілігін, демалыс, мереке кезеңіндегі ауыстыруды, сондай-ақ апталық жүктемені және ұйымдағы жұмыс режимін ескере отырып белгіленеді.

4. Аталған ұйымдарда есту, сөйлеу, көру, ойлау қабілеттері бұзылған балалар (көру қабілеті нашарлаған балалардан басқа) болған кезде дефектолог мұғалім лауазымы есту, сөйлеу, көру, ойлау қабілеті бұзылған балалардың әрбір тобына, логопед мұғалім лауазымы сөйлеу қабілеті өте нашар (алалия, дизартия, ринолалия, афазия, тұтығу) 12 баладан тұратын әрбір топқа немесе фонетикалық сөйлеу құрылымы бұзылған 15 баладан тұратын әрбір топқа штат бірлігі белгіленеді.

5. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда үйірмелік, еңбек, спорт және емдеу іс-шаралары өткізілуіне қарай музыка жетекшісі, қосымша білім беру педагогы, сондай-ақ дене шынықтыру мен еңбекке баулу жөніндегі нұсқаушы лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.

6. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда жер учаскесі мен қосалқы шаруашылығы болған кезде бейін бойынша мамандардың штат бірліктері (агроном, зоотехник т.б.) қосымша енгізіледі.

7. Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың жанында жалпы білім беретін мектеп, балалар үйінен шеткері орналасқан өзінің демалыс аймағы болған жағдайда қосымша штат бірліктері тиісті білім беру ұйымдарының үлгі штаттарына сәйкес белгіленеді.

 

6. Қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары

 

Спорт мектептері

 


Лауазымдардың атауы

Топ санына қарай штат бірліктерінің

саны

35-тен көп болса

26-дан 35-ке дейін болса

25-ке дейін болса

Директор

1

1

1

Директордың оқу

жұмысы жөніндегі орынбасары

1

1

1

Директордың шаруа-

шылық жұмысы

жөніндегі орынбасары

1

 

 

Шаруашылық меңгерушісі

-

1

1

Дәрігер

1

1

1

Хатшы (іс қағаздарды жүргізуші)

1

1

0,5

Бухгалтер

1

0,5

0,5

Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы

2

1,5

1

Жабдықтар жөніндегі техник

1

1

1

Күзетші

3

3

3

Вахтер, әр ғимаратқа

1

1

1

 

Ескертпелер:

1. Спорт мектептеріндегі әдістемеші-нұсқаушы лауазымы штат бірліктерінің саны спорт түрлері бойынша бөлімшелерінің санына қарай белгіленеді.

2. Оқу-жаттығу процесіне қызмет көрсету, спорттық мүкәммал мен жабдықтарды жөндеу жөнінде қызмет көрсететін механик лауазымының штат бірліктері спорт құрылыстарының санаттары мен спорт түрлері ескеріле отырып белгіленеді.

3. Балалар-жасөспірімдердің спорт олимпиадалық резерв мектептері қызметкерлерінің үлгі штаттары топтар саны 35-тен асатын спорт мектептерінің штат бірліктеріне сәйкес белгіленеді.

 

Балалардың музыкалық, көркемөнер, өнер мектептері

 


Лауазымдар-

дың атауы

Оқушылар санына қарай штат

бірліктерінің саны

50-ге дейін

51-100

101-250

251-500

500-ден аса

Директор

-

1  

1

1

1

Директордың оқу

жұмысы жөніндегі орынбасары

-

-

1

1

1

Директордың тәрбие

жұмысы жөніндегі

орынбасары

-

-

1

1

1

Бас бухгалтер

-

1

1

1

1

Бухгалтер

1

1

1

1

1

Кітапханашы

0,5

0,5

1

1

1

Музыкалық аспаптар-

дың құлақ күйін келтіріп жөндеуші

25 клавиштік аспапқа бір штат бірлігі

Хатшы (іс қағаздар-

ды жүргізуші)

1

1

1

1

1

Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы

1,5

1,5

2

2

2

Күзетші

3

3

3

3

3

Вахтер, әр ғимаратқа

 1









 

Ескертпелер:

 

1. Оқушылардың саны 50-ге дейінгі музыка, көркемөнер, өнер мектептерінде директор лауазымының штат бірлігі белгіленбейді. Мектепке басшылық жасағаны үшін педагогтардың біреуіне оның лауазымды қоса атқарғаны үшін немесе лауазымдық міндеттерінің кеңейгені үшін лауазымдық жалақысы арттырылады.



2. Осы ұйымдардың филиалдары болған кезде оқушылар саны 50-ден 200-ге дейін болса 0,5 штат бірлігі бар филиал меңгерушісінің лауазымы, ал саны 200 оқушыдан асса - 1 штат бірлігі белгіленеді. Оқушылар саны 50-ге дейін филиалдарда филиал меңгерушісінің лауазымы белгіленбейді.

3. Өнердің бірнеше түрімен (музыкалық, көркемөнер, хореографиялық) қатар жұмыс істейтін осы ұйымдарда бейіні бойынша директордың орынбасары лауазымының штат бірлігі оқытудың әр түрі бойынша жеке белгіленуі мүмкін.

4. Костюмер лауазымының штат бірлігі көрсетілген ұйымдарда хор, хореография, театр немесе драма ұжымдары болған кезде енгізіледі.

 

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының сарайлары,

кешендері, студиялары, үйлері, орталықтары

 


Лауазымдардың атауы

Штаттық бірліктерінің саны

Директор

1

Директордың оқу-тәрбие

жұмысы жөніндегі орынбасары

1

Шаруашылық меңгерушісі

1

Бұқаралық бөлімінің меңгерушісі

1

Әдістемелік бөлімінің меңгерушісі

1

Педагог-психолог

1

Бухгалтер

1

Хатшы 

1

Безендіруші-суретші

1

Музыкалық аспаптардың құлақ күйін келтіруші - 25 клавиштік аспапқа 1 лауазым

Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа)

1

Күзетші

3

Вахтер, әр ғимаратқа

1

 

Ескертпелер:

1. Балалар мен жасөспірім шығармашылық сарайларында, үйлерінде, орталықтарында, кешендерінде, студияларында ән және би ансамблі, хореографиялық ұжымы, хор ұжымы және қатысушыларының саны кемінде 90 адам болған жағдайда ансамбльдің көркемдік жетекшісі, балетмейстер, хормейстер лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.

2. Осы ұйымдарда оркестрдің дирижері лауазымының штат бірлігі оркестрде кемінде 50 адам болған кезде белгіленеді.

3. Осы ұйымдарда хор, хореография, театр немесе драма ұжымы болған жағдайда костюмер лауазымының штат бірлігі енгізіледі.

4. Осы ұйымдарда кемінде 3 мың дана кітап қоры болған кезде кітапханашы лауазымының штат бірлігі енгізіледі.

5. Осы ұйымдарда киноқондырғысы және кемінде 250 орындық көрермен залы, жабдықталған сахнасы болған кезде киномеханик лауазымының 0,5 штат бірлігі, жарық түсіруші мен сахна машинисі 0,5 штат бірліктен белгіленеді.

 

Жас техниктер, туристер, натуралистер станциялары



мен базалары

 

Лауазымдардың атауы

Штаттық бірліктерінің саны

Директор

1

Директордың әдістемелік

жұмысы жөніндегі орынбасары

1

Қойма (шаруашылық

меңгерушісі)

1

Бөлім меңгерушілері (бір бейіндегі 10 үйірме болған жағдайда - 1 штат бірлігі)

Бухгалтер

1

Хатшы (іс қағаздарын

жүргізуші) 

1

Ғимараттарға кешенді

қызмет көрсететін және

жөндейтін жұмысшы (әрбір

ғимаратқа)

1

Күзетші

3

Вахтер, әр ғимаратқа

1

 

Ескертпелер:

1. Осы мектептен тыс ұйымдар, жалақы қоры бағдарламалар әкімшілері бекітетін бюджеттік қаржы шегінде, қосымша білім беру педагогтарды, ұйымдастырушы педагогтарды, әдіскерлерді жұмысқа тарта алады.

2. Осы ұйымдарда сорғы стансасы болған кезде сорғы техникасына қызмет көрсету технигі лауазымының штат бірлігі енгізіледі.

3. Осы ұйымдарда бір немесе бірнеше шеберхана болған кезде шебер лауазымының штат бірлігі енгізіледі.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет