Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог



жүктеу 1.2 Mb.
бет8/8
Дата09.06.2016
өлшемі1.2 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
қаулысымен

бекітілген

 

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар



лауазымдарының тізбесі

 

1. Педагог қызметкерлердің лауазымы

 

Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері;



Жалпы білім беретін, жоғары техникалық мектептің, кәсіптік мектептердің, лицейдің, гимназияның, колледждің, училищенің, мектеп-балабақша кешенінің, арнайы түзету ұйымдары мен барлық түрдегі және үлгідегі интернаттық ұйымдардың директоры (бастығы, меңгерушісі);

Балалар үйі, сәбилер үйі, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйі-интернаты, балалар мен жас өспірімдерге арналған әлеуметтік панахана, кәмелетке толмаған балаларға арналған әлеуметтік-оңалту орталығының директоры (меңгерушісі);

Басшы қызметкерлер мен мамандар біліктілігін көтеретін және қайта даярлайтын институттың директоры;

Училище (мектеп, мектеп-интернат) директоры (бастығы);

Жоғары (әскери) оқу орнының ректоры (бастығы);

Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;

Шығармашылық шеберхананың жетекшісі (білім беру ұйымдарында);

Дене тәрбиесінің жетекшісі (білім беру ұйымдарында);

Алғашқы әскери даярлық жетекшісі, оқытушы-ұйымдастырушысы (оқу орнындағы әскери жетекші);

Жоғары (әскери) оқу орнының оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс, тәрбие, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры (бастықтың орынбасары);

Жоғары оқу орнының кафедра меңгерушісі, әскери кафедра бастығы;

Жалпы орта білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім, қосымша білім берудің басқа да ұйымдарындағы директордың (бастықтың) ғылыми, оқу ісі, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары, мектептердің, мектеп-интернаттардың жұмыстары жөніндегі орынбасары;

Басшы қызметкерлер мен мамандар біліктілігін көтеретін және қайта даярлайтын институт директорының ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары;

Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын білім беру ұйымдарының бөлім меңгерушісі;

Оқытушылық қызметпен тікелей айналысатын профессор, доцент;

Әлеуметтік педагог;

Педагог-ұйымдастырушы;

Қосымша білім педагогы;

Тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (оқу орындарындағы тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім);

Педагог-психолог;

Кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог);

Аға оқытушы, оқытушы;

Аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында);

Оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы;

Балалардың мектепке дейінгі ұйымының музыкалық жетекшісі;

Оқу орнының, оқу-тәрбие, оқу-сауықтыру ұйымының аға тәлімгері;

Оқу-тәрбие оқу-өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы;

Спорт мектебінің нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;

Білім беру ұйымдары филиалының (мектептен тыс ұйымдардан басқа) директоры (меңгерушісі);

Білім беру ұйымдары филиалының ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі директорының (меңгерушісінің) орынбасары.

 

2. Педагог қызметкерлерге теңестірілген адамдардың лауазымы

 

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация меңгерушісі;



Оқу-консультация пунктінің меңгерушісі;

Оқу (оқу-жаттығу) орталығының директоры (бастығы);

Оқу-өндірістік, оқу-курстық комбинат директоры;

Жоғары оқу орнындағы оқытудың барлық түрлеріндегі факультеттің деканы, институттың директоры;

Оқу-ғылыми өндірістік кешенінің жетекшісі, жетекшінің орынбасары;

Оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталығының (кешенінің) директоры (меңгерушісі);

Лагерьдің (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектеп, еңбек және демалыс) бастығы;

Оқу полигонының (білім беру ұйымдарының) бастығы (меңгерушісі);

Білім алушылардың кәсіптік практикасының жетекшісі (білім беру ұйымдарында);

Оқу-өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі (білім беру ұйымдарында);

Білім беру ұйымдарындағы зертхана, кабинет, сектор меңгерушісі;

Студенттік зерттеу бюросының жетекшісі;

Қосымша білім беру ұйымының директоры;

Аудармашы-дактилолог (білім беру ұйымдарындағы сурдоаудармашы);

Еңбек жөніндегі нұсқаушы (білім беру ұйымдарында);

Мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарында);

Оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталықтарындағы (кешендеріндегі) нұсқаушы, әдіскер, тәрбиеші, өндірістік оқыту шебері;

Аға шебер, өндірістік оқыту шебері;

Басшы қызметкерлерді және мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтының, оқу орындарының (кафедралардың) ассистенті;

Білім беру ұйымдарының әдіскері, аға әдіскер (жоғары оқу орындарынан басқа);

Оқу-тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын музыкалық жетекші (балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарынан басқа), аккомпаниатор, концертмейстер;

Оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесі-спорт ұйымдарының нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;

Мектептен тыс ұйымдардағы қызығушылығы бойынша студия, клуб жетекшілері;

Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталығы (кешені) директорының орынбасары;

Білім беру ұйымдарында оқу бөлімінің меңгерушісі;

Режим бойынша аға кезекші, ерекше маңыздағы білім беру ұйымдарының режимі бойынша кезекші.

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2008 жылғы 30 қаңтардағы

77 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған

кейбір шешімдерінің тізбесі

 

1. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 45, 404-құжат).



2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 ақпандағы № 252 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 7, 76-құжат).

3. «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 38, 395-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1136 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 43, 463-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 60 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 4, 32-құжат).



 

 

 

 
1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет