«Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері» Қабылдаған: Дулатбекова Ж. А. Орындаған



бет3/5
Дата14.06.2016
өлшемі0.81 Mb.
#135991
1   2   3   4   5

-алушының қоймасында, сондай-ақ көлік құралдарында уақытша сақтауға рұқсат берілген;

-тауарларды қайта экспорттаудың кедендік режиміне орналастырылған;

-тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес Қазақстан Республикасының  кедендік аумағы арқылы өткізу үшін әкелінетін;

- кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастырылған;

-тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес шет мемлекеттің  кедендік аумағы арқылы өткізу үшін әкетілген тауарларға қатысты тауарлар экспортының кедендік режимін мәлімдеу кезінде төленуге тиісті кедендік төлемдердің және салықтардың сомасынан кем болмауға тиіс.

Кеден тасымалдаушысы ретіндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажетті қамтамасыз ету сомасы Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес айқындалады.

Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынатын зат:

1) азаматтық айналымнан алынған мүлікті;

2) Қазақстан Республикасына әкелуге не Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды;

3) электр, жылу және өзге де энергия түрлерін;

4) тез бұзылатын тауарларды;

5) мүліктік құқықтарды;

6) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті;

7) өткізу мүмкіндігі шектеулі мүліктерді қоспағанда, үшінші тұлғалардың мүліктік құқығынан бос кез келген тауарлар мен мүлік болуы мүмкін.

Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынатын заттың рыноктық құны, оны өткізу бойынша шығыстарды қоса алғанда, төленуі кепілге салынатын затпен қамтамасыз етілетін кедендік төлемдер және салықтар жөніндегі міндеттеменің мөлшерінен төмен болмауы қажет.

Егер кеден органы өзге шешім қабылдамаса, кепіл кезінде кепілге салынатын зат кепіл берушіде қалады.

Төлеуші қабылдаған, қамтамасыз етілуі үшін кепіл ресімделген міндеттеме орындалғанға дейін кепіл берушінің кепілге салынған затқа билік етуге құқығы жоқ.

Кепілді ресімдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Кепілге салынған затты өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Кеден органдары кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып,   Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген банк кепілдігін қабылдайды.

Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде кеден органының депозиттік шотына (бұдан әрі - депозит) ақша енгізу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен немесе шетел валютасымен жүргізіледі.

Кеден органында валюталық шот болмаған жағдайда, депозитті енгізу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.

Депозитпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалмаған жағдайда, төленуге тиісті кедендік төлемдер және салықтар сомасы міндеттеменің орындалмағаны туралы хабардар етілгеннен кейін  он бес күн өткен соң депозиттен мемлекеттік бюджетке аударылады.

  Кеден органдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жасалған сақтандыру шарттарын кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қабылдайды. 

Депозитті қайтару депозитпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалған жағдайда жүзеге асырылады. Депозитті нақты қайтаруды төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кеден органы өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.

Депозитті қайтару туралы өтініш міндеттеме орындалғаннан кейін, бірақ міндеттеме орындалған күннен кейінгі күннен бастап бес жылдан кешіктірмей кеден органына беріледі.

Депозитті шотына депозит сомасы енгізілген кеден органы не осы кеден органы таратылған жағдайда, оның құқық мирасқоры қайтарады.   Депозит төлеушінің банк шотына қайтарылады, ол төлем төленген валютамен жүргізіледі.

Төлеушіге депозитті қайтару  көзделген тәртіппен кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлды төлеу бойынша берешек  шегеріле отырып   жүзеге асырылады.

Депозитті қайтарған  кезде ол бойынша сыйақы төленбейді, сомасы индекстелмейді, банк қызметін көрсеткені үшін тарифтер аударылатын қаражат есебінен төленеді.

Төлеушінің өтініші бойынша кеден органдары депозитті  болашақ  кедендік төлемдер мен салықтар есебіне не кеден органдарының алдындағы басқа міндеттеме бойынша кедендік төлемдер мен салықтарды қамтамасыз ету үшін есептей алады.

Мүлік кепілі бойынша қайтару:

1) кепіл заты кепіл берушінің билігінде болған жағдайда – міндеттеме орындалған күннен бастап;

2) кепіл заты     кеден    органының   билігінде  болған жағдайда  міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Банк кепілдігі бойынша қайтару міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Сақтандыру жөніндегі міндеттемелерді тоқтату міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. 

Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке нақты төленген сомасы мен  төленуге тиіс сомасы арасындағы айырма кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген  сомасы  болып танылады.

Артық төленген кедендік төлемдер және салықтар төлеушінің өтініші бойынша қайтарылуға жатады. Өтініш оларды төлеген күннен бастап бес жылдан кешіктірмей, тауарларға кедендік ресімдеу жасаған немесе тауарларды сақтауды, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ілесіп алып жүруді, лицензия беруді, алдын ала шешім қабылдауды  іске асырған кеден органына беріледі.

Артық төленген кедендік төлемдердің және салықтардың сомасын қайтару туралы өтінішпен бір мезгілде:

1) соманың төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;

2) кедендік декларация ресімделген жағдайда берілетін, кеден органы ресімдеген, сол бойынша  кедендік төлемдер және салықтар есептелген және енгізілген кедендік декларацияның көшірмесі;

3) жүзеге асыру үшін кедендік төлемдер енгізіліп, тауарларды сақтау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ілесіп алып жүру, лицензия беру,  алдын ала шешім қабылдау кезінде кеден органдары ресімдеген, кедендік төлемдерді төлеу кедендік декларацияны ресімдемей жүргізілген жағдайларда берілетін басқа да құжаттардың көшірмелері берілуі тиіс.

Артық төленген  кедендік төлемдер мен салықтардың сомасын қайтару туралы өтінішті қарау мерзімі қайтару туралы өтініш берілген   күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Кеден органдары артық төленген   кедендік төлемдер және салықтар фактісін мойындаған жағдайда кµрсетілген сомаларды қайтару  мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленеді.

Кеден органы кедендік төлемдерді және салықтарды өндіріп алғаннан кейін артық төлеу фактісін тапқан кезде, мұндай фактіні тапқан күннен бастап бір айдан кешіктірмей салық төлеушіге артық  төленген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы туралы хабарлауға міндетті.

Белгіленген мерзім бұзылған кезде, қайтару мерзімі бұзылған әрбір күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың екі еселенген ресми ставкасы мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

Артық төленген кедендік төлемдерді және салықтарды қайтару төлеушінің артық төленген  сома мөлшерінде басқа кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешегі және олар бойынша өсімпұлы болмаған кезде жүзеге асырылады.

Артық төленген  кедендік төлемдерді және салықтарды қайтару тәртібін  тиісті мемлекеттік уәкілетті органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 

Кедендік баждарды және салықтарды қайтару:

1) кедендік декларацияны кері қайтарып алған;

2) неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимін немесе тарифтік преференцияларды қалпына келтірген;

3) кедендік режимдердің талаптары Қазақстан Республикасының  кедендік аумағының шегінен шетел тауарларын әкету кезінде немесе оларды жою не мемлекет пайдасына олардан бас тарту немесе Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына қазақстандық тауарларды не оларды қайта өңдеу өнімдерін әкелу кезінде кедендік баждар және салықтардың төленген сомасын қайтаруды көздейтін;

4) егер тауарларды қайта таңдалған кедендік режимге (тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың немесе тауарлар экспортының кедендік режиміне)  орналастыру кезінде төленуге тиісті кедендік баждар және салықтар сомасы бастапқы кедендік режим кезінде төленген кедендік баждар және салықтар сомасынан кем болса, бұрын мәлімделген кедендік режимді еркін айналыс үшін тауарлар шығару немесе тауарлар экспортының кедендік режиміне өзгерткен жағдайларда  жүргізіледі.

 Белгіленген мерзімде кедендік төлемдерді және салықтарды төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда берешек пайда болады. Берешекті осы тарауда белгіленген тәртіппен кеден органдары төлеушілерден өндіріп алады.

Кеден органдары берешекті өндіріп алу үшін:      

1) берешек пен өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама жіберу

2) қайтаруға жататын артық төленген сома есебінен немесе депозит есебінен берешекті өндіріп алу;

3) берешекті өтеуді қамтамасыз етудің мынадай:

берешек сомасына өсімпұл есептеу;

төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару тәсілдерін қолдану;

4) мынадай тәртіппен:

төлеушінің банк шоттарындағы ақшасы есебінен;

төлеушінің қолма-қол ақшасы есебінен;

төлеушінің дебиторлары есебінен;

төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану сияқты іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Жеке кәсіпкер мен заңды тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізіледі.  Жеке тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі. 

Берешек туындаған кезде төлеуші өсімпұл төлейді.

Өсімпұл кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мерзімдері өткен күннен кейінгі күннен бастап, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің кешіктірілген әрбір күні үшін төлеу күнін қоса алғанда,   Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми ставкасы мөлшерінде есептеледі.

Өсімпұл кедендік төлемдер мен салықтарды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершіліктің өзге де шараларын қолдануға қарамастан есептеледі және төленеді.

Өсімпұлды төлеу, өндіріп алу және қайтару кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге, өндіріп алуѓа және қайтаруға ќолданылатын осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Берешек пен өсімпұлды өтеу туралы хабарлама белгіленген мерзімде төленбеген кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасы туралы, сондай-ақ кедендік төлемдердіњ, салықтар мен өсімпұлдардың төленбеген сомасын осы хабарламада белгіленген мерзімде өтеу міндеттемесі туралы төлеушіге жіберілген кеден органының жазбаша хабарын білдіреді.

Хабарламада оны ресімдеу үшін негіздеме, сондай-ақ төлеуші хабарламаны   орындамаған   жағдайда   қолданылатын іс-әрекеттер туралы мәліметтер болуы тиіс. 

Хабарлама төлеушіге оны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуға қарамастан жіберіледі.

Хабарлама берешектің туындау фактісі белгіленген күннен бастап бір айдан кешіктірмей төлеушіге жіберілуге тиіс.

Хабарлама төлеушіге өз қолын қойғызып немесе хабарламаны жіберу және  алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылуы тиіс. 

Төлеуші хабарламаға шағымдануды көзделген тәріппен және мерзімде жүргізеді.

Хабарламадағы талаптарды орындау мерзімі, төлеушінің осындай хабарламаға шағымдану жағдайларын қоспағанда, төлеушіге хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспайды.

Шағымдану жағдайларын қоспағанда, осы баптың 6-тармағында көзделген мерзімде хабарламадағы талаптарды орындамаған кезде кеден органдары сәйкес іс-әрекеттер жасайды.

Хабарламаның нысанын  кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. 

Хабарламадағы талаптар орындалмаған кезде, кеден органы қайтаруға тиісті артық төленген сома есебінен не депозит есебінен берешек пен өсімпұлды өндіріп алуға құқылы.

Кеден органы осы бапқа сәйкес өндіріліп алынған берешек пен өсімпұлдар туралы өндіріп алу күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде төлеушіге жазбаша хабарлайды.

Артық төленген  сомаларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 Артық төленген сома не депозит берешек пен өсімпұлды  өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімі шығарылады.

Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, берешек пен өсімпұлды  өтеу жөніндегі операциялардан басқа, төлеушінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.

Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгілеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшіне енеді.

Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сөзсіз орындауға тиіс.

Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себебі жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өкімді шығарған кеден органы жояды.

Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарылған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде берешекті және өсімпұлды өтемеген жағдайда, төлеушінің мүлкіне билік етуіне шектеу жүргізіледі.

Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешімді Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген нысан бойынша кеден органы шығарады.

Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім мүліктің баланстық және рыноктық құны бағаны айқындау тәсіліне қарай берешек пен өсімпұл сомасына сәйкес келетін меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікке қатысты шығарылады.

Қаржы лизингі мен кепілді қоса алғанда, төлеушінің жалға берілген мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығарылған кезде кеден органы осы мүлікке қатысты шешім шығарған кезден бастап оны жойғанға дейін жалға алушы мен кепіл ұстаушыға мұндай мүлікке меншік құқығын беруге тыйым салынады.

Осындай шешімнің негізінде кеден органы мүлікті иелену, пайдалану және билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы салық төлеушіге ескерте отырып, Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген нысанда билік ету шектелген мүліктің тізімдеме актісін жасайды.

Билік ету шектелген мүліктің тізімдемесі төлеушінің бухгалтерлік есебінің деректері немесе Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заң актілеріне сәйкес жүргізілетін тәуелсіз бағалау негізінде айќындалатын оның бағасы көрсетіле отырып жасалады және екі дана етіп жасалған актімен ресімделеді.

Кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім мен мүліктің тізімдеме актісін бір-бір данадан төлеушіге тапсыруға міндетті.

Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін мүлікке билік етуді шектеудің себептері жойылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей осындай шешім шығарған кеден органы жояды. 

Белгіленген мерзімдер ішінде төлеуші берешек пен өсімпұлды өтемеген жағдайда, кеден органдары жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттарынан даусыз тәртіппен ақша өндіріп алу туралы шешім шығарады.

Даусыз өндіріп алу туралы шешім төлеушінің шоты ашылған банкке қажетті ақшаны төлеушінің шотынан есептен шығаруға және мемлекеттік бюджетке аударуға кеден органының инкассолық өкімін жіберу нысанында қабылданады.

Банк төлеушінің бір банк шотынан берешекті өндіріп алу туралы кеден органының инкассолық өкімін орындаған жағдайда, егер кеден органы төлеушінің көрсетілген банкте ашқан басқа банк шоттарына дәл осы сомаға және берешек түріне инкассолық өкім шығарған болса, банк кеден органының инкассолық шешімін орындау фактісін растайтын төлем құжатын қоса тіркей отырып, мұндай инкассалық шешімді орындамай, кеден органына қайтарады.

Шоттардан даусыз тәртіппен берешекті және өсімпұлды өндіріп алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен және шетел валютасымен жүргізіледі. Шоттардан берешек пен өсімпұлды шетел валютасымен өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленуге тиісті сомаға барабар сомада жүргізіледі.

Кеден органының инкассолық өкімін орындауды банк Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырады.

  Берешек пен өсімпұлды қолма-қол ақша есебінен өндіріп алу жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шотында ақша болмаған жағдайда жүргізіледі.

Кеден органының төлеушіден бухгалтерлік (кассалық) құжаттар бойынша көрсетілген қолма-қол ақшаны, оның ішінде шетел валютасымен де көрсетілген қолма-қол ақшаны алып қоюы берешек пен өсімпұлды қолма-қол ақша есебінен өндіріп алу деп танылады.     

Берешек пен өсімпұлды қолма-қол ақша есебінен өндіріп алуды кеден органы хабарлама негізінде жүргізеді. 

Қолма-қол ақшаны алып қою Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген нысан бойынша алып ќою туралы актімен ресімделеді.

Төлеушіден алынған қолма-қол ақша алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік бюджетке  есептелуге тиіс. 

Төлеушінің – жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттарында ақша болмаған және қолма-қол ақшасы болмаған жағдайда, кеден органы пайда болған берешек пен өсімпұл шегінде төлеушінің алдында берешегі бар үшінші тұлғалардың (бұдан әрі – дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшасынан өндіріп алуға құқылы. Бұл ретте, төлеушінің берешегі мен өсімпұлын өтеу есебіне,  шарттарға сәйкес осы кезде дебитор төлеушінің алдындағы дебиторлық берешек сомасы ретінде танитын сома шегінде, олардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріліп алынатыны туралы дебиторларға хабарлама жіберіледі.

Дебитор хабарламаны алған кезден бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарламаны алған күнге төлеушімен бірлесіп жасалған өзара есеп айырысулардың салыстыру актісін хабарламаны жіберген кеден органына табыс етуге міндетті.

Төлеуші мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстыру актісінде мынадай мәліметтер:

1) төлеуші мен оның дебиторының атауы, олардың тіркеу нөмірлері;

2) төлеуші мен оның дебиторы есепте тұрған кеден органының атауы;

3) төлеуші мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелері;

4) төлеуші алдындағы дебитор берешегінің сомасы;

5) төлеуші мен оның дебиторының заңды мекен жайлары, мөрі және қолдары;

6) салыстыру актісі жасалған күні болуға тиіс.

Өзара есеп айырысуларды салыстыру   актісінің негізінде кеден органы дебитордың банк шотына төлеушінің берешегі мен өсімпұлын өндіріп алу туралы инкассолық өкім шығарады.

Дебитор-төлеушінің банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы белгіленген талаптарға сәйкес төлеушінің берешек және өсімпұл сомасын өндіріп алу туралы кеден органы шығарған инкассолық өкімді орындауға міндетті.

Ресімделген өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі болған жағдайда, кеден органы хабарламаны тапсырған кезден бастап тоқсан жұмыс күні ішінде дебитордың банк шотына берешек пен өсімпұлды өндіріп алу туралы инкассолық өкім ұсынуға құқылы.

Кеден органдары төлеушінің банк шоттарында ақша болмаған, қолма-қол ақшасы  және оның дебиторларының банк шоттарында ақша болмаған жағдайда, төлеушінің келісімінсіз берешек және өсімпұл шегінде жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның билік етуі шектелген мүлкінен өндіріп алуға құқығы бар.

Төлеуші шектеу алып тасталғанға дейін билік етуі шектелген мүліктің сақталуын және оның тиісінше күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті. Көрсетілген міндеттемелерді орындамаған жағдайда,  төлеуші билік етуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша шығындарды өтеуге міндетті және көрсетілген мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеті үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Билік ету шектелген мүлікті өткізу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Егер төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізгеннен кейін берешек пен өсімпұл өтелмесе, кеден органы берешек пен өсімпұл туралы, өндіріп алудың қабылданған  шаралары туралы төлеушінің тіркелген орны бойынша салық органына ақпарат жібереді. 

Берешек пен өсімпұлды өтеу кезектілігі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.

2.4. Кедендік ресімдеу
Кедендік ресімдеу кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын тәртіппен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кедендік ресімдеуді оңайлату және жеделдету мақсатында басқа мемлекеттердің кедендік ресімдеу үшін пайдаланылатын кедендік құжаттары қолданылуы мүмкін.

 Кедендік ресімдеуді жүргізудің тәртібі мен технологиясы мыналарға:

1)     Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың санаттарына;

2)     осындай өткізу үшін пайдаланылатын көлік түріне;

3)     тауарларды өткізетін тұлғаларға байланысты сараланған.

Кедендік рәсімдер тауарлар шығарылатын, жөнелтілетін және жеткізілетін елге қарамастан бірдей қолданылады.

  Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу - кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты құжаттарды кеден органына берген, ал көзделген жағдайларда тұлғаның ауызша мәлімдеуі не кедендік ресімдеуді жүзеге асыру ниетін куәландыратын өзге де іс-әрекеттер жасаған кезінен басталады.

Ветеринариялық, фитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлеріне қатысты кедендік ресімдеу осындай бақылауды жүзеге асыратын тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін ғана аяқталуы мүмкін.

Кедендік ресімдеу тауарларды кедендік режимге орналастыру үшін сәйкес қажетті кедендік операциялар жасалғаннан кейін, сондай-ақ кедендік төлемдер жєне салықтар есептеліп, өндіріліп алынғаннан кейін аяқталады.

 Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау және оларды белгілі бір кедендік режимге орналастыру бойынша іс-әрекет негізгі кедендік ресімдеу деп танылады.

Тауарларды негізгі кедендік ресімдеу  жөніндегі кедендік операциялар кеден органдары орналасқан жерде және олардың жұмыс уақытында жасалады.

Декларанттың дәлелді сұрауы бойынша тауарларды негізгі кедендік    ресімдеу     жөніндегі   кедендік    операциялар кеден органдары орналасқан жерден тыс және олардың жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін.

Тауарларды алушы, жіберуші не олардың құрылымдық бөлімшелері тіркелген кеден органының қызметі аймағынан тыс жерде тауарларды негізгі кедендік ресімдеу жүзеге асырылған кезде декларант басқа кеден органының қызмет аймағында кедендік операциялардың жасалғаны туралы хабарлама беруге міндетті.

Хабарлама берілген кезінен бастап төрт сағаттан аспайтын мерзімде кеден органында тіркелуге тиіс. Хабарламаны тіркеу нысаны мен тәртібін   кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

 Кедендік ресімдеуді жүргізу кезінде осы Кодексте белгіленген тұлғалар кеден органдарына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді беруге міндетті.

Кеден органдары орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап етуге құқылы.

Кеден органдарының кедендік ресімдеу кезінде құжаттарда кеден органдарының шешімдерін қабылдауға әсер ететін негізгі деректерді өзгертпейтін қате басылған жазбалар, техникалық немесе грамматикалық қателер болуы себепті құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.  

Кеден органдарына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар электронды түрде берілуі мүмкін. Бұл құжаттарды беру мен сақтау шарттарын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет