Жүктің кедендік декларациясын тіркеуден бас тарту парағын ресімдеу нысаны мен тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Қабылданған жүктің кедендік декларациясы тіркелген уақыттан бастап заңды күші бар құжат болып табылады.
Кеден органының рұқсатымен және декларанттың дәлелді жазбаша өтініші бойынша жүктің кедендік декларациясында мєлімделген мәліметтер өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін, ал кеден органы қабылдаған жүктің кедендік декларациясы қайтарып алынуы мүмкін.
Кеден органы декларанттың өтінішін алған кезде жүктің кедендік декларациясын тексеруді аяқтамаған немесе тауарларды қарауды бастамаған жағдайда жүктің кедендік декларациясында мєлімделген мәліметтерді өзгертуге және толықтыруға рұқсат етеді.
Жүктің кедендік декларациясын өзгерту немесе толықтыру оның қолданылу саласын кеңейте немесе қысқарта алмайды, кеден органы қабылдаған жүктің кедендік декларациясында көрсетілген тауарлар туралы мәліметтерден басқа мәліметтерді беруге әкеп соқпайды.
Декларанттың ауызша өтініші бойынша жүктің кедендік декларациясындағы кеден органдарының кедендік ресімдеу кезінде шешімдер қабылдауына әсер ететін негізгі деректерді өзгертпейтін қате жазуларды, техникалық немесе грамматикалық қателерді (үш жағдайдан аспайтын) қате деректерді сызу немесе тиісті мәліметтерді үстінен жазуын түзетуге жол беріледі. Әрбір мұндай түзету уәкілетті тұлғаның қол қоюымен және декларанттың мөрімен куәландырылады.
Кеден органдарының құзыретіне жататын мәліметтерді жүктің кедендік декларациясына енгізуді қоспағанда, кеден органдары лауазымды адамдарының өз бастамасы, тұлғаның тапсырмасы немесе өтініші бойынша жүктің кедендік декларациясын толтыруға, жүктің кедендік декларациясында көрсетілген мәліметтерді өзгертуге немесе толықтыруға құқығы жоқ.
Декларанттың дәлелді өтініші бойынша жүктің кедендік декларациясы тауар шығарылғанға дейін қайтарып алынуы мүмкін. Кеден органы жүктің кедендік декларациясы қайтарылатын кезде жүктің жаңа кедендік декларациясын беру үшін мерзім белгілейді, тауарларды уақытша, алдын ала, мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалану жағдайларын қоспағанда, ол қайтарып алуға рұқсат берілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс. Жүктің кедендік декларациясын қайтарып алу кедендік баждарды жєне салықтарды төлеу мерзімдерін ұзартпайды.
Қайтарып алынатын жүктің кедендік декларациясы тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысќары жерлерге әкету мақсаты үшін оларға берілген жағдайда, жүктің кедендік декларациясы тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тысќары жерлерге нақты әкеткенге дейін қайтарып алынуы мүмкін. Осы тауарларға жүктің жаңа кедендік декларациясын беру үшін мерзім белгіленбейді. Бұл орайда, қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясы жойылуға тиіс.
Тауарлар шығарылған күннен бастап бір ай ішінде декларанттың дәлелді өтініші бойынша, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен айрықша жағдайларда жүктің кедендік декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
Кеден органдарының үстіміздегі жылдың 8 айы ішіндегі қызметінің басымды бағыттарының бірі Елбасының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылды. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, кедендік бақылауды және ресімдеуді автоматтандыру, бақылаушы органдармен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен (СЭҚ) өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ кедендік ресімдеу мен бақылау рәсімдерін оңайлату бойынша жұмыс жүргізілді.
Кеден кодексін практикалық қолдануды талдау және СЭҚ-қа қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып Кедендік бақылау комитеті кедендік рәсімдерді оңайлататын кейбір ережелерін толықтыру және өзгерту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.
"Күнбе күн" қағидаты бойынша жүк кедендік декларацияларды (ЖКД) ресімдеу, алдынала және мерзімдік декларациялау жүзеге асырылуда, бұл жүктердің кеден шекарасы арқылы өту уақытын қысқартады. 2005 жылғы 8 ай ішінде 296 011 ЖКД ресімделді, олардың ішінен 11568 ЖКД - алдынала декларациялау рәсімі бойынша және 2171 ЖКД - мерзімдік декларациялау рәсімі бойынша, бұл ретте "күнбе күн" жүйесі бойынша бір күн ішінде ЖКД-ны ресімдеу пайызы ресімделген ЖКД-ның жалпы санынан 84,6 % құрайды. Ең адал кәсіпкерлерге сертификаттар берілді, бұл оларға "жасыл дәлізді" пайдалануға мүмкіндік береді.
Кедендік құнды кедендік бағалаудың халықаралық принциптеріне сәйкес анықтауға бақылау жүзеге асырылуда, тарифтік және тарифтік емес шаралары қабылдануда, жеңілдіктер мен преференцияларды ұсыну заңдылығына бақылау күшейтілуде. Біріншіден, импортталатын тауарлардың кедендік құнын дұрыс анықтауға, тауар номенклатурасының кодтарын, сондай-ақ тауарлардың шығу елін дұрыс айқындауға бақылауға бастапқы назар аударылады.
Бүгінгі күні ҚР Үкіметінің қаулыларымен ресми ақпараттың көздері ретінде ҚР аумағына әкелінетін негізгі тауарларға каталогтар бекітілген.
Қолданылып жатқан шаралар бюджетке түсімдерді едәуір жоғарылатуға мүмкіндік берді. 2005 жылғы қаңтар-тамыз кезеңінде республиканың кеден органдары бюджетке 204,4 млрд. теңге сомасына кедендік төлемдер мен салықтардың түсуін қамтамасыз етті. 2004 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 51,4 млрд. теңгеге немесе 33,6 % жоғары өндіріп алынды.
Кедендік сатистиканың деректері бойынша 2005 жылғы қаңтар-шілде ішінде импорттың көлемі 9 037,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі импорт көлемдермен салыстырғанда 2 526,8 млн. АҚШ долларына немесе 38,8 %-ға жоғары.
2005 жылғы қаңтар-тамыз кезеңінде ұсынылған жеңілдіктердің көлемі 223,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас мерзімінен 67,5 млрд. теңгеге жоғары, немесе өсім 43,2 % құрады.
Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2005 жылғы қаңтар-тамыз ішіндегі кедендік төлемдер мен салықтардың түсім үлесі 16,9 % құрады, республикалық бюджеттің кірісінде осы көрсеткіш 22,4% құрады.
2005 жылғы қаңтар-шілде кезеңіндегі босатулардың сомаларын есептеу және төлемді кейінге қалдыру әдісімен ҚҚС сомаларын ескере отырып кедендік төлемдер мен салықтар бойынша алу коэффициенті 13,6% құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа жоғары.
Тауарлардың контрабандасына қарсы күрес бойынша белгілі жұмыстар атқарылуда.
2005 жылғы 8 айы ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тұтастай құқық қорғау қызметі, оның ішінде қылмыстық істерді соқта жіберу бойынша көрсеткіштерінің жақсаруы байқалады.
Есептік кезең ішінде ҚР ҚК 209-бабы (экономикалық контрабанда) бойынша 203 қылмыстық іс қозғалды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7 қылмыстық іске жоғары, ҚР ҚК 214-бабы (кедендік төлемдер мен салықтардан жалтару) бойынша 87 қылмыстық іс қозғалды, бұл 2004 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 25 қылмыстық іске жоғары.
ҚР ҚК 250-бабында (есірткі құралдарының контрабандасы) көзделген қылмыстың белгілері бойынша қозғалған 16 қылмыстық іске жоғарылау байқалуда - есірткілер контрабандасының 139 фактісі анықталды, олар бойынша 132 қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 195 кг есірткілер, оның ішінде 81,8 кг героин алынды.
Қозғалған қылмыстық істер және әкімшілік материалдар бойынша анықталған мемлекетке келтірілген зиянның сомасы 3 млрд. 802 млн. теңгеге жетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, кеден органдарын жоғары кәсіби кадрлармен қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Қабылданған шаралар нәтижесінде кеден органдарының қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істердің саны төмендетілді (алдынала көрсеткіштер бойныша 2004 жылдың 8 айы ішінде 41 қылмыстық іс қозғалды, 2005 жылдың осы кезеңі ішінде - 32). Аттестация нәтижелері мен теріс негіздер бойынша кеден органдарынан жұмыстан босатылған қызметкерлердің саны едәуір қысқарды (2004 жылғы 8 ай ішінде - 54, үстіміздегі жылы - 31 қызметкер босатылды).
Кадрлық құрамды жинақтау конкурсттық іріктеу арқылы жүзеге асыру жалғасуда. Барлығы 433, олардың ішінен конкурс бойынша - 407 адам қабылданды. Бүгінгі күні жоғары білімі бар лауазымды адмдардың жалпы саны 5416 (92,4 %) құрады, олардың ішінен экономикалық - 1434 (26%), заңды - 2137 (39 %) білімі барлар, "кеден ісі" мамандағы бойынша қызметкерлер - 613 (11 %), басқа мамандықтар - 1232 (23%). ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жоғары оқу орындарының «Кеден ісі» мамандығы бойынша түлектері арасында Олимпиадалар жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 9 ең үздік қатысушылар кеден органдарына жұмысқа орналастырылады.
Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумында берілген Елбасының тапсырмасына сәйкес Комитетте және оның аумақтық органдарында Кедендік саясат бойынша консультативтік кеңестер құрылған, ақпараттық-консультациялық пункттер, «сенім телефондары» жұмыс істейді. Кеден органдары «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағымен бірлесіп үстіміздегі жылдың 28 мамыр-28 маусым кезеңінде, негізгі мақсаты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау орнату болып табылған «Кеден бизнес үшін» деген акцияны өткізді. Акцияның қорытындысында кеден органдары мен «Атамекен» өкілдері, оның ішінде өңірлік өкілдері арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Акция шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысында (әкімшілік, кеден органдары, "Атамекен", бақылаушы органдар және басқа органдар) кең көлемдегі жұмыс өткізілді. Мақсаты - өткізудің бос дәлізін көрші Өзбекстаннан келетін көкөністермен қамтамасыз ету және осылай біздің республикамыздың аумағындағы бағаларды төмендеті, "жасыл өнімді" жеткізуші мен тұтынушы арасында тікелей байланысты орнату.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60-жылдығын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-жылдығын мерекелеу күндерінде едәуір жұмыс атқарылды. Кеден органдарының бірқатар қызметкерлері жұмысындағы қол жеткізілген көрсеткіштер және мінсіз қызметі үшін мемлекеттік ордендермен және мерекелік медальдармен марапатталды.
Кедендік әкімшіліктермен және Шетелдік мемлекеттердің өкілдіктерімен Халықаралық қатынастарды дамыту мақсатында ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің бастамасымен үстіміздегі жылдың 20-21 қаңтар кезеңінде Алматы қаласында Дүниежүзілік кеден ұйымы Еуропа өңірі кеден қызметтері басшыларының 2-ші конференциясы өткізілді, оның жұмысына 37 мемлекеттің кеден әкімшіліктерінің басшылары мен сарапшылары, Еуропа Қоғамдастықтарының Комиссиясы, сондай-ақ Төтенше және Өкілетті Елшілер, Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
2005 жылғы 23-25 маусым кезеңінде Брюссель қаласында (Бельгия) ДКҰ-ға 166 мүше елдердің кеден әкімшіліктері басшыларының қатысуымен Кеден ынтымақтастығы кеңесінің 105-106 сессиялары өтті. Сессиялардың барысында Қазақстанның кеден қызметі ДКҰ Саяси Комиссиясының мүшесі болып сайланды, бұл халықаралық танушылық пен республиканың кеден органдары халықаралық стндарттарға сәйкес келуге бағдарланған осы заманғы кеден қызметін жасауға қол тигізген ынталарына сенімділікті білдіреді. Бұдан былай Қазақстан стратегиялық жоспарлау және ДКҰ қызметінің басымдықтарын айқындау кезіндегі мәселелерді талқылау кезінде ТМД және Балтық елдерінің мүддесін білдіретін және қорғайтын болады.
ҚР кеден органдары Қазақстанның Дүниежүзілік кеден ұйымына кіру жөніндегі келіссөз процесіне белсеңді қатысуда. Көпжақты келіссөздер барысында ҚР ДКҰ-ға кірген кезде қабылдайтын нақты міндеттемелері, ұлттық заңнамасы ДКҰ Келісімдерінің ережелеріне сәйкес келтірудің өзекті мәселелері талқыланады, ішкі нарықты және отандық кәсіпкерлердің мүдделерін қорғаудың іс жүзндегі деңгейін айқындау бойынша ұсыныстар әзірленуде.
Қазақстанның кеден қызметі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) шеңберіндегі белсеңді жұмысты жалғастыруда, Еурокеденмен, Еуропа Одағына мүше-мемлекеттердің кеден қызметтері бірлестіктерімен ұтымды ынтымақтастық етуде. Қазақстанға кедендік жүйені жаңарту жөніндегі басымды бағыттарды және жобаның концепциясын айқындау мақсатындағы жұмыс сапарымен Дүниежүзілік Банктің миссиясы келді.
Сондай-ақ жұмыстың негізгі бағыттарының бірі ЕурАзЭҚ, ТМД, БЭК, ОЦАС шеңберлерінде ынтымақтастықты одан әрі нығайту болып табылады. Біз кедендік заңнаманы, кедендік ресімдеу және кедендік бақылау ережелері мен рәсімдерін біріздендіру, жалпы кедендік тарифті қалыптастыру, интеграциялық процестерді, тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын жеделдету бойынша үлкен жұмыс жүргізудеміз.
ҚР ҚМ КБК Бірыңғай экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Жоғары деңгейдегі топ сарапшыларының жұмысына белсеңді қатысады.
Үстіміздегі жылдаң 18 мамырында Челябинск қаласында ҚР және РФ Президенттерінің қатысуымен Шекара маңындағы ынтымақтастық форумы өтті. Біздің мемлекетіміздің басшысы қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен кедендік бақылауды өткізу үшін кеден пункттерінің санын көбейту бастамасымен сөз алды. Оларды енгізу қаржылық шығындарды екі есе, ал шекарадан өту кезіндегі тиісті рәсімдерден өту уақытын үш есе қысқартуға мүмкіндік беретін бірыңғай бақылау-өткізу пункттерін салу мәселелері талқыланды.
"Байқоңыр" кешенінің 50-жылдығына орай Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерінің ресми кездесулері шеңберінде 2005 жылғы 2 маусымда Қазақстан мен Ресей кеден қызметтерінің басшылары Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Үстіміздегі жылдың 29 тамыз - 1 қыркүйек кезеңінде Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы кеден және шекара қызметтерінің өкілдері Ресей Федералды кеден қызметінің өкілдерімен кездесті, нәтижесінде келісілген мәтін және Бірлескен бақылау жөніндегі келісімнің ережелерін іске асыру үшін әдістер мен позицияларды біріңғай түсінушілік әзірленді.
3.2. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
ТМД мемлекеттерінің кеден заңдарының негіздерінде кеден ісін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық реттеу принциптері анықталған. Сонымен қатар негіздерге қайшы келмейтін нормалар енгізуге рұқсат етілген. Бұнда кеден саясатының мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі екендігі баса айтылады. Қазақстан Республикасының кеден саясаты Қазақстандық нарықты, отандық тұтынушылар мен өндірушілерді қорғауға, экономика, экспорт және импорттың орнын басатын өндірісті дамытуға, шетел инвестициясын тартуға, сауда саясаты мәселелерін шешуге және т.б. ықпал етуге тиіс. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін, оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Кеден саясаты кеден ісімен қатар кеден құқығының пәнін құрайды. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретінде оның экономикалық сипаттағы өзіндік заңды түрде анықталған мақсаты бар. Бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша, шетел инвесторларын тарту, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құруға ықпал ету, монополияға қарсы күресті және бәсекелестікті қолдау кеден саласы мақсатына енбейді. Сондықтан кеден ісінің мүмкіндігінеорай кеден саясатының нақты мақсатын айқындау керек. Үкіметтік деңгейде, тіпті жалпы мемлекеттік бағдарлама контекстінде кеден саясаты әлі күнге талқыланған емес. Кеден комитеті ұсынған 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған Кеден саясатының даму бағдарламасы да біраз кешігуде.
Кеден саясатының мақсаты мен міндеттерін орындаудың жетістігі кеден реттеуі әкімшіліктендіру механизмі арқылы жүзеге асуы тиіс. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейту оны реттеудің тәсілдерін өзгертуді талап етеді. Кеден саясатын реттеу, экономикалық әдістер, оның ішінде, кеден бажы, салық және алымдар арқылы жүзеге асырыла бастады. Ал реттеудің әкімшілік тәсілінің маңызы шұғыл төмендегенімен, олар сыртқы экономикалық реттеуге қосымша қолданыс ретінде пайдаланады. Қазақстанның ұлттық капиталы импорт тауарларына кеден салығын салудың механизмі арқылы мемлекеттік қолдауға әзірше зәру отандық өндіріске арналған мемлекеттік жағдайларды жасауда пайда болуы мүмкін. Алайда Үкіметтің импортталатын тауарға баж салығын белгілеуі, олардың жиі өзгеруі, жеңілдіктер енгізуі бұл механизмді іске қосудың жақсы жағына бет бұруына мүмкіндік туғызбайды. Импортқа кедендік баждың көлемін белгілеуде халықаралық баға мен ұлттық бағаның арасындағы айырмашылық обьективті қиындық болып табылады. Кеден бажының деңгейі осы айырмашылық ескеріле отырып белгіленуі тиіс. Біздің білетініміздей, дамыған мемлекеттерде ұлттық бағаларға әсер ететін еңбек өндірісінің деңгейінде үлкен айырмашылық болмағандықтан, кеден бажының деңгейі де біршама төмен. Ал дамушы елдерде отандық өндірушілерді қорғауда ұлттық шығын жоғары болғандықтан, импорттық тауарларға едәуір жоғары кеден бажы алынады. Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы қоғамдық еңбек өндірісіндегі ұлттық айырмашылықтардың қысқартуымен қатар жүрді. Бұл құбылыс келешекте көптеген мемлекеттерде импорттық тауарларға баж салығының төмендеуіне алып келеді. Жоғарыда аталған процестерді өзі анықтауына мүмкіндік алу үшін, Қазақстан осы елдер қатарына қосылуы қажет. Қазіргі кезеңде Қазақстанда байқалып отырған еңбек өнімділігінің төмендеу құбылысы белгілі бір уақыт аралығында басқа елдерде де кездесуі мүмкін. Ал әлемдік баға бұл уақытта тұрақты қалпында қала береді, тіптен төмендеуі де мүмкін. Ол импорттық тауарларға баждың төмендеуінде алғышарттардың жоқ екендігі көрсетеді. Отандық өндірушілерді қорғау үшін, алдымен, ұлттық шығынның қай деңгейі экономикалық тұрғыдан негізделген қаншалықты дәрежеде және отандық өндірушіні шетелдік бәсекелестіктен қорғаудың қажеттігін айқындағанымызжөн. Бұны, әрине, жеке шығындары орташа ұлттық деңгейден біраз жоғары, техникалық және экономикалық артта қалушылықтың консервациясын білдіретін техникалық жағынан артта қалған кәсіпорындарға қолдануға болмайды. Ұлттық өндірушілердің қайсыбір бөлігі әлемдік нарықта бәсекелестікте төтеп бере алмайтын, әлемдік бәсекеге қабілеттілігі шектеулі тауарларды өндіруге, оларды шетелдік бәсекеден қорғаған жағдайда ішкі нарықта бәсекелес болуға қабілетті. Қазақстанның дамушы экономикасында,сондай-ақ экспорт маңызды рольге ие.
Экспортқа салынатын кеден бажының экономикалық сипаты да басқаша. Ол тауардың шектелген тізбесінен алынып, оның негізгі ұлттық шығын мен әлемдік бағаның төмен болып алынуы шарт. Экспорт бажы, сондай-ақ ежелгі және өнер туынылары мен ұлттық мүраға жататын мемлекет тарапынан қаржыландыратын интеллектуалды туындыларға салынуы тиіс. Экспорт квотасынан және экспортқа салынатын салықтан бас тартуы мемлекет кеденінің экспорт мәмілесіне немқұрайлы қарауы деп түсінбеуіміз керек. Мемлекет тарапынан экспорт-импорт валюта бақылауының күшеюі мелекеттің кеден органдарына сыртқы экономикалық операциялардыбақылап отыруына мүмкіндік берді. 1997 жылдың 1 шілдесінен кеден органдары экспорт, импорт бойынша мәміле паспорттарын рәсімдеу процедурасына қатысуда. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге экономикамыз табысты қызмет етіп қарқынды даму жағдайларын жасауды жатқызуға болады,ол үшін қолайлы жағдайда өндірушілерге өндіріс ресурстарына кеңінен жол ашып өз өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруға мүмкіндік беру қажет. Мұнымен қатар, Қазақстан Республикасының интеграциясы халықаралық сауданы реттеу механизмінде сыртқы экономикалық байланысқа еркіндік беру сияқты және Дүниежүзілік Сауда Ұйымы ережелерін, басқа да халықаралық міндеттемелердің орындалуын талап етеді.
Кеден саясаты және кеден органдарының қызмет ету механизмі осы талаптарға сай келуі тиіс. Бұл реттеуді тек стратегиялық маңызды шикізат тауарларынан өзге экспорты әкімшілік реттеудің барлық құралдарын өзгертуді талап етеді. Сонымен қатар сыртқы саудада кеден органдарына реттеуші роль жүктелген. Қазақстанның өтпелі кезеңдегі әлсіз тұстары кеңестік кезеңмен мұраға қалған экономикалық құрылымының өзгеруі, экономикалық құрылымның бәсекеге қабілетсіздігі, монополиялық және инфляциялық үрдістердің болуы, ғылыми-техникалық потенциялымыздың әлсіреуі, басқару шешімдерін қабылдағанда лоббизмнің болуы, заңдылығымыздың жалпы жетілмеуі, экономикамызда қылмыстық әрекеттің етек алуы және экономиканы басқару аймағындағы сыбайлас жемқорлықтың етек алуы және т.б. салдарынан болып табылады. Өндірістік кешендерді шетелдік басқаруға жекешелендір жолымен беру, мемлекеттік акция пакеттерін сату жолымен экономиканың мемлекеттік секторын шұғыл қысқарту жағдайды әзірше жеңілдете қойған жоқ. Сөз жоқ, мемлекетіміз табиғи монополияларды анықтауға, қолда бар потенциялды толық пайдалануға, нәтижелі мемлекеттік әкімшіліктендіруге, қоғамдық қатынастарды реттеуде, заңды әрекет етуші құралға айналдыруға заң шараларын қолдану қажет. Қазақстанның күшті жақтары: бай ресурстарының болуымен, өндіріс потенциялымен, кейбір «ақылдың кету» деңгейіне қарамастан, мәдениет пен білімнің айтарлықтай жоғары деңгейімен байланысты. Осы мүмкіндіктер мен артықшылықтарды пайдалану 2030 стратегиямызда көрсетіліп, жүзеге асыру мәселесі мемлекеттік деңгейде көтерілген.
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі ықпал жасаудың икемді тәсілдері мен нысандары арқылы жүзеге асырылатын стратегиялық міндет ретінде қарастырылуы қажет. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңында жеке бап қарастырылған. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың туындысы ретінде сыртқы және ішкі экономикалық қатынастардағы оқиғаларды ескеріп, оларға талдау жасау негізінде орнын тапқаны дұрыс. Кеден саясаты және саясат ретінде кеден саласы шекарасына әсер етеді, кедендік территорияны реттейді.
Бұл заң бойынша экономикалық қауіпсіздік – тұрақты джамуы мен экономикалық тәуелсіздігі қауіпті жағдайда тұрған ішкі және сыртқы жағдайлардан, әрекеттердіңғ және фактіледен Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының қорғалғандық жайы. Елдің ішкі және сыртқы саясатының туындайтын кеден саясаты мемлекеттің ішкі және сыртқы экономикалық жағдайын есепке алмай, сондай-ақ оны обьективті негізде сараптаудан өткізбей, құрыла алмайды және жүзеге аспайды. Бұл тұрғыдан кеден саясатын сыртқы экономикалық, сыртқы сауда, қаржы, салық, валюта салаларындағы мемлекеттік мүдделердің тоғысуы деп қарастыруға болады. Бұл ретте кеден саясаты мемлекет саясатының катализаторы болып қана қызмет атқара алмайды, оның санау-есептеудегі «аманаты» ретінде қызмет атқарады. Экспорттық импорттық операцияларды реттеудің тарифтік емес жолдары кеден әдістері мен механизмі арқылы жүзеге асырылады. Осыны негізге алсақ, еліміздің сыртқы экономикалық саясаты біртұтас және мақсатты бағытты ұстанған, ал сыртқы экономикалық қызметте мемлекеттік реттеу механизмі тұйықталған қалыпқа ие.
Кеден заңдылығы кеден саясатын жеке анықтамай, оны ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі ретінде мақсаттарын көрсете отырып қарастырған. Жоғарыда айтылғанды ескерер болсақ, кеден саясаты Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты кедени төлемдерінің біпыңғай, мақсатты жүйесін құрып, жүзеге асыратын мемлекеттік реттеудің сыртқы экономикалық қызметтің бір саласы болып табылады. Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, ішкі нарықты реттеу және оны импорттаушылардың әәділетсіз бәсекелестігін қорғау, өндіріске щетел инвесторларын тартып, ынталандыру, отандық тауар өндірушілерді ауыр салықтан босату, шикізатты елден шығаруды ретке келтіру, импорттың ыңғайлы құрылымын құру, тауарлар экспорты мен қызмет көрсетуден келген валюта түсімдерін қамтамасыз ету, Қазақстан капиталының шығуына бақылау жасауды күшейту, кедендегі алаяқтық пен контрабандаға жол бермеу – осының бәрі біздің кеден саясатының ретке келтіріп, жүзеге асырылуы байланысты.
Мүнда кеден органдарының біздің экономикамыздың нәтижелі қызмет етуі мен оны ішкі және сыртқы жағдайлардан қорғауға дауапты басқа да мемлекеттік құрылымдармен ақпараттық және іскерлік әрекеттігін жөнге салу мен мен оңайлатуға басты мән беріледі. Бірыңғай мемлекеттік саясат шеңберінде және әрекет етуші құқық негізінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін осы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, өзара әрекет етуші күштермен, мемлекеттік органармен қатар кеден қызметі де құрайды. Сонымен кедендік реттеу мен сыртқы экономикалық байланысты бақылау ҚР-ның егемендігін қамтамасыз етіп, экономикалық реформалық стратегиямпен қатар экономикалық қауіпсіздігіміздің тығыз үйлесімінде жалпы өндірістің, рыноктың шынайы жай-күйін есепке ала отырып кеден саясатындағы арнайы тапсырмалар мне анық мақсатымызды шешуде басқа да басым міндеттмелерді қамтамасызете алуы мүмкін. Республикалық деңгейде мемлекеттік органдардың бақылау функциясын атқаратын Кеден екомитеті қызмет етеді. Президенттің басқару нысанында Үкіметіміздің өкілеттіліктері баршылық.
Кеден Одағына мүше елдердің кеден саясаты бір-біріне ұқсас. Мәселен, отандық нарықты қорғау, отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау, экономиканы және экспортты дамытуды жандандыру, импорттың орнын баса алатыни өндірісті қолдау, шетелдік инвесторларды тарту, сауда саясатын мәселелерін шешу т.б. мақсаттар ортақ. Бұдан мүддедлер қайшылығыболатынын жасыруға болмайды, бірақ олар алдын ыла келісілген келісімдермен шешілуге тиіс.
Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кеден баждарын ретке келтіріп, оларды кеден тарифіне біріктіру Қазақстан ТМД елдерінің, Кеден одағының ішінде, ең алдымен, Ресейдің кеден тарифіне біртіндеп көшкенде оңайлаған болар еді. ТМД-ныңинтеграциялық комитетінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда кеден баждарының 60%-ға жуығы Ресейдікімен сәйкес келеді, дегенмен жалпы 15 мың тауар түрлеріне қатысты тарифтерді қайта қарау керек.
3. Қорытынды
Қазақстан өзінің 2030стратегиясын әлем қауымдастығында өз орнын алу мақсатында мемлекеттіңкүшті және әлсіз жақтарын және проблемаларын жасырмастан ашық жария етті. Қазақстан кеден саласындағы проблемаларына назар аударудың обьективті себебі жаңадан тәуелсіздігін алған мемлекеттің өзіне тән мемлекеттік атрибуттарын, егемендік, дербестік қалыптастыруды қамтамасыз ететін әр мемлекеттің өзіне тән салалары мен құрылымдарын талап етуімен түсіндіріледі.
Кеден саласы кейде тек қана дербес мемлекеттің өзіне ғана тән, сондықтан кеден саясаты мен кеден ісі тек тәуелсіз мемлекеттерге ғана тән.
Кеден саласындағы дамуды, кеден саясаты мен кеден ісі тұрғысынан алғанда, екі кезеңге бөлуге болады: біріншісі – Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бастап, яғни 1991 жылы желтоқсан айынан бастап 1995 жылдың шілде айына дейін, ал екіншісі - 1995 жылдың шілде айынан қазіргі уақытқа дейін.
Сонымен әрбір дербес мемлекетке кеден ісі саласы – кеден саясатын қолдану арқылы мелекеттік саласы ретінде қажет. Сондай-ақ сол мемлекеттің әрбір азаматы кеден саласынан,кеден саясатын жүзеге асырудан хабары болуы керек деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы
-
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі). Алматы, 2008ж.
-
Қазақстан Республикасының Кеден кодексі. Алматы , 2007ж.
-
Мадиярова Д.М. «Кеден ісін ұйымдастыру және басқару». Алматы, 2000ж.
-
Әлібекова С.Т. «Қазақстанның Кеден құқығы». Алматы, 2002ж.
-
Үмбеталиев А.Т., Керімбек Ғ.Е. «Салық және салық салу». Алматы, 2006ж.
-
Худяков А.И., Бродский Г.М. «Теория налогооблажения». Алматы, 2006ж.
-
«Бухгалтер бюллетені» журналы. №3 қаңтар 2003ж.
-
«Бухгалтер бюллетені» журналы. №1 қаңтар 2006ж.
-
«Бухгалтер бюллетені» журналы. №2 қаңтар 2006ж.
-
www.kzref.at.ua
Достарыңызбен бөлісу: |