Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу



бет3/9
Дата19.06.2016
өлшемі405.5 Kb.
#148012
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Еңбек кодексіне сәйкес жүктілік және босану бойынша демалыс күндерінің санына байланысты айқындалады.

40. Ауыр босанған немесе екі және одан көп бала туған жағдайда еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті ауыр босануына немесе екі және одан көп бала тууына байланысты қосымша ұзартылған жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары) негізінде қайта есептеледі. Бұл ретте жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді қайта есептеу осы Қағидалардың 50-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

41. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін табысты алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:



 

ӘТ бк = ОАТ х ТАК, мұндағы:

 

ӘТ бк - бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;



ОАТ - ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

ТАК - табысты алмастыру коэффициенті.

Бұл ретте табысты алмастыру коэффициенті Заңның 23-2-бабына сәйкес белгіленеді.

42. Егер әлеуметтік төлемнің есептелген мөлшері нөлге тең болса немесе теріс мән құрайтын болса, әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.

Егер бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтік төлемнің есептелген мөлшері нөлге тең болса, онда әлеуметтік қатерге дейінгі соңғы 24 айға ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты әлеуметтік төлем Заңның 23-2-бабының 5-тармағына сәйкес тағайындалады.

Егер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайға әлеуметтік қатер туындаған күнге дейінгі соңғы 24 айға әлеуметтік аударымдар жүргізілмесе, онда оған «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.

43. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының пайдасына бір айдың ішінде бір төлеушіден бірнеше рет әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, аталған айға әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын жиынтық табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

44. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының пайдасына бір айдың ішінде екі және одан да көп төлеушіден әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, әрбір төлеушіден келіп түскен әлеуметтік аударымдар бойынша ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде есептеледі, кейін олар жинақталады.



 

 

6. Әлеуметтік төлемдерді тоқтата тұру, қалпына келтіру, тоқтату және олардың мөлшерін қайта есептеу тәртібі



 

45. Орталық бөлімшесі әлеуметтік төлемдерді осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның төлемді тоқтата тұру (қалпына келтіру) туралы шешімі негізінде:



1) әлеуметтік төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйым ұсынатын алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы;

2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өткені туралы;

3) іздеуде жүрген адамдардың хабар-ошарсыз кету фактісі, оның ішінде «ЖТМДҚ» АЖ-дан анықталғаны туралы;

4) ата-ана құқықтарынан және қамқоршыны (қорғаншыларды) құқықтарынан айыру фактілерінің анықталғаны туралы (босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар) туралы);

5) әлеуметтік төлемдерді алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісінің, оның ішінде «ЖТМДҚ» АЖ-дан анықталғаны туралы;

6) хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдардың жеке зейнетақы шоттарына міндетті зейнетақы жарналарын (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын) аудару немесе азаматтың тірі екенін растайтын ақпараттың келіп түсу фактісінің анықталғаны туралы;

7) жасы он сегізден асқан асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушының оқу орнынан шығарылғаны туралы немесе оны сырттай оқу нысанына ауыстырғаны туралы;

8) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан қайтыс болғандар немесе қайтыс болды деп жарияланғандар туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтата тұрады.

Төлемді қалпына келтіру үшін негіз болып табылатын мән-жайлар туындаған жағдайда Орталық бөлімшесінің жаңадан ұсынылған құжаттармен толықтырылған істің электрондық макетін электрондық шешім жобасымен қоса дайындауы және оны әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бекітуі осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес не қалпына келтіруге құқық басталған сәттен бастап жүргізіледі.

46. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем Заңның 21-бабының 7-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрады.

Жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген жағдайда, әлеуметтiк төлем жалпы еңбек ету қабiлетiнің жаңадан белгіленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесі өзгерген күннен бастап қалпына келтіріледі.

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан үзінді көшірмеге сәйкес жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі өзгерген күннен бастап жүргізіледі.

Әлеуметтік төлемнің жаңа мөлшері еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ағымдағы мөлшерін жалпы еңбек ету қабілетінен айырылудың ағымдағы коэффициентіне бөлу және нәтижесін жалпы еңбек ету қабілетінен айырылудың жаңадан белгіленген коэффициентіне көбейту жолымен есептеледі.

47. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем Заңның 22-бабына сәйкес тоқтатыла тұрады.



Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, бала кезден бірінші немесе екінші топ мүгедегі деп танылған адамдарға қайта куәландыру жүргізілген жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем қайта куәландыру күнінен бастап қалпына келтіріледі.

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарынан отбасы мүшелері білім алушылар немесе күндізгі оқу нысаны бойынша студент болып табылатыны туралы анықтаманы кезекті ұсынған кезде асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған сәттен бастап, егер әлеуметтік төлем мөлшерін қайта есептеу жүргізілмесе, жазбаша өтініштің негізінде қалпына келтіріледі.

Асырауындағы адамдар саны ұлғайған жағдайда асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу әлеуметтік төлем алушы, қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адамның асырауындағы отбасы мүшесі немесе асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің үлесіне құқығы бар адам жазбаша өтініш берген күннен бастап жүргізіледі.

Асырауындағы адамдар саны азайған жағдайда асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу, қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауындағы адамдардың біреуіне асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тоқтатылған күннен бастап жүргізіледі.

Әлеуметтік төлемнің жаңа мөлшері асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ағымдағы мөлшерін асырауындағы адамдар санының ағымдағы коэффициентіне бөлу және нәтижесін асырауындағы адамдар санының жаңадан белгіленген коэффициентіне көбейту жолымен есептеледі.

Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушының әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу туралы өтініші негізінде Орталық бөлімшесі әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бекітуі үшін шешім жобасын қалыптастырады.

48. Орталық ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейін әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органға беру үшін жұмыспен қамту орталығымен «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыссыз ретінде есептен шығарылған, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушылардың тізімдеріне салыстырып тексеру жүргізеді.

Салыстырып тексеру нәтижелері бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган Заңның 23-бабының 6-тармағына сәйкес жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тоқтату туралы шешім қабылдайды.

49. Орталық бөлімшесі әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруды осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде:



алушының қайтыс болғаны туралы, оның ішінде «ЖТМДҚ» АЖ-дан мәліметтер;

әлеуметтік төлемді алушының оны Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарғанын растайтын құжатты бере отырып, әлеуметтік төлемді тоқтату туралы өтініші келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатады.

Әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруды тоқтату Заңда көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

50. Ауыр босанған, екі және одан да көп бала туған жағдайда, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді қайта есептеу жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағына (парақтарына) сәйкес еңбекке жарамсыздық күндерінің жалпы саны ескеріле отырып, әлеуметтік төлемнің тағайындалған сомасын жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің қайта есептелген сомасынан алып тастау арқылы жүзеге асырылады.



Орталық бөлімшесі жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушының әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу туралы өтінішінің негізінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бекітуі үшін шешім жобасын қалыптастырады.

51. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақының ай сайынғы мөлшері қайта қаралған кезде бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең төменгі мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша төленетін мемлекеттік жәрдемақының деңгейіне дейін қайта есептеледі.

Бұл ретте Орталық бөлімшесі әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бекітуі үшін осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу туралы шешім жобасын қалыптастырады.

52. Әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген күннен кейін әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кезеңде әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда алушыға тағайындалған әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу жүргізілмейді.

 

 

7. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру тәртібі



 

53. Еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру Заңның 8-1-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде арттыру күніне тиісті әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға жүргізіледі.



Арттыру күніне көрсетілген әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға әлеуметтік төлемнің тағайындалған мөлшерін арттырудың тиісті пайызына көбейту жолымен арттыру жүргізіледі.

54. Орталық бөлімшесі әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бекітуі үшін осы Қағидаларға 27 және 28-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы шешімдердің жобаларын әрбір алушы бойынша қалыптастырады.



 

 

8. Әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру тәртібі



 

55. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен шешімдердің негізінде Орталық әлеуметтік төлем сомасын Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігіне қосады.

56. Орталық ай сайын төлем айының алдындағы айдың 25-күніне жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігін қалыптастырады және Қорға ұсынады.



Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігін Орталық күн сайын қалыптастырады.

57. Орталық дайындаған әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігі негізінде Қор әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға қажетті қаражатты Орталықтың шотына аударуды үш жұмыс күні ішінде жүргізеді. Орталық қаражатты алып, үш жұмыс күні ішінде алушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырады.

58. Орталық әлеуметтік төлемдерді:

қаражатты алушылардың банктік шоттарына аудару;

қаражатты түзеу мекемесіндегі алушыларға түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына аудару;

«Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы алушыларға үйлеріне жеткізіп беру жолымен жүргiзедi.

Әлеуметтік төлемдерді алушыларға үйге жеткізіп беру мынадай санаттағы адамдарға:

бірінші топтағы мүгедектерге;

бөгде адамның күтіміне мұқтаж және денсаулық жағдайы бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға бара алмайтыны туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға жүргізіледі.

59. Алушының банктік шотының нөмірі, алушының (қамқоршының, қорғаншының) төлеу тәсілі, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда алушылар (қамқоршылар, қорғаншылар) осы өзгерістер туралы Орталық бөлімшесіне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен өтініш береді.

60. Егер адам түзеу мекемесінде болған сәтте әлеуметтік төлем алушы болып табылса, түзеу мекемесі орналасқан жердегі Орталық бөлімшесі түзеу мекемесінің әкімшілігі ұсынған, көрсетілген адамның өтініші негізінде әлеуметтік төлемді жүзеге асырады.

61. Алушы түзеу мекемелерінде болған уақытында әлеуметтік төлемдерді алмаған жағдайда, төлем осы Қағидаларға сәйкес қалпына келтіріледі.



 

 

9. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның, Орталықтың және (немесе) Қордың кінәсінен уақтылы не


толық алынбаған әлеуметтік төлемдер сомаларын төлеу тәртібі мен мерзімдері


 

62. Орталық уақтылы не толық алынбаған әлеуметтік төлемдер сомаларын, индекстеуді ескере отырып төлеуді мынадай жағдайларда:

1) әлеуметтік төлем алушы әлеуметтік төлемдердің уақтылы не толық төлемегенін өздігінен анықтаған жағдайда Орталық бөлімшесіне өтінішпен жүгінгенде;

2) әлеуметтік төлемдер сомаларын алушыға төлеу (тағайындау) туралы соттың шешімі келіп түскенде;

3) әлеуметтік төлемдердің уақтылы не толық төленбегенін әлеуметтiк төлемдерді тағайындау жөнiндегi уәкілетті орган, Орталық немесе Қор анықтағанда жүргізеді.

Әлеуметтік төлемдер сомаларын уақтылы не толық төлемеу фактісі анықталған кезде Орталық бірінші кезекте оларға қатысты уақтылы не толық төлемеу себептері жойылған алушылар бойынша уақтылы не толық төленбеу себептерін анықтайды, төлемдердің кешіктірілген уақыты үшін индекстеу сомаларын ескере отырып, уақтылы не толық алынбаған әлеуметтік төлемдер сомаларын төлеу үшін қажетті қосымша қаражат қажеттілігі сомаларының есебін жасайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешім шығару үшін шешім жобасын 29-қосымшаға сәйкес қалыптастырады.

Уақтылы не толық алынбаған әлеуметтік төлемдер сомаларын төлеуді Орталық индекстеуді ескере отырып Заңның 20-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен жүргізеді.

63. Әлеуметтік төлемдерді алушыға уақтылы не толық төленбеген әлеуметтiк төлемдер сомаларын индекстеу Қор активтерiнiң есебiнен жүргiзiледi.



 

 

10. Қорытынды ережелер



 

64. Әлеуметтік төлемдердің артық есептелген (төленген) және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару, Қорға аудару үшiн Орталық шотына:

алушының өтініші бойынша;

Заңның 12-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Орталық бөлімшесі хатының негізінде жүзеге асырылады.



Бұл ретте Орталық бөлімшесі әлеуметтік төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйымға Қорға аудару үшін төлемдерді Орталыққа қайтарудың негізділігін растайтын қажетті құжатты («ЖТМДҚ» АЖ-дан алынған алушының қайтыс болғаны не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кетуі туралы мәліметтерді) қоса бере отырып хат ұсынады;

соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.

65. Әлеуметтік төлемдердің сомалары қате аударылған жағдайларда Орталық әлеуметтік төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті органға Орталық пен әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті ұйым арасындағы шартта белгіленген нысан бойынша және тәсілмен төлем тапсырмасын кері қайтару немесе нұсқауды орындауды тоқтата тұру туралы ақпарат жолдайды.



Әлеуметтік төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйым қате аударым не кері қайтару немесе нұсқауды орындауды тоқтата тұру туралы ақпараттың негізінде ақшаны Орталыққа қайтаруды жүзеге асырады не нұсқауды орындауды тоқтата тұрады.

66. Орталық бөлімшесіне қатыссыз себептер бойынша алушыларға артық аударылған (төленген) әлеуметтік төлемдер сомаларын есептен шығару үшін борышкердің қайда екендігі белгісіз болуына немесе мұрагерлерінің болмауына байланысты соманы қайтару мүмкін еместігі туралы ұйғарым шығару үшін Орталық бөлімшесі сот органдарына жүгінеді.



Орталық бөлімшелері артық аударылған (төленген) сомаларды есептен шығаруды сот актілерінің негізінде есептен шығару актісі бойынша жүргізеді.

Орталық бөлімшесі есептен шығару актілерін үш жыл сақтайды.

 

Мемлекеттік әлеуметтік



сақтандыру қорынан төленетін

әлеуметтік төлемдердің мөлшерін тағайындау,

есептеу (айқындау), қайта есептеу,

сондай-ақ оларды жүзеге асыру

қағидаларына

1-қосымша

 

Нысан

 

 

Ауданның коды ____________________

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

__________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет