«мемлекеттік қызмет және басқару» ПӘнінен глоссарий қР мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік



бет4/5
Дата07.03.2022
өлшемі18.87 Kb.
#456024
1   2   3   4   5
glossarii

27. Бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтi атқаруға үмiткер азаматтарға оның кәсiби даярлығының, деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты әкiмшiлiк қызметке сәйкес келуiн анықтау мақсатында қойылатын талаптар;
28. Мемлекеттiк саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi.
29. Ротация - мемлекеттiк саяси қызметшiлердi мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнің арасында лауазымдық ауыстыру.
30. Мемлекеттiк басқару объектiсi – мемлекеттiк билiк органдарының аппараты, мекеме, кәсiпорын қызметшiлерiнiң ұжымдары, азаматтар.


31. Мемлекеттiк емес басқару объектiсi – сәйкестелген ұйымдардың жұмысшыларының ұжымдары, азаматтар.


32. Мемлекеттік аппарат – мемлекеттік билік пен мемлекеттің қызметтерін жүзеге асыратын органдар жүйесі.


33. Мемлекеттік басқарудың құқықтық органдары – құықтық нысанда экономиканы тура және жанама басқаруға қатыса отырып, заңдық және нормативтік актілердің орындалуын қамтамасыз етеді.


34. Мемлекеттік басқару механизмі – басқарушылық процес ретінде қоғамдық жүйеге мақсатты бағытталған әсері болып көрінетін ядросы (түбірі) ретінде мемлекеттік аппараттың жүйесін орындау болып табылады.


35. Әлеуметтік басқару — ұйымдық жағынан қалыпқа келтірілген құрылымдардың, олардың арасындағы басқару байланыстарының жиынтығы.


36. Мемлекеттік басқару — Негізгі Заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі.


37. Уәкілетті орган – мемлекеттік құрылыстың түрлі салаларында мемлекеттік
саясат жүргізу үшін үкімет айқындайтын орган.


38. Өкілдік ықпал ету – басқару серпінін көрсетеді және межелі бағдарламаны
қолдау, ауытқуға жол бермеу, басқару органдарының қалыпты жұмыс істеуін
қамтамасыз ету мақсатымен басқарудың жекелеген бөліктерін немесе бүкіл
жүйесін өзгерту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет