Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Тұрғын – үй жәрдемін белгілеу»



жүктеу 82.51 Kb.
Дата16.07.2016
өлшемі82.51 Kb.


Мағжан Жұмабаев ауданы

әкімдігінің

2007 жылы «19 желтоқсан»

№ 433 қаулысымен бекітілген



Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
«Тұрғын – үй жәрдемін белгілеу »
1.Жалпы ережелер.
1. Берілген стандарт «Тұрғын – үй жәрдемін белгілеу» мемлекеттік қызметтің көрсету тәртібін анықтайды :

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: жартылай автоматтандырылған

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы 1997жылы 16 сәуірдегі №94-1 «Тұрғын – үй қарым – қатынасы» Заңының 97 бабының 2 тарамының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі. Мекен жайы: Булаев қаласы, Киреева көшесі 15, №3 кабинет.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны - Шарт/келісім

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандар, шетелдіктерге және Қазақстан Республикасындағы шетел азаматының қоныстану ықтиярхаты бар және азаматтығы жоқ ішкі істер органдарындағы тіркелуі туралы белгісі бар тұлғалараға, Мағжан Жұмабаев ауданында ұдайы тұратындар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алушы меншік иелері.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін:15 күнтізбелік күн.

2) Қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты: 15 минут;

3) Құжат алу үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты: 15 минут;

8. Көрсетілетін мемелекеттік қызмет тегін.

9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және қол жетімдігі талаптары туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орындары: «Вести» аудандық газеті, «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің холлындағы қабырға газеті.

10. Мемлекеттік қызмет: Дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00.-ден 18.00.-дейін, үзіліс сағат13.00.-тен 14.00-дейін. алдын ала жазылу және жылдам көрсетусіз ұсынылады.

11. Қызмет көрсететін орын: «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреева15, №3 кабинет, үлгілер ұсынылған, ақпараттық қор, ғимарат фаесінде күтушілер үшін кресло қойылған, өрт қауіпсіздігі сақталған.




2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі.
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш беруші мына құжаттарды ұсынады:

1) «Мағжан Жұмабаев ауданының Әділет басқармасы» Целинная 14 көшесі, телефон 20114 мемлекеттік мекемесімен берілетін өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерін ұсынады.

2) «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет Департаменті Мағжан Жұмабаев ауданы Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемсі беретін азаматтарды тіркеу кітабы. Мекен жайы: Юбилейная 14 көшесі, телефон 21401

3) «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет Департаменті Мағжан Жұмабаев ауданы Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемсі беретін жеке менші үйінің болуы, үйдің жалпы алаңының мөлшері туралы мәлімет мекен-жайы: «Солтүстік Қазақстан облысының жүргізу центры» мекен жайы: Солтүстік- Қазақстан обласы Булаев қаласы, Юбилейная көшесі 39, телефон 21448.

4) Жұмыс орнынан, зейнетақы немесе жәрдемақы беретін Республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан берілетін отбасының табысы жөніндегі мәлімет. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Алтынсарин көшесі 14, кабинет, №1телефон 22174.

Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұманы қоса сағат 9-ден 18 дейін, үзіліс сағат 13 тен 14 дейін.

5) Солтүстік Қазақстан облысының №259900 Халық банкінің филиалы беретін, төлеу түбіртегі негізіндегі үйді ұстау мен коммуналдық қызметтер шығыны жөніндегі мәлімет, мекен – жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Береговая көшесі 11, телефон 21176.

Құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері тексеру үшін беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады

13. Мемлекеттік қызмет алу үшін бланк беретін және толтыруды қажет ететін бланктерді беретін орын: «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев 15, №3 кабинет, телефон 22045

14. Мемлекетті қызметті алу үшін толтырылған бланкты өткізетін жауапты тұлғаның мекен – жайы және кабинет нөмірін көрсету; Мемлекеттік мекеме «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мекен жай: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреева15 көшесі, №3 кабинет, телефон 22045

15. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін қажет құжаттарды тапсырғаның растайтын және тұтынушы мемлекеттік қызметті алуға белгілеген күні көрсетілген құжат атауы және нысаны. Талон

16. Қызмет көрсету нәтижелерін жеткізу әдістері мен регламенттерініңтолық тізбесі: пошта, «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемелекеттік мекемесіне келу, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреева 15 көшесі, №3 кабинет.

17. Мемлекеттік қызметті көрсетуді уақытша тоқтата немесе қызмет көрсетуден бас тартудың негізі:

тұрғын – үй жәрдемі: жеке меншігінде бір бірліктен (үлес) астам тұрғын – үй (пәтер, үй) болса, жалға беруші, жұмыспен қамту мәселелрі бойынша уәкілетті органдарға тіркелмеген жұмыссыз азаматтары бар отбасыларға; егер, отбасы бюджетінде осы мақсаттарға шағылған шығын үлесінен аспайтын коммуналдық қызмет тұтыну мөлшерлері және өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, тұрғын үйді ұстауға төлемақысының және үйдің алаң мөлшерінің шегінде коммуналдық қызмет тұтыну шығыны болса.


3. Жұмыс принціптері
18.Қызметтерді алатын тұтынушыға қатысты, мемлекеттік орган басшылыққа алатын жұмыс принципі:

1. қызмет көрсету тәртібі туралы толық және нақты ақпарат алу;

2. Сыпайылық, жауапкершілік және кәсіптілік.

3. тұтынушы құжаттарының мазмұны жөніндегі ақпараттың құпиялылығын сақтау, белгіленген мерзімде алынбаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.


4. Жұмыс нәтижесі
19. Тұтынушыға көрсетілген мемлекеттік қызмет қорытындысы осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалық көрсеткіші және қол жетімдігі бойынша өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімдігі көрсеткіштерінің мақсаттық мағыналары бойынша бағаланатын мемлекеттік органның мекеменің немесе басқа да субъектілердің мемлекеттік қызмет көрсетушілердің жұмысы жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекітіледі.



5. Шағым беру тәртібі.
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттігінің (әрекетсіздігінің) беру тәртібін түсіндіру тәртібін және шағымды дайындауға көмек көрсету Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығымен жүргізіледі. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреева15 көшесі, №1 кабинет.

22. Шағым беріледі:

Мағжан Жұмабаев аудан әкіміне. Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі 56, телефон 21557.

Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібі ретінде шешіледі.

23. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолына беріледі.

Қабылданған шағым аудан азаматтардың өтініштерін тіркеу журналдарына тіркеліп, түскен уақыттан бастап 15 күн ішінде қаралады. Шағымды қарау нәтижесі өтініш берушіге жазбаша түрде немесе қолына беріледі.


6. Байланыс ақпараты
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеме немесе өзге субъектінің басшысының, оның орынбасарлары мен жоғарғы ұйымдардың байланыс мәліметтері. «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреева15 көшесі, электронды поштаның мекен – жайы: ro_gumab@mail.online.kz телефон 22204

Қабылдау кестесі: Күн сайын сағат9.00-ден 18.00 дейін.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреева15 көшесі, электронды поштаның мекен – жайы: ro_gumab@mail.online.kz телефон 21992, №2 кабинет.

25. Тұтынушыға арналған басқа да пайдалы ақпараты:

«Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі 64, телефон 465048, 213 кабинет.

Стандартқа қосымша



«Тұрғын – үй жәрдемін белгілеу»
Таблица. Көрсеткіш құралдардың қол жетімділігі

Сапалық және қол жетімділік көрсеткішінің мәні


көрсеткіштің нормативті мәні

Келесі жылда көрсеткішітің мақсаттық мәні

Есепті жылда көрсеткіштің ағымдық мәні

1

2

3

4

1. Уақтылы

1.1. % (мөлшер)қызмет көрсету нәтижесінің қойылған мерзімге тапсырылған құжаттар есебі

100

100

100

1.2. % (мөлшер) алушы, 40 минут тосқан қызметтің көрсетуі

100

100

100

2. Сапа

2.1. % (мөлшер) алушы, қойылған құралдардың қызмет сапасын көрсету

100

100

100

2.2. % (мөлшер) алу тұлғалардың дұрыс толтырылған құжаттар (тағайындалған көрсеткіштер, есептер және т.б)

100

100

100

3. Қол жетімділігі

3.1. % (мөлшер) алушы,қойылған сапасымен және көрсетілген қызмет сапасы

100

100

100

3.2. % (мөлшер) бірінші рет тапсырған және дұрыс толтырылған алушылар

100

100

100

3.3. % (мөлшер) ақпарат қызметі,Интернет арқылы қол жетімділігі

100

100

100

4. Процесс

4.1. % (мөлшер) қызмет түрлерінің қойылған алушылардың сапасын көрсету

100

100

100

4.2. % (мөлшер) қаралған және қойылған мерзімдердің тіркеу кітабы

100

100

100

4.3. % (мөлшер) алушылар,тіркеу нәтижесінің бар процесы

100

100

100

4.4. % (мөлшер) алушылар,қойылған мерзімдердің тіркелінуі

100

100

100

5. Сыпайлық

5.1. % (мөлшер) алушылар,қойылған сыпайы персоналымен

100

100

100

Көрсеткіш нәтижесінде саналады модельдік методикалық көрсеткіш тағайындау рекомендацияcы мемлекеттік қызмет стандарты, қойылған бұйрықпен ҚР Агенттік Төрағасымен мемлекеттік қызмет еңбегі (сайт www.кyzmet.kz)




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет