Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының



бет2/5
Дата29.02.2016
өлшемі258 Kb.
#29500
1   2   3   4   5
7-бап. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарын сыныптау

1. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси және әкiмшiлiк лауазымдары кіредi.

2. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.



Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленеді. Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленбейді.

 

2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



8-бап. Мемлекеттік қызметшiлердiң құқықтары

Мемлекеттік қызметшiнiң:

1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

5) басшыдан мемлекеттік қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;

6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;

7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;

8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігiн арттыруға;



8-1) мемлекеттік орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамаға жіберген жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына;

9) өзiнiң мемлекеттік қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;



10) бiлiктiлiгi, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;

11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;



11-1) өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;

12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;

13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;

14) мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;

16) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді

9-бап. Мемлекеттік қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi

1. Мемлекеттік қызметшiлер:

1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;

2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттік қызметшiнiң антын беруге;

3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;

4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;



4-1) лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде бейтарап және саяси партиялардың, діни және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болуға;

5) мемлекеттік тәртiп пен еңбек тәртібін сақтауға;

6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;

7) қызмет этикасы нормаларын сақтауға;

8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;

9) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттік қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;

10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;



11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi тек қызметтiк мақсатта пайдалануға;

12) 2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен  12-1) тармақшамен толықтырылды

12-1) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;

13) қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктілігiн арттыруға;



14) оқуды аяқтағаннан кейін өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда, сондай-ақ мемлекеттік қызметте тікелей жұмысты өтеуге мiндеттi. Оқу және жұмысты өтеу мерзімдері уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережеде айқындалады.

2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшiлердiң осы Заңда белгiленген негiзгi мiндеттерiнен туындайтын нақты мiндеттерi біліктілік талаптар негiзiнде айқындалады және қызметтiк нұсқаулықтарда көрсетiледi.



Лауазымдық нұсқаулықтарды мемлекеттiк органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда өзге де адамдар бекiтедi.

 

ҚР 25.09.03 ж. № 484-II (бұр.ред. қара); 2005.08.07 № 75-III (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 308-III (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2009.08.12. № 226-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді



10-бап. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер

1. Мемлекеттік қызметшiнiң:

1) өкiлдi органдардың депутаты болуға;

2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;

3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, егер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

4) үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға;

5) өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;

6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.

2. Мемлекеттік қызметші қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде, осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы, өзінің меншігіндегі үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы табыс алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шартты нотариат куәландыруға тиіс. Мемлекеттiк қызметшi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға арналған шарттың нотариат куәландырған көшiрмесiн нотариат куәландырған күннен бастап он күн мерзiмде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметiне) ұсынады. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілердің өздеріне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімді басқаруға бермеуіне болады.

Мемлекеттік қызметшінің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер тұрғын үйлерін мүліктік жалдауға беруге құқылы.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды



2-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары аталған лауазымдарға тағайындалған күндерінен бастап бір ай мерзімде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және оларды сенімгерлік басқаруға арналған, нотариат куәландырған шарттың көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кадр қызметіне ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.

3. Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметшiге өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.

3-1. Мемлекеттік қызметшiлердiң жақын туыстары мен жекжаттарына (жұбайлардың аға-iнiлерiне, апа-сiңiлiлерiне, ата-аналары мен балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының заң актілерімен шектеулер көзделуi мүмкiн.

4. Мемлекеттік қызметке:

1) белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;

2) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттік лауазымдар атқару құқығынан айырған;

3) біліктілік талаптарында тиiстi қызметтердi атқару үшiн денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгiленген реттерде медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктi орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар;

4) өзiнiң мәртебесiн және соған негізделген беделiн жеке басылық, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзiне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;



5) мемлекеттік қызметке кірер алдында үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамды қабылдауға болмайды. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған адам мемлекеттік қызметке жіберілмейді;

6) 2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-1) мемлекеттік қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

6-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

6-3) 2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар;



7-1) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан ақталмайтын негіздер бойынша босатылған;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау нысанасына арнайы тексеруден өтпеген;

9) ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыс жасаған;

ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы оған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан қылмыстық қудалау органы бас тартқан адамды қабылдауға болмайды.

5. 2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

3-тарау. Мемлекеттік қызметке кіру



ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 11-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

11-бап. Мемлекеттік саяси қызметке кіру

Мемлекеттік саяси қызметшiлердiң мемлекеттік қызметке кіруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады.

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II (бұрынғы ред. қара); 2005.08.07 № 75-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12- бап өзгертілді; 2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-бап. Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар.

Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.



«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған азаматтардың «А» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстық іріктеуге қатысуға құқығы бар.

3. Өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін, өз өкілеттіктерін тоқтатқан Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердің, судьялардың «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына конкурстық іріктеуден тыс орналасуға құқығы бар.



Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен кадр резервіне іріктеуден және конкурстық іріктеуден өтпестен орналаса алады.

4. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушілік белгілеуге жол берiлмейдi.

 

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 13-бап толықтырылды (бұрынғы ред. қара); 2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



13-бап. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде  қойылатын талаптар

1. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға сай болуға:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;



2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиiстi лауазымдарға қатысты өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға тиіс.

Мемлекеттiк әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер адамдар мынадай талаптарға сай болуға:

1) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сай келуге;

2) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған болуға тиіс.

2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiру кезінде салық қызметi органдарына табыстары және өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектілері болып табылатын мүлкi туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi.

3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттік орган арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейiн азаматтарды мемлекеттік әкiмшiлiк лауазым көздейтін мiндеттердi уақытша атқару үшiн жұмысқа қабылдайды. Олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет