Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері



жүктеу 177.56 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі177.56 Kb.


Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері

жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының

орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың,

республикалық маңызы бар қалалардың,

астананың, аудандардың, облыстық

маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы

органдарымен, қаладағы аудандардың,

аудандық маңызы бар қалалардың,

кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің

әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті

берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.



2. «Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 18 ақпандағы № 130 бұйрығының (Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10504 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2015 жылғы 9 шілдедегі №129(28005)жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б.Қазанғап):

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында осы бұйрықтың орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.






Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев




«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі
___________ Б. Сұлтанов

2015 жылғы «__»_______

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі
___________ Е. Досаев

2015 жылғы «__»______

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігі
___________ Қ. Қожамжаров

2015 жылғы «__»_______

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2015 жылғы «__» ____

№ ___ 

бұйрығымен бекітілген



Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидасы


  1. Жалпы ереже

1.  Осы Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алулар туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабы 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін белгілейді.

2. Өзара іс-қимылға қатысушылар:

1) Бірыңғай байланыс орталығы;

2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган;

3) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган;

4) орталық мемлекеттік органдар;

5) «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы

6) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар)

7) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар операторы:

8) өзге де көрсетілетін қызметті берушілер.

3. Осы Қағидада келесі түсініктер мен қысқартулар пайдаланылады:

1) Бірыңғай байланыс-орталығы ақпараттық-коммуникациялық, мемлекеттік қызметтер және басқа да қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты қызмет алушыларға ұсыну бойынша ақпараттық-анықтамалық қызмет функциясын атқаратын Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын тұлға заңды тұлға;

2) көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

3) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, орталық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

4) «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфорақұрылымының операторы (бұдан әрі - АКИ операторы) – оған бекітілген «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфорақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын тұлға заңды тұлға.

2. Бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен мемлекеттік қызметтерді көрсету шеңберіндегі өзара іс-қимыл тәртібі
4. Бірыңғай байланыс орталығы Бірыңғай байланыс орталығымен консультация беру үшін қабылдаған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) беру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіткен орталық мемлекеттік орган мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде ақпарат беруге жауапты тұлғаны тағайындайды және осы Қағидаға 1 қосымшада көрсетілген нысан бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

6. Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағиданың 5 тармағында көрсетілген ақпаратты берілгеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жауапты тұлға оқытуды жүргізеді немесе қызмет берушімен Бірыңғай байланыс орталығының жауапты қызметкерін оқытуды жүргізуін қамтамасыз етеді.

7. Оқыту аяқталғаннан кейін Бірыңғай байланыс орталығының және мемлекеттік қызметтер стандартын бекіткен орталық мемлекеттік органдардың немесе қызмет берушінің уәкілетті өкілдері қол қоятын Бірыңғай байланыс орталығымен консультация беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті қабылдау хаттамасы (бұдан әрі – хаттама) жасалады.

8. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы көрсетілетін қызметті алушыларға хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң бере бастайды.

9. Өз функцияларын іске асыру кезінде Бірыңғай байланыс орталығы қажетті ақпарат пен түсініктемелер алу үшін өзара іс-қимылға қатысушыларға жүгінеді.

10. Қызметі алушылар сұранымдарын қанағаттандыру үшін ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда қызметті алушылар Бірыңғай байланыс орталығына оның сұранымы бойынша мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын ақпараттарды қоспағанда қажетті ақпаратты береді, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша Бірыңғай байланыс орталығының жауапты қызметкеріне ауызша консультациялар, телефон арқылы түсініктемелер және қосымша ақпараттар береді.

Бірыңғай байланыс орталығының мамандары орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар келісімі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілу тәртібімен танысу мақсатында қызмет берушілерге, «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясына барып келеді.

11. Мемлекеттік қызметтер стандартына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайды жауапты тұлға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс тәртібімен берілген ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

12. Мемлекеттік қызмет стандартын бекіткен орталық мемлекеттік орган және қызметті беруші жауапты тұлғаларды ауыстырған жағдайда бес жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына сәйкесінше ескерту жібереді және жауапты тұлғалар туралы жаңа мәліметтерді ұсынады.

13. Қызметті берушілер бір ай ішінде бірнеше рет Бірыңғай байланыс орталығына көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөніндегі қажетті ақпаратты беруден бас тартқан жағдайында, Бірыңғай байланыс орталығы растайтын құжаттар мен материалдарды қоса берумен, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпаратты ұсынудан бас тартқаны туралы хабарлайды.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы қызмет берушілерді Бірыңғай байланыс орталығы жеткілікті ақпараттандырмағаны үшін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесіне енгізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесіне қызмет берушілердің деректерін енгізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

15. Бірыңғай байланыс орталығы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның жазбаша сұрау салуы бойынша Бірыңғай байланыс орталығының қызметті берушілермен және «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясымен ақпарат алмасу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін оқытуды жүргізеді.

16. Бірыңғай байланыс орталығы есептік айдан кейінгі әр айдың бесінші күніне қарай мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсететін орталық мемлекеттік органға және жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2 қосымшадағы нысанға сәйкес жазбаша (электрондық) түрде талдамалық ақпарат береді.

17. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға қызметті берушінің беретін ішкі бақылау шеңберіндегі есептік ақпаратымен және Бірыңғай байланыс орталығы беретін есептік ақпараты арасында алшақтықтар туындаған жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органның сұранымы бойынша түсіндірме ақпаратты келесі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.



3. Бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету шеңберінде өзара іс-қимыл тәртібі

18. Ақпараттандыру саласында уәкілетті органмен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық қызмет каталогына енгізілген, оларға көрсетілетін ақпараттық-коммуникациялық қызметтер мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығымен мемлекеттік органдарға тәулік бойы консультациялық сүйемелдеу іске асырылады.

19. Мемлекеттік органдардан ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі сұраным келіп түскенде Бірыңғай байланыс орталығы консультация ұсынады.

20. Бірыңғай байланыс орталығы қажетті ақпарат болмаған жағдайда мемлекеттік органның АКИ операторына сұраным жібереді.

21. Ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың барлық сұрау салулары АКИ операторы келісуімен Бірыңғай байланыс орталығы бекітетін Ақпараттық- коммуникациялық қызмет пайдаланушылардың сұрау салуларын өңдеу регламентінде белгіленген тәртіп пен мерзім ішінде шешіледі.

22. Құрылғыны, бағдарламалық қамтамасыз етуді ауыстыруға байланысты немесе басқа да жұмыстарды жүргізуде ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету толық немесе жекелеп үзілгенде, Бірыңғай байланыс орталығы АКИ операторынан келіп түскен ақпарат негізінде бір тәуліктен кем емес уақытта ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсетуде жоспарланған үзіліс жөнінде мемлекеттік органдарға хабарлайды.

23. Бірыңғай байланыс орталығы ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету сапасын мониторингілеу аясында көрсетілетін ақпараттық-коммуникациялық қызмет мәселелері бойынша ақпараттық жүйемен құрылған есеп жібереді:

1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға;

2) АКИ операторына;

3) мемлекеттік органдарға – ақпараттық-коммуникациялық қызметті алушыларға.




Бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік

органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар

қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық

маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен,

қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың,

кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ

көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидасына
1-қосымша          
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат


№ р/с

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тізілімдегі №

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (оның деректемелерін көрсете отырып)

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (оның деректемелерін көрсете отырып)

Нормативтік құқықтық актілердің өзгерістері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат орналасқан интернет-ресурс

Мемлекеттік қызмет стандартын бектікен мемлекеттік органның жауапты тұлғасының және қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы

Мемлекеттік қызмет стандартын бектікен мемлекеттік органның жауапты тұлғасының және қызметті берушінің байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

9




















Жауапты орындаушының Т.А.Ә.
Күні: 20__ ж. «___» ______

Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік

органдармен, облыстардың, республикалық маңызы

бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық

маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы

органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы

бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің

әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен

өзара іс-қимыл қағидасына
2-қосымша          

Нысан


Есеп


р/с

Шағымның және өтініштің келіп түскен күні мен уақыты

Форумға жауапты тұлғаның Т.А.Ж.

Өңір

Өтініш берушінің Т.А.Ж.

Өтініш сипаты

Шағымның және өтініштің мазмұны

Қолданған шаралар, сұраным №

Мемлекеттік қызметтің стандартының бұзылуы

Қызметкерлердің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне)

1

2

3

4

5

6

7

8

9






















Ескерту:


  1. Жазбаша, жеке шағым және өтініш келіп түскен жағдайда немесе олардың Бірыңғай байланыс орталығы телефон байланысы, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы интернет-ресурсы арқылы келіп түскенде «Шағым және өтініш мазмұны» бағанасын Бірыңғай байланыс орталығы толтырады.

  2. Қызмет көрсетуші Бірыңғай байланыс орталығы келіп түскен және қызмет көрсетушіге жіберілген шағым және өтініш бойынша қызмет берушінің сәйкесінше ақпарат ұсынған жағдайында «Қабылданған шаралар, сұраным №» бағанасын Бірыңғай байланыс орталығы толтырады.


«Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидалары»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы «__» ____ № ___ бұйрығына анықтама-негіздеме





р/с

Көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік орган туралы ақпарат


1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік органның атауын

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтемемен нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесін

(органның құзыреті)



«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 10) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қажеттілігінің негіздемесін нақты мақсаттар, дәлелдер және акті неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында


4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың әзірлеу туралы мәліметтерді

«Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 130 бұйрығы

5.

Осы Қағидалардың 17- тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдердің қысқаруын көздейтіндігі

Қарастырылмаған

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтерді

1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі



3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату) туралы мәліметтерді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында – www.mid.gov.kz және мемлекеттік органдардың интернет-порталдарында орналастырылған.

8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Қарастырылмаған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлік субьектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) қамтуға тиіс

Жоқ






Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаментінің директоры



А. Әлиақпаров




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет