Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау қорытындысына анықтама 2015 жылдың 01 – 05 маусым аралығы Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы»



Дата29.02.2016
өлшемі101.85 Kb.
#33421
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына

ішкі бақылау қорытындысына

АНЫҚТАМА
2015 жылдың 01 – 05 маусым аралығы
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» № 88-V Заңы 11 бабының 12 тармақшасына сәйкес 2015 жылдың 01-05 маусым аралығында, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы-Ж.Алдашев, бас маманы - А.Игликова, жетекші маманы-Д.Шинтаев және Мәртөк ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің жетекші маманы-Ж.Әлжанова, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау және Ойыл ауданы бойынша бағаланатын атқарушы органдармен ұсынылған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің, білім, дене шынықтыру және спорт, экономика және бюджеттік жоспарлау, жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерінің, Ойыл, Саралжын, Қайыңды, Көптоғай, Қараой, Сарбие, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында атқарылған жұмыстарына ішкі бақылау жүргізіліп, келесі деректер анықталды:

Барлық мемлекеттік қызметтер көрсетуші мекеме, ауылдық округтерде мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен регламенттері ережелерінің сақталуына және талаптарының орындалуына байланысты ұжымда талқылауды қамтамасыз ету, 2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарлары, жоспарға сәйкес «Ойыл» газетіне мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша аудан тұрғындары арасында түсіндіру мақсатында мақала ұсынуы бойынша жұмыс толық жүргізілмегені көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты қызметкерлер мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңының талаптарын Жер қатынастары бөлімінің, Қараой ауылдық округінің жауапты қызметкерлерінен басқасы тиісті деңгейде білмейтіні көрсетілген.

Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ бөлімінде «Ақпараттық стендтерді қалыпқа келтіру» тапсырмасы орындалмаған. Стендте азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мемлекеттік қызметтерінің тізілімі және стандарт паспорттары орналастырылмаған. Бөлімдегі тек қана ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 95,6%-ды, баламалы негізде үлесі 90,6 %-ды құрады. Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 51,6%-ды құрайды.

Ойыл аудандық білім бөлімінде ҚР Үкіметінің 2014 жылғы «19» ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағы бұзылып, артық құжат (жеке куәліктің көшірмесі) талап етілген.

Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 100 %-ды құрайды.



Ойыл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша облыс әкімі бірінші орынбасарының «Ақпараттық стендтерді қалыпқа келтіру» тапсырмасы орындалмаған. Мемлекеттік қызметтің паспорты жоқ. Аумақтық бөлімшелерде ішкі бақылау жүргізу және бөлім мәжілісі отырысында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесін уақытылы орындалу барысын қарап, нәтежесін талқылау іс-шаралары орындалмаған.

Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі жоспардағы «мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсетуге бағытталған тиісті шаралар, оның ішінде ұйымдастыру шараларын қабылдау», «мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау» және «бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсетуші мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттар мен регламенттердің ережелерінің сақталуына және талаптарының орындалуына байланысты ұжымда талқылауды қамтамасыз ету» тармақтары бойынша толық жұмыс жүргізілмеген. Есептік тіркеу журналдарының атаулары стандартқа сай келмейді.

Ойыл аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Ақпараттық стендте ҚР Үкіметінің қаулысы жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша ХҚКО-да семинар өткізу жұмысы жүргізілмеген.

ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 100 %-ды құрайды.

Бөлімдегі баламалы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 83,3 %-ды құрайды.

Ойыл аудандық тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильді жолдар бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2015ж. 06.04. № 21 бұйрығымен Г.Дусипова тағайындалған, алайда, бөлім басшысы С.Нугыманов ағымдағы жылдың 27 сәуірінде жұмыстан босатылса да жауапты маманға бұйрық қайта бекітілмеген. Ақпараттық стендтерді қалыпқа келтіру тапсырмасы орындалмаған. Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша іс-шаралар жоспары құрылған, алайда, іс-шараның бір де бір тармағы бойынша жұмыс жүргізілмеген.

Ойыл аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту іс-шаралар жоспардың «мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларын қабылдау», «аудандық «Ойыл» газетіне мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша аудан тұрғындары арасында түсіндіру мақсатында мақала ұсыну» және «мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттар мен шаралар регламенттердің ережелерінің сақталуына және талаптарының орындалуына байланысты ұжымда талқылауды қамтамасыз ету» тармақтары бойынша жұмыс жүргізілмеген.

Ойыл аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша іс-шаралар жоспарының мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау БАҚ-да мақалалар жарияланбаған. «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді тіркеу журналы жоқ. Тек қана ХҚКО арқылы «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен тетiктерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен тетiктерiне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі 5 рет мемлекеттік орган арқылы көрсетілген. Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер алушылардың үлесін 60%-ға жеткізу тапсырмасы орындалмай отыр. Бөлімдегі баламалы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 16,9 %-ды құрайды.

Ойыл ауылдық округі жоспарда «мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін сақтау шараларын алу» және «мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар өткізу» тармақтары бойынша жұмыс жүргізілмеген.

«Ойыл аудандық ветеринария стансасы» МКК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014ж.17.06. №664 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7 тармағы бұзылып, тегін көрсетілетін қызмет, 2015 жылдың сәуір айына дейін ақылы көрсетілген.



Қараой ауылдық округі ақпараттық стенд кабинетте орналастырылған, стендте Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы жоқ. Жоспар бойынша «мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсетуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау» және «Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттар мен регламенттердің ережелерінің сақталуына және талаптарының орындалуына байланысты ұжымда талқылауды қамтамасыз ету» тармақтары бойынша толық жұмыс жүргізілмеген. ҚР Үкіметінің 2014ж.17.06. №664 қаулысымен бекітілген «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7 тармағы бұзылып, тегін көрсетілетін қызмет, 2015 жылдың сәуір айына дейін ақылы көрсетілген, сонымен қатар, 9 тармағы бұзылып, жауапты қызметкермен артық құжат (жеке куәлік көшірмесі) талап еткен.

Сарбие ауылдық округі ақпараттық стенд дұрыс рәсімделмеген. Стендте мемлекеттік қызметтердің тізілімі жоқ. Арыз-шағым журналы арналмаған.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрегейлендiруді жүргізу» мемлекеттік қызметі өтініштер тіркеу журналы тігілмеген, нөмірленбеген және сыртында мемлекеттік қызметтің атауы жазылмаған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014ж.17.06. №664 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7 тармағы бұзылып, тегін көрсетілетін қызмет, 2015 жылдың сәуір айына дейін ақылы көрсетілген.



Көптоғай ауылдық округі жоспардың «электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тұтынушыларының үлесін көбейту жұмысын ұйымдастыру», «мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері талаптарының бұзылуына жол бермеу шараларын қабылдау» тармақтары бойынша жұмыс жүргізілмеген.

Ветеринариялық бекет бөлмесінде арыз-шағым журналы арналмаған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014ж.17.06. №664 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7 тармағы бұзылып, тегін көрсетілетін қызмет, 2015 жылдың сәуір айына дейін ақылы көрсетілген.

Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалмаған, яғни пандус жоқ. Жоспардың «электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу», «аудандық «Ойыл» газетіне мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша округ тұрғындар арасында түсіндіру мақсатында мақала ұсыну», «ауылдық округтерде мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттар мен регламенттердің ережелерінің сақталуына және талаптарының орындалуына байланысты ұжымда талқылауды қамтамасыз ету» тармақтары бойынша жұмыс жүргізілмеген.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7 тармағы бұзылып, тегін көрсетілетін қызмет, 2015 жылдың сәуір айына дейін ақылы көрсетілген.



Саралжын ауылдық округі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту іс-шаралар жоспары дұрыс құрылмаған, жоспардың «электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тармағы орындалмаған. ҚР Үкіметінің 2014ж.17.06. №664 қаулысымен бекітілген «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7 тармағы бұзылып, тегін көрсетілетін қызмет, 2015 жылдың сәуір айына дейін ақылы көрсеткен.

Қайынды ауылдық округі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту туралы іс-шаралар жоспары құрылған, алайда, «электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі түсінік жұмыстарын жүргізу», «мемлекеттік қызметттер көрсету жөнінде ұжымда талқылауды қамтамасыз ету» тармақтары орындалмаған. ҚР Үкіметінің 2014ж.17.06. №664 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрегейлендiруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7 тармағы бұзылып, тегін көрсетілетін қызмет 2015 жылдың сәуір айына дейін ақылы көрсетілген.
Қорытындылар:
Жекеленген мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша:

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңес хаттамасындағы тапсырмалары толық орындалмаған:

Баламалы негізде ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер тұтынушыларының үлесін 75%-ға жеткізілмеген;

электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер тұтынушыларының үлесін 60% -ға көтерілмеген;

тек қана ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлерін мемлекеттік орган арқылы көрсетуіне тыйым салынбаған;

Облыс әкімі бірінші орынбасарының төрағалымен өткен көшпелі семинар-кеңесіндегі тапсырмалары толық орындалмаған:

Ақпараттық стенд қалыпына келтірілмеген. Мемлекеттік қызметтер папорттары, стандарттары, регламенттері, сонымен қатар олардың бекітілуі туралы қаулылар орналастырылмаған. Өтініштердің үлгілері жоқ;

Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдарда дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін толық жағдай жасалмаған;

Жекеленген мемлекеттік органдар басшылары мен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты қызметкерлер, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңын, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын тиісті деңгейде білмейді.

Дұрыс емес есептік ақпараттарды ұсыну фактілері анықталды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін бұзу фактілері бар.

Кейбір мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтерді көрсететін жергілікті атқарушы органдарда стандарттар мен регламенттердің ережелерінің сақталуына қатысты аудан әкімі аппараты тарапынан ішкі бақылау жұмыстары жүргізілмеген.

Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша сұрақтар аудан әкімдігі отырыстары мен коллегияларында қаралған.

Аудан деңгейінде көрсетілетін 40 электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша жұмыс баяу жүргізілуде.

Қызметкерлердің қызметіне шағымдар жоқ. Дөрекілік фактісі, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпаратты ұсынылмау, құпиялықты бұзу анықталмады.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі мемлекеттік қызметтер стандартының 7 тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер тегін көрсету қарастырылса да, ветеринария мамандары тұтынушылардан ақы талап еткен.


Тапсырмалар:

Ауылдық округ әкімдері электрондық қызметтердің әйгілігін арттыруы және қолданушыларға электронды қолтаңба алуды ұйымдастырып, апта сайын аудан әкімі аппаратына электронды қолтаңбамен қамтылғандар санын беріп отыру;

Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейін арттыру;

Ақпараттық стендтерді қалыпқа келтіру;

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны және мемлекеттік қызметтерді алған адам саны бойынша дәл мониторинг жүргізу;

Ауылдық округ әкімдерімен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қызметтер стандарттар мен регламенттеріне сәйкестендіру;

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету;

Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыруы және олардың алға жылжуы үшін, қолданушыларды ақпараттандыру бойынша жедел іс-шараларды қарастыру;

«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге түскен өтініштерді уақытылы өңдеу;

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау;

Ойыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөліміне анық есептік ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз ету;

Мемлекеттік қызметтердің стандарттар мен регламенттер ережелерінің сақталуына қатысты ішкі бақылау жүргізу;

Жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдар ғимараттарында дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасау;

Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша қабылданған іс-шаралар жоспарын ауданның жергілікті атқарушы органдарының құзіретіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің келісімімен қабылдау;



Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария саласы бойынша тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақылы көрсетілуіне байланысты, лауазымдық тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту.

Аудан әкімі аппаратының

мемлекеттік қызмет көрсету

мәселелерін үйлестіру

бөлімінің басшысы С.Меруенов






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет