Мемлекеттiк материалдық резервтiң дебиторлық берешегiн есептен шығару қағидасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 10 қарашадағы №1184 Қаулысы «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі37.91 Kb.
Мемлекеттiк материалдық резервтiң дебиторлық берешегiн есептен шығару қағидасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 10 қарашадағы № 1184 Қаулысы

      «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк материалдық резервтiң дебиторлық берешегiн есептен шығару қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                 К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2010 жылғы 10 қарашадағы
№ 1184 қаулысымен   
      бекiтiлген      

Мемлекеттiк материалдық резервтiң дебиторлық берешегiн есептен шығару қағидасы

      1. Осы Мемлекеттiк материалдық резервтiң дебиторлық берешегiн есептен шығару қағидасы (бұдан әрi - Қағида) мемлекеттiк материалдық резервтiң (бұдан әрi - мемлекеттiк резерв) материалдық құндылықтарының жетiспеуi, ұрлануы немесе жоғалуы нәтижесiнде пайда болған дебиторлық берешектi есептен шығару тәртiбiн айқындайды.


      2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын орналастыруды, есепке алуды және оларды саны мен сапасы үшiн бақылауды «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк резерв саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттiк резервтiң дебиторлық берешегiн есептен шығару Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен жүзеге асырылады.
      Қағидаға сәйкес мыналардың:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi бойынша қарызға алу тәртiбiмен және белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлмеген, сондай-ақ уәкiлеттi органның шарттық қарым-қатынастары бойынша материалдық құндылықтарды шығару;
      сақтау пункттерiндегi материалдық құндылықтардың жоғалуы немесе ұрлануы нәтижесiнде, оның iшiнде олардың банкротқа ұшырауы мен таратылуы, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде лауазымды және басқа адамдарды жауапқа тарту үшiн негiз болмаған кезде пайда болған мемлекеттiк резервтiң дебиторлық берешегiн есептен шығаруға жатады.
      4. Дебиторлық берешектi анықтауды:
      сақтау пункттерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдардағы материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау тексеруiн жүргiзу (тексерiс);
      есеп беру материалдарын жыл сайын салыстырып тексеру және талдау;
      тиiстi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын тарта отырып, тексеру (тексерiс) материалдарын құқық қорғау органдарына тиiстi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарға жазбаша түрде сұрау салу және жiберу нәтижесiнде уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      5. Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары бойынша дебиторлық берешек материалдық құндылықтардың салу құны бойынша оның пайда болған сәтiнен бастап есептеледi.
      6. Дебиторлық берешектiң осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес анықталған есептен шығаруға негiз құжаттық расталуға жатады. Осы мақсаттар үшiн мемлекеттiк материалдық резерв саласындағы уәкiлеттi орган растайтын құжаттарды жинауды жүзеге асырады және негiз болған жағдайда дебиторлық берешектi есептен шығару туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлейдi.
      7. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасына:
      материалдық құндылықтардың тиiстi атауларының тiзбесiн көрсете отырып, есептен шығаруға жататын дебиторлық берешек, олардың саны мен есептiк құны;
      дебиторлық берешектiң пайда болуының себептерiн талдай отырып, негiздеме-анықтама, оны қалпына келтiру (қайтару) бойынша уәкiлеттi органның қабылдаған шаралары;
      растайтын құжаттар қоса берiлiп отыр.
      8. Растайтын құжаттарға:
      жоспарлы және есеп беру құжаттарына негiзделген материалдық құндылықтардың саны, атауы, сомасы, салу уақыты және дебиторлық берешектiң пайда болған уақыты туралы деректер;
      материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртiбiмен шығару туралы Үкiметтiң шешiмдерi, уәкiлеттi органның шығаруға арналған шарттары (болған жағдайда);
      уәкiлеттi органның тексеру (тексерiс) және түгендеу актiлерi;
      тиiстi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары мен мамандарының тексеру (тексерiс) материалдары;
      материалдық құндылықтар орналасқан ұйымдардың банкротқа ұшырауын (таратылуын) растайтын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың (құқық қорғау, сот, әдiлет, дәрменсiз борышкерлермен жұмыс iстеу бойынша, статистика, мемлекеттiк мұрағат) құжаттары;
      жетiспеушiлiк, ұрлану, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесiнде материалдық құндылықтар жоғалған жағдайда құқық қорғау органдарының немесе соттың материалдық құндылықтардың жоғалу фактiлерiн және оларды қалпына келтiру бойынша мүмкiндiктiң және/немесе перспективалардың жоқтығын растайтын iс жүргiзу шешiмдерi және басқа да құжаттары;
      материалдық құндылықтарды және баска да материалдарды сақтауды жүзеге асыратын ұйымдардың (банкротқа ұшырау, тарату) заңды мәртебесi туралы құзыреттi органдардың мәлiметтерi жатады.
      9. Дебиторлық берешектi есептен шығару туралы шешiм дайындау кезiнде сақтау пунктiнiң уәкiлеттi органға соңғы есеп беру сәтiнен бастап есептелетiн материалдық құндылықтардың жойылу мерзiмiнiң өтуi, жойылған материалдық құндылықтардың қазiргi заманда пайдалануға мардымсыздығы (құнсыздығы) немесе жарамсыздығы сияқты жағдайлары назарға алынады.
      10. Дебиторлық берешектi есептен шығару туралы қаулы жобасын дайындау және жiберу оны өндiрiп алу (қайтару) жөнiнде шаралар қабылдау үшiн негiз болып табылмайды және уәкiлеттi орган болашақта мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары бойынша дебиторлық берешектiң пайда болуы үшiн жағдайдың туындауының алдын алу жөнiнде барлық қажеттi шаралар қабылдайды.
      11. Қазақстан Республикасының Үкiметi келiп түскен құжаттарды қарау нәтижелерi бойынша оң шешiм қабылдаған жағдайда дебиторлық берешек, материалдық құндылықтар және олар орналастырылған сақтау пункттерi уәкiлеттi органның есебiнен алып тасталады.
Каталог: npakz -> postanov -> doc
doc -> Мемлекеттiк резервтi сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою
doc -> Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы
doc -> Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту ережесiн бекiту туралы
doc -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң және өрт-техникалық оқу орындары курсанттарының нысандық және арнайы киiм-кешектерiнiң үлгiлерi мен тиесiлiлiгi нормаларын бекiту
doc -> Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке
doc -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
doc -> Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесi мен өлшемiн бекiту туралы
doc -> Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидаларын бекiту туралы
doc -> Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
doc -> Мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиiс ұйымдар мен объектiлерде өрттердi сөндiруге мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу ережесiн бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет